Айқышгүлді егістік, жемдік, көкеніс дақылдарының зиянкестері туралы ақпарат


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемілекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы :Айқышгүлді егістік, жемдік, көкеніс дақылдарының зиянкестері.
Тобы: АГ-413
Орындаған: ЕрболатГүлмира
Тексерген : Мұхамеджанова Орынгүл
Семей 2015ж
Жоспар
Айқышгүлді егістік, жемдік, көкеніс дақылдарының зиянкестері
Капуста күйесі және күресу шаралары.
Жазғы капуста шыбыны және күресу шаралары.
Көктемгі капуста шыбыны және күресу шаралары.
Капуста қоңыр көбелегі және күресу шаралары.
Айқышгүлді бүргелер және күресу шаралары.
Айқышгүлді қандалалар және күресу шаралары.
Шомырдың ақ көбелегі және күресу шаралары.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Айқышгүлді дақылдардар - рапста, қышада, қырыққабат түрлерінде, мал азықтық шалқанда, шомырда, шалғамда фитофагтардың көптеген түрлері болады. Бұл дақылдар зақымдануға осалдау болады. Фитофагтар келтірілген шығындардан қорғамаса, белсенді шаралар қолданбаса, олардан түсім алу мүмкін емес.
Капуста күйесі.
Жұлдызқұрттар крестгүлді дақылдарды: қауданды және гүлді капустаны, мал азықтық шалқанды, шомырды, рапсты, қышаны зақымдайды.
Көбелек қанатын жайғанда 14-17 мм жетеді. Алдыңғы кіші сұрғылт- қоңыр немесе қара - қоңыр қанаттарының ішкі жағында ақ толқынды жолағы бар; артқы қанаттары сұр ұзын шашақты. Ересек жұлдызқұрттар жасыл түсті, ұзындығы 9 -12 мм, олардың денесі аяқ жағына қарай кішірейіп келген және сирек ұзынша қылшықтар басқан.
Капуста күйесі қуршақ кезінде ақ ұзынша жұмсақ пілләдә түрлі арамшөптер мен өсімдік қалдықтарында қыстайды. Көбелектер сәуірдің аяғында - мамырдың басында ұшып шығады. Көбелектер сопақша ақшыл -сары жұмыртқаларын жапырақтың төменгі бетіндегі тарамыстарды бойлай бір -бірден немесе 4 данадан салады. 3 -7 күннен кейін жұлдызқұрттар пайда болады, олар әуелі жапырақ жұмсағымен қоректенеді, 2-3 күннен кейін жапырақ бетіне шығып «кішкене терезе» қылып жеп қояды. Жоғары жастағы жұлдызқұрттар жапырақтарда тесіктер жасайды. Қатты зақымданған өсімдіктерде қаудандар дамымай қалады. Жұлдызқұрттар 12-15 күнде дамып, қуыршақтанады. 1-2 аптадан соң жаңа ұрпақ көбелектері ұшып шығады. Жаз бойы қаракүйе үштен сегіз ұрпаққа дейін бере алады.
Күресу шаралары . қыстау сатыссын жою үшін топырақты күзде терең қопсыту. Арамшөптермен күресу, шірне беретін өсімдіктермен көкеніс дақылдарын жақын отырғызу. жапырақ дегелек немесе қауданының түйінделуі кезінде әрқайсы 5 өсімдік құрайтын 20 сынама тексеріледі және кем дегенде 10% егіс танабына әр өсімдікте 2-5 жұлдызқұрт табылса «тізімге . . . » сәйкес инсектициттермен бүрку жүргізіледі.
Жазғы капуста шыбыны
Жазғы капуста шыбынының ұзындығы 7-8 мм Денесі сарғыш сұр. Қанаттары қоңыр немесе сарғыш, сары тарамыстары бар. Құрттары ақ, аяқсыз, ұзындығы 7-9 мм. Соңғы аналбдық буындығында біріне тең қашықтықта орналасқан алты төмпешік бпйқалады.
Қуыршақтар топырақта жалған пілләларда қыстайды. Шыбындардың ұшып шығуы ерте пңсетін капустаны жинаудың бастапқы кезімен сәйкес келеді. Аналықтары ұшып шыққаннан кейін бірнеше күннен соң тамыр мойнына сабақтың төменгі бөлігіне, өсімдіктің айналасындағы топырақа ұсақ жұмыртқалар салады. Ұрықтық даму 5-14 күнге созылады. Құрттар 24-32 күн ішінде дамып шығып, топырақта 10-30 см тереңдікте қуыршақтанады. Жазғы капуста шыбыны жылына бір ұрпақ беріп дамиды.
Күресу шаралары . Көктемгі капуста шыбына қарсы күресу шарасымен бірдей
Көктемгі капуста шыбыны
Капуста, тырна, шомыр, шалғам мен басқа екпелер мен тұқымдықтарды зақымдайды. Көктемгі капуста шыбының ұзындығы 6-6, 5 мм. Денесі сұр түсті, арқасында үш жіңішке жолағы бар, құрсағыының жоғарғы жағында қара жолақ өтеді. Қанаттары түссіз, қара тарамысты. Құрты ақ түсті, ұзындығы 6-8 мм. Артқы жағында 14 төмпешіктері бар, олардың төменгі төртеуі өте ірі және барлық денесінде екі-екіден орналасқан.
Қуыршақ кезінде топырақта 10-20см тереңдікте жалған пілләларда қыстайды. Шыбындардың ұшып шығуы қайың мен беде, қышының гүлдеу кезеңімен сәйкес келеді және бұл сәуір айында болатын құбылыс. 7-10күннен кейін аналықтары ақ ұзынша жұмыртқаларын топыраққа, әсіресе топырақ пен өсімдік арасындағы тесікке, кейде топырақ бетіне сирек жағдайда крестгүлді өсімдіктердің жапырақтарының ішіне салады. Жұмыртқадан шыққан құрттар көшеттердің тамырларын, сабақтарының негізі мен тамыржемістерін жеп қояды, бұдан кейін бұралаң жолдар жасайды. Құрттар 20-30 күн қоректенеді, бұдан кейін қуыршақтанады да, 15-20 күннен соң ұрпақтың ересек шыбындары пайда болады. құрттар шырышты бактериозға ұшыратады, осының салдарыннан кейде капуста тұқымдары түгелдей жереге түсіп қалады. капуста шыбының крестгүлді өсімдіктермен қоректенуі нәтижесінде өсімдіктің өсуі баяулайды, жапырақтары солып, көкшіл- қызғылт түске боялады, қатты зақымданған өсімдіктер қурап қалады.
Күресу шаралары . Капуста шыбынының жұмыртқаларын жою үшін жерді өсімдіктің тамыр мойыннан 15 см алысырақ қазып тастайды да, оның орнына қатар аралықтағы жаңа топырақтан салады. төзімді немесе сау көшеттерді отырғызу. капуста мен басқа крестгүлді өсімдіктерді жинап алған соң учаскеден қабыршақтарды алып тастау және топырақты қайта қазу. Көшеттерді отырғызып болған соң 4-5 күні сабақтың тамырлы бөлігі мен өсімдік айналасындағы топырақты тексереді. 10% өсімдікте1 өсімдікке шаққанда 5-10 жұмыртқа немесе 5-6 құрт болса, «тізімге . . . » сәйкес преператтарды іріктеп алып, зиянкестермен қарсы химиялық шаралар қолдану керек.
Капуста қоңыр көбелегі.
Жұлдызқұрттар көп қоректі, олар қызылшаның, асбұршақты, салатты, пиязды, темекіні зақымдай алады, бірақ көбінесе капустаны артық көреді.
Көбелек қанатын жайғанда 40 - 45 мм, көбелектің алдыңғы қанаттары қара - қоңыр, ішкі жағына екі толқынды көлденең жолақтары бар; қанатының ортасында екі қара жиектелген дақтар орын алған, олардың сыртқы жағындағысы ақщыл бүршік тәрізді, ал ішкісі - қара дөңгеленген болып келеді. Ересек жұлдызқұрт ұзындығы 35 - 45 мм екі жағында сұрғылт - жасыл, сарғыш - қоңыр, кейде қара түсті жуан кіршең - сары жолақтары және арқасында үш ақшыл көлденең жолақтары болады.
Қуыршақ топырақта 5 - 10 мм тереңдікте қыстайды. көбелектердің ұшып шығуы сәуір - мамыр айларынан бастап тамыздың соңына дейін байқалады;
Көбелектер ымырт түскенде, әсіресе кешкі10 - нан түнгі 12- ге дейінгі кезеңде белсенді түрде ұшады. Аталықтары жапырақтың төменгі жағына бір ұяда 10 - 40 данаға дейін сұр жартылай шар тәрізді жұмыртқа салады. Құрттар 5 -12 күннен кейін пайда болады. Жұлдызқұрттар бастапқыда бірге өмір сүріп, үшінші жастан бастап жапырақтың астыңғы жағындағы жұмсақпен қоректенеді, олар өсімдікке өрмелеп шығып, жапырақтарға қисық формадағы тесіктер жасайды. Ересек жұлдызқұрттар капуста қауданында өз нәжістерін қалдыратын терең жолдар тесіп шығады. Жұлдызқұрттар 25 - 50 күнде дамиды да топыраққа еніп, сонда қуыршақтанады. Қуыршақтану кезеңі 12 - 30 күнге созылады және шілденің аяғында - тамыздың басында екінші ұрпақ көбелектерін кездестіруге болады. 1- 2 ұрпақ дамиды.
Күресу шаралары. Қыстап жатқан қуыршақтарды жою үшін терең сүдігер жырту керек. ЭЗШ саны 1 - 3 жұлдызқұрт өсімдікте 5% егіс танабында табылса немесе 5- 8 жұлдызқұрт/м 2 . Мөлшерден көп болған жағдайда зиянкеске қарсы жою шаралары қажет. Өңдеуді «тізімге . . . » сәйкес преператтармен жүзеге асырады.
Капуста күйесі.
Жұлдызқұрттар крестгүлді дақылдарды: қауданды және гүлді капустаны, мал азықтық шалқанды, шомырды, рапсты, қышаны зақымдайды.
Көбелек қанатын жайғанда 14-17 мм жетеді. Алдыңғы кіші сұрғылт- қоңыр немесе қара - қоңыр қанаттарының ішкі жағында ақ толқынды жолағы бар; артқы қанаттары сұр ұзын шашақты. Ересек жұлдызқұрттар жасыл түсті, ұзындығы 9 -12 мм, олардың денесі аяқ жағына қарай кішірейіп келген және сирек ұзынша қылшықтар басқан.
Капуста күйесі қуршақ кезінде ақ ұзынша жұмсақ пілләдә түрлі арамшөптер мен өсімдік қалдықтарында қыстайды. Көбелектер сәуірдің аяғында - мамырдың басында ұшып шығады. Көбелектер сопақша ақшыл -сары жұмыртқаларын жапырақтың төменгі бетіндегі тарамыстарды бойлай бір -бірден немесе 4 данадан салады. 3 -7 күннен кейін жұлдызқұрттар пайда болады, олар әуелі жапырақ жұмсағымен қоректенеді, 2-3 күннен кейін жапырақ бетіне шығып «кішкене терезе» қылып жеп қояды. Жоғары жастағы жұлдызқұрттар жапырақтарда тесіктер жасайды. Қатты зақымданған өсімдіктерде қаудандар дамымай қалады. Жұлдызқұрттар 12-15 күнде дамып, қуыршақтанады. 1-2 аптадан соң жаңа ұрпақ көбелектері ұшып шығады. Жаз бойы қаракүйе үштен сегіз ұрпаққа дейін бере алады.
Күресу шаралары . қыстау сатыссын жою үшін топырақты күзде терең қопсыту. Арамшөптермен күресу, шірне беретін өсімдіктермен көкеніс дақылдарын жақын отырғызу. жапырақ дегелек немесе қауданының түйінделуі кезінде әрқайсы 5 өсімдік құрайтын 20 сынама тексеріледі және кем дегенде 10% егіс танабына әр өсімдікте 2-5 жұлдызқұрт табылса «тізімге . . . » сәйкес инсектициттермен бүрку жүргізіледі.
капуста бітесі
капуста бітесі капустаны, тырнаны, рапс пен ьасада айқышгүлді өсімдіктерді зақымдайды.
Сұрғылт-ақ балауызды өңезбен қапталған жәндіктердің қзындығы 1, 5-2, 0мм құрайды. Бітелер колониялармен өмір сүреді. Жұмыртқалар өсімдік қалдықтарында немесе айқышгүлді өсімдіктерде қыстайды. Көктемде, 10-12 0 С температурада, жұмыртқалардан құрттар шығады, олар 4 жастан өтіп, ұрықтанбай-ақ 40дернәсілге дейін туа алатын қанатсыз негіз салушыға айналады. Жаздың ортасында, қанатты негіз салушы ұрғашылар пайда болғанда, біте айқышгүлді азық- түлік айқышгүлді дақылдарға ауысады. капуста жапырағының зақымдалған жерлері ауырып, қауашақтанады. Өсімдікті биттер шамадан тыс басып кеткенде, нашар қаудан түзіледі немесе ол мүлдем қалыптаспай қояды. Тұқымдықтардағы зақымдалған жапырақтар ширатылып, кеуіп түсіп қалады да, түйіндер дамымайды. Бір жыл ішінде біте 15 ұрпаққа дейін береді. Қыркүйек айында жынысты аналықтар пайда болады. Олар аталық бітелерге айналып, ұрықтанған аналықтарды дернәсілдер туады. Ұрықтанған аналықтары арамшөптерге, қабықшаларға және қырыққабаттың ширатылмай қалған жапырақтарында бар болғаны 2 немсе 4 жұмыртқа салады.
Күресу шаралары. Айқышгүлді арамшөптерді, қабықшалар мен басқа жинаудан қалған қалдықтарды жою. Топырақты терең сүдігер әдісімен өңдеу. Энтомофагтарды тарту үшін крестгүлді дақылдардың тұқымдардың айналасына шатыр тәрізді дақылдарды отырғызу қажет. Егістікті тексеруде қаудандар түйінделе бастаған кезеңде, әрқайсысы5 өсімдік құрайтын 20 сынама қарастырып, жүргізеді. Экономикалық зияндылық шегі 5-10 % ұсақ бітелер колониясының табылуы. Бітелерге қарсы екпелер мен егістіктерді өңдеуді зиянкестер саны ЭЗШ жоғары болғанда «тізімге . . . » сәйкес жүргізіледі.
Рапс егуші
Айқышгүлді тұқымдасына жататын өсімдіктерді, әсіресе қыша мен рапсты зақымдайды.
Ересек дарақтар қызыл- сары түсті, арқасында төрт дақ және екі жұп түссіз қанаттарының басында сары дақтар бар. Олардың басында қара түсті. Денесінің ұзындығы 7-8 мм. Құрты- жалған жұлдызқұрт, кіршең- жасыл түсті, басы қара. Қатпарлы денесінде ұзына бойына қара- қоңыр жолақтар мен ұсақ сүйелдер бар. Жоғарғы жастағы жалған жұлдызқұртың ұзындығы 18-25мм.
Аналықтары жапырақтардың төменгі жағына тарамстарды бойлай жұмыртқа салады. Мұндай ересек аналықтары жапырақ қабығын теседі де, әрбір тесікке жұмыртқа салып, оларды жылдам қататын сұйықтықпен жауып тастайды. Жұмыртқа салған жерлерде төмпешіктер пайда болады. Ұрықтық даму 5-12 күнге созылады. Жұмыртқадан шыққан жалған жұлдызқұрттар жапырақтармен қоректенеді, олардың шеті мен ортасына қалай болса солай жейді, бірақ жуан тарамыстарға тиіспейді. 2-3 аптадан кейін жұлдызқұрттар өз дамуын аяқтап, топыраққа енеді де, онда 7-15 см тереңдікте өте тығыз піллә түзіп, сонда қуыршақтанады. 10-14 күннен кейін қуыршақтардан ІІ ұрпағы ересек зиянкестер шығады, олардың жұлдызқұрттары көбінесе тамыз айында зиян келтіреді. Зиянкес2-3 ұрпақ береді.
Күресу щаралары . Арамшөптерді жою және зиянкес көп дамыған алқапты сүдігер өңдеу. Өңдеуді «тізімге . . . » сәйкес тнсектициттермен жүргіу керек. ЭЗШ саны 12% егіс танабында 2-5 құрт/ өсімдікті құрайды.
Айқышгүлді қандалалар.
Айқышгүлді көкеніс дақылдары қандалалардың бірнеше түрімен :рапс, капуста немесе боялған қыша және орта азиялық қандалалармен зақымдалады.
Рапс қандаласының ұзындығы 5, 5-8 мм. Алдыңғы арқасының ортасында қызыл, сары немесе ақ түсті, артына қарай ұлғайған жолақтар бар.
Қыша қандаласы жуан денесімен сипатталады; оның қалқаншасының артқы бөлігі қабырғасыз немесе қабырғасы аса біліне бермейді; құрсағының жоғарғы жағы қара түсті; ұзындығы 7-8, 5мм.
Капуста немесе боялған қандала тым тегіс, қалқаншасындағы ұзына бойына орналасқан қабырғалары анық байқалады; құрсағының төменгі жағында тыныс алу мүшесін жағалай екі қатар дақтар орналасқан, ал ортасындағы дақтар мен жолақтар араласып кетекен немесе жолақтар мүлде болмайды; құрсағының жоғарғы жағы қызыл, тек оның соңғы сегментері ғана қара түсті болып келеді; ұзындығы 9-10мм.
Орта азиялық қандаласының капуста қандаладан айырмашылығы - оның құрсағының төменгі жағында шеттері анық емес қызыл дақтарға бөлінген екі қатар қара дақтар, ал ортасында бір -біріне қосылмайтын екі қатар қара дақтары болады.
Дернәсілдері қанатсыз немесе қанаттарының белгілері білінеді, 4 буынды мұртшалары бар, олардың құрсақтарының жоғарғы беті ақшыл шеттерінде көлденең жолақтар бар.
Ересек қандалалар түскен жапырақтардың астында, орман шетінде, көшетжайлар мен бақтарда ағаштардың түбінде, жыралардың шеттерінде және басқа жерлерде қыстайды. Ерте көктемде олар қыстаған ормандарыннан шығып, бастапқыда арамшөптермен, кейін крестгүлд дақылдармен қоректенеді. Аналықтары жұмыртқаларын жапырақтың төменгі жағына салады; әрбір қоймада екі қатарға орналастырылған 12 дана жұмыртқа болады.
Шаншылған жерлерде ақшыл дақтар пайда болады. Қатты зақымдалған жапырақтар бірден сарғайып, қурап қалада, ал жас өсімдіктер өліп қалуы да мүмкін. Гүл жататын өркендердің зақымдануы салдарынан генеративтік мүшелері шашылып қалады да, аал пайда болған бұршаққындағы дәндер солғын болады. 1-2 айдан кейін дернәсілдер ересек қандалаларға айналады. Айқышгүлді қандалалар 1-3 ұрпақ беріп дамиды.
Күрес шаралары . Тыңайтқыштар енгізу, арамшөптерді жою, қауданның түйнектелуі кезінде әрқайсы 5 өсімдік құрайтын 20 сынамада тексеру жүргізіледі және көкеніс дақылдарында 1-2 қандала/м 2 , тамыр жемістерінде0, 2 қандала/1 өсімдік; рапста, қышада 5-8 қандала/м 2 анықталған жағдайда, «тізімге . . . » сәйкес инсектициттермен өңдеу керек.
Айқышгүлді бүргелер
Бүргелер айқышгүлді дақылдардың барлық түрлерін зақымдайды. Бүргенің бірнеше түрлері бар. Бұл зиянкестің секіретін артқы аяқтары бар, қара түсті, бір түсті немесе қанатының үстін бойлай сары жолақтары бар; мұртшалары жіп тәрізді, ұзындығы 2-3 мм.
Толқынды -қоңыздар қара; әрбір жапырақ үстінде сыртындағы тесігі терең емес сары үлкен жолағы болады, денесінің ұзындығы 2-2, 8мм.
Оймалы - қоңыздар қара; әрбір жапырақ үстінде сыртындағы тесігі жартылай шеңберлі сары үлкен жолағы болады; денесінің ұзындығы 1, 8-2, 5мм.
Ақшыл аяқты - қоңыздар қара; басы мен алдыңғы арқасы жасыл метал түстес; сыртындағы тесігі терең емес сары кішірек жолағы болады; алғашқы үш мұртша буындары сары; сирағы мен аяқтары қызғылт- сары; денесінің ұзындығы 2, 5-3, 5мм.
Қоңыздар өсімдік қалдықтарының, түсіп қалған жапырақтардың астында, топырақтың жоғарғы қабатында қыстайды. Ерте көктемде олар топырақ бетіне шығып, өсімдікті кішірек жаралар, кейде тұқым жарнағы мен кәдімгі жапырақтарда кішірек тесіктер жасап зақымдайды.
Күресу шаралары. бүргемен ерте егістер мен екпелер қатты зақымданады. Зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жүргізу керек. ЭЗШ саны 2-3 қоңыз/ м 2 өсімдік, 20-30 қоңыздар/м көкеніс дақылдары үшңн себелеп жиі суару тиімді, өйткені құрғақшылықпен ыстықта бүргелердің зияндылығы жоғары.
Рапс гүлжемірі
Қоңыздар қара көк немесе жасыл құлпырған түсті, ұзындығы 1, 5-2, 7 мм.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz