Аймақтың оптимальді ормандылығы



Жоспар:
1. Қазақстан орманының жалпы жағдайы.
2. Орманның негізгі элементтері және ағаш бітімі және оның басты белгілері.
3. Қорытынды
1. Қазақстан орманының жалпы жағдайы.
Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.
Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан - 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.
Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған. Өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды.
50 мың гектар орман алқабында зиянкестер мен ағаш аурулары анықталды. Ең ірі орманды аумақтар – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында. 2007 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс тіркелді.
Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен оңтүстігіндегі тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі.
Барлық таулы жерлердегі ормандардың топырақ пен су қорғауға тигізетін әсері көп. Олардың арқасында тау бөктерлерінің шымы қалпында сақталып, су ағысы біркелкі мөлшерде реттеліп отырады.
Қазақстандағы орманның жалпы көлемі «Қазорман» шаруашылығының мәліметі бойынша 1998 жылы 24568,4 мың гектар болды.
Ал 2003 жылдан бастап орман көлемі жоғарғы қарқынмен болмаса да, біраз ұлғайды. (кесте 1 және диаграмма 1)
Соңғы жылдары орман шаруашылығын қаржыландырудың қысқаруынан, орманды күтіп ұстаудың жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың 10-шы айында ірі өрттен 170 мың гектардан астам орман өртенді. Мысалы, Баянауыл ұлттық бағының ерекше қорғалатын аумағының 12,1 гектары өртеніп кеткен.
Бақылау қызметінің қысқаруынан және қазіргі техниканың көптеген орман қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы мен орман аурулары көбейіп барады.
Орманның азып-тозуы антропогендік және табиғи факторлардан туындайды. Мысалы, Қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер асты суларының деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерінің жағдайы нашарлап, бұл жер сексеуіл өсіруге жарамсыз болып қалды. Малды жөнсіз бағудан шөлейттегі орман едәуір зардап шекті. Далалық орман, ең алдымен аса бағалы қарағайлы орман ретсіз кесуден таусылған. Өзендердің реттеліп тежелуінен және өрттен тоғай қатты азып-тозып кетті. Оның ішінде сирек кездесетін биогеоценоз – тораңғы да таусылып бітті. Сондықтан Шардара ауданында соңғы онжылдықта осы тұқымның 30 %-ын

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЭССЕ

Тақырыбы: Аймақтың оптимальді ормандылығы.

Дайындаған: Тұрлыбеков Қ. М.
ЛД-211тобы
Тексерген: Самиева Г.Т.

Семей
2015
Жоспар:
1. Қазақстан орманының жалпы жағдайы.
2. Орманның негізгі элементтері және ағаш бітімі және оның басты белгілері.
3. Қорытынды

1. Қазақстан орманының жалпы жағдайы.
Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі - таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика - көпжылдық ағаштар.
Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. Қазақстан - 2030 стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.
Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған. Өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды.
50 мың гектар орман алқабында зиянкестер мен ағаш аурулары анықталды. Ең ірі орманды аумақтар - Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында. 2007 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс тіркелді.
Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен оңтүстігіндегі тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі.
Барлық таулы жерлердегі ормандардың топырақ пен су қорғауға тигізетін әсері көп. Олардың арқасында тау бөктерлерінің шымы қалпында сақталып, су ағысы біркелкі мөлшерде реттеліп отырады.
Қазақстандағы орманның жалпы көлемі Қазорман шаруашылығының мәліметі бойынша 1998 жылы 24568,4 мың гектар болды.
Ал 2003 жылдан бастап орман көлемі жоғарғы қарқынмен болмаса да, біраз ұлғайды. (кесте 1 және диаграмма 1)
Соңғы жылдары орман шаруашылығын қаржыландырудың қысқаруынан, орманды күтіп ұстаудың жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың 10-шы айында ірі өрттен 170 мың гектардан астам орман өртенді. Мысалы, Баянауыл ұлттық бағының ерекше қорғалатын аумағының 12,1 гектары өртеніп кеткен.
Бақылау қызметінің қысқаруынан және қазіргі техниканың көптеген орман қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы мен орман аурулары көбейіп барады.
Орманның азып-тозуы антропогендік және табиғи факторлардан туындайды. Мысалы, Қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер асты суларының деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерінің жағдайы нашарлап, бұл жер сексеуіл өсіруге жарамсыз болып қалды. Малды жөнсіз бағудан шөлейттегі орман едәуір зардап шекті. Далалық орман, ең алдымен аса бағалы қарағайлы орман ретсіз кесуден таусылған. Өзендердің реттеліп тежелуінен және өрттен тоғай қатты азып-тозып кетті. Оның ішінде сирек кездесетін биогеоценоз - тораңғы да таусылып бітті. Сондықтан Шардара ауданында соңғы онжылдықта осы тұқымның 30 %-ын

Кесте1
Қазақстан орман қорының жалпы ауданы (млн.га)

2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
Қазақстан Республикасы
26,2
26,2
26,5
26,8
27,8
27,8
28,4
Ақмола
0,9
0,9
0,9
0,9
0,9
0,9

Ақтөбе
0,2
0,2
0,2
0,2
1
1
1
Алматы
4,8
4,9
4,9
4,9
5
5
5
Атырау
0
0
0
0,1
0,1
0,1
0,1
Батыс Қазақстан
0,2
0,2
0,2
0,2
0,2
0,2
0,2
Солтүстік Қазақстан
0,7
0,7
0,7
0,7
0,7
0,7
0,7
Шығыс Қазақстан
3,6
3,6
3,6
3,6
3,6
3,6
3,6

Диаграмма 1

маңызы шамалы шеңгел тобы ауыстырған. Жоғары табиғи таулы жердегі ерекшелігіне қарай тау орманы өрттен көп зардап шекті.
Республика ормандарында қалыптасқан экологиялық нашар ахуал және тозу процестері орман ресурстарын сақтап, ұтымды пайдалану жөнінде шұғыл және кесімді шараларды қаблдауды талап етеді.
1993 жылы қабылданған жаңа Орман кодексі Қазақстан Республикасының құқықтық және экологиялық жағынан орманды қорғауға, шаруашылықты ұтымды жүргізуге ынталандыруды белгілі шамада арттырды.
Халық шаруашылық маңызы бойынша Қазақстан ормандарын үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа жататын ормандар 18,7 миллион гектарды алып жатыр. Бұларға егістік қорғауға орналған, топырақ қорғау, су қорғауға арналған орман алқаптары, қалалар мен өндіріс орындарының айналасындағы, курорттық ормандар, өзендер, тас жол, темір жол жиегіндегі және мемлекеттік қорықтардың ормандары жатады. Бұл ормандарды кесуге тыйым салынған. Тек күтіпбаптау, тазалық және орманды қалпына келтіру кезіндегі кесулер ғана жүргізіледі. Бірінші топқа жататын ормандарды қорғауда оларды тиімді пайдалану мен өсірудің маңызы зор.
Қазақстан ормандарының басым көпшілігі - Тянь-Шаньнің таулы ормандары, Ертіс маңындағы таспалы тоғай, Қазақстан қатпарлы өлкесінің қарағайлы-қайыңды ормандары, Солтүстік Қазақстанның қайыңды ормандары, тоғайлар мен сексеуіл ормандары.
Екінші топқа су қорғауына алынған ормандар, аз орманды, орташа орманды жерлердің орындары жатады. Бірақ ағашты кесу мөлшері жылдық өсімге сәйкес анықталады. Қазақстанда бұл топқа 591 мың гектар жерді алып жатқан Шығыс Қазақстан облысының жерлері жатады.
Үшінші топқа орманды жерлерде орналасқан барлық ормандар кіреді. Бұл жерлерде өндірістік орман дайындау жұмыстары жүргізіледі. Республикамызда оларға Кенді Алтайдың таулы ормандары, Шығыс Қазақстан облысында - 1,5 миллион гектар жерді алып жатқан ормандар кіреді. Сексеуілдің үлесіне барлық ормандардың аумағының 50 % сәйкес келгенмен, олардағы ағаш қоры бар болғаны 2,1 % ғана. Бағалы қылқанжапырақты ормандар Алтай мен Тянь-Шаньде, Ертіс маңындағы таспалы тоғай мен Қазақстанның қатпарлы өлкесінде өседі.
Ағаш қоры мен көлемі бойынша Шығыс Қазақстанның қылқанжапырақты ормандары бірінші орында. Олар самырсын, шырша, кедр ағаштарынан тұрады. Екінші орында шоқ қарағайлы ормандар, үшінші орында - Тянь-Шань шыршасынан тұратын таулы ормандар тұр.
Орман шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтының есептеулері бойынша Қазақстанның облыстарында болашақ қорғаныштық ормандар отырғызу қажет.
Солтүстік Қазақстан облысында ормандарды егістік жерлердің көлемінен 1,6 %-ға жеткізу, Павлодарда - 4,0 %, Ақмолада - 3,8 %, Ақтөбеде - 3,9 % жеткізу жобаланған.[3] Сонымен Қазақстан Республикасының ормандары күтім мен үлкен көлемдегі қаржыландыруды талап етеді. Орманның болашағыны немқұрайлы қарамағанымыз, бұл өз болашағымызға алаңдағанымызды білдіреді.

2. Орманның негізгі элементтері және ағаш бітімі және оның басты белгілері.
Белгілі бір жерде орман ешқашанда бір текті болмайды. Оларда сыртқы және ішкі белгілері және қасиеттерімен айырмашылық болады. Сондықтан іс жүзінде топтайды. Орманның негізгі компоненті - орман өсімдіктері және оның құрылымдық бөліктері: сүрекдіңдері, жас шыбықтар, шілік, шабан өркен, тірі бүркеме дақыл, орман төсеніші ж.т.б.
Орман өсімдіктері - сүрекдіңдерінен, сонымен қатар, жаңа өсулерден, шіліктен және тірі бүркеме дақылдан құрылатын орман участогі. Орман өсімдіктерін орман фитоцинозы деп тауға болады (фитон - өсімдік, ценоз - жалпы, біріккен). Оған ағаштар, бұталар, шөтесін өсімдіктер, мүктер, қыналар, орман төсеніші жатады.
Өскіндер, өзі себілгендер, жаңа өсулер, шілік, шабан өркендер, бүркеме дақылдар өсімдіктердің төмедегі қатарына жатады. Пісу жасына жеткен әр орманда ағаштардың жас ұрпағы болады. Ол ұрпақ аналық орманның, әлде басқа тұқымдардың өнімі болуы мүмкін. Жас ұрпаққа өскіндер жатады - бір жастағы ағаш өсімдіктері. Егер өскіндер сақталса, олар өзі себілген екі жасқа дейінгі ағаш өсімдігі болады. Олар табиғи дамудың келесі ұрпағы - жаңа өсулер, яғни екі жастан асқан негізгі тұқымдардан кейін дамитын өсімдіктер. Ағаш кесу кезінде құнды тұқымдар өсулері сақталу керек, өйткені олар жаңа ұрпақты қалыптастырады. [4]
Шілік (майда тоғай) - өскен жерінде ағаш бітімін қалыптастырмайтын, орман көлеңкесінде өсетін бұталар. Шіліктің тұқымдық құрамы орман қалыптастыру жағдайларымен - климаттық, гидрологиялық, топырақтық, сонымен қатар ағаш бітімінің тұқымдық құрамымен байланысты.
Майда тоғайдың орманшылық және экономикалық мағнасы зор. Оның топырақ қорғау орны мыналарда: жерге арам шөптер өсірмейді, қопсытып құрылымын сақтайды, су эрозиясын толастатады. Топырақты қоректік заттармен байытады, пайдалы құстар мен аңдарға пана болады, азықтық жемістер береді.
Шабан өркенге негізгі ағаш тұқымының діңін жақсартып өсуін тездететін ағаш және бұталарды жатқызады. Ол жаңа өсулер мен шіліктерге қарағанда негізгі тұқымға көп көмек береді. Жан-жағында өсіп оның өсуін бәсеңдетпей, діңі түзу болуға әсер етеді, өйткені бұтақтары көп болмайды.
Тірі бүркеме дақылдар - мүктер, қыналар, шөптесін өсімдіктер, бұташалар орманды және ормансыз жерлерде өседі. Олар ағаш бітімдерімен, географиялық жағдайға және өсімдіктердің өз жағдайларымен байланысты. Орман өмірінде мағнасы зор, әсіресе қалпына келтіруге көп әсер етеді.
Тірі бүркеме дақылдардың ішінде азықтық, дәрілік, илік заттары бар өсімдіктер көп және жануарларға көп азық береді. [5]
Ағаштар қосылып екпелер қалыптастырады, оның ішінде жаңа қосылыс пайда болады, ол орман төсеніші - әр түрлі шіріген өсімдіктер түсінділерінен орманда қалыптасқан топырақ үстіндегі қыртыс. Өсімдіктер түсінділеріне жатады - жапырақтар, қылқандар, бұталар, жемістер мен қабықтар, ол жерді көптеген жануарлар паналайды. Орман төсенішінің қоры, қалыңдығы және құрылымы орман құратын тұқымдардың түрлік құрамымен, ағаш бітімінің жасымен, ағаштар биіктігімен, тірі топырақ жамылышымен, қазғыш фаунаның белсенділігімен байланысты. Төсенішті топырақтың ормандық өсімдік қасиеттеріне қолайлы әсер ететін фактор ретінде қарастыру керек, өйткені қопсу мен құрылымын, жоғарғы қабаттың ылғалы мен температурасын сақтауға әсер етеді. Сұйық жауын-шашынды сүзіп топырақтың қылтүтігін сақтайды. Сонымен қатар төсеніш орман топырағына тыңайтқыш ретінде қызмет жасайды.
Орман төсенішімен қатар орманда тамыр жүйесі бар, ол бір өсімдіктің жер астындағы табиғи күрделі құбылысы. Топырақта орналасу сипатымен жер бетіндегі, терең орналасқан, аралас тамыр жүйелерін бөледі. Ағаштар тамыр жүйесінің көмегімен жерге бекиді, су мен қоректік заттарды алады, алмасу заттарын бөледі, қоректік заттардың артығын жинайды. [6 ]
Ағаш бітімі (сүрекдіңдер), оның басты белгілері. Ағаш бітімінің морфологиялық маңызды айырмашылық белгілері бар және ол тұқымдар құрамымен, нысанымен, жасымен, шығу тегімен, бонитетімен, толықтылығымен, қабысуымен, қалыңдығымен, қорымен, өнімділігімен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның орман қорларын тиімді пайдалану мәселелері
Аймақтардың оптимальды ормандылығы
Қара Ертіс өзені алабының негізгі өзендерінің жылдық ағынды үлестірімі
Туристік рекреациялық ресурстар
Ертіс өзені - Өскемен қаласы тұсындағы гидрологиялық сипаттамаларды есептеу
Жамбыл облысында туризмді дамытудың басымдықтары
Кіші Алматы өзені – СЭС-тен 164 км жоғары бекетінің гидрологиялық сипаттамаларын есептеу
Мал шаруашылығы жұмысшыларының жеке гигиенасы және еңбек гигиенасы
Өтпелі ағаш кесу
Шығыс Қазақстан Туризмін талдау
Пәндер