Байланыстырушы материалдар, оның классификациясы



Байланыстырушы деп физико-химиялық процестердің нәтижесінде қатаюға қабілеті бар заттарды айтады. Қамыр тәріздіден тас тәріздіге айналған кезде тұтқыр зат тастарды немесе топырақ, гравий, щебень дәндерін өзара байланыстырып біріктіреді. Тұтқыр заттардың осы қасиеттері бетондарды, силикатты кірпіштерді, асбестоцементты және тағы басқа күйдірілмеген жасанды материалдарды; құрылыс ерітінділерді дайындау үшін қолданылады.
Байланыстырушы заттар құрамы бойынша былай бөлінеді:
1. Бейорганикалық немесе минералды (әк тас, цемент, құрылыс гипс, магнезиалды цемент, сұйық шыны және т.б), оларды сумен ерітеді (кейбір кезде сулы тұз ерітінділерімен). Олар байланыстырушы ауалы, байланыстырушы гидравликалық, байланыстырушы автоклавта қатайтылатыннан тұрады.
2. Органикалық (битумдар, дегтлар, жануар желім, полимерлер), оларды жұмысшы күйге қыздыру, балқыту немесе органикалық сұйықтықтарда еріту арқылы келтіреді..
Байланыстырушы материалдар, минералды немесе органикалық құрылыс материалдар, олар бетон, құрылыс конструкцияларының жеке элементтерін қосу, гидроизоляциялау және т.б. үшін дайындайды.
Бейрганикалық (минералды) байланыстырушы
1. Минералды байланыстырушы материалдар – өте ұсақ ұнтақталған ұнтақтәрізді материалдар, су жиі тұз, қышқыл және сілті ерітінділермен араластырғанда майысқақ форматүзгіш масса береді, ұзақ уақыт ұстағанда тастай берік зат түзетін бір немесе бірнеше копкомпонентті ұнтақ тәрізді. Минералды тұтқыр материалдардың қатаюы еру, аса қаныққан ерітінділер және коллоидты масса түзу процестерінің нәтижесінде болады; соңғысы жартылай немесе толық кристалданады. Құрамы мен қасиетіне байланысты байланыстырушы заттарды 5 топқа бөліп қарастырады.
1. Садуақасов М.С., Ақмалаев К.А. Бейорганикалық байланыстырғыш материалдар.- Алматы; 2001.- 129 б.
2. Сатеков Б.Минералдық байланыстырушы материалдар.- Алматы: 1995.-150 б.
3. Бутт Ю.М.,Тимашев В.В. Практикум по химической технологии вяжущих материалов. М.: Высшая школа,1973.-498 с.
4. Горшков В.С., Савельев В.Г., Абакумов А.В. Вяжущие, керамика, стеклокристаллические материалы (структура и свойства). М.:Стройиздат,1995.-191 с.
5. http://ebooks.semgu.kz/content.php?cont=r;1532

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ №1
Тақырыбы: Байланыстырушы материалдар, оның классификациясы.

Орындаған: Орынгалиева М.М
Тобы: ХН-221
Тексерген: Лебаева Ж.Т

Семей 2015

Жоспар:
1. Байланыстырушы материалдар туралы түсінік.
2. Бейорганикалық байланыстырушы заттар.
3. Органикалық байланыстырушы заттар.
4. Әктас түрлері және сөндіру.
5. Әктастың қолданылуы.

Байланыстырушы материалдар, оның классификациясы.
Байланыстырушы деп физико-химиялық процестердің нәтижесінде қатаюға қабілеті бар заттарды айтады. Қамыр тәріздіден тас тәріздіге айналған кезде тұтқыр зат тастарды немесе топырақ, гравий, щебень дәндерін өзара байланыстырып біріктіреді. Тұтқыр заттардың осы қасиеттері бетондарды, силикатты кірпіштерді, асбестоцементты және тағы басқа күйдірілмеген жасанды материалдарды; құрылыс ерітінділерді дайындау үшін қолданылады.
Байланыстырушы заттар құрамы бойынша былай бөлінеді:
1. Бейорганикалық немесе минералды (әк тас, цемент, құрылыс гипс, магнезиалды цемент, сұйық шыны және т.б), оларды сумен ерітеді (кейбір кезде сулы тұз ерітінділерімен). Олар байланыстырушы ауалы, байланыстырушы гидравликалық, байланыстырушы автоклавта қатайтылатыннан тұрады.
2. Органикалық (битумдар, дегтлар, жануар желім, полимерлер), оларды жұмысшы күйге қыздыру, балқыту немесе органикалық сұйықтықтарда еріту арқылы келтіреді..
Байланыстырушы материалдар, минералды немесе органикалық құрылыс материалдар, олар бетон, құрылыс конструкцияларының жеке элементтерін қосу, гидроизоляциялау және т.б. үшін дайындайды.
Бейрганикалық (минералды) байланыстырушы
1. Минералды байланыстырушы материалдар - өте ұсақ ұнтақталған ұнтақтәрізді материалдар, су жиі тұз, қышқыл және сілті ерітінділермен араластырғанда майысқақ форматүзгіш масса береді, ұзақ уақыт ұстағанда тастай берік зат түзетін бір немесе бірнеше копкомпонентті ұнтақ тәрізді. Минералды тұтқыр материалдардың қатаюы еру, аса қаныққан ерітінділер және коллоидты масса түзу процестерінің нәтижесінде болады; соңғысы жартылай немесе толық кристалданады. Құрамы мен қасиетіне байланысты байланыстырушы заттарды 5 топқа бөліп қарастырады.
Байланыстырушы материалдардың классификациясы

Гидравликалық байланыстырушы материалдар сумен араластырғанда ауада қатқаннан кейін суда қатуын жалғастыратын материалдарды айтады. Оларға әртүрлі цементтер және гидравликалық әк тас жатады. Соңғысы мергелилы әк тастарды 900-1100°С температурада күйдіру арқылы алынады; оның құрамында 2CaO·SiO2, СаО·А12О3, СаО·Fe2O3, CaO· MgO және кварц бар.
Гидравликалық әк тастың қатаюы кезінде СаО сумен және ауадағы СО2 мен әрекеттесуі, және түзілген өнімдердің кристаллизациясы болады. (ІІ) Са силикаты, алюминаты және ферраты сумен әрекеттесіп гидравликалық әк тастан жасалған бұйымдарға беріктік беретін қосылыстар түзеді. Гидравликалық байланыстырушы материалдарды жер беті, жер асты және гидротехникалық ғимараттар құрылысында, яғни үнемі су әсеріне түсіп отыратындарда қолданады.
Ауалы байланыстырушы материалдар сумен араласқан жағдайда қатайып өзінің беріктігін тек қана ауада сақтайды. Оларға ауа әк тас, гипсты-ангибридты және магнезиалды тұтқыр материалдар жатады. Біріншісі, құрамында СаСО3 (әк тас, мел, әк тасты туф), 1100-1300 °С температурада; негізінде ол СаО (сөндірілмеген әк тас немесе кипелка деп аталады) материалдарды күйдіру арқылы алынады. Сөндірілмеген әк тас сумен араластырғанда сөндірілген әк тасқа - Са(ОН)2 айналады, ол кейін біртіндеп кристалданып ауадағы СО2 мен СаСО3 -қа айналады. Ауалы әк тасты, сумен әсер етпейтін, құрылыс ерітіндіні дайындау, қабырғаны көтеру және штукатурка жасау үшін, қолданады.
Гипсты-ангидритты байланыстырушы материалдарды табиғи гипсты CaSO4·2H2O, ангидритты (CaSO4) күйдіру арқылы немесе құрамында гипс (мысалы, фосфогипс, борогипс) бар химиялық өнеркәсібтің екіншілік өнімінен алады. Термиялық өңдеу шартына, жабысу және қатаю жылдамдықтарына байланысты гипст байланыстырушы материалдар болуы мүмкін:
1) тез жабысатын, тез қатаятын және төмен күйдірілген (күйдіру температурасы 110-190°С); оларға құрылыс гипс (алебастр), форматұзгіш, беріктігі жоғары медициналық жатады;
2) баяу жабысу және баяу қатаю жоғары күйдірілген (күйдіру температурасы 600-900 0С) - ангидритты тұтқыр (ангидритты цемент), жоғары күйдірілген гипс (эстрихгипс), рәсімдеу үшін гипсты цемент.
Ангидритты байланыстырушы қатайтуға деген катализатормен - әктас, сульфаттар, күйдірілген доломитпен және т.б., бірге үнтақтағаннан кейін қолданады. Гипст-ангидритты тұтқыр материалдарды қабырғалар плиткалар, қабырға тастарды, архитектура-ашекейлеу бұйымдарды, фарфор-фаянсты модельдер мен формаларды және керамикалық өнеркәсібте, ортопедиялық корсеттер жасауда қолданады.
Магнезиалды байланыстырушы материалдарды табиғи магнезит немесе доломитты температура 750-800 0С күйдіру арқылы алады. Каустикалық магнезит құрамы негізінде MgO, каустикалық доломит - MgO және СаСО3.
Басқа минералды байланыстырушы материалдарға қарағанда оларды MgCl2 немесе MgSO4 қолданым ерітінді жасайды; осы кезде MgCl2·5Mg(OH)2·7H2O түзіледі, ол кейін баяу MgCl2·3Mg(OH)2 және Mg(OH)2 өтеді. Магнезиалды тұтқырларды ағаш толтырғыштар қатысында қоспа жасалынып құрылыс материалдар - ксилолит және фибролит, термоизоляциялық материалдар, штукатура ерітінділерін, жасанды - мрамор және т.б. жасау үшін қолданады.
Қышқылға төзімді байланыстырушы материалдар құрамында негізінде өте ұсақ үнтақталған кварцты топырақ пен Na2SiF6 қоспасы бар қышқылға төзімді цементен тұрады; оларды Na немесе К силикаттының сулы ерітінділерін қолданып жасайды, олар қышқыл әсерінен ұзақ уақыт беріктігін сақтайды. Қатаю барысында мынадай реакция болады:
Na2SiF6 + Н2О + 2Na2SiO3 -- 6NaF + 3Si(OH)4
Қышқылға төзімді байланыстырушы материалдарды қышқылға төзімді сылақ, құрылыс ерітінділерін және бетондар өндірісінде қолданады.
Автоклавты қатудан алынған тұтқыр материалдар әк және әк -кремнийлі мен әк - нефелинді тұтқыр заттардан (әк, кварц құмы, нефелинді шлам) тұрады және автоклавта өндеуде қатады (6-10 сағ, бу қысымы 0,9-1,3 МПа). Сондай-ақ, осындай тұтқыр материалдарға құмды портландцемент және басқа да әк, күл және аз белсенді шламдар негізіндегі тұтқыр заттар жатады. Силикатты бетондардан (блоктар, силикатты кірпіш және т.б.) өнімдер өндірісінде қолданылады.
Фосфатты байланыстырушы материалдар арнайы цементтерден тұрады; оларды созылмалы массаларды түзіп Н3РО4 мен ерітеді, баяу монолитты денеге айналып қатаяды және өзінің беріктігін 1000 0С сақтайды. Әдетте титанфофатты, цинкфосфатты, алюминийфосфатты және т.б. қолданады. Осындай байланыстырушы материалдарды өтқа төзімді футеровка үшін массалар және герметиктар дайындауда қолданады.
Органикалық байланыстырушы материалдар.
Органикалық байланыстырушы материалдар - полимеризациялану немесе поликонденсациялану нәтижесінде созылмалы күйден қатты немесе аз созылмалы күйге айналуға қабілеті бар табиғаты органикалық заттар. Минералды байланыстырушы заттарға қарағанда олар аз шетін (менее хрупкий), созған кезде беріктігі үлкен. Оларға мұнай (асфальт, битум) өңдеу кезіндегі өнімдер, ағаштың (деготь) термиялық ыдырау кезіндегі өнімдер, сонымен бірге, синтетикалық термореактивты полиэфирлы, эпоксидты, фенол-формальдегидты смолалар жатады. Органикалық байланыстырушы материалдарды жол, көпір, еден өндірісінде қолданады
Гипсты байланыстырушы материалдар жартылай сулы кальций сульфатының немесе сусыз кальций сульфатының негізінде алынатындар - ауалы байланыстырушы материалдар. Термиялық өңдеу күйіне және байланысу мен қатаю жылдамдығыне тәуелді олар екі топқа бөлінеді: төмен температурада күйдіру (тез байланысатын және тез қатаятын) - құрылыс пен формалауға келетін, беріктігі жоғары гипс; жоғары температурада күйдіру (баяу байланысатын және баяу қатаятын) - ангидритты цемент, жоғары температурада күйдірілген гипс (эстрих-гипс).
Құрылыс гипсті термиялық өндеумен автоклавтарда (варочные котлы), айналмалы күйдіру пештерінде және басқа да технологиялық құралдарда 140-190 °С температурада ұсақталған немесе алдын ала ұнтақ табиғи гипстен (гипс тасы) алады. Гипс қамырының қатуы 4-15 мин сумен араластырудан кейін басталады. Қысқан жағдайда құрылыс гипстің үзілуге ​​беріктігі 10 Мнм2 (100 кгссм2) шамасына жетеді. Құрылыс гипс гипс өнімдерін (негізінен ғимараттардың ішкі бөлімдерін) шығаруға, сонымен қатар сылақ және қалау жұмыстары үшін қолданылады.
Құйылған гипсті және жоғары берікті гипсті негізінен құрылыс гипспен бірдей әдістерімен алады, бірақ одан да таза шикізаттан; олар жоғары беріктілікпен ерекшеленеді, керамикалық және басқа өндіріс салаларында әр түрлі пішіндер мен моделдер дайындауға, сонымен қатар құрылыс материалдары және сәулет деректемелері өндірісінде қолданылады.
Кеңес Одағы ғалымы А. В. Волженский ұсынған гипсцементпуццоланды тұтқырлар (ГЦПТ) құрылыс гипспен гипс тұтқырларының басқа түрлерінПортландцементпен және қышқыл гидравликалық қоспалармен (трепел, диатомит, жанартау күлі, трасс, туф, қоңыр көмір күлі және т.б.) арластыру арқылы алады. Осы арласқан тұтқыр материалдар таза гипстұтқырлы материалдардан гидравликалық қату және жоғары су кедергісімен ерекшеленеді. Олардан шыққан өнімдер, құрылыс гипстен және басқа гипс тұтқырларынан алынғандардан ерекше, айтарлықтай аз пластикалық деформацияға ұшырайды. ГЦПТ әдетте 50-75% гипс, 15-25% пуццоланды қоспа (кальций оксидін сіңіру белсенділігі 200-250 мгг жоғары) болады. Портландцементпен пуццоланды қоспа ара қатысынан өнім төзімділігі тәуелді, ол арнайы әдістеме бойынша анықталады.
Ангидритті цемент табиғи гипсті 600-700°С температурада күйдіру, кейін қатыру катализатор-қоспасымен (әк, натрий бисульфаты немесе сульфаты темір немес мыс купоросымен және басқалар) бірге ұсақтау арқылы дайындайды. Ол құрылыс ерітінділерін, бетонды, жасанды мәрмәрді, сәндік өнімдерін шығаруға қолданылады.
Жоғары температурада күйген гипс (эстрих-гипс) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұйықталған кабельдік муфта
Битум
Битумдар құрамына кіретін май қосылыстарының сипаттамасы мынадай
Байланыстырғыш заттар туралы негізгі ақпараттар
Байланыстырушы муфта: түрлері, құрылысы, пайдаланылуы
Жылу және дыбыс изоляциялық материалдар
Өндірістік қалдықтар
Нарықтық экономика жағдайында ресурстардың сақталу процесі
Қосалқы ғимараттар мен құрылыстар
Инвестициялық жобаларды қаржыландыру
Пәндер