М.Әуезовтің "Адамдық негізі - әйел" мақаласы



М.Әуезовтің публицистикалық мақалалары «Адамдық негізі - әйел», Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Әуезовтің қалам алды туындыларының бірінен саналатын бұл мақала Семейде шығып тұрған «Сарыарқа» газетінің 1917 жылғы 5 қыркүйектегі 12-санында жарияланған. Кейін «Лениншіл жас» газетінде (1966, 8 маусым), жазушының 12 томдық шығармалар жинағының 11-томында (1969, 7-9-беттер), 20 томдық шығармалар жинағының 15-томында (1984, 7-9-беттер), 1997 жылғы «Таңдамалысында» (327-328-беттер) қайта басылды. Бұл мақаланың жазылып, жариялануы жайлы Әуезовтің өзі1928 жылы жазған өмірбаяны «Өз жайымнан мағлұматта» былай деп мәлімдейді: «Алғашқы жазуларым сырлы әдебиет бетінде болмай, жалпы газет, журнал мақалаларынан басталады. Ең алғашқы баспаға шыққан статьям «Сарыарқа» газетінде:«Адамдык, негізі - әйел» деген нәрсе еді. Бұл анығында менің жалғыз өзімдікі емес. Тұраш екеуміздікі болатын. Негізгі пікір соныкі еді, мен соның пікірімен жаздым. Мақаланы бергенімізде ешқайсымыздың қолымыз жоқ еді. Басқармадағы Сәбит Дөнентай баласы ма, болмаса Әлімбеков пе, біреуі мен әкеп берген соң «Семинарист Әуезов» деп аяғына қол қойып жіберіпті» (Әуезов мұражайының архиві, 382-папка, 7-бет). Мақала сол кезең үшін қазақ арасындағы маңызды қоғамдық-әлеуметтік мәселелердің бірінен саналатын әйел теңдігі туралы жазылған еді. Мұнда әйел затының қоғам өмірінде алатын орны туралы және қазақ арасындағы кейбір әдет-ғұрыптар мен әйелге деген кертартпа көзқарастың халықтың тұрмыс халінің оңалуына тигізер зиянды әсері мен кедергілері ғылыми-философиялық тұрғыдан талданып қарастырылған. Қоғамдық дамудың негізгі тетіктерінің бірі - адам баласының сана-сезімі, адамгершілік құлқы, білім деңгейіне тікелей байланысты деп түсінетін автор осы бағытта, тәлім-тәрбие ісінде әйел затының атқарар қызметіне ерекше мән беріп, жоғары атап көрсетеді. Адам баласының пайда болуының әуелгі кезеңінде, әлі де тағылық дәрежеден қол үзіп, үзап кете алмай жүрген деуірде әйелден бала туып, олар анасының айналасына үйіріліп тамақ асырап, жан сақтап келген. Осыдан үй ішілік, туыстық ұйымы пайда болған. Содан барып адам баласы хайуандықтан адамшылық қалыпқа біртіндеп ауысқан деген ой болжамын ұсынады. Қазіргі күні де адам баласы ес кіріп есейгенге дейінгі алғашқы тәрбиені анасының ақ сүті мен елжіреген мейірімінен алады. Кейін бала қаншама үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие көрсе де, «әуелгі анадан алған өрнек ішкі сырының арқауы болады». Демек адамзат қоғамының өркендеуіне әйел мол үлес қосқан, жас ұрпақтың тәрбиелі болып өсуі үшін ең алдымен қоғамдағы әйелдің хал-жағдайын түзеп, оңалту қажет. Өйтпейінше қоғам, мемлекет, ел гүлденіп, көркеймек емес. «Сол себепті әйелдің басындағы сасық туман айықпай, халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал, қазақ , мешел болып қалам демесең, тағліміңді, бесігіңді түзе! Оны түзейім десең, әйелдің халін тузе» деп, кемел де көрген ой айтумен аяқталады мақала.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СРСП

ТАҚЫРЫБЫ:  М.Әуезовтің "Адамдық негізі - әйел" мақаласы. Баяндама.

Орындаған: Абыханова А.Б.

Тексерген: Қадыров А. Қ.

СЕМЕЙ 2015

М.Әуезовтің публицистикалық мақалалары Адамдық негізі - әйел, Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Әуезовтің қалам алды туындыларының бірінен саналатын бұл мақала Семейде шығып тұрған Сарыарқа газетінің 1917 жылғы 5 қыркүйектегі 12-санында жарияланған. Кейін Лениншіл жас газетінде (1966, 8 маусым), жазушының 12 томдық шығармалар жинағының 11-томында (1969, 7-9-беттер), 20 томдық шығармалар жинағының 15-томында (1984, 7-9-беттер), 1997 жылғы Таңдамалысында (327-328-беттер) қайта басылды. Бұл мақаланың жазылып, жариялануы жайлы Әуезовтің өзі1928 жылы жазған өмірбаяны Өз жайымнан мағлұматта былай деп мәлімдейді: Алғашқы жазуларым сырлы әдебиет бетінде болмай, жалпы газет, журнал мақалаларынан басталады. Ең алғашқы баспаға шыққан статьям Сарыарқа газетінде:Адамдык, негізі - әйел деген нәрсе еді. Бұл анығында менің жалғыз өзімдікі емес. Тұраш екеуміздікі болатын. Негізгі пікір соныкі еді, мен соның пікірімен жаздым. Мақаланы бергенімізде ешқайсымыздың қолымыз жоқ еді. Басқармадағы Сәбит Дөнентай баласы ма, болмаса Әлімбеков пе, біреуі мен әкеп берген соң Семинарист Әуезов деп аяғына қол қойып жіберіпті (Әуезов мұражайының архиві, 382-папка, 7-бет). Мақала сол кезең үшін қазақ арасындағы маңызды қоғамдық-әлеуметтік мәселелердің бірінен саналатын әйел теңдігі туралы жазылған еді. Мұнда әйел затының қоғам өмірінде алатын орны туралы және қазақ арасындағы кейбір әдет-ғұрыптар мен әйелге деген кертартпа көзқарастың халықтың тұрмыс халінің оңалуына тигізер зиянды әсері мен кедергілері ғылыми-философиялық тұрғыдан талданып қарастырылған. Қоғамдық дамудың негізгі тетіктерінің бірі - адам баласының сана-сезімі, адамгершілік құлқы, білім деңгейіне тікелей байланысты деп түсінетін автор осы бағытта, тәлім-тәрбие ісінде әйел затының атқарар қызметіне ерекше мән беріп, жоғары атап көрсетеді. Адам баласының пайда болуының әуелгі кезеңінде, әлі де тағылық дәрежеден қол үзіп, үзап кете алмай жүрген деуірде әйелден бала туып, олар анасының айналасына үйіріліп тамақ асырап, жан сақтап келген. Осыдан үй ішілік, туыстық ұйымы пайда болған. Содан барып адам баласы хайуандықтан адамшылық қалыпқа біртіндеп ауысқан деген ой болжамын ұсынады. Қазіргі күні де адам баласы ес кіріп есейгенге дейінгі алғашқы тәрбиені анасының ақ сүті мен елжіреген мейірімінен алады. Кейін бала қаншама үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие көрсе де, әуелгі анадан алған өрнек ішкі сырының арқауы болады. Демек адамзат қоғамының өркендеуіне әйел мол үлес қосқан, жас ұрпақтың тәрбиелі болып өсуі үшін ең алдымен қоғамдағы әйелдің хал-жағдайын түзеп, оңалту қажет. Өйтпейінше қоғам, мемлекет, ел гүлденіп, көркеймек емес. Сол себепті әйелдің басындағы сасық туман айықпай, халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал, қазақ , мешел болып қалам демесең, тағліміңді, бесігіңді түзе! Оны түзейім десең, әйелдің халін тузе деп, кемел де көрген ой айтумен аяқталады мақала.[1] М.Әуезовтің "Қазақ тілі" газетіне басылған алғашқы мақалалары. Бұл мақалада М. Әуезовтің Қазақ тілі газетінде басылған мақалалары қаралады. Оқу-ағарту саласына, шаруашылық, заңға байланысты және әлеуметтік тақырыпта жазылған мақалалары талданады. Мақала үлкен мәселелерді қозғайды. Түйін сөздер: публицистика, мақала, қоғам, мәселе, оқу-ағарту, әлеумет. Халқымыздың кемеңгер ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шығармашылық жолының басталуы да қазақ даласындағы ірі саяси оқиғалар дәуірімен тұспа-тұс келді. Алаш қайраткерлері сияқты Мұхтар Әуезов 1919 жылдың желтоқсанында Комунист партиясының қатарына еніп, жаңа өмір үшін күрес жолына түседі. Кеңес өкіметі шығарып тұрған газеттерге белсене араласа бастайды, идеялық-саналық жағынан марқаяды [1]. Қолына қалам алған жас Әуезовті қазақ даласында сол кезде қалыптасқан ахуал түрлі тақырыптарға жетелейді. Оны бірде әйел теңдігі жайы толғантса, енді бірде оқу-ағарту, мәдениет ісі терең ойлантады. Қазақ зиялылары, ғылым негіздері, саясат, шет жұрттар өмірі, баспасөз, әдебиет мәселелері де шығармашылық арқауына айналды. Профессор Рымғали Нұрғалиевтің айтуынша: Болашақ дария тебіреністі, шырқау терең, қайраттыойдан хабар бергендей, жас таланттың алғашқы сапары байлаумен пікірдіашық, жарып айтуды талап ететін публицистикадан басталады. Жалпы, Қазақ тілі газетінде жарияланған мақалаларынан өткеннің асыл қасиеттерін бойына сіңірген, ел болашағына алаңдаған, ұлт қамын ойлағанпублицисттің қоғамдық-саяси көзқарасы айқын аңғарылады. Мұхтар - публицист саясат, шаруашылық, мәдениет, ғылым, баспасөз, әдебиет тақырыптарында алғашқы өткір ойларын осы жылдары көрсетті. 1920-1922 жылдары Қазақ тілі газетінде М.Әуезовтің Қазақ оқығандарына ашық хат, Бүгінгі зор міндет, Егінге дайындалыңдар, Мадиярға жауап, Сот, Қазақ қызметкерлерінің міндеті, Қазақ бөлімдері туралы сынды қоғамдық-саяси мәні зор мақалалары жарияланды. Публицистік даярлығы күшті М.Әуезов Қазақ тіліндегі қызметіне тез төселді, Абай журналында, Сарыарқа газетінде мақалалары жарияланып, ойын дәл жеткізуге әбден машықтанған оған газет редакциясын басқару қиынға түспеді. Тек үлкен айырмасы - журналист қаламынан шыққан мақалалар коммунистік идеология қалабымен өлшенуі тиіс еді. Оқу-ағарту саласына байланысты мақалаларыны тоқталсақ, Қазақ тілі газетінде оқу-ағарту мәселесіне айырықша көңіл бөлген жандардың бірі - Мұхтар Әуезов еді. Ол ағарту ісін сырттай уағыздап қоймай, қолдап кірісті. Өзі оқытушы-педагог болып қызмет атқарды. Кеңес өкіметі орнаған жерлерде ашылып жатқан мектептер жабдығын жасау, ана тілін, әдебиетін үйрету, оқу құралдарымен қамтамасыз ету сияқты өзекті істерге белсене араласты [2]. Оның басылымда оқу-ағартуға байланысты Қазақ оқығандарына ашық хат, Бүгінгі зор міндет, Қазақ бөлімдері туралы т.б. мақалалары жарық көрді. Россияның ішіндегі көбігі аспанға атып жүз толғанып, бұлқынып жатқан революция толқыны дүние жүзіндегі еңбекшілерді құлданған патшалықтардың бәрінің жүз жылдап құрған құлдық қорғандарын іргесімен теңселтіп, жапсарын ашып, жігін үлкейтіп тұрғаны әркімге мәлім... Бүгінгі күні кешегі қараңғы құлдық күннің күңгірт жүзді қожасы-жуандардың басына келетін ауыр күннің қаһарлы бұлттарын Россия жуандарының төбесіне заман жем айдап келіп тұр, - деп басталатын Қазақ оқығандарына ашық хатына қанаушылықтың жойылатынына айқын сенім білдіреді. Жазушы қазақ арасында Россиядағыдай тап қайшылығы, тап күресі болған жоқ деп түсінген. Оны да ешбір бүкпесіз, жасырмай: Бұл күнге шейін бар қазақтың баласында бір-ақ түрлі құлдықтың ноқтасы болатын. Бірінен бірінің қара үзі, артып кеткен еш жері жоқ. Бәрінің көргені де өгейлік, жетімдік. Әсіресе, оқығандарының бой жазып кең отырған күні бұл күнге шейін болған жоқ. Қашан болса күні қысылу, бұғып қорқу болатын, - деп жазады [3]. Жұрт кең заманнан пайдаланып, тиісті сыбағамды жырып алып қаламын десе, ауыр заманда бейнет, қиын жұмыста бар қайратын салып келіп, мақсаты іске асатын күні, еңбегінің жемісін оратын күні қашып кетуінің не мағынасы бар? Бұл шалалық елдік сезімнің әлі күнге басшы мен деп жүрген оқығанның өз бойына сіңбегендік деп, қазақ оқығандарының намысын оятарлық өткір сөздер айтады. Автор оларды жаңа өкіметтің қызметіне етене араласып, қазақтың мұң-мұқтажын өтеу үшін аянбай еңбек ету керек: Қазіргі заман қазақтың баласына келіп тұрған әрі қиын, әрі пайдалы жайлы заман... елдің қамын жеген оқыған азаматтар не қылса да қолынан келген шарасын істеп, осы өкіметтің арасына кіріп, қазақтың есесін әперіп қалатын уақыты келді деп білеміз - деген сенімді ойын ашып айтады. Қазақ оқығандарының қысылтаяңды осы шақта елі үшін қызмет етуін міндетті санады, қала мекемелерін тоздырып тіл білместіктен ішкі зар-мұңын жеткізе алмай жүрген қазақтың күйін баяндайды. Егер қазақ оқығандары Кеңес өкіметінің қабағынан қорқып қашса, айтатын сөзіміз осы: оқығанның қызметке кіруіне керек. Ел шақырып отыр. Қазақтың қамын жейтін оқыған болса, қашқаны болсын, қашпағаны болсын, қырда бос жүргеннің бәрі де келуі керек. Әуезовтың бұл хатында қазақ оқығандарының ұлт-азаттық қозғалысы бағытындағы іс-әрекеттері баса айтылып, олардың кейбіреулері еңбекшілерді қанаушы жуандардың қол жаулығы болып отырғандығы жете еленбейді. Бірақ Әуезов мұнда мұнтаздай таза болды деп бір жақты бағалаудан да аулақ. Сонымен қатар, Әуезов сол кездегі басқаша түсініктегі топтардың бар екенін теріске шығармайды. Тек мақаланың негізгі мақсаты оқығандарды қызметке тарту болғандықтан, оларды саралап, топқа бөліп жатпай-ақ: Құр елдің мұңы тыңдалмайтын, бірен-сараң кісінің ғана басына жайлы, ат езу келген заманда ғана оны істеймін деп, анығында еш нәрсені істей алмай, шағулы заман келген де қашып жүрсек, елдің қамы деген сөзді айтып не керек, - деп оқығандардың өзіне ой тастайды. Бұл мақала Семей губерниялық Қазақ тілі газетінің 1920 жылғы 5 ақпан күнгі 15-санында жарияланды [4]. Басқа мақалаларында М.Әуезов осы ойын тарата дамытып, халықтың күнделікті күн көріс қажеттілігіне байланысты шаруашылық, өндіріс, қолөнер кәсібі сияқты тірліктерді де жан-жақты сөз етіп, солардың ішінде елдің келешек өсу жолына негіз болатын, ертеңге жалғасар бағыт-бетін айқындауға ұмтылады. Қалың жұртшылық өз аманшылығын сақтап, мемлекет халін, көпшіліктің халін ескермейтінін, азға малданып, өзінен арғыны, ертеңгі күнін кеңінен ойламайтынын, ал кейбір елдің қамын жегіш пысықтардың жаңа өкімет ісіндегі уақытша қиындықтары мен жеке-жарым кемшіліктеріне көлденең сыншы болып қолдап көмектеп, елді мәдениетке жеткізіп ағарту, өнер-білім құралдандыру дүниенің халін көруге көзін ашу, шаруасын түрлеп ішінен жетілту сияқты тірліктерге бар күш-жігерді жұмылдыру керек. Ал бұл бағыттағы бүгінгі зор міндет - оқу ісі, алдымен бірінші кезекте соны дұрыс жолға қою керек деп біледі автор. Бүгінгі зор міндет деген мақаласы Қазақ тілі газетінің 1920 жылғы 31-ші желтоқсан күнгі санында жарияланған. М.Әуезов Кеңес өкіметінің заңыншаоқу жұмысы қаншалық бағалы, қадірлі екенін іске араласқан кісінің бәрі де біледі. Ескі өкіметтің шашбауын көтерген оқытушылар да жаңаша оқу жолындағы кеңшілікті көріп әбден риза болып отыр. Жә, оқу ісіне өкіметтің істеп отырған қызметі, беріп отырған кеңшілігі қайсы? Бұған дәлел: Орыс, қазақ, кедей, бай, жас-кәрінің арасындағы надандықты құрту істеліп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақаладан алынған осы үзіндіде
Жазушының драмалық шығармалары
Мұхтар Әуезовтің шығармашылық ғұмырнамасы
Мұхтар Әуезов туындылары
Мұхтар Әуезов тағылымы
Абайдың өмірі мен шығармашылығы
Ұлт этнографиясын зерттеудің кезеңдері
МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ ӘҢГІМЕ ЖАНРЫН ОҚЫТУ
Атақты Абай жолы эпопеясы қазақ өмірінің энциклопедиясы
Абай өмірбаяны, шығармалары
Пәндер