Аллергия. Аллергиялық диагностика жайлы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

Арарлық факультеті Ветеринариялық санитария» кафедрасы

БӨЖ

Тақырыбы: Аллергия. Аллергиялық диагностика

Орындаған: Абдрахимов. Б Тобы: ВС - 303 Тексерген: Нуркенова М. К .

Семей қ. 2015 ж.

Жоспар

І Кіріспе

1. Аллергия ұғымына жалпы түсінік

ІІ Негізгі бөлім

2. 1. Аллергия пайда болу негіздері

2. 2. Аллергия алдын алу

ІІІ Қорытынды

ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Аллергия - (көне грекше - басқаша - әрекет, жауап) - организмнің қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдеттегіден тыс сезімталдығы. Аллергия терминін алғаш 1906 жылы Австрия педиаторлары К. Пирке мен Б. Шик енгізген. Аллергия туралы деректер көне заманнан белгілі. Гален (2 ғасыр) раушан гүлінен адам мұрынының бітіп қалатыны туралы жазған. Аллергияны туындататын заттарды аллергендер дейді. Аллергендер организмге сырттан түсетін (экзогендік) және организмнің өзінде өндірілетін (эндогендік) болып ажыратылады. Экзогендік аллергендерге өсімдіктердің тозаңдары, жануарлардың түбіті, қайызғағы, үй шаңы, кір жуғыш ұнтақтар, кейбір тағамдық заттар, дәрі-дәрмектер (новокаин, пенициллин, витаминдер т. б. ), микробтар мен вирустар, өндірістік өнімдер жатады. Эндогендік аллергендер көпшілік жағдайларда әртүрлі микробтардың, вирустардың, суық немесе ыстық температуралардың, улы химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерлерінен организімнің өзінде пайда болады. Аллерген организмге алғаш рет түскенде иммундық жүйелерге әсер етіп, оның сол аллергенге сезімталдығын көтереді. Кейін бұл аллергеннің қайталап түсуі салдарынан аллергиялық ауру пайда болады. Аллергияның кең тараған түрлеріне: бронхиалдық демікпе, есекжем, Кванке ісінуі, поллиноздар (грекше поллен - шөп тозаңдарынан дамитын ауру) және анафилаксиялық шок жатады. Аллергиямен ауырған адам аллерголог-дәрігердің бақылауында болуы керек.

Аллергия - иммундық жауабының үлгісі, ол әр түрлі құрамдағы бөгде заттарға ағзаның жоғары ерекше сезімталдығының дамуынан пайда болады және осы заттармен аллергияны қоздырушы зат аллергендер деп аталады. Аллергияның патогенезін, диагностикасын, алдын-алу және емін аллергология зерттейді.

ІІ Негізгі бөлім

2. 1. Аллергияның шығу себептері:

үй-шаруашылығының, өндірістің, ауыл шаруашылығының химикаттануы;

дәрілік заттар спектрының көбеюі; иммундық алдын алу масштабының үлкендігі; жануар белогын көп пайдалану; Аллергия келесі факторлардың әсерінен пайда болады:Инфекциялық аурумен ауырғандарБауыр, бүйрек, ұйқы безінің соматикалық ауруларыГормоналды дисбалансСалауатсыз өмір салтыЖұмыста және үйде жағымсыз факторлардың әсеріИммундық жүйесін жоятын дәрілік препараттарды ашығу және белок алмасуының бұзылысы

Аллергендер - бұл химиялық заттар ағзаға түскен кезде оларға сенсибилизация шақырады. Екі үлкен топқа бөлінеді:

  • экзоаллергендер
  • эндоаллергендер
  • Экзоаллергендер бөлінеді:

Ағзаға ену механизміне байланысты

а) қатынасты (тері арқылы)

б) ингаляторлы (тыныс алу жолымен)

с) алиментарлы (ЖКТ арқылы)

д) парентералды (қан арқылы)

шығу тегі бойынша

а) үй-шаруашылығы (шаң - тозаң, әсіресе мақта)

б) эпидермалды (эпителий, мамық, жүн, қайызғақ)

в) тозаңды (тозаң)

г) химиялық заттар (100 000 көп, лак, бояу, тері илейтін заттар, еріткіштер, косметика)

д) дәрілік аллергендер (антибиотиктер, сульфаниламидті препараттар, вакциналар, анальгетиктер)

е) тағамдық (жұмыртқа ақуызы, балық, лактоглобулин, қызыл-сары дағы бар жеміс - жидектер)

ж) аллергендер, микроорганизмдер болып табылады және олардың бөліктері.

Эндоаллергендер ағзада бұзылысқа ұшыраған факторлардың әсерінен шығады (комплекстің түзілуі антиген табиғатынан емес басқа заттан торшаның өз тәнінен «аллергия жарыққа» және т. б. )

2. 2. Аллергиялық аурудың алдын-алу

Аллергиялық аурулардың патогенезінде аллергиялық қабыну негізгі рөл атқарады. Аса нәтижелі емге арнайы гипосенсибилизация - вакцинотерапия жатады. Бірақ бұл ем аурудың қозған кезінде қолданылмайды. Сонымен бірге гипосенсибилизацияны жүргізуге көп қайшылықтар бар және антиген табылмаған жағдайда тағайындалмайды. Псевдоаллергиялық реакцияларда вакцинотерапия нәтижесіз. Сондықтан аллергиялық ауруларды басқа әдістермен жақсы емдеуге болады. Көптеген дәрілердің емдік нәтижесі торша ішіндегі циклді аденозинмонофосфатқа (ЦАМФ) және циклді гуанозинмонофосфатқа (ЦГМФ) әсер етумен жүреді. Торшалардың аллергенге төзімділігін көтеру торша ішіндегі ЦАМФ -тың қорын көбейтумен және ЦГМФ-тың қорын азайтумен жүргізіледі. Аллергоздардың барлық емдеу тәсілдерін үшке бөледі: симптоматикалық емдеу әдістері, патогенетикалық әдістер, спецификалық гипосенсибилизация - вакцинотерапия. Симптоматикалық емдеуді аурудың қозған кезінде тағайындайды. Аллергиялық қабынудың патофизиологиялық (клиникасы) көріністеріне бағытталады. Патогенетикалық емдеу әдістері аллергиялық қабынудың негізгі патогенезінің иммунологиялық немесе патохимиялық фазасына бағытталады. Бұл емдер аурудың қозған кезінде (емдеу үшін) және ремиссия кезінде (профилактика үшін) тағайындалады. Арнайы емдеу жүргізілмеген жағдайда негізгі нәтижелі ем болып саналады. Көбінесе жоғарғы жүйке және эндокрин жүйесінің қалыпқа келтіретін, ағзаның арнайы емес реактивтігін төмендететін дәрілер жиі пайдаланылады. Арнайы емдеу әдістері аллергиялық қабынудың иммунологиялық фазасына бағытталады. Бұл емдер нәтижелі болуымен бірге ауру қоздыруы, асқынулар беруі мүмкін. Сондықтан иммунотерапия тек қана аллергиялық кабинеттерде жүргізіледі.

Дәрі-дәрмектік аллергия. Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы. Емдеу әдістері. Анафилактикалық шок

Дәрілік аллергендер - дәрілердің кері әсері негізін иммунологиялық механизмдер ерекшелігі құрады, басқа дәрілердің кері әсерінен дәрілік аллергияның айырмашылығы (мөлшерден тыс, идиосинкразия, токсикалық метаболиттердің құрылуы және басқалар) . Көріністі аллергиялық қасиетпен бөтен қан сарысуы, гормондар, ферменттер, адам қанынан алынған белок препараттарынан тұрады. Сонымен, көптеген дәрілік препараттар - бұл салыстырмалы жай химиялық қосылыс белок емес - гаптендер. Сенсибирленуші әсер үшін олар толық антигендерге айналуы керек, қайтымсыз химиялық (ковалентті) байланыс белок-тасымалдаушы құру жолымен жетеді. Дәрілік аллергияның өсуіне генетикалық бейімділік анық орын алады. Одан басқа да факторлар, дәрілік аллергияға бейімділік, иммундық жүйесінің дисфункциясы болуы мүмкін, бұл медикаменттерді ұзақ уақыт қабылдағанға байланысты. Дәрілік аллергияның өсуіне барлық төрт иммунологиялық бұзылыс қатысуы мүмкін. Дәрілік аллергияның пайда болуы әр түрлі: жай реакциядан (терілік бөртпе түрінде) жүйелі ауыр түрінің пайда болуына дейін (анафилактикалық естен тану) . Дәріге аллергиялық реакцияның бірден-бір жиі симптомдары болып (пеницилинді реттегі антибиотиктерді, сульфаниламидтерді, барбитураттарды жиі қабылдау кезінде) дәрілік безгек, препаратты жойғаннан кейін 48 сағаттан соң жойылады. Дәрілік аллергияның жиі көрінуі болып терінің әр түрлі бұзылысы: қышыма, бөртпе (эритематозды, папулезді, экзематозды), олар препаратты қабылдағаннан бастап бір демалыс өткеннен кейін көрінеді, жойғаннан соң 3-4 күнге дейін жойылмайды.

Кәсіби қатынастық фармацевтикалық өндіріс жұмыскерлері, медициналық жұмыскерлер, сонымен бірге дәріні (мазь) қолданған кезде аллергиялық реакция қатынастық дерматит түрінде баяу дамиды.

Көп дәрілік препараттар (антибиотиктер, сульфаниламидтер, гормондар, барбитураттар) анық қан сарысу ауруына ұқсас, есекжем, анафилактикалық естен тану көрінісіне шақырады. Препаратты аллергиялық реакцияның өсуі кезінде оны аз уақытқа жою жеткілікті. Егер ол жеткілікті болмаса, патогенетикалық терапия тағайындалады, ол иммунологиялық бұзылыстар түріне байланысты, антигистаминді препараттар, глюкокортикоидтар енгізеді. Дәрілік препараттардан болған жедел ауыр реакциялар емдеу қажет етеді, келесі синдромдарға сәйкес қабылданылады (анафилактикалық естен тану, есекжем, қан сарысуы ауруында және басқалар) .

Аллергиялық аурулардың патогенезінде аллергиялық қабыну негізгі рөл атқарады. Аса нәтижелі емге арнайы гипосенсибилизация - вакцинотерапия жатады. Бірақ бұл ем аурудың қозған кезінде қолданылмайды. Сонымен бірге гипосенсибилизацияны жүргізуге көп қайшылықтар бар және антиген табылмаған жағдайда тағайындалмайды. Псевдоаллергиялық реакцияларда вакцинотерапия нәтижесіз. Сондықтан аллергиялық ауруларды басқа әдістермен жақсы емдеуге болады. Көптеген дәрілердің емдік нәтижесі торша ішіндегі циклді аденозинмонофосфатқа (цАМФ) және циклді гуанозинмонофосфатқа (цГМФ) әсер етумен жүреді. Торшалардың аллергенге төзімділігін көтеру торша ішіндегі цАМФ-тың қорын көбейтумен және цГМФ-тың қорын азайтумен жүргізіледі. Аллергоздардың барлық емдеу тәсілдерін үшке бөледі (В. С. Мошкевич, 1992) : симптоматикалық емдеу әдістері, патогенетикалық әдістер, спецификалық гипосенсибилизация - вакцинотерапия.

Патогенетикалық емдеу әдістері аллергиялық қабынудың негізгі патогенезінің иммунологиялық немесе патохимиялық фазасына бағытталады. Бұл емдер аурудың қозған кезінде (емдеу үшін) және ремиссия кезінде (профилактика үшін) тағайындалады. Арнайы емдеу жүргізілмеген жағдайда негізгі нәтижелі ем болып саналады. Көбінесе жоғарғы нерв және эндокриндік жүйесінің қалыпқа келтіретін, ағзаның арнайы емес реактивтігін төмендететін дәрілер жиі пайдаланылады. Арнайы емдеу әдістері аллергиялық қабынудың иммунологиялық фазасына бағытталады. Бұл емдер нәтижелі болуымен бірге ауру қоздыруы, асқынулар беруі мүмкін. Сондықтан иммунотерапия тек қана аллергиялық кабинеттерде жүргізіледі.

Аллергиялық реакция

Аллергиялық реакция сатылы болып табылады, келесі сатысына бөлінеді:

Сенсибилизация - қалыпты белсенділігінен жоғары басқа да затқа көшу. Сатысы ағзаға бірінші түскен аллерген осы аллергенде иммунитет реакциясы құрылғанға дейін созылады. Механизмі 2 жұмада құрылады, сенсибилизацияның өзі айлар, жылдар және өмір бойы өтуі мүмкін. Сенсибилизация белсенді болуы мүмкін (аллергендер механизмін ағзаның өзі қалыптастырады) және баяу (қан құю кезінде сенсибилизирленгеннен сенсибилизирленбеген адамға) . Сенсибилизация факторы:

а. аллергенге тәуелді

I. ену жолы (жиі парентералды немесе ингаляторлы)

II. өлшем (сенсибилизирленуші өлшемі - жиі үлкен емес немесе өте үлкен саны)

III. аллергендер табиғаты (кейбір аллергендерге - 100% сезімталды)

IV. әсер ету ұзақтығы.

б. иммунологиялық белсенділік күйіне байланысты (кейбір аллергендер үлгісіне тұқымдық жатады)

Бұл сатысында ешқандай клиникалық көрініс жоқ, тек зерханалық әдіс көмегімен тағайындауға болады.

рұқсат - негізінде қайталанып түскен аллергендерде немесе ағзада 2 жұмадан көп сақталатын (сирек) осы аллергенде болады. Бұл сатысы клиникалық көрінісі бар, ол тез (бірнеше секундтан 6 сағатқа дейін), бұл тез түріндегі гиперсезімталдық (ТТГ), немесе баяу (24-48 сағат) - бұл тежеу түріндегі гиперсезімталдық (ТТГ) .

десенсибилизация - қайтымды қалыпты реактивті, өтуі мүмкін:

а. спонтанды және аллергендердің әсерін қайтарғаннан кейін өзінен-өзі шығады.

б. жасанды - курстан соң аллергенді микроөлшемде енгізгенде.

Аллергология бөліміне: 1) аллергиямен иммунитет механизмдерінің бірлестігі; 2) гиперсезімталдық; 3) аллергоздардың диагностикасы; 4) аллергиялық ауруларды емдеу принциптері; 5) поллиноздар; 6) тағам аллергиясы; 7) саңырауқұлақтық аллергия; 8) дәрілік аллергия; 9) жәндіктік аллергия; 10) вакциналық және сарысу реакциялары; 11) аллергиялық риниттер; 12) бронх демікпесі.

Нозологиялық бірлік. Поллиноз - этиологиялық принцип бойынша бірігетін (өсімдіктер тозаңы шақырады), аллергиялық аурулар тобы. Поллиноздың таралуы әр аймақта экологиялық климат факторларына байланысты вариацияланады және 2%-дан 20% дейін ауысып отырады. Аурудың анық қайталану мерзімі болады, өсімдіктердің гүлдеу кезіне сай келеді (амброзия, сұлубас, сұлы, жалбыз, жусан, алабота, терек, қайың, қанды ағаш, жаңғақ ағашы, жөке, ежа және басқалар) . Поллиноз негізі нозологиялық форма ортасында көрінеді, көздің зақымдануы (конъюнктивит, кератит, увеит), ЛОР-мүшелерінің зақымдануы (ринит, синусит, ларингит), тыныс алу жолдарының зақымдануы (бронхит, трахеит, бронхалды демікпе) .

Дәрілік аллергендер - дәрілердің кері әсері негізін иммунологиялық механизмдер ерекшелігі құрады, басқа дәрілердің кері әсерінен дәрілік аллергияның айырмашылығы (мөлшерден тыс, идиосинкразия, токсикалық метаболиттердің құрылуы және басқалар) .

Көріністі аллергиялық қасиетпен бөтен қан сарысуы, гормондар, ферменттер, адам қанынан алынған белок препараттарынан тұрады. Сонымен, көптеген дәрілік препараттар - бұл салыстырмалы жай химиялық қосылыс белок емес - гаптендер. Сенсибирленуші әсер үшін олар толық антигендерге айналуы керек, қайтымсыз химиялық (ковалентті) байланыс белок-тасымалдаушы құру жолымен жетеді. Дәрілік аллергияның өсуіне генетикалық бейімділік анық орын алады. Одан басқа да факторлар, дәрілік аллергияға бейімділік, иммундық жүйе қызметінің бұзылуының болуы мүмкін, бұл медикаменттерді ұзақ уақыт қабылдағанға байланысты.

Анафилактикалық естен тану -қатты жүйелі аллергиялық реакцияның жедел түрі, ағзаға аллергенді сенсибилизация фонында парентералды енгізу қорытындысында дамиды. Анафилактикалық естен тану шеткері қан тамыр коллапсының жылдам дамуымен, қан тамырларының өту жылдамдығы, тегіс бұлшық еттердің тарылуы, ОНЖ бұзылуы.

Анафилактикалық естен тану ағзаға дәрілік препараттарды енгізген кезде (антибиотиктер, антитоксикалық қан сүзбесі, сульфаниламидтер, анальгетиктер, витаминдер, гормондар), тағамдық өнімдердің түрін пайдалану соңында, жәндіктер шаққан кезде, ерекше диагностика және гипосенсибилизация жүргізгенде дамуы мүмкін.

Аллергендерге қарсы сезімталдықтың жоғарылауы аллергияға әкелсе, иммундық реакциялар торшаларды, ұлпаларды зақымдайды. Аллергияның дамуы иммунитеттің бұзылуымен немесе төмендеуімен жүреді.

Эозинофилдер ағзаға үлкен гельминттерден құтылуға көмектеседі. Протоплазмада - катионды белоктар және периоксидаза, ал гранулаларда - арилсульфатаза В, фосфолитаза Д және аллергияға қарсы әсері бар гистоаминаза орналасқан. Белсенген эозинофилдер көп лейкотриен 4 шығарады.

Эозинофилдердің үстінде иммуноглобулиндердің G және Е класының Fс - бөлігіне және белсенген С3в-ға рецепторы болады. Эозинофилдер өзінің С3в рецепторымен гельминттерге байланысып, өзінің белсенді заттарын шығарып гельминттерді зақымдайды. Эозинофилдердің хемотаксис, фагоцитоз жүргізетін белсенді оттегі шығаратын қабілеті бар.

Шеткері қанда базофилдер, ұлпада мес торшалары бір тұқымдас торшалар. Ұлпа базофилдері қан тамырларының маңына орналасқан. Мес торшалары әсіресе теріде және өкпеде көп. Бұл екі торшалардың гранулалары гистаминнің депосы, гистамин гепаринмен байланысқан. Олардан басқа онда серотонин және баяу реакция беретін зат-анафилаксин және нейтрофилдер хемотаксисы бар. Бұл екі торшаларда хемотаксис және фагоцитоз жүргізе алады. Бұлардың үстінде IgE-нің Fc-бөлігіне күшті аффинді рецепторлары бар. Ағзада пайда болған IgE бұлармен байланысады да антиген кездескенде оныменде қосылады. Сөйтіп базофилдік торшаларының мембранасының үстінде антиген-антидене реакциясы жүріп гранулалардың биологиялық белсенді заттары белсеніп торша сыртына бөлініп төгіледі (дегрануляция реакциясы) . Сонымен гиперсезімталдықтың жедел жүретін реакциясы жүреді. Ұлпа базофилдерінің дегранулациясының салдарынан ұлпа-тамыр өткізушілігі көбейіп, қанның сұйығы қан айналымынан шығып тері қызарып ісінеді, қышып ауырады. Ұлпа базофилдері қан ұю үрдісін бөгеп, фибринолизге, калликрекинин жүйесін және арнайы фактор тромбоциттерді белсендіреді. Тромбоциттерді белсендіретін фактор жедел жүретін аллергиялық реакцияның медиаторларына жатады. Бұл факторды базофилдер, нейтрофилдер, эозинофилдер, макрофагтар және өкпе тамырларының эндотелиалды торшалары шығарады. Тромбоциттердің агрегациясын дамытып серотонин босанып шығады. Арахидон қышқылының метаболиттері де (тромбаксин В

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Аллергия туралы
Аллергияның диагностикасы және емдеу
Аллергия
Аллергия. Аллергиялық диагностика жайлы ақпарат
Аллергия және аллергиялық диагностика
Денсаулыққа әсер ететін факторлар
Аллергия туралы тусінік
Аллергия. Аллергиялық диагностика туралы ақпарат
Аллергия. Аллергиялық диагностика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz