Вирустардың жіктелі принциптері.Олардың номенклатурасы.Вирустардың көбеюінін биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары



Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Вирустардың жіктелуі
2.2 Вирустардың көбеюі
ІІІ Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе Вирус (лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр. Вирустардың құрылысы мен іс-әрекетін темекі теңбілі ауруын мысалға алып қарастырайық. Темекі теңбілі вирусы темекі жапырағындағы хлоропластарды зақымдайды. Осының салдарынан жапырақ тақтасы бүрісіп, шиыршықтанады. Сонымен қатар тостағанша, күлте жапырақшалары да өзгереді. Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ 9-11 күннен кейін сарғая бастайды. Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы Д. И. Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол XІX ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д. И. Ивановский ауруға шалдыққан жапырақты жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден өткізгенде одан өтіп кеткен. Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған. Зақымданған темекі жапырағын үлкейткіш құралдармен тексергенде кристалдар байқалған. Кейіннен 1935 жылы америкалық ғалым У. Стенли бұл кристалдардың темекі теңбілі вирустарының шоғырланған жиынтығы екенін тапты. Вирустардың пішіні әр түрлі (мысалы, таяқша, иілгіш жіпше тәрізді, сфералық, көп қырлы, тағыда басқа). Вирустың клеткадан тыс (вириондар) және клетка ішінде тіршілік ететін топтары бар. Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді. Жай вирустар – нуклеин қышқылдары мен белокты қабықтан (капсид) тұрады; бұларға таяқша, жіп және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар – нуклеин қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидті мембрана, көмірсу және ферменттерден тұрады. Вириондардың мөлшері 15 – 350 нм (кейбір жіптәрізді вирустардың ұзындығы 2000 нм
Пайдаланған әдебиеттер:

10 Ш.Б. Мырзабекова «ветеринариялық вирусология» 2004ж 5-85 беттер.
20 Мырзабекова Ш.Б «Жалпы вируология» Оқулық Алматы, 1994ж
30 http://kk.wikipedia.org/wiki/ вирустар
40 Е.Омарбеков «Верусология пәнінің зертханалық сабақтары»
50 Қазақ Энциклопедиясы

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
 Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ
Тақырыбы:1 Вирустардың жіктелі принциптері. Олардың номенклатурасы.
2 Вирустардың көбеюінін биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары

Орындаған: Темешов Д.А
Тексерген: Омарбеков Е.О

Семей. 2015жыл

Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Вирустардың жіктелуі
2.2 Вирустардың көбеюі
ІІІ Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе Вирус (лат. vīrus - у) – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр. Вирустардың құрылысы мен іс-әрекетін темекі теңбілі ауруын мысалға алып қарастырайық. Темекі теңбілі вирусы темекі жапырағындағы хлоропластарды зақымдайды. Осының салдарынан жапырақ тақтасы бүрісіп, шиыршықтанады. Сонымен қатар тостағанша, күлте жапырақшалары да өзгереді. Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ 9-11 күннен кейін сарғая бастайды. Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы Д. И. Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол XІX ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д. И. Ивановский ауруға шалдыққан жапырақты жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден өткізгенде одан өтіп кеткен. Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған. Зақымданған темекі жапырағын үлкейткіш құралдармен тексергенде кристалдар байқалған. Кейіннен 1935 жылы америкалық ғалым У. Стенли бұл кристалдардың темекі теңбілі вирустарының шоғырланған жиынтығы екенін тапты. Вирустардың пішіні әр түрлі (мысалы, таяқша, иілгіш жіпше тәрізді, сфералық, көп қырлы, тағыда басқа). Вирустың клеткадан тыс (вириондар) және клетка ішінде тіршілік ететін топтары бар. Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді. Жай вирустар – нуклеин қышқылдары мен белокты қабықтан (капсид) тұрады; бұларға таяқша, жіп және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар – нуклеин қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидті мембрана, көмірсу және ферменттерден тұрады. Вириондардың мөлшері 15 – 350 нм (кейбір жіптәрізді вирустардың ұзындығы 2000 нм-ге жетеді); негізінен вирустарды тек электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирус тек бір типті нуклеин қышқылынан (ДНҚ немесе РНҚ) тұрады. ДНҚ-да вирустардың молекулалық саны 106 – 206, ал РНҚ-дағы вирустардікі – 106 – 15-106 болады. Вирустардың көптеген жылдар бойы тіршілік ортасында әрекетсіз жата беру қабілеті бар. Олар дамуына қолайлы жағдай туғанда бірнеше минуттың ішінде көбейіп, өзіне тән қасиеттерін көрсете алады. Адам мен жануарларда жиі кездесетін вирусты көпшілігі 60С-та қыздырғанда тіршілігін немесе ауру қоздырғыштық қасиеттерін жояды. Ал темекі теңбілінің вирусы 10 минут бойы 90С-қа дейін, сары ауру вирусы отыз минут бойы 80С-қа дейін қыздырғанда ғана тіршілігін жояды. Вирус ультракүлгін сәулелер мен химиялық заттарға (қышқыл, сілті) төзімді келеді. Тотықтырғыш заттар вирустың белсенділігін жояды, ал барлық тотықсыздандырғыш заттар олардың тіршілігіне қолайлы келеді. Мысалы, полиомиелит вирусы фенолдың 0,5%, күкірт қышқылы аммонийдың 50%-дық ерітіндісінде сақтала береді. Ал тотықтырғыштарда, мысалы, сутек асқын тотығы немесе марганецқышқыл калий (1%) ерітіндісінде олар тіршілігін тез жояды. Вирус көбеюі бес сатыға бөлінеді: клеткаға ену; клеткада вирус нуклеин қышқылының құрылуын қамтамасыз ететін ферменттердің түзілуі; вирус құрылым бөлшектерінің жиналуы; одан вирионның түзілуі; ересек вирустың клеткадан шығуы. Вирус бактериялар клеткасына клетка қабырғасы арқылы өтсе, жануарларда клетка мембранасы арқылы адсорбцияланады. Өсімдіктерге вирус тек қана клетканың зақымдалған жерінен ғана ене алады. Бір клетканы іштей жеген вирустар көршілес клеткаларға ауысып, барлық организмді зақымдап, ауруға шалдықтырады. Вирустарды молекулалық биология зерттейді.
Вирустардың жіктелуі
Вирустарды жіктеудің алғашқы ұмтылысы ХХ ғасырдың 40-жылдарында болды. Вирусология микробиологияның бір бөлігі деп есептелетіндіктен вирустарды классификациялау да бактериялар үшін критериялар бойынша атқарылды. Бірақ, көп кешікпей бактериялар таксономиясына қарағанда вирустар таксономиясының айырмашылығы болатыны айқын болды. 1966 жылы Мәскеуде вирустар номенклатурасы бойынша Халықаралық комитет құрылды. Әрбір 5 жыл сайын жаңа вирустардың ашылуына немесе белгілі вирустардың жаңа қасиеттерінің анықталуына байланысты вирустар номенклатурасы жаңартылып отырады. 2.2–кестеде вирустардың қазіргі кездегі классификациясы берілген. Бұл классификация бойынша 4 иерархиялық деңгей қарастырылған: түр, туыстастық, тұқымдастық (кейде тұқымдасша) және қатары. Қатар, тұқымдастық, тұқымдастықша (подсемейство) және туыстастықты -virales, -viridae, -virinae, -virus сөздерін қосып белгілейді. Бүгінгі күнде 3 қатар, 64 тұқымдастық, 9 тұқымдасша, 233 туыстастық және 1550-ден астам түрлер анықталған. Вирустардың қазіргі заманғы классификациясы негізіне мынадай критерийлер жатады:
• нуклеин қышқылының типі (РНҚ немесе ДНҚ), оның құрылымы (тізбекше немесе жіпше саны);
• липопротеидті қабатының болуы;
• вирус геномының стратегиясы;
• вирионның морфологиясы және мөлшері, симметрия типі, капсомерлер саны;
• генетикалық өзара әсерлесу феномендері;
• қабылдағыш иелер шеңбері;
• патогенділігі, соның ішінде жасушаларда патологиялық өзгерістер және жасушаішілік қосындылар пайда болуы;
• географиялық таралуы;
• антигендік қасиеттері.
Вирустарды классификациялаудың негізгі критерийлері жасалғанына қарамастан, қандай тұқымдастыққа жатқызуға болатыны анық емес вирустардың түрлері бар. Әсіресе ол өсімдіктердің вирустарына қатысты.
Вирустардың жіктелуі

ДНҚ вирустар
РНҚ вирустар

Вирустардың жіктелуі.

Қазіргі кезде вирустарды бір жүйеге келтіру барлық вирустар үшін бірдей. Бұл вирустардың мына негізгі қасиеттеріне сүйенеді:
- нуклеин қышқылдарының түрі;
-морфологиясы;
- анигендік қасиеттері;
- вирус геномының статегиясы;

Қосымша мына қасиеттері де қаралады:
липопротеидтік қабықшасының барлығына сәйкес;
нәсілдік қарым- қатынас феноменіне сәйкес;
вирусты қабылдайтын иесінің түріне сәйкес;
зиянкестік қасиетіне сәйкес;
жұғу жолдарына сәйкес;
географиялық таралуына сәйкес;

Вирустардың құрамында тек бір ғана нуклейн қышқылы бар. Олар: ДНҚ және РНҚ.

ДНҚ вирустары

Бұл вирустардың геномы бір жіпшелі, екі жіпшелі, сызықшалы және сақиналы ДНҚ-нан тұрады. Қазіргі кезде адамдар мен жануарлар вирустарының ДНҚ-ы бар 7тұқымдастығы белгілі. Яғни оларға : 1 Poxviridae, 2 Herpeesviridae, 3 Hepadnaviridae, 4 Iridoviridae, 5 Adenoviridae, 6 Papovaviridae, 7 Parvoviridae тұқымдастықтары кіреді.
1 Poxviridae тұқымдастығының вирустары өте үлкен, мөлшері жөнінен бактерияларға жақын (300-400нм). Пішіні: кірпішке ұқсайды. Олар күрделі вирустар қатарында, себебі қабықшасы бар. Қабықшасында: белоктар, липидтер, углеводтар, бүйір денелері және өзекшесі бар. Геномы: екі жіпшелі ДНҚ-ның бір молекуласынан тұрады, м.с 85-240 мД. Өсіп жетілуі: клетка цитоплазмасында. Тармағы: 1 Chordopoxvirinae тармағының өзі 6 туыстан тұрады. Олар: Orthopoxvirus, Parapoxvirus, Avipoxvirus, Leporipoxvirus, Suipoxvirus. 2 Entomopoxvirinae.
2 Herpeesviridae тұқымдастығы – герпесвирустары. Мөлшері: 120-200нм. Өте күрделі липидтен тұратын қабықшасы бар және сол қабықшасының сыртқы жағында инеге ұқсас тікенекшесі бар. Геномы: ДНҚ-лы екі жіптен түрады, жіптер үзілмеген. Молекулалық салмағы: 54-92*106Д. Пішіні: икосаэдрге ұқсас, куб тәрізді капсиді 162 капсомерден тұрады. Құрамында: 20-дан астам құрылымдық белоктар бар және олар торшада ДНҚ-на тәуелді ДНҚ-полиеразасының пайда болуына әсер етеді.Көбеюі: ядрода көбейіп жетіледі. Тармағы: 1 Alphaherpesvirinae, 2 Betaherpesvirinae, 3 Gammaherpesvirinae .
3 Hepadnaviridae тұқымдастығы – бұл топқа жататын вирустар: адамның бауыр ауруының В вирусы, орман суырының вирусы жерде, жүретін тиынның және үйректің бауыр ауырының вирустары. Өсіп-жетілу орны: бауыр клеткаларының ядросы. Мөлшері: вирионның үлкендігі 50нм. Пішіні: сферикалық. Геномы: ДНҚ – сақиналы келген бір молекуладан тұрады, м.с. 1,6-106.
4 Iridoviridae тұқымдастығына иридовирустар жатады. Пішіні: иксоэдрға ұқсас. Мөлшері: 130нм. Құрылысы: липидтен тұратын өте күрделі қабықшасы, 20 шақты құрылымдық ақзаттар бар. Геномы: екі жіпті ДНҚ-дан тұрады, м.с. 100-250*106. Көбеюі: клетканың цитоплазмазасында өсіп көбейеді. Клеткадан шығуы: бүршіктену арқылы немесе клетка жарылған кезде шығады. Туыстығы: жылқының африка обасы ауруының вирусы, құрбақаның вирустары, қоңыз және маса вирустары т.б.
5 Adenoviridae тұқымдастығына – аденовирустар жатады. Бұл вирустарды бөліп алған ғалым: Rowe. Пішіні: икосаэдрге ұқсас, капсиді куб тәрізді симметриядан тұрады. Құрамында: 252 капсомер, қабықшасы, 10-н аса құрылымдық белоктар, арнамалы антигені бар. Пішіні: 70-90нм. Геномы: екі жіпті ДНҚ-нан тұрады. Оның м.с. 20-25*106. Көбею орны: клетка ядросында. Туыстығы: 1 Mastadenovirus , 2 Aviadenovirus .
6 Papovaviridae тұқымдастығы – паповавирустар. Олардың сыртқы қабықшасы болмайды. Пішіні: икосаэдрге ұқсас, капсиді куб тәрізді симметриядан тұрады. Капсидте 72 капсомер бар оның үлкендігі 45-55 нм. Геномы: бір молекулалы екі жіпті ДНҚ-дан тұрапды, оның м.с. (3-5)*106. Көбеюі: клетка ядросында және ол клетка ядродан шыққанда клетка өледі. Туыстығы: 1 Papillomavirus , 2 Polyomavirus.
7 Parvoviridae тұқымдастығы – парвовирустар. Пішіні: өте кішкене болып келеді, икосаэдге ұқсас, кубтық симметриядан тұрады, капсидінде 32 капсомері бар. Құрылысы: қабықшасы болмайды. Геномы: бір жіпшелі ДНҚ молекуласынан тұрады, м.с. 1.5-2.0*106. Құрамы: 3 полипептид бар және клеткада ДНҚ-ға тәуелді ДНҚ полемераза пайда болады. Бұл вирустар сүтқоректілерді, құстарды, шыбын-шіркейлерді ауыртады. Туыстығы: 1 Parvovirus , 2 Dependovirus , 3 Densovirus .

РНҚ вирустар

Оларға 12 тұқымдастық кіреді. Бұлардың құрамындағы кейбір вирустарда бір жіпті РНҚ, басқаларында екі жіпті РНҚ бар. Соңғысында геномы сызықшалы болып келеді. Оларға: 1 Picornaviridae, 2 Caliciviridae, 3 Togaviridae, 4 Birnaviridae, 5 Coronaviridae, 6 Paramyxoviridae, 7 Rhabdoviridae, 8 Orthomyxoviridae, 9 Bunyaviridae, 10 Arenaviridae, 11 Retroviridae, 12 Reoviridae.
1 Picornaviridae тұқымдастығы – пикарновирустар. Геномы: РНҚ-лы оң жіпті үзілмеген бір жіптен тұрады, м.с. 2,6*106 . Мөлшері: вириондардың үлкендігі 20-30 нм. Пішіні: икосаэдрге ұқсас, капсиді кубтік симметриядан тұрады. Құрылысы: қабықшасы жоқ. Құрамы: 4 полипепетид бар. Өсіп-жетілуі: цитоплазмада. Туыстығы: 1 Enterovirus , 2 Cardiovirus , 3 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустардың жіктелу принциптері және олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және кқбею сатылары
Вирустардың жіктелу принциптері жайлы ақпарат
Вирустардың жіктелу принциптері
Вирустар туралы мәлімет
Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары туралы ақпарат
Вирустардың жіктелу принциптері жайлы мәлімет
Вирустар туралы ақпарат
Вирустардың жіктелу принциптері. олардың номенклатурасы. 2.Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
Вирустар жайлы
Вирустар
Пәндер