Егістік тәжірибеде орындалатын байқау жұмыстары туралы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

Тақырыбы: Егістік тәжірибеде орындалатын байқау жұмыстары

Орындаған: Шәріпова М. С

Тобы: АГ-313

Курс: 3

Тексерген: Мұхаметжанова О. Т

Семей - 2015 жыл

Мазмұны:

  1. Кіріспе . . .

Негізгі бөлім . . .

  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Егістік тәжірибе - табиғатта ауыл шаруашылығы өндірісіне жақындастырылған жағдайда арнайы бекітілген учаскеде түрлі факторлардың немесе агротехникалық шаралардың өсімдік өнімі мен оның сапасына және топырақ құнарлылығына тигізетін әсерін анықтау мақсатында орын- далатын зерттеу әдісі. Академик В. Е. Егоровтың анықтамасы бойынша егістік тәжірибе егіншіліктің бас төрешісі және агротехникалық шаралардың мұхиттарындағы жол көрсетeші болып саналады. Егістік тәжірибе өсімдік шаруашылығында, егіншілікте, селекцияда, агрохимияда басқа да көптеген ауыл шаруашылығы ғылымдарының салаларында кеңінен қолданылады. Агрохимияда егістік тәжірибе көмегімен өсімдік қоректенуінің кейбір теориялық және практикалық мәселелерін, атап айтқанда, тыңайтқыштың дақыл өнімі мен сапасына әсерін зерттейді. Академик Д. Н. Прянишников «егістік тәжірибе - тыңайтқыштарды қолданудың тиімділігін анықтаудың басты әдісі», - деген болатын. Агрохимиялық зерттеуде ауыспалы егісте тыңайтқыштарды орналастыру тыңайтқыш қолдану жүйесінің қолайлы, әрі тиімді түрлерін анықтау, тыңайтқыштарды агротехникалық шаралар- мен үйлестіре зерттеу сияқты мәселелерді шешуде егістік тәжірибенің маңызы зор. Осыған орай егістік тәжірибе шаруашылық экономикасын одан ары арттырудың негізгі көзі болып табылады. Өйткені барлық агротехникалық шара- лар - дақылдардың жаңа сjрттарын шығару, тыңайтқыштар мен гербицидтерді қолдану, топырақты өңдеу мен суару жүйелері егістік тәжірибелер арқылы өндіріске енгізіледі. Егістік тәжірибе химиялық, физикалық, микробиологиялық тағы басқа тәсілдер көмегімен толықтырылып тұрады. Агрохимиялық зерттеу жұмыстарында егістік тәжірибенің маңызын шектейтін жағдайлар да кездеседі. Оның нәтижесі нақты топырақ пен климатқа тәуелді болатындақтан уча- ске топырағын мұқият әрі жан-жақты талдау және басқа зерттеу тәсілдерімен ұштастыру тыянақты, әрі кең көлемді мәліметтер алуға көмектеседі. Топырақ құнарлылығын жақсартқанмен, ауа райын өзгерту мүмкін емес. Сондықтан өсімдіктің бүкіл вегетациялық кезеңдерінде сыртқы орта жағдайларының қалай әсер ететініне үнемі көңіл бөлінуі тиіс. Сонымен қатар, сыртқы факторлар мәдени өсімдіктерге ғана емес, топырақтағы микроорганизмдерге әсер ететінін ескеру керек. Сондықтан, егістік тәжірибе жүргізгенде мүмкіндігінше сыртқы орта факторларының әсерін тіркеп отыру қажет.

Егістік тәжірибеде орындалатын байқау жұмыстары. Тәжірибе нәтижелерін неғұрлым толық, дәлірек және дұрыс бағалау үшін әр варианттың өсімдіктеріне тиісті кезеңде байқау жұмыстарын жүргізеді. Барлық байқау жұмыстарын екі топқа бөледі: 1) зерттелетін өсімдіктерді байқау; 2) сыртқы орта жағдайларын байқау; Бұл жұмыстарды орындау кезеңдері тәжірибе бағдарламасында көрсетіледі. Байқау жұмыстары егістік тәжірибе жұмысының са- пасын анықтайды. Сол сияқты кейбір байқау жұмыстары тәжірибенің жалпы жағдайына сипаттама береді. Егістік тәжірибедегі дақылдардың өсіп-даму кезеңдерінде әр түрлі (фенологиялық, метеорологиялық т. б. ) байқау жұмыстары жүргізіледі. Ауа температурасы өсімдіктер мен топырақты мекендейтін микроорганизмдердің тіршілігіндегі қажетті фактордың бірі. Өсімдіктің жылуға қоятын талабы өте өзгермелі. Қолайлы температура тұрақты болса, өсімдіктің өсіп-жетілуіне жағдай жасалғаны болып саналады. Өсімдіктің жылумен қамтамасыз етілуіне сипаттама беру үшін айлық пен онкүндік жылудың орташа шамасын, жы- луы жоғары немесе төмен тәуліктің орташа жылылығының қосындысын және белсенді, әрі тиімді жылу көрсеткіштерін пайдаланады. Ауа температурасының режимі арқылы ауа райын бағалайды. Жауын-шашын өсімдіктер өніміне үлкен әсер етеді. Ол топырақ қабатындағы ылғалдың негізгі көзі болып сана- лады. Жауын-шашынның жиынтығын миллиметр өлшемі арқылы белгілейді. Атмосфера ылғалдылығы жөніндегі мәліметті сол аймақта орналасқан метеорологиялық станса- дан алуға болады. Өсімдіктердің зақымдалуын байқау. Метеорологиялық қолайсыз жағдайлардың әсерінен тәжірибе өсімдіктері зақымдануы мүмкін. Байқау жұмысын жүргізгенде өсімдіктің қандай мүшелері неден зақымдалғанын көзбен шамалайды. Егер мөлдектегі өсімдіктің жиілігі мен биіктігі бірқалыпты, тамырларын өте жақсы жайған, зақымдалған және жойылған өсімдік жоққа жақын, арамшөптері өте аз болса, егістік өте жақсы (5 балл) күйде деп бағаланады. Өсімдіктің жиілігі бірдей емес, тамырлары орташа 84 85 шоғырланған, арамшөппен шамалы ластанған, аздап ауруға шалдыққан және шамалы зиянкестерден зардап шеккені байқалса егіс жақсы күйде (4 балл) болғаны. Өсімдіктің жиілігі біркелкі емес, биіктігі мен тамырларының шоғырлануы орташа, зиянкестерден шамалы зардап шеккен, арамшөптермен ластануы қанағаттанарлық егістіктің күйі орташа (3 балл) деп бағаланады. Егер егін сирек, әрі ала-құла, кескінсіз, бойының биіктігі аласа, көп ластанған, зиянкестердің немесе ауа-райының қолайсыздығынан едәуір зақымданған болса нашар егіс (2 балл) деп бағаланады. Егіс өте сирек, жиілігі біркелкі емес, тұқым толық көктеп шықпаған, өте күшті ластанған және зақымданған болса өте нашар (1 балл) баға беріледі. Егіс нашар немесе өте нашар күйде болса, оның неден болғанын толығырақ көрсету керек. Күздік дақылдардың қыстап шығуға даярлану үрдісін си- паттау үшін күзде оның өсуі тоқтаған кезде тексереді. Оның мерзімін ауаның орташа тәулік тмепературасы арқылы анықтайды. Егер температура бес тәулік бойы бес градустан төмен түспесе, онда егістікті тексеріп шығады. Ал онкүндікте бес градустан асатын болса, күзгі тексеруді екінші рет жүргізеді. Дақыл тұқымының топырақтағы орналасқан тереңдігін, түптену деңгейін, тамыр жүйесінің жағдайын, өсімдіктің өсіп-жетілу кезеңдерін, оның биіктігін, жиілігін, арамшөптің таралу дәрежесін, өсімдіктерге зяинкестер мен аурулардың әсерін, метеорологиялық жағдайдың қолайсыз болуынан зақымданғанын, жойылған өсімдіктерді, егістің жалпы жағдайын анықтайды. Күздік дақыл тұқымының өнуін анықтау үшін 50×50 см көлемде 12 см тереңдіктен топырақ алып дәндерді санайды. Сонан кейін көктегендері мен өнбегендерін пайыз арқылы көрсетеді. Тамыр жүйесінің қандай дәрежеде екендігін екінші реттегі қосымша тамырлардың сандары арқылы сипаттай- ды. Егер екінші ретті қосымша тамырларының саны бестен асатын болса, тамырлануы жақсы деуге болады. өсімдіктің қысқы жағдайын тексеру үшін биологиялық бақылау әдісі бойынша учаскенің төрт жерінен өсімдіктерді сындырмай, қардан тазартады да байқағанын есепке алады. Күздік дақылдардың қыстан шыққанына сипаттаманы толық беруді қар кеткен соң он күннен кейін жүргізеді. Ол үшін өсімдіктің биіктігін, жиілігін, жалпы күйін, зақымдалған дақылдың санын т. б. анықтайды. Фенологиялық байқаулар тұқымды сепкеннен, дақыл толық піскенде дейін жүргізіледі. Өсімдіктің жекелей өсу дәуірі, дамуы оның өзіне тән ерекше өтеді. Даму барысын- да өсімдіктің пішіні мен өсуі өзгеріп отырады. Даму үрдісі тұтасымен алғанда бірінен соң бірі келіп отыратын, жақсы ажыратылатын және көзге байқалатын бірнеше кезеңдерден немесе сатылардан тұрады. Мұндай кезеңдерге тұқымның өнуі, бүршік жару, вегетативтік, одан соң репродуктивтік мүшелердің пайда болуы мен өсуі, гүлдеу және жеміс бай- лау жатады. Тәжірибе учаскесінің варианттарындағы өсімдіктердің кезеңдерін белгілеу үшін әрбір қатардың біркелкі 10 көгін тексереді. Егер 10 пайыздай кезең белгісі өсімдіктерде анықталса, белгілі бір кезең басталды деп ұйғарады. Дақылдарға фенологиялық байқау жүргізгенде олардың мына кезеңдерін тіркейді. Жаздық дәнді дақылдардың (бидай, арпа, сұлы, қара бидай, тары) көктеу, түптену, сабақтану, масақтану, шашақтану, гүлдеу, сүттеніп пісу, балауызданып пісу, толық пісу (тарының сүттеніп және балауызданып пісуі есепке алынбайды) кезеңдері. Күздік дәнді дақылдардың (қара бидай, бидай, арпа) көктеп шығу, үшінші жапырақ, түптену, вегетациясының күзде аяқталуы мен көктемде басталуы, сабақтану, масақтану, гүлдеу, сүттеніп пісу, балауызданып пісу, толық пісу кезеңдері. Жүгері үшін тұқымның өнуі, үшінші жапырақ, түптену, жетінші жапырақ, шашақтану, аталық гүлдерінін гүлдеуі (шашақ басы), аналық гүлдерінің гүлдеуі, сүттеніп пісу, ба- лауызданып пісу, толық пісу кезеңдері. 86 87 Қарақұмық - тұқымның өнуі, тарамдалуы, шашақтануы, гүлдеуі, сүттеніп пісуі, толық пісуі. Бұршақ тұқымдастар - тұқымның көктеуі, үшінші жапырақтың тарамдалуы, гүлінің шоғырлануы, гүлдеуі, пісуі. Майлы дақылдар - тұқымның өнуі, гүлдеуі, пісуі. Қант қызылшасы - тұқымның өнуі, қосқұлақ кезеңі, үшінші жапырақ, қатар аралығы мен қатарларын жапырақтардың жабуы, жапырақтарының тарқатылуы. Тамыр жемістілер - тұқымның өнуі, тамыржемістің қалыптасуы, сабақтануы, пісуі. Мақта - тұқымның өнуі, гүлдеуі, пісуі. Картоп - тұқымның көктеуі, тарамдануы, шанақтануы, гүлдеуі, түйнектенуі, пәлектерінің курауы. Шөптер - көктеп шығуы, өсуінің басталуы, түптену мен масақтануы, гүлдеуі, пісуі. Өсімдіктің өсіп-жетілу кезеңдерінің мәліметтері оның өсу тіршілігінің ұзақтығын жеке кезеңдерге бөлуге мүмкіндік тұғызады. Мысалы, астық дақылдары мынадай кезеңдерге бөлінеді: себу-көктеп шығуы, көктеп шығуы - сабақтануы, сабақтануы - масақтануы, масақтануы - пісуі. Бұл кезеңдер арқылы байқау жұмысын жүргізу ыңғайлы. Егістік тәжірибе өсімдіктерінің аурулары мен зиянкестердің әсерін және арамшөптермен ластануының келтіретін келіп фенологиялық, метеорологиялық байқаулармен салыстыру арқылы жиналған мәліметтер өте бағалы болады. Байқау жұмысы барлық варианттарда немесе көршілес емес қайталауларда жүргізіледі. Мысалы, төрт қайталаулардың бәрінде, немесе бірінші мен үшінші, немесе екінші мен төртінші қайталауларда орындалады. Өсімдіктін жиілігін оның вегетативтік даму кезеңдерінде екі рет анықтайды. Бірінші рет егін көктегенде, екінші дақылды жинар алдында жүргізеді. Ол үшін әр мөлдекте төрт жерден егіннің екі аралас қатарын қазықпен белгілеп, ондағы өсімдіктерді санайды. Сол төртеуінің қосындысы бір шаршы метрге тең болады. Өсімдіктерді санауға арналған алаңды мөлдекте қиғаш бағытта орналастырады. Мұнда қатар аралығы 15 см өсімдіктің ұзындығы 83, 3 см ені қатарын алады (2×15×83, 3=2500 см2 ) . Өсімдіктің жиілігі мен себу мөлшері белгілі болған жағдайда тұқымның далалық шығымдылығы мына формула арқылы анықталады: А = (В×100) :С мұнда, А - тұқымның далалық шығымы, %; В - өсімдік жиілігі; С - себу мөлшері, млн. дана. Отамалы дақылдың жиілігін мөлдектің төрт жеріндегі ұялардың өсімдіктерін санау арқылы анықтайды. Мұнда бір мөлдектегі ұялардың саны 100 болуы керек. Өсімдіктің биіктігі оның негізгі даму кезеңдерінде өлшенеді: астық дақылдарының түптену кезеңінің басын- да, сабақтанудың басында, масақтануда, толық пісуінде; жүгеріні үш және жеті жапырағында, шашақтану мен дәннің толық пісу кезеңінде; дәнді бұршақ дақылдары мен қарақұмықты, картопты тармақталғанда, шанақталғанда, гүлденгенде, толық піскенде анықтайды. Топырақ пен егістіктің арамшөптермен ластануын анықтау тәжірибе учаскесіне толық сипаттама беру үшін қажет. Арамшөптердің түрін, санын, орналасуын көзбен ша- малап анықтайды. Тәжірибе учаскесінің арамшөптермен ла- стану дәрежесіне сипаттама жасау үшін төрт балды шкаланы пайдаланады: 1 балл - арамшөптері бірен-саран болғанда, 2 балл - арамшөп егістің төрттен бірін ластанғанда, 3 балл - арамшөппен мәдени өсімдік саны бірдей болғанда, 4 балл - арамшөптің саны мәдени өсімдік санынан көп болғанда беріледі. Энтомологиялық және фитопатологиялық байқаулар жүргізу зиянкестермен, аурулармен қарсы күресу ша- раларын жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл аталған 88 89 байқауларды орындауда нақтылы мерзімін анықтайтын күнтізбе дайындаған өте тиімді болады. Өсімдіктің зиянке- стер мен аурулардан зақымданғанын 5 баллдық шкаламен бағалайды: зардап шеккен өсімдік жоқ - 0 балл; өсімдіктің 10%-ына жуығы зақымданды - 1 балл; өсімдіктің 10-25%-ы зақымданды - 2 балл; өсімдіктің 25-50%-ы зақымданды - 3 балл; өсімдіктің 50-75%-ы зақымданды - 4 балл; өсімдіктің 75%-дан көбі зақымданды - 5 балл. Өсімдік массасының жиналу қарқынын анықтау тыңайтқыштармен жүргізілетін егістік тәжірибелерде маңызды болып есептеледі. Астық және бұршақ тұқымдас дақылдардың егістерінен мөлдекті диагональды бағытпен жүріп отырып алты жерден бес өсімдіктен, қант және малазықтық қызылшадан сегіз өсімдіктен алады. Өсімдікті тамырымен қазып алып, топырақтан тазартып, тамырын кескеннен кейін таразыға тартады. Картоп, қант және малазықтық қызылша сияқты дақылдардың жер асты мүшелерін бөліп алып, оларды жеке өлшейді. Үлгілерді құрғақ ауада кептіреді де өсімдіктің әр мүшелерін бөлек есептейді. Тамыр жемістің бойындағы суды анықтау үшін оның әрқайсысынан үлгілер алынады. Үлгілердің мөлшері ұсақ тамыржемістің 1/4, ірі тамыржемістің 1/8 бөлігінен тұрады. Үлгілерді пышақпен майдалап кесіп араластырып 100 грам- нан екі сынақты алады. Алынған сынақты алдымен ауада, содан кейін термостатқа (кептіргіш шкаф) қойып 60-700 С градуста кептіреді. Кептірілген массаны таразыға тартады. Өнім құрылымы дақыл өнімінің элементтерінің жиынтығынан тұрады. Әрбір дақылдың өнім құрылымы бірдей емес. Астық дақылдарының (бидай, арпа, тары, күріш т. б. ) өнім құрылымын анықтау үшін мөлдектің 4 қазықпен бекітілген, әрқайсысы 0, 25 шаршы метр 4 алқабының өсімдіктерін егінді жинардан 1-2 тәулік бұрын тамырмен қазып алады. Әр мөлдектен алынған астық бауына этикетка бекітіп зертханаға жеткізеді де күн сәулесі тікелей түспейтін жерге іліп кептіреді. Кептіргеннен кейін баудағы өсімдік пен сабықтың санын, өсімдікпен оның масағын немесе шашақ басының ұзындықтарын, масақтардағы дәндердің са- нын және оның массасын анықтайды. Ол үшін бау үлгісінен сұрыптап алынған орташа сынаманың 25 өсімдіктерін пай- даланады. Ал өнім құрылымның басқа көрсеткіштерін есеп- теу арқылы шығарады. Топырақ жағдайларын айқындау - егістік

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егістік тәжірибеде орындалатын байқау жұмыстары
Ауыл шаруашылығында жүргізілетін тәжірибелік жұмыстар
Оқу тәжірибе участогіндегі өткізілетін сабақтар
Егістік тәжірибеде орындалатын бақылау жұмыстары
Егістік тәжірибелер жүргізу
Тәжірибе мәліметтерін статистикалық өңдеу
Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы
Күріш арнайы ауыспалы егісіндегі минималды нөлдік технологиясын зерттеп, күріш дақылдарын өсіру технологиясының экономикалық тиімділігін бағалау
Тәжірибе мәліметтерін статистикалық өңдеу жайлы ақпарат
Мектеп участогінде оқу тәжірибе жумыстарын ұйымдастыру және өткізу әдістемес
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz