Көркем шығармадағы психологизм. Тарихи тақырыптағы қазақ романдары. Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістер



1. Көркем шығармадағы психологизм.
2. Тарихи тақырыптағы қазақ романдары. 3. Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістер
Психологизм – көркем шындық пен өмірдің шынайы бейнесінінің түйісер тұсы, «көркем шығармадағы өмір шындығының кепілі – психология да, соны жеткізу амал-тәсілдерінің жиынтығы немесе идеялық-эстетикалық шығарма феномен – психологизм», сонымен қатар, кейіпкердің ойы мен іс-әрекетінің кереқарлығы, сана қақтығысынан тұратын ерекше көркемдік жүйе». Психологизм алғашқы көркем туындымен кіндіктес болғанымен оның әр дәуірдегі көрініс беруі әрқилы. Олай дейтін себебіміз, Әл-Фараби еңбектеріндегі («Өлең өнері туралы трактат»), Жанақ, Махамбет, Абай, Шәкәрім шығармаларындағы ішкі сезімдердің көрініс табуы ғасырлардан ғасырларға көркем әдебиетпен бірге өркендеп келе жатқан психологизмнің заңды жалғасы екендігін сөз етеді. Бұл туралы әдебиеттанушы-ғалым Б.Майтанов: «Психологизм – көркем әдебиеттің тұтас болмысынан ажырамас қасиет. Біз ол жағдайды байқай бермейміз. Сонымен бірге психологизм – көркемдік бейнелеу принципі, ойлау типі, жазушы талантының төл белгісі, әрі стиль көрінісі», – деп тұжырымдайды . Егер әдебиетті адам сезімдерінің сыртқа тепкен көрінісі деп қабылдасақ, оның көркем әдебиеттің ажырамас қасиеті болуы заңды да, бірақ психологизмнің бүкіл көркем әдебиетке тән жалпылық қасиетіне қоса, стильдік құбылыс ретіндегі даралық қасиеті де бар. Бұл туралы орыстың әдебиеттанушы ғалымдары А.Б.Есин, Л.Я.Гинзбург, Л.С.Выготский өз зерттеулерінде біршама тоқталып өткен. Біз осы зертеулерге сүйене отырып, саралап қарасақ, жоғарыдағы шығармаларда психологизм элементтері кездескенімен, барлығының бірдей толыққанды стиль ретінде қалыптасқан психологизм талаптарына жауап бере алмайтындығына көз жеткіземіз, бұл шығармалардың кейбіріне психологизмнің жалпылық қасиеті тән болса, кейбірінде психологизмнің даралық сипатының алғышарттары қалыптаса бастағанын байқай аламыз.
Соның бірқатарын әдебиет зерттеушісі, ф.ғ.д. Г.С.Пірәлиева өз еңбектерінде атап көрсеткен болатын:
Біріншіден, психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт, тақырып, идея, т.б. деген мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол талап та етілмейді.
Екіншіден, мұнда ең бастысы – жеке адамның ішкі өмірі, өмір мен өлім арасындағы кезеңде адамзат бастан кешетін азапты тағдыр тәлкегі, кейіпкердің күрделі тұлғаға айналуы көркемдік назарға алынады. Шығармада шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адам санасындағы сапалық өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле талданады.
Үшіншіден, психологиялық прозаның эстетикалық, көркемдік әлемі өзінің жанрлық, көркемдік, стильдік талабына сай жеке санада жүріп жатқан ой мен сезім қайшылықтарын, сөз бен іс сәйкессіздіктерін тереңдеп талдап, көркемдік жүйеде саралайды .

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті

Өздік жұмысы

Тақырыбы: 1. Көркем шығармадағы психологизм. 2. Тарихи тақырыптағы қазақ романдары. 3. Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістер.

Орындаған: Кеңесқазиева Шынар
Тексерген: Құрмамбаева Қ. С

Семей қаласы, 2015 ж
Психологизм - көркем шындық пен өмірдің шынайы бейнесінінің түйісер тұсы, көркем шығармадағы өмір шындығының кепілі - психология да, соны жеткізу амал-тәсілдерінің жиынтығы немесе идеялық-эстетикалық шығарма феномен - психологизм, сонымен қатар, кейіпкердің ойы мен іс-әрекетінің кереқарлығы, сана қақтығысынан тұратын ерекше көркемдік жүйе. Психологизм алғашқы көркем туындымен кіндіктес болғанымен оның әр дәуірдегі көрініс беруі әрқилы. Олай дейтін себебіміз, Әл-Фараби еңбектеріндегі (Өлең өнері туралы трактат), Жанақ, Махамбет, Абай, Шәкәрім шығармаларындағы ішкі сезімдердің көрініс табуы ғасырлардан ғасырларға көркем әдебиетпен бірге өркендеп келе жатқан психологизмнің заңды жалғасы екендігін сөз етеді. Бұл туралы әдебиеттанушы-ғалым Б.Майтанов: Психологизм - көркем әдебиеттің тұтас болмысынан ажырамас қасиет. Біз ол жағдайды байқай бермейміз. Сонымен бірге психологизм - көркемдік бейнелеу принципі, ойлау типі, жазушы талантының төл белгісі, әрі стиль көрінісі, - деп тұжырымдайды . Егер әдебиетті адам сезімдерінің сыртқа тепкен көрінісі деп қабылдасақ, оның көркем әдебиеттің ажырамас қасиеті болуы заңды да, бірақ психологизмнің бүкіл көркем әдебиетке тән жалпылық қасиетіне қоса, стильдік құбылыс ретіндегі даралық қасиеті де бар. Бұл туралы орыстың әдебиеттанушы ғалымдары А.Б.Есин, Л.Я.Гинзбург, Л.С.Выготский өз зерттеулерінде біршама тоқталып өткен. Біз осы зертеулерге сүйене отырып, саралап қарасақ, жоғарыдағы шығармаларда психологизм элементтері кездескенімен, барлығының бірдей толыққанды стиль ретінде қалыптасқан психологизм талаптарына жауап бере алмайтындығына көз жеткіземіз, бұл шығармалардың кейбіріне психологизмнің жалпылық қасиеті тән болса, кейбірінде психологизмнің даралық сипатының алғышарттары қалыптаса бастағанын байқай аламыз.
Соның бірқатарын әдебиет зерттеушісі, ф.ғ.д. Г.С.Пірәлиева өз еңбектерінде атап көрсеткен болатын:
Біріншіден, психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт, тақырып, идея, т.б. деген мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол талап та етілмейді.
Екіншіден, мұнда ең бастысы - жеке адамның ішкі өмірі, өмір мен өлім арасындағы кезеңде адамзат бастан кешетін азапты тағдыр тәлкегі, кейіпкердің күрделі тұлғаға айналуы көркемдік назарға алынады. Шығармада шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адам санасындағы сапалық өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле талданады.
Үшіншіден, психологиялық прозаның эстетикалық, көркемдік әлемі өзінің жанрлық, көркемдік, стильдік талабына сай жеке санада жүріп жатқан ой мен сезім қайшылықтарын, сөз бен іс сәйкессіздіктерін тереңдеп талдап, көркемдік жүйеде саралайды .
Орыс әдебиетінде прозадағы реалистік психологизмнің теориясын қалыптастырған жазушылар ретінде Л.Н.Толстой мен Ф.М.Достоевскийді мойындайды. Л.Н.Толстой нағыз аналитикалық психологизмнің негізін салып, психологиялық бейнелеу әдіс-тәсілдерін жаңа үлгілермен байытты. Ф.М.Достоевский психологизмнің Бедные люди шығармасында эпистолярлық түрін, яғни хат арқылы ішкі сырды ақтару, Двойник, Қылмыс пен жаза сананың екіге жарылуы сынды әдістерді айналымға ендірді. Шамамен 1910-1920 жылдары Европа әдебиетінде Достоевский дәстүрін үлгі тұтқан шығармаларына адамның ішкі Менін және сезімдер әлемін, сана мен түйсіктің жұмысын арқау еткен модернизм ағымы пайда болды. Әлем әдебиетінде оның ірі өкілдері ретінде Марсель Пруст, Джеймс Джойс, Франс Кафка танылған. Бұл ағым өкілдері әдебиет пен басқа да өнер түрлерінде батыл жаңалықтар енгізуімен және түрлі эксперименттер жасауымен ерекшеленді. Соның негізінде әдебиетте дадаизм, сюрреализм, футуризм, экспрессионизм, сияқты басқа да авангардтық ағымдар бой көтерді. Бірақ модернизмнің негізгі бастауы ретінде С.Кьеркегор, М.Хайдеггер, К.Ясперс, Н.Бердяев экзистенциализмі, З.Фрейдтің психоталдауы, Э.Гуссерльдің феноменологиясы танылды. Модернистер әлемдік деңгейдегі қоғамдық қайшылықтар, санадағы қақтығыстар кезінде адам дүниенің мағынасыз екенін, өзінің фәнидегі жалғыздығын түсінеді деген пікірлерді алға тартты. Ал ХХ ғасырдың 50-60 жылдары әлемді танудың көркемдік құралы ретінде постмодернизм ағымы қалыптаса бастады.
Ал, ұлттық прозада Ж.Аймауытовтың Ақбілегі, Қартқожасы, М.Жұмабаевтың Шолпанның күнәсі, М.Әуезов Қорғансыздың күні, Қаралы сұлуы, т.т. шығармаларынан бастау алады. Әдебиеттегі психологизмді зерттеудің алғашқы нышандарын А.Байтұрсынов Әдебиет танытқыш еңбегінен байқауға болады. Аталмыш еңбектің дарынды сөз деген тарауында көркем шығармалардағы ішкі әлемнің көрінісін толғау деп атай келіп, оған былай деп анықтама беріп өтеді: Толғағанда айтатын нәрсесін толғаушы тысқарғы ғаламнан алмай, ішкергі ғаламнан алады. Толғаушы ақын әуелі көңілінің күйін-мұңын, мүддесін, зарын, күйінішін, сүйінішін айтып, шер тарқату үшін толғайды. Екінші ішкергі ғаламында болған халдарды, нәрселерді тысқа шығарып, басқаларға білдіріп, басқаларды сол көңілдің күйіне түсіріп, халын түсіндіру мақсатпен толғайды. Толғау, қысқасын айтқанда, іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі, ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып, толғай алуда [9, 104].
Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды алғашқы психологиялық шығармалардың авторларына шығарма шырайын ашатын күрделі образдар характері мен психологиясын сомдауда шеберлік шыңына жеткендігі адамның жаратылысы мен психологиясын жетік меңгергендігі, бұл саладағы ұлан-ғайыр білімі, ізденгіштігі басты себептердің бірі болса керек.
Прозадағы психологизмді қалыптастыруға сүбелі үлес қосқан алдыңғы буын сөз зергерлері мен 60-80 жылдары әдебиетке құбылыс ретінде таныла келген шоқжұлдыздар шоғырын жалғаушы алтын белес, әрине, М.Әуезов шығармашылығы және оның ұлағатты ұстаздығы болды. Оның жиырмасыншы, отызыншы жылдардағы повестері мен әңгімелерінде (Қорғансыздың күні, Қаралы сұлу, Жетім, Қасеннің құбылыстары (психологиялық очерк) әңгімелері мен Қыр суреттері әңгімелер циклы) кейіпкердің рухани әлеміне терең бойлап, оның ішкі сырын түрлі әдіс тәсілдер арқылы ашуға деген ұмтылыс айрықша байқалады. Жазушының Абай жолы дәуірнамасы және жоғарыда атап өтілген повесть, әңгімелері психологизмнің кейіпкер болмысының екіге жарылуы, психологиялық параллелизм, яғни пейзаждың символ ретінде қолданылып, кейіпкердің ішкі әлемін ашуға септесуі, т.б. сияқты әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, дамудың жаңа сатысына көтерді.
Прозада 60-80 жылдары Ә.Кекілбаев, Д.Исабеков, О.Бөкей, А.Сүлейменов, Т.Ахтанов, С.Мұратбеков, М.Мағауин, Т.Әбдіков, Ә.Нұрпейісов, Т.Жармағамбетов шығармалары адамның қат-қабат көңіл түкпіріндегі сезім иірімдерін дөп басатын әдіс-тәсілдерді әдеби айналымға ендіруімен құнды. Айтылмыш жазушылар прозадағы психологизмді қалыптастыруда түрлі ізденістерге барды, фольклордан, әлем әдебиетінің озық дәстүрлерінен нәр алып, әрқайсысы өзіндік өрнегін жасап, даралығын танытты. Бұл жазушылар шығармашылығында психологизм, экзистенциализм ағымдарының көріністері орын алды. Алайда біз бұл көріністерді дүниежүзі әдебиетіндегі осы ағым өкілдерінің шығармаларымен салыстыра алмаймыз. Себебі әдеби орта, қоғам, ұлттық көзқарас, жазушының дүниетанымы, мақсаты, тіпті суреттеу обьектісі әр алуан. Ә.Кекілбаев шығармалары (Аңыздың ақыры, Күй, Шыңырау, Ханшадария хикаясы) сана ағымы тәсілінде жазылып, аңыз-әңгімелерге негіз болған тарихи тұлғалардың пенделік құпияларын ақтарса, Д.Исабековті (Тіршілік, Сүйекші) кішкентай адамдардың талайлы тағдырлары толғандырады, Т.Әбдіков (Тозақ оттары жымыңдайды, Оң қол, Парасат майданы) шығармаларында өмірден өз орнын таппаған, мағынасыздық пен мазмұнсыздықтан торыққан кейіпкерлеріне қарап батыстың постмодернизмінің, дәлірек айтсақ экзистенциализмнің стильдік белгілері қылаң береді деп батыл айта аламыз.
С.Мұратбеков (Менің қарындасым), Д.Исабеков (Гауһар тас), Т.Жармағамбетов (Нәзік бұлттар) прозасындағы лирикалық-психологиялық сипат та осы кезең тудырған жаңа бағыттардың бірі. Бұл қаламгерлер шығармаларында орын алған лирикалық сарын психологизм әдіс-тәсілдерімен үндесуі арқылы кейіпкердің бейнесін ашып көрсетуде жоғары эстетикалық деңгейлерден көрініп, адам болмысының нәзік құбылыстарын рухани тазалығын, адамгершілік қасиеттерін ішкі ой-сезімдерімен астастыра бейнелеу арқылы көркемдік биіктікке жеткен.
Әдебиетіміздің бүгінгі өкілдері арасында адамның психологиясындағы ішкі шиеленістерді шығармаларына өзек еткен жазушылар баршылық. Р.Мұқанова, Д.Амантай, А.Кемелбаева, А.Жақсылықов, А.Ықсан, А.Алтай сияқты жас қаламгерлер шығармашылығы да жаңашыл, эксперименттерге бейім.
Асқар Алтай қаламынан туған Түсік, Лайбаран, Казино, Кентавр, Тұл, Шаһид, Жүсіпбек Қорғасбектің Өлі көл, Қасқыр-Адам, Жансебіл, Үрей, Талаптан Ахметжанның Нобель сыйлығы, Аслан Жақсылықовтың Ант ұрғандардың түстері (Сны окаяных) шығармалары тақырыптарының өзі жаңа қоғам тудырған жаңаша туындылардың дүниеге келгенінің айғағы болса керек.
Міне, қазақ прозасының сәби кезінен меңгеріле бастап бүгініне дейін ұласып отырған бейнелеу принциптерінің бірі - психологизм өз дамуында түрлі кезеңдерден өтіп, дәстүрлердің тозығын қалдырып, озығын алып жаңғырып, жаңа түрлермен байып кемелдену үстінде.

Жоспар:

І.Кіріспе:
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Тарихи тақырыпта жазылған шығармалардың зерттелуі
ІІІ. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер:

Тарихи роман халықтың бұрынғысы мен бүгінгісінің жанды байланысын көркем бейнелер арқылы ашады. Мұндай шығармалардың танымдық мәні үлкен. Олардан халық әмірінің өткені мен қазіргісінің арасында қаншалық айырма бар екенін ілгерілеуіміздің сипатынан ұғамыз.Тарихтың дамуы дегеніміз әлдеқайда күрделі дүние деген сөз. Тарихи тақырыптағы романдарды жазушылар барынша көп жазған.
Тарихи тақырыпқа деген қызығушылықтың артуы, халықтың өткен өмірін, бастан кешірген тағдырын суреттеуге арналған шығармалардың көптеп дүниеге келуі, бір жағынан, ұлттық сезімнің күшеюіне байланысты өз мүмкіншілігін сезіну, бүкіл адамзат тағдырын бейнелейтін тарихи шығармашылыққа өз үлесін қосу болса, екінші жағынан, өткен дәуір елесіне бүгінгі күн биігінен қарап, кешеден бүгінге жету соқпағының бастауында не тұрғаны туралы ой сүзгісінен өткізе отырып, жан-жақты бейнесін жасау жатқандығында. Бұл, әрине, ұлттық әдебиеттің өсіп-өркендеу биігіне байланысты болатыны да шындық. Дей тұрғанмен, қазіргі әдебиеттегі тарихи тақырып туралы сөз еткенде оның бастау-көзі көне фольклор мен ежелгі әдебиетте жатқандығын естен шығармау ләзім. Тарихилық мәселесі тарихи тақырыпқа жазылған қазіргі дәуір әдебиетіне ғана тән емес, тіпті халық ауыз әдебиетіне, фольқлорлық шығармаларға да қатысты болатыны белгілі. Ол туралы фольклорист-ғалымдар Р.Бердібаев, С.Қасқабасов, Ш.Ыбыраев еңбектерінде жан-жақты талданған.
Замана ағымымен ұштасып келген тың тақырып бойынша жазушылар елеулі еңбек сіңіре бастады. Стильдік кестесі, баяндау формалары сан алуан түрдегі, тақырып ауқымы жағынан бағзы заманнан бастап бүгінгі күн мәселелеріне дейін қамтитын, көркемдік биігі жоғары, бояулары айшықты, ішкі иірімдері мол романдар шоғыры дүниеге келді. Бұл құбылыс әсіресе жетпісінші-сексенінші жылдары ерекше қарқын алды. Д.Әбілов, А.Тоқмағамбетов, І.Есенберлин, Ә.Әлімжанов, С.Жүнісов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Д.Досжанов, С.Сматаев, Қ.Салғарин, З.Ақышев, Б.Жандарбеков және басқалардың тарихи романдары жарық көруі сан жағынан да, сапа жағынан да өсіп, арнайы зерттеу объектісі болатын дәрежеге жетті.
Бұл кезең тарихи роман жанрының ерекше дамып, гүлденген, жоғары биік белеске көтерілген жылдары болды. Дей тұрғанмен, осы биік белеске бір-ақ күнде қол жеткізіп, көтеріле қойған жоқ. Әр кезеңдегі саяси жағдайға орай, бірде қақпай көріп бәсеңдеп, өшуге таяп барып, енді бірде қайта күш алып, өз бетін айқындай алға ұмтылып келді. Соған орай тарихи романдарды зерттеу мәселесі де уақыт ерекшелігіне сәйкес әр түрлі деңгейде көрініс тапты. Тарихи тақырыптағы шығармалар, оның сыны мен зерттеу ісінің жолы әрқашан жіңішке болды. Соған қарамастан, жазушылар өзі діттеген мақсатқа жол табуға тырысты, оған бар қажырын жұмсады.
Ал аталған ғылыми еңбектерде қазақ тарихи романына қатысты мәселелер түгел қамтылды, шешімін тапты десек, әсіре қызылдық болар еді. Ғылымның ілгері басуы дегеніміздің өзі қол жеткізген мәселені жаңа ойлармен толықтырып, жалғастыра беру екені кімге болса да аян. Бұл орайда зерттеушілердің бірін-бірі қайталамауы деген сөз бір автор шығармасын қатар алмауында емес, көтерген мәселе, зерттеу нысанасының өзгешелігінде болса керек. Бұл мәселені орындауда бір автор шығармаларын жеке алып та, бірнеше автор туындыларын ортақ ой төнірегінде біріктіріп те зерттеу тәсілі жүзеге асатын құбылыс. Қазақ әдебиетіндегі тарихи шығармалар, ондағы дәстүр жалғастығы, авторлық идея, ой-нысана, образ жасау жолдары, тарихи дерек, мұрағат материалы, аңыз желілерін пайдаланудағы жазушылық мақсат пен ой түю ерекшеліктері, оны қазіргі заман көріністерімен сабақтастыру сипаты - тұтас күйінде бұрын терең зерттелмеген, қазіргі қазақстанның әдебиеттану ғылымы үшін зәру әрі көкейтесті проблеманы қозғайтын тақырып. Сондықтан өнер туындысындағы жазушының тарихқа көзқарасын тарихи шығармадағы көркемдік таным тұрғысынан пайымдау қазіргі әдебиеттану ғылымындағы өзекті мәселе деп қараймыз.
Тарихи шығармалардың өмір танытқыштық мәнін айтқан кезде, онда бүгінгі рухани тіршілігімізге қатысты көп мәселелер қамтылатынын ескеру керек. Бұл орайда тарихи тақырыптың қазақ әдебиетіндегі туып, қалыптасу, орнығу үлгісін танытатын алғашқы туындыларды, яғни Ж.Аймауытов, М.Әуезов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Мұқановтардың тарихи шығармаларын айтпағанның өзінде, І.Есенберлиннің "Көшпенділер", "Алтын Орда", Ә.Әлімжановтың "Махамбеттің жебесі", "Жаушы", Ә.Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры", "Елең-алаң", М.Мағауиннің "Аласапыран", С.Сматаевтың "Елім-ай", Қ.Жұмаділовтің "Дарабоз", Ж.Тұрлыбаевтың "Тамыз таңы", "Райымбек" романдарын өткенді айта отырып оны қазіргі өмір құбылыстартарына байланыстыра білу көркем шығарманың эстетикалық актуальдығын арттыратын көркемдік фактор екенін дәлелдейтін, уақыт рухы көрінетін жаңа тұжырымдама әкелген шығармалар деуге болады.

.Ілияс Есенберлиннің ұлт тағдырына қатысты шетін сырлары мен идеялары кемел деңгейде көрінетін бұл эпопеяның алғашқы бөлігі Көшпенділер трилогиясы еді.Шығарма кейіпкерлері ретінде негізін тарихи тұлғалар, Шыңғыс хан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы ақын-жыраулар, ел бірлігінің ұйтқысы, халықтың ақыл-парасатты билер, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып отанын қорғай білген арыстан жүрек, атанжілік батырлар. Бұлар -- ел есінде сақталып, тарихта қалған өмірде болған тұлғалар. Көшпенділер трилогиясы -- партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма.Ол кезде мұндай шығарманы жазбақ тұрмақ, қазақ халқының ертеректе өмір сүрген артында мол мұра қалдырған, елім деп еңіреген, ел үшін, жер үшін мерт болған батырлардың, хандардың, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістері
Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістер. (эссе) көркем шығармадағы психологизм.(реферат) тарихи тақырыптағы қазақ романдары
Көркем шығармалардағы психологизм
Көркем шығармадағы психологизм
Көркем шығармадағы психологизм туралы мәлімет
Қазақ прозасының зерттелуі
Көркем шығармадағы психологизм жайлы
Төлен Әбдіковтің прозалық шығармаларының жанрлық, тақырыптық және көркемдік ерекшеліктері
Т. Әлімқұлов шығармашылығындағы ұлттық психологизм
Төлен Әбдіков және қазақ әдебиеті
Пәндер