Егістіктердің арамшөптермен ластануын есептеу әдістемесі


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Егістіктердің арамшөптермен ластануын есептеу әдістемесі
Орындаған: Абытайова Н
Тексерген: Сагандыков С. Н
Топ: АГ-2
Семей қаласы 2015-2016 жыл
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1 Егістіктің ластануын анықтау.
2. 2 Арамшөптерді сандық және сандық-тазалық әдісімен есептеу.
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Егістік жердерде өніп-өсіп, ауыл шаруашылығына зиян келтіретін өсімдіктерді арамшөптер деп атайды. Олар тек егіс алқабында ғана емес, сонымен қатар жайылымдықтар мен шабындықтарда, орман алқаптарында да кездеседі.
Ғылыми-зерттеу мекемелері мен шаруашылықтардың тəжірибесі арамшөптермен үздіксіз күрес жүргізіп отырғанда ғана олардың ауыл шаруашылғына келтіретін зиянының бəсеңдейтіндігін көрсетті. Сондықтан, əрбір шаруашылықта арамшөптерді жою шаралары уақытылы жүргізіліп отырулуға тиісті. Бұл үшін қандай арамшөптер түрлері басым екендігін жəне келер жылы қай арамшөптер болатындығын алдын ала біліп отыру қажет, басқаша айтқанда оларды есепке алу керек.
Егістіктің ластануын анықтау.
Егістіктің арамшөппен ластануын анықтаудың бiрнеше әдiстерi бар:
1) шамалап немесе көзбен шолу арқылы анықтау;
2) санау арқылы анықтау;
3) санау және салмағын өлшеу әдiсi;
4) қашықтан немесе жоғарыдан шамалап анықтау әдiсi.
Онда ұшақтан, тiкұшақтан видеожазу немесе телерепортаж жүргiзiледi де, дайындалған жадығаттар жерде өңделедi.
Егiстiктiң ластануын шамалап немесе көзбен шолу арқылы анықтау әдiсi үлкен алқаптарды тез тексеруге мүмкiндiк бередi. Бiрақ бұл әдiстiң дәлдiгi төмен болады. Сондықтан тек өндіріс жағдайында танаптарды гербицидпен өңдеу алдында пайдаланылады. Егiстiктердiң ластану деңгейi А. И. Мальцевтiң шкаласы бойынша анықталады (1 - кесте) .
- Кесте Егiстiктердiң ластануын бағалаудың шкаласы
Шамалы
1
Танаптың ластануын санау әдiсiмен анықтау үшiн оның ұзын қиғашы бойынша жүрiп отырып бiрдей қашықтықтан соң аумағы 0, 25 шаршы метр (50х50 см) рамаларды салып есептеу жүргiзедi. Ауданы 100 гектардан артық танаптарда 20 есептеу жүргiзедi. Ол үшiн раманың iшiндегi арамшөптердің әр түрiн бөлек санап есептеу қағазына жазады (1-үлгi) . Анықтаушыға белгiсiз арамшөптердi “Басқа түрлер” атты жолда көрсетеді. Анықтауды аяқтағаннан кейiн 1-үлгiдегi көрсеткіштердi шаруашылық бойынша дақылдардың арамшөптермен ластану ведомосіне ауыстырады (2-үлгi) . Екiншi үлгiдегi мәлiметтер негiзiнде танаптарды ластану деңгейiне қарай топтарға бөлу әр шаршы метр жердегi арамшөптердің санына қарай жүргiзiледi (2 -кесте) .
Танаптардың әр шаршы метрiнде бiр және одан көп көп жылдық арамшөп болғанда гербицидпен өңдеу ұсынылады, бiр жылдық арамшөптер - 6 және одан көп болғанда гербицид пайдаланған тиiмдi. Егiстiктерде карантиндi арамшөптер болғанда олардың санына қарамай өңдеу жүргiзедi.
Танаптардың ластануын санау және салмағын өлшеу әдiсi арқылы анықтағанда арамшөптердi тек санап қоймайды, олардың және мәдени дақылдардың дымқыл және құрғақ массасын өлшейдi.
Бұл әдiс агротехникалық зерттеулерде, танаптардың ластану деңгейiн ғана анықтап қоймай, арамшөптердің зияндылығын да анықтау керек болғанда қолданылады. Олардың зияндылығын анықтаудың негiзiне егiстiктiң әр шаршы метр жерiндегi өсімдіктердің жалпы биомассасында арамшөптердің үлесi қанша болса, алынатын өнім сонша мөлшерге төмендейдi деген қағида алынған.
- Кесте Санап анықтау әдiсiнде танаптардың ластану деңгейiн бағалау
5-ке дейiн
5, 1-15
15, 1 - 50
50, 1 - 100
100-ден артық
өте шамалы
шамалы
орташа
күштi
өте күштi
1
2
3
4
5
Н. З. Милащенко арамшөптердің зияндылығын олардың үлес салмағы бойынша мына шкаламен анықтауды ұсынады:
Осындай шкаланы пайдалану тек егiстiктердiң ластануын ғана емес, арамшөптердің зияндылығын, яғни ластанудың осы деңгейiндегi ауыл шаруашылығы дақылының өнімінің төмендеу мөлшерін болжауға да мүмкiндiк бередi.
Жоғарыдан қарап анықтау әдiсiн қолданғанда дәлiрек болуы үшiн оларды жердегi санау әдiсiнiң нәтижесiмен салыстырылады. Ластану деңгейiн анықтау бес баллды шәкiл бойынша жүргiзiледi, мұнда 1 балл егiстiктiң ауданының 10% арамшөптер алғанда қойылса, 2 балл - 11-25, 3 балл - 26-35, 4 балл - 36-55, 5 балл - 56-75 % болғанда қойылады. Бұл шәкiлдің көрсеткіштерi танаптардың ластануын санау арқылы анықтау әдiсiндегi шәкiлдің көрсеткіштерiмен теңгерiлуi мүмкiн.
Топырақтың арамшөптердің тұқымдарымен ластануын анықтау көп еңбек етудi, арнайы құралдарды және көп уақытты керек етедi. Алайда, танаптардың жыртылатын қабатындағы арамшөптердің тұқымдарының мөлшерін бiлу, олардың өміршеңдiгiн сақтау ерекшеліктерін ескере отырып, танаптардың ластануын бiрнеше жылға алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Анықтаудың тәсiлдерi арнайы әдебиеттерде берiлген А. В. Фисюнов танаптардың жыртылатын қабатының арамшөптердің тұқымдарымен ластануын бағалауды төмендегi шкала бойынша жүргiзудi ұсынады: 1 балл - шамалы, гектарына 10 млн данадан аз; 2 балл - орташа, 10-50; 3 балл - күштi, гектарына 50 млн данадан көп
Арамшөптерді сандық және сандық-тазалық әдісімен есептеу.
Арамшөптерді сандық əдіспен есепке алғанда танапты қиғаштап өтіп əрбір теңаралық қашықтықта рама қойып оның ішіндегі мəдени өсімдіктерді жəне арамшөптерді санайды. Содан кейін бір рамадағы, не бір шаршы метр жердегі арамшөптердің орташа есеппен алғандағы санын анықтап, олардың мəдени өсімдіктердің санының неше пайызы екенін шығарады. Бұл ретте мəдени өсімдіктерді 100 пайыз деп алады.
Арамшөптерді есептеуді сандық-таразылық əдіспен жүргізгенде танапты қиғаштап өтіп əрбір теңаралық қашықтыққа көлемі 0, 25 шаршы метр раманы қойғаннан кейін барлық арамшөптерді санайды, содан кейін оларды сол жерде өлшеп дымқыл салмағын өлшейді. Кейін көлеңке жерде арамшөптерді кептіріп ауалық құрғақ салмағын анықтайды. Кейінгі екі əдіс ғылыми зерттеу мекемелерінде кеңінен қолданады. Арамшөптерді көзбен мөлшерлеу əдісі бойынша есептеуде алынған материалдар танаптың арамшөптермен ластану картасын жасауға пайдаланылады. Алдын-ала жүргізілетін агротехникалық шаралардың негізгі мақсаты - арамшөптердің тұқымдары мен вегетативтік көбею мүшелерінің, кеңістікте таралу жолдарына тосқауыл қою. Əрине, ол үшін арамшөптердің көбею мүшелері, əсіресе тұқымдары танаптарға қайдан жəне қандай жолдармен келетінін білу керек. Көптеген арамшөптердің тұқымдары (егістік қалуен, кəдімгі бақбақ, кəдімгі қамыс жəне тағы басқалары) кеңістікке желмен таралады, себебі олардың тұқымдарының салмағы жеңіл жəне желкеңді болып келеді. Желкен дегеніміз арамшөп тұқымы көлемінің оның салмағына қатынасы. Бұл қатынастың мөлшері неғұрлым үлкен болса, солғұрлым тұқым желкенді келеді, яғни алысқа ұшады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz