Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама. Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты. Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты. Қазақстан Республикасының экономикалық өсімі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЗКУЛЬТУРА И СПОРТ КАФЕДРАСЫ.
СРСП
Тақырыбы: Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама.
Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты.
Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты.
Қазақстан Республикасының экономикалық өсімі.
Орындаған: Кадирханов Т. Ж
Е-415
Тексерген: Габдуллина Л . Б.
Семей 2015
Жоспары:
1. Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама.
2. Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты.
3. Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты.
4. Қазақстан Республикасының экономикалық өсімі.
5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.
Нарық экономикасы екі дәрежеде қызмет атқарады,
«макроэкономика»
«микроэкономика»
болып бөлінеді, осыған сәйкес талдау да - «макроэкономика» және «микроэкономика» деңгейінде жүргізіледі. Осылай талдау жасаған Дж. М. Кейнстің 1936 жылғы «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегі батыс экономистері арасында кең қолдау тапқан. Егер де микроэкономиканың нарық жағдайындағы басты сипаты және негізгі мақсаты - табыс табу болса, «макроталдау» назарында агрегатты өлшемдер (жалпы өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) болады да макроэкономика қоғамдық өндірісті динамикалық өсіп-өркендеуге бейімдейді.
Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер:
- ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;
- жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері;
- инфляция мен инфляция қарсы саясат;
- экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу;
- экономикалық дамудың циклдары;
- ұлттық экономиканың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;
- мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мәселелері.
Экономиканың дамуын ұлттық есептер жүйесі (Ұ. Е. Ж. ) мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлем тәжірибеде 1953 ж. бастап қолданып келеді. Ұ. Е. Ж. мемлекеттің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады.
Макроэкономикалық көрсеткіштерге жататындар
жалпы ұлттық өнім (Ж. Ұ. Ө. ),
жалпы ішкі өнім (Ж. І. Ө. ),
таза ұлттық өнім (Т. Ұ. Ө. ),
ұлттық табыс (Ұ. Т. )
жеке табыс (Ж. Т. ) .
Жалпы ұлттық өнім Ж. Ұ. Ө. - белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім
Ж. Ұ. Ө. - бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық нарықтық құны. Экономикалық теорияда жалпы ұлттық өнім Ж. Ұ. Ө. номиналды және нақты түрге бөлінеді. Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номинальды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды жалпы ұлттық өнімді Ж. Ұ. Ө. -ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы есептеумен анықталады.
Нақты ЖҰӨ = номинальды ЖҰӨ /баға индексі
Номинальды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімге қатынасын жалпы ұлттық өкілінің дефляторы деп атайды.
ЖҰӨ дефляторы = номинальды ЖҰӨ /нақты ЖҰӨ
ЖҰӨ-нің өсу себептері:
Ø экономикадағы ресурстар санының өзгеруіне қатысты;
Ø өнім факторының өзгеруінің нәтижелігі;
Ø өнімді өсіруге ыңғайлы ете отырып жұмысты өзгерту.
Жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну тауарлар бағасының индексі арасындағы айырмашылық:
1. ЖҰӨ дефляторына мемлекетте өндірілген барлық тауарлардың бағалары кіреді.
2. ЖҰӨ дефляторына осы елдің капиталы арқылы өндірілген өнімнің көлемі кіреді.
3. Тұтыну баға идексінің есебіне тек қана тауарлар мен қызметтердің белгіленген (шектелген) көлемі кіреді.
Халықаралық статистикада жалпы ұлттық өнімді өлшеудің негізінен екі тәсілі қолданылады. Екі тәсіл де бірдей болып бағаланады.
ЖҰӨ = С+G+І+Х;
Мұндағы: С - жеке тұтыну шығындары;
G - мемлекеттің сатып алуы,
І - жалпы инвестициялар,
Х - таза экспорт.
2. Табыстар бойынша есептеу шаруашылық іс-әрекеттер субъектілерінің табыстарын бөлу және табыстар төлемімен байланыссыз бөлінетін қаржылардың құрылу тәртіптерін сипаттайды:
ЖҰӨ =W+R+I+P;
Мұнда: W- жалдамалы жұмысшының жалақысы,
R - ренталық төлемдер,
I - жинақ капиталының пайызы (%),
P- фирма мен корпорацияның пайдасы.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) - белгілі бір мерзімде ел шеңберінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Ұлттық иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады.
ЖІӨ =ЖҰӨ - сыртқы экономика операция бойынша сальдо
Таза ұлттық өнім ТҰӨ бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы.
Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты.
Инвестициялық саясат мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі, сонымен қатар, мемлекеттің экономикасына, шаруашылық субъектілерінің кəсіпкерлік қызметіне əсер етуші құрал болып табылады.
Мемлекеттің инвестициялық саясаты - бұл инвестициялық қызметті жандандыру, экономиканы көтеру, өндірістің тиімділігін арттыру, əлеуметтік мəселелерді шешу жəне басқа да əр түрлі жағдайларды жасау бойынша шаралар жиынтығы.
Мемлекет келесідей саясаттар арқылы инвестициялық бел сенділікке əсер етеді:
• амортизациялық саясат;
• ғылыми-техникалық саясат;
• шетелдңк инвестицияларды тарту бойынша саясат;
• салық саясаты.
Амортизациялық саясат дегеніміз - мемлекеттің амортизациялық аударымдарды есептеу мен пайдалану тəртібін бекіте отырып, ұдайы өндіріс жылдамдығын жəне сипатын реттеуі болып табылады.
Мемлекеттің ғылыми-техникалық саясаты деп - ғылыми-техниканың дамуы жəне олардың нəтижелерін халық шаруашылығына енгізетін шаралар жүйесін айтамыз.
Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша саясат дегеніміз- қолайлы инвестициялық климат құру арқылы елімізге шетелдік инвестицияны тарту болып табылады.
Салық саясаты - деп белгілі бір жеңілдіктер беру арқылы инвестициялық саясатқа əсер ету, сонымен қатар салықтық жəне кедендік баж салығы бойынша ынталандыру мен жеңілдіктер беруді айтамыз.
Инвестициялық саясаттың негізгі мақсаты - отандық экономи каның өсуіне жəне қоғамның өндіріс тиімділігін көтеруге бағытталған инвестициялық қызметті белсендендіру болып табылады.
Инвестициялық саясаттың міндеттері:
• қаржы-несие саласын түрлендіру, инфляцияға қарсы шараларды жүзеге асыру жəне төлемсіздік дағдарысын шешу;
• жекешелендіруді аяқтау жəне бəсекелі экономикалық ортаны құру;
• құрылымдық қайта құруды жүзеге асыру, тиімді ұлттық экономиканы құру;
• жоғары технологияларды енгізу негізінде өндірісті жетілдіру;
• нарық инфрақұрылымының дамуы, институционалдық түрлен діру;
• инвестициялық климатты жақсарту жəне қор нарығын дамыту мақсатында заң шығаруды жетілдіру;
• салық жүйесін, несиелерді, кеден, баж салықтарын пайдалана отырып, инвестициялық белсенділікті экономикалық реттеудің жаңа жəне нарықтық əдістерін енгізу.
Инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты.
Алғашқы рет «инфляция» деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та Азамат соғысы кезінде қолданыла бастады.
Инфляция - қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналымдағы ақша массасының нақты ұсынылған тауар санынан артып кетуі. Соның нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Инфляцияның бірнеше түрі бар.
Шетелде нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдік формаларына байланысты инфляцияны ашық және басылыңқы түрге бөледі.
- Ашық инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-теңдік сұраныс жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляция дейміз.
- Басылыңқы (жасырын) инфляция бағаны реттейтін экономикаға тән, яғни жалпы мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция.
Инфляция деңгейі баға индексі көмегімен өлшенеді. Ағым кезіндегі тұтыну баға индексінен өткен кезеңдегі тұтыну баға индексі алынып, өткен кезеңдегі тұтыну баға индексіне бөлінеді.
Инфляция кешенді себептерден туындайды, олардың ең маңыздысы мыналар болып табылады:
- Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, яғни шығындардың түсімдерден асып жатуы. Егер мемлекет мұндай тапшылықты ақша эмиссиясы арқылы жоятын болса, айналымдағы ақша көлемі молаяды.
- Тауарлар мен қызмет өндіру көлемінің қысқаруы, тауар тапшылығы.
- Кейбір өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы, яғни олардың өзінің өніміне жоғары баға қою.
- Өндіріс шығындарының өсуі, яғни шикізат, материалдар, жалақы шығындарының өсуі.
- Елдің экономикасының ашықтығы, оның әлемдік байланыстарының өсуі инфляцияны шеттен әкелу қаупін молайтады.
Инфляцияға шалдыққан мемлекеттер инфляцияға қарсы саясатты жүргізуге мәжбүр болады. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатын экономиканы тұрақтандыру, бағамен жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, ақшаны эмиссиялауды қатал бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізеді. Ал аса төтенше жағдайда ақша реформасы жасалады.
Инфляцияға қарсы саясат деген бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. XX ғ. 60 жылдарынан бастап бағаны тікелей және жанама түрде реттеу мақсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz