Көркем шығармалардағы эпитет, теңеу, метафоралардың қолданылуы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Көркем шығармалардағы эпитет, теңеу, метафоралардың қолданылуы
Тексерген: Секей Ж.
Орындаған: Муканова Д. Н.
Семей қаласы
2015 жыл
Эпитет қандай да бір сөздің сапасын, белгісін білдіретін көркемдеуіш құрал болғандықтан оны айқындау деп те атайды.
Эпитет кейіпкердің жан дүниесін ашуда, кескін келбетін суреттеуде ерекше қызмет атқарады. Портрет пен оның детальдарын жасау, кейіпкерге мінездеме беру, кейіпкердің ішкі сезімдерін, көңіл-күйін бейнелеу үшін, сөз ажарын көркейтіп, ойды кемел жеткізу үшін жазушы эпитеттерге сүйенеді.
Прозада жиі қолданылған көріктеуіш тәсілдердің бірі - эпитет. Айқындау, яғни эпитет - заттың құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз.
Эпитеттің зерттелу тарихы ертедегі грек ғалымдарынан бастау алған. Ұлы оқымыстылардың пайымдаулары басқа тілдерде эпитет жайындағы ілімнің ілгері дамуына әсер еткен. Қазақ тілінде эпитетке алғаш анықтама берген А. Байтұрсынұлы: “Көркейту я жалпы сипатты жалғыз нәрсеге теліп айтқанда, я нәрседе болмайтын сипатты болатындай етіп айту. Асылында айқындау нәрсені я көркейту үшін айтылады, я лақаптау үшін айтылады”, - деп жазады.
Ғылымдағы тың тұжырымдардың байыпты бағалануы және дәйекті дәлелденуінің бір негізі эпитеттерге байланысты болып келетіні, көркем дүниелерімізден соны танудың жолдарын түсіндіретін ізденістер барлығына көз жеткізе түстік. Соның енді бірі - академик З. Ахметовтің еңбегі. Ғалымның жалпы рухани мұрамыздың сөз кестесі мен тіл өрнегіне қатысты байыпты пікірлері ғылымда қуатталып, көркем шығармалардың поэтикалық тілдік ерекшеліктеріне қатысты тексерулерде орынды аталып жүр. Қазақтың өлең құрылысының сан - салалы екендігін айтқан З. Ахметовтің еңбегінде эпитетке қатысты мынадай пікір айтылады: «Халықтық поэзияда белгілі бір ұғымға үнемі қатарласып айтылатын тұрақты эпитеттер көп кездесетіні белгілі. Мұның өзі кездейсоқ құбылыс емес. Халық поэзиясында бейнелі сөз түрлері, сөз нақыштары сан жағынан жазба әдебиеттегідей мол болмағанымен, оның есесіне жиірек қолданылады. Халықтық өлең - жырларда бейнелі сөздердің берік орнығып, тұрақталғанын әбден екшеліп, сұпталғанын, поэзияның тіл кестесіне хас үлгі - нақыштар болып қалыптасқанын байқаймыз».
Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,
Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ
Сөз өнеріндегі көркемдік-бейнелілік оның ең қуатты эстетикалық құралы, талғам биігінің өлшемі. Шеберлік тұтас көркем шығармаға жан беретін негізгі фактор, суреткердің даралық стилінің көрінісі. Мысалы, түрлі бейнелеуіш құралдар арқылы бейнеленген, сөзбен салынған суреттерден сол суреткердің шеберлігін байқаймыз. Шәкәрім поэзия әлемінде сезім күйін шертер, ой танымын тереңдетер ойшыл-сыршыл із қалдырған суреткер-ақын. Көрнекті ғалым, академик З. Қабдолов: «Айталық, айқындау, яғни эпитет - заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитетсіз тіпті айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау қиын», - деген болатын.
Ақындар шығармасындағы эпитетті тіркестер адамдардың жағымды-жағымсыз мінездерін, адамдардың жан дүниесін әр қырынан, ой-сезімдерін, толғаныстарын айқындай түседі.
Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, шығармаларындағы эпитет сияқты көріктеу тәсілдеріне байсалдылықпен қарап, тексерудің олардың халық тілінің сөз кестесіне тән өзгешеліктерін біліп - түсінудің мәні зор. Эпитет - кейіпкердің портретін жасауда таптырмас тәсіл.
Мысалы, алты алаш деген тұрақты тіркестің анықтауыш компоненті он, қырық сандарымен ауыспайды. Сол сияқты қырық сан Қырым елі деген тұрақты тіркес, отыз сан Қырым ел деп айтылмайды. О баста, бұл эпиеттердің нақты бір мағынаға қырық ру - тайпадан немесе алты тайпадан құрылған этникалық топтың атауы ретінде қатысы болған болуы керек, бірақ, келе-келе бұл анықтауыштар тұрақты тіркес компонентін құрап, поэтикалық фразеологизм элементіне айналған.
Тілдің лексикалық қазынасындағы сөздердің мағынасын, прагматикалық мақсатын айқындап әрі қолданысқа дұрыс енгізу мәселесі стилистика ғылымымен тығыз байланыста болады. Безендіруші стилистика сөз образына арналады. «Образдылық», «бейнелілік», «көркемдік» - өте күрделі стилистикалық категория. «Образ» терминінің астарында семантикалық ерекшелік пен прагматикалық мақсат, стилистикалық әсер қатар үйлесіп айтылады. Стилистика ғылымында «образ» деген сөз әр түрлі мағынада қолданылады. Образдылық - эстетикалық идеалдың шындық тұрғысынан қабылданған формасы, сөз - образ оның жеке қолданысы. Сөздің образдылыққа енуі өзінің тура мағынасынан ауыспалы мағыналарға ойысуы, сөздің образды мағынаға ие болуы өзінің алғашқы номинативті мағынасының қызметін жоғалтып, ерекше бояуға енуі болып табылады, ал экспрессивтілік бояу стилистикалық әсер береді, автордың сөзі прагматикалық мақсатын айқын танытып отырады. Сөздің образға енуі оның мағыналық өзгеріске түсуін бағалау функциональдық стильдердегі эстетикалық қызметін көрсету болса, екіншіден, бір стильден екінші стильдің сөз образдарының да үлес салмағын танып білуіне тікелей қатысын анықтап береді. Сөз образы лингвостилистика тұрғысынан әртүрлі семантикалық-стилистикалық категорияның көркемдік функциясын анықтайды. Образды троптық және троптық емес деп бөлуді белгілі мәтін арқылы түсіндіру қолайлы. Әсерлі сөздің жасалу тәсілі сан алуан болып келеді. Соның ішінде ерекше байқалатын стилистикалық амал-тәсіл - теңеу.
Теңеу - ерекше стилистикалық тәсіл, мәтінде көрнекті орын алатын әсерлі сөз. Әсерлі сөз стилистика ғылымында эмоционалды-экспрессивті лексикаға да және көркем ойға, мазмұнға құралған сөйлемге де байланысты айтылады.
Теңеудің семантикалық-стилистикалық мәнін айқындайтын амалдардың қатарына метафора, эпитет, метонимия, синекдоха, гипербола, синоним теңеулерді жатқызады, сондықтан жасалу жолдарын бірнеше топтарға бөліп көрсетеді.
Теңеудің көркемдік сипаты көркем әдебиетте, ауызекі сөйлеу стилінде ұқсату әрі бейнелілікке құралады. Теңеудің керкемдік сипаты көркем әдебиет стилінде, ауызекі сөйлеу стилі және публицистикалық стильде ұқсату мен бейнелілікке құрала отырып, адресанттың айналасындағы зат құбылыстың субьективті, обьективті теңелетін заттардың жалпы сипатын санада сақталған.
Мысалы : «Түбі терең сез артық, бір байқарсың», «Терең ой, терең ғылым іздемейді». Ақын шығармаларында көңіл күйіне байланысты, адамдардың өмірі мен қылықтарындағы жағымсыз жайларға өкініш білдіргенде айтқан теңеудің басқа түрлері де кездеседі: «Жалаңқая жат мінез жау алады», «Ит қорлық немене екен сүйткен күні?», «Ыржаң- қылжың ит Мінез».
Көркем шығармалардағы метафораның қолданылуы
Тіл табиғаты, сөз мағынасы күрделі құбылыс саналады. Тілдегі троп түрлері мәтіннің экспрессивтік бояуын жасайтын құрал болады. Тілде сөз метафорамен түрленіп ажарланады, бейнелі құралға айналады.
Қ. Жұмалиев метафораны «сыртқы не ішкі бір ұқсастығына қарап, бір нәрсені екінші нәрсеге балау, екі нәрсенің арасына тепе-теңдік белгісін қою» деп анықтаса, З. Қабдолов «метафора сөз мәнін түрлендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай түсу үшін, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау, сөйтіп, зерттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту» деп тұжырымдайды.
Метафора фразеологизмдердің бейнелілігін арттырып отырған. Мысалы, Сондайда өзінің туған жері - Торғай бойы, өскен-ыстық мекені көз алдына келеді де, әлдене жүрегін шымшып ауыртады.
Жүрегін шымшып ауырту - сағыныш сезімін аңғартып тұр. Шымшу тек адамның қолымен істелетін әрекет және адам жүректі шымши алуы шындыққа жанаспайды. Дегенмен, автор сағыныш күйін әсерлі бейнелеу үшін «жүректі шымшу» деген фразеологиялық тіркесті қолданған.
А. Сыбанбаева: «Метафораның қызметі арқылы тілдің лексикалық және фразеологиялық қабаты, жалпы сөздік құрамы, бір ұғым аясы кеңи түседі. Сөздің метафоралануы арқылы сөз саны өспегенімен, мағына аясы көбейеді, сөз мағынасы дамиды. Метафора - көптеген тіл қабаттарының шығу көзі. Мәселен, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер метафораға негізделіп жасалады», -деген тұжырым жасайды.
Жазушы шығармаларында метафоралар фразеологиялық тіркес ретінде көрініс тапқан.
Қараса қабақ қағыста бес тоқты тыпырлап қалған екен. Әйтеуір, бір жақсысы, түс кезінде сусын келеді. Дүйсен ауылдан қымыз алдыртады. Бірақ өзінің де шақшадай басы шарадай болды .
Бірінші мысалда келтірілген қабақ қағыста сөзі - жылдам сөзінің мағынасын алмастырса, екіншісі шақшадай басы шарадай болды тіркесі - жұмысы бастан асты деген мағынада қолданған.
Шығармадағы кейіпкерлердің мінез ерекшеліктері метафоралар арқылы айқындалған. Мысалы, - Мына отырған - Сабыр ерегіс десе басын береді. Балаларымның ішінде өзіме тартып туған асылым. . Тасың өрге домаласын! - деді ақсақал. Содан кейін, ақырын дауыспен - Жалғыз-ақ айтарым: күрес тe өнердің бір төресі. Оны оңай кәсіпке айналдыра көрме! . “ - Жармағамбеттің бес ұлының ең жаманы мына Сейсен ғой . . . Қалғандары қасқыр еді шеттерінен. ”
Бірінші мысалда, ерегіс десе басын береді, тасың өрге домаласын, күрес те өнер төресі - күрделенген метафоралар. Бұл метафоралар арқылы кейіпкердің ішкі сезімі толықтай берілген. Оның ризашылығы, қуанышы - бәрі тұтастай бір сөйлем ішіне сыйып кеткен. Ал, екінші сөйлемде, Жармағамбеттің ұлдарының алғырлығын баян еткен.
Лингвистикалық әдебиеттерде метафора екіге бөлініп қарастырылады: бірі дәстүрлі метафоралар. Олардың мағынасы халықтың таным-түсінігіне байланысты болып келеді, әрі көпшілікке ұғынықты, жиі қолданылатын бейнелі метафора болып танылады. Сонымен қатар, дәстүрлі метафоралар тілде тұрақты түрде қолданылады. Екіншісі - автордың өзінің жеке қолданысынан туындаған метафоралар. Метафораның бұл түрі қаламгердің тіл байлығымен, сөз қолдану шеберлігімен байланыста болып келеді.
“- Өмір дегенің қашан да - кеменің апаты, - деп бастапты хатын бейтаныс құрбым. Мұхитқа батып бара жатқан кеме сияқты, өмір де құбылмалы бір табиғаттың құбылысы сияқты. Бірақ парасатты адам қашан да рухани әлемнің биік қағидаларымен өмір сүргісі келеді. ”
Өмір - апат тұрақты метафора болса, өмір деген кеменің апаты, өмір деген құбылмалы бір табиғаттың құбылысы - өзіндік жеке авторлық метафоралар болып саналады.
Кейіпкердің сөзге, уәдеге беріктігін автор келесі метафораларды қолдану арқылы көрсетеді:
« Әкемнің өлер алдында айтқан өсиет сөзі әлі есімде. Өлген адамның соңғы сөзі - құдай сөзі. Өлген адамның өсиетін орындамау - кісілік емес. Мен де сертіне берік болуға тырысамын. Әкемнің айтқан қақ жолды айнытпай ұстап келемін. »
Келтірілген мысалдағы құдай сөзі, қақ жол метафоралары сөйлемнің әрін келтіріп, эмоциялық мән үстеген. Сонымен қатар, кейіпкердің жеке сапалық қасиетін, өзгешелігін айқындаған.
Т. Әбдіков метафораларды қолдану барысында кейіпкердің келбетіне, қоршаған ортасына т. б. қимыл-әрекеттеріне баға беру мақсатын да ұстанған. Мысалы: “ Дүниеде соқыр сезімдер қаншалықты құдіретті болғанымен, жоғары сапалы парасат әлемінде билеуші күш бола алмайды, ең бастысы, болуға тиісті емес. Бірақ адам баласы әлі де өз “ Менін” өзі қызықтап, сол соқыр сезім патшалығынан шыға алмай жүрген сияқты. ”
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz