Жапон экономикалық ғажабы



Жоспар:

1.Кіріспе.

2.II дүниежүзілік соғыстан кейін Жапониядағы экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидалары.
3. Сыртқы экономикалық байланыстарды мемлекет тарапынан реттеу.
4. Импортты реттеу.
5. Жапонияның бюджет жүйесі.
6. Жапон экономикалық ғажабы.

7. Қорытынды.
Кіріспе.
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуі жаңа қоғамдық-экономикалық жүйені және соған сай адамдардың экономикалық ой-өрісінің қайта қалыптасуын талап етеді. Қазақстанда жүргізіліп отырған экономикалық реформалар (құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік) азаматтық айналыс пен шаруашылық жүйесіндегі құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайларды өзгертті. Экономикалық тұрақтану мен одан әрі дамуы барысында экономиканы мемлекеттік реттеу белсенді ықпал етеді. Тиімді экономиканың моделін жасаушы және көрнекті маман Клас Эклунд «таза күйінде мүлдем реттелмейтін нарық ешбір елде жоқ және болған да емес» - деп тұжырым жасаған. Яғни мемлекет нарықтық экономика жүйесінде болса да, мемлекет оны үнемі реттеп отырады.
Біз өзіміздің мемлекеттік реттеуімізді тиімді жүргізуіміз үшін, ең алдымен, шет елдік тәжірибесін зерттей отырып, өзіміздің экономикамыздың дамуын қамтамасыз ететін экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін құруымыз керек. Бірақ басқа елдердегі мемлекеттік реттеу тәжірибесін оқып үйрену және ғылыми қорытындылау мақсаты, оны біздің әлеуметтік-экономикалық жағдайымызға өзгертпей көшіріп алу емес.
Осындай тәжірибесі мол және дамыған мемлекеттердің қатарында Жапония жатыр. Бұл мемлекеттің экономикалық дамуы басқа мемлекеттерде және біздің елімізге ықыласқа сай үлгі.

II дүниежүзілік соғыстан кейін Жапониядағы экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидалары.
Жапонияның соғыс жылдарынан кейінгі кезеңде экономикалық дамуы туралы айтарда «Мемлекеттік бақылау» терминің қолдану дұрыс емес. Соғыс жылдарынан кейінгі кезеңде экономиканың қарқынды дамуына елеулі ықпал еткен ең алдымен Жапонияның нарықтық экономика механизміне сүйену әсерінен болды. Және де осы жерде ең басты мәселе болып жеке секторларды инвестициялау болды. Ал мемлекеттің басты міндеті осы бағытты дамытуға қолайлы жағдайлар жасау болды.
Соғыстан кейін қатты құлдыраған Жапонияның экономикасы елуінші жылдары қалпына келгеннен кейін, үкімен ұзақ мерзімді стратегияларды дамытуға мүмкідігі туды. Әсіресе, ұлттық табыс мөлшерін екі еселеу басты мақсатқа айналды.
Соғыстан кейінгі жылдардың басында Жапонияда капитал жетіспеушілігі кең етек алды. Бірақ соған қарамастан экономиканың жедел қарқынмен дамуы шет ел капиталының есебінен емес, Жапонияның ішкі қорланған капиталы арқасында болды. Кедей жапондықтар өз жинақталған қаражаттарын банктер мен басқак да қаржылық институттарға алып барулары үшін, оларға деген сенімділік туғызу қажеттілігі туды. Дәл осы мәселені шешуге Жапония үкіметі ат салысты. Ақшаларын жаңа құрал-жабдықтар, техника сатып алуға жұмсайтын кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер жүесі құрылды.
Бір жағынан, үкіметтің тұтыну шығындары қысқартылса, екінші жағынан – мемлекеттік инвестициялар көбейіп, қаржылық инвестициялар мен несиелер көп қолданылды. Жапония экономикасы біршама тұрақтанғаннан кейін, мемлекет теңестірілген бюджет саясатын жүргізуге тырысты,яғни мемлекеттік бюджетті тұрақтандыруды көздеді.
Соғыс аяқталған соң Жапония экономикасы қиын кезеңдерді бастан кешірді. Соғыс салдарынан мемлекет өзінің материалдық жағдайының 40 % -нан айырылуы, ауыр өнеркәсіп жабдықтарының 30 % жоғалып, Нагасаки және Хиросима атом бомбалауынан толығымен жойылып кетті. Тауар мен материал, азық-түлік жетіспеушілігі жалпыға бірдей сезілді. Инфляция 50 %-ға дейін жетті. Жапондық иен курсы американ долларына шаққанда әлдеқайда төмендеп, құлдырай түсті. Көптеген кәсіпорындар жабылып қалды.1946 жылы өнеркәсіп өнімнің деңгейі соғысқа дейінгінің 14% құрады.1945 жылдан 1947 жылдар аралығында қағаз ақша саны 4 есе өсіп кетті. 1945 жылы жұмысшылардың жалақысы соғысқа дейінгі деңгейдің 13% құрады. Барлығын қайтадан, жаңадан бастауға тура келді.
1947 жылы оккупуляциялық әкімшілік жаңа Жапондық Конституция даярлап шығарды.
Жапония экономикасының соғыстан кейінгі дамуы 3 кезенге бөлінді.
1-кезең: (1945-1960 жж.) экономикасының түбегейлі өзгеруі, әлемдік экономикада АҚШ-тың басымдығы. 1950 жылдардан Жапония экономикасының орташа жылдық дамуы 9,2 % болған.
1949 жылы салық жүйесінде реформа жүргізілді. Жалпы алғанда салықтар көтерілді, тек корпорацияларға салынаиын салық төмендетілді, басқару әкімшілік аппараты қалыпқа келтірілді, мемлекеттік бюджет шығыстары қысқартылды. Өз ішінде ғылыми-техникалық базаның жоқтығынан Жапония алдыңғы қатардағы технологияларды шет елдерден алып, оларды өндірісінд тиімді де қолайлы етіп жетілдіріп отырған.
Банк жүйесі секілді саясаттардың басымды бағыттарын мемлекет бақылап отырған.
Жапония экстенсивті үлгісі өте жоғары көрсеткіштер көрсетті.
50-жылдардың ортасынан бастап Жапон экономикасының өсуі жылдам қарқынмен өрлеуге бет алды, осы кезеңнен бастап «Жапондық ғажап» өз бастамасын көрсете бастаған болатын.
2-кезең: (1970 ж.) жапония экономикасында айтарлықтай құрылымдық өзгерістер орын алды.
1951-1970 жж. аралығында өнеркәсіп өнімінің орташа жылдық көлемі 15,2% құраған, ал ол кезде бұл көрсеткіш басқа елдерде төмендегідей болатын, мысалы: ФРГ мен Италияда - 7,4%, Францияда - 6,2%, АҚШ-та - 4%, Англияда - 3%.
1969 жылы Жалпы Ұлттық өнім көлемі бойынша Жапония АҚШ-тан кейінгі әлем бойынша 2-ші орынға ие, ал 1970 жылы Жапония әлемдік экспортта 4-ші орынға шықты.
Жапонияның ірі державаға айналуына біршама факторлар әсер етпей қоймады. Олар ең алдымен:
• Энергоматериалды азайту арқылы өндірісті белсендіру;
• Электроника және технология салаларын толықтай игеру;
• Экономиканыреттеуші мемлекет ролінің өзгеруі, инфляция, ұлттық валютаның тұрақтануы, нарықтық механизмді құру секілді қосалқы әдістер арқылы экономиканы реттеу;
• Сыртқы экономикалық қатынастарда да көзге көрінер өзгерістер болды. Жапония шет елдерге ірі көлемдегі инвестиция құйып, экспортқа деген тәуелділігінен біртіндеп арыла бастады.
3-кезең: Интенсивті үлгіге негізделген экономиканың қарқынды дамуы, салық реформалары, өзіндік технологиялық жетістіктер.
Жапонияның сыртқы экономикалық қатынастарының дамуына төмендегі факторлар әсер етті:
1. Ғылыми-техникалық өзгерістерді (жетістіктерді) кеңінен пайдалану;
2. Өндірістің орталықтануы мен шоғырлануын мемлекеттің реттеуі;
3. Батыс Еуропа мен АҚШ-қа қарағанда капитал көлемінің көбеюі;
4. Жапония менеджментінің сырттан келетін импортқа бейімделуі;
5. Қорғаныс пен қаруландыруға қаржыныңаз бөлінуі;
6. Ұлттық кірісті мемлекет саясатымен қайта қарауы.
Осының арқасында Жапония аз уақыт ішінде Оңтүстік Шығыс Азия, Австралия және Жаңа Зеландияның нарық жүйелерін кеңінен басып алды.

Пән: Экономикалық география
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1.Кіріспе.

2.II дүниежүзілік соғыстан кейін Жапониядағы экономиканы мемлекеттік
реттеудің негізгі қағидалары.
3. Сыртқы экономикалық байланыстарды мемлекет тарапынан реттеу.
4. Импортты реттеу.
5. Жапонияның бюджет жүйесі.
6. Жапон экономикалық ғажабы.
7. Қорытынды.

Кіріспе.
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуі жаңа қоғамдық-
экономикалық жүйені және соған сай адамдардың экономикалық ой-өрісінің
қайта қалыптасуын талап етеді. Қазақстанда жүргізіліп отырған экономикалық
реформалар (құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік) азаматтық
айналыс пен шаруашылық жүйесіндегі құқықтық, қаржылық-экономикалық және
әлеуметтік жағдайларды өзгертті. Экономикалық тұрақтану мен одан әрі дамуы
барысында экономиканы мемлекеттік реттеу белсенді ықпал етеді. Тиімді
экономиканың моделін жасаушы және көрнекті маман Клас Эклунд таза күйінде
мүлдем реттелмейтін нарық ешбір елде жоқ және болған да емес - деп тұжырым
жасаған. Яғни мемлекет нарықтық экономика жүйесінде болса да, мемлекет оны
үнемі реттеп отырады.
Біз өзіміздің мемлекеттік реттеуімізді тиімді жүргізуіміз үшін, ең
алдымен, шет елдік тәжірибесін зерттей отырып, өзіміздің экономикамыздың
дамуын қамтамасыз ететін экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін құруымыз
керек. Бірақ басқа елдердегі мемлекеттік реттеу тәжірибесін оқып үйрену
және ғылыми қорытындылау мақсаты, оны біздің әлеуметтік-экономикалық
жағдайымызға өзгертпей көшіріп алу емес.
Осындай тәжірибесі мол және дамыған мемлекеттердің қатарында Жапония
жатыр. Бұл мемлекеттің экономикалық дамуы басқа мемлекеттерде және біздің
елімізге ықыласқа сай үлгі.

II дүниежүзілік соғыстан кейін Жапониядағы экономиканы мемлекеттік
реттеудің негізгі қағидалары.
Жапонияның соғыс жылдарынан кейінгі кезеңде экономикалық дамуы туралы
айтарда Мемлекеттік бақылау терминің қолдану дұрыс емес. Соғыс
жылдарынан кейінгі кезеңде экономиканың қарқынды дамуына елеулі ықпал еткен
ең алдымен Жапонияның нарықтық экономика механизміне сүйену әсерінен болды.
Және де осы жерде ең басты мәселе болып жеке секторларды инвестициялау
болды. Ал мемлекеттің басты міндеті осы бағытты дамытуға қолайлы жағдайлар
жасау болды.
Соғыстан кейін қатты құлдыраған Жапонияның экономикасы елуінші
жылдары қалпына келгеннен кейін, үкімен ұзақ мерзімді стратегияларды
дамытуға мүмкідігі туды. Әсіресе, ұлттық табыс мөлшерін екі еселеу басты
мақсатқа айналды.
Соғыстан кейінгі жылдардың басында Жапонияда капитал жетіспеушілігі
кең етек алды. Бірақ соған қарамастан экономиканың жедел қарқынмен дамуы
шет ел капиталының есебінен емес, Жапонияның ішкі қорланған капиталы
арқасында болды. Кедей жапондықтар өз жинақталған қаражаттарын банктер мен
басқак да қаржылық институттарға алып барулары үшін, оларға деген
сенімділік туғызу қажеттілігі туды. Дәл осы мәселені шешуге Жапония үкіметі
ат салысты. Ақшаларын жаңа құрал-жабдықтар, техника сатып алуға жұмсайтын
кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер жүесі құрылды.
Бір жағынан, үкіметтің тұтыну шығындары қысқартылса, екінші жағынан –
мемлекеттік инвестициялар көбейіп, қаржылық инвестициялар мен несиелер көп
қолданылды. Жапония экономикасы біршама тұрақтанғаннан кейін, мемлекет
теңестірілген бюджет саясатын жүргізуге тырысты,яғни мемлекеттік бюджетті
тұрақтандыруды көздеді.
Соғыс аяқталған соң Жапония экономикасы қиын кезеңдерді бастан
кешірді. Соғыс салдарынан мемлекет өзінің материалдық жағдайының 40 % -нан
айырылуы, ауыр өнеркәсіп жабдықтарының 30 % жоғалып, Нагасаки және Хиросима
атом бомбалауынан толығымен жойылып кетті. Тауар мен материал, азық-түлік
жетіспеушілігі жалпыға бірдей сезілді. Инфляция 50 %-ға дейін жетті.
Жапондық иен курсы американ долларына шаққанда әлдеқайда төмендеп, құлдырай
түсті. Көптеген кәсіпорындар жабылып қалды.1946 жылы өнеркәсіп өнімнің
деңгейі соғысқа дейінгінің 14% құрады.1945 жылдан 1947 жылдар аралығында
қағаз ақша саны 4 есе өсіп кетті. 1945 жылы жұмысшылардың жалақысы соғысқа
дейінгі деңгейдің 13% құрады. Барлығын қайтадан, жаңадан бастауға тура
келді.
1947 жылы оккупуляциялық әкімшілік жаңа Жапондық Конституция даярлап
шығарды.
Жапония экономикасының соғыстан кейінгі дамуы 3 кезенге бөлінді.
1-кезең: (1945-1960 жж.) экономикасының түбегейлі өзгеруі, әлемдік
экономикада АҚШ-тың басымдығы. 1950 жылдардан Жапония экономикасының орташа
жылдық дамуы 9,2 % болған.
1949 жылы салық жүйесінде реформа жүргізілді. Жалпы алғанда салықтар
көтерілді, тек корпорацияларға салынаиын салық төмендетілді, басқару
әкімшілік аппараты қалыпқа келтірілді, мемлекеттік бюджет шығыстары
қысқартылды. Өз ішінде ғылыми-техникалық базаның жоқтығынан Жапония алдыңғы
қатардағы технологияларды шет елдерден алып, оларды өндірісінд тиімді де
қолайлы етіп жетілдіріп отырған.
Банк жүйесі секілді саясаттардың басымды бағыттарын мемлекет бақылап
отырған.
Жапония экстенсивті үлгісі өте жоғары көрсеткіштер көрсетті.
50-жылдардың ортасынан бастап Жапон экономикасының өсуі жылдам
қарқынмен өрлеуге бет алды, осы кезеңнен бастап Жапондық ғажап өз
бастамасын көрсете бастаған болатын.
2-кезең: (1970 ж.) жапония экономикасында айтарлықтай құрылымдық
өзгерістер орын алды.
1951-1970 жж. аралығында өнеркәсіп өнімінің орташа жылдық көлемі 15,2%
құраған, ал ол кезде бұл көрсеткіш басқа елдерде төмендегідей болатын,
мысалы: ФРГ мен Италияда - 7,4%, Францияда - 6,2%, АҚШ-та - 4%, Англияда -
3%.
1969 жылы Жалпы Ұлттық өнім көлемі бойынша Жапония АҚШ-тан кейінгі
әлем бойынша 2-ші орынға ие, ал 1970 жылы Жапония әлемдік экспортта 4-ші
орынға шықты.
Жапонияның ірі державаға айналуына біршама факторлар әсер етпей
қоймады. Олар ең алдымен:
• Энергоматериалды азайту арқылы өндірісті белсендіру;
• Электроника және технология салаларын толықтай игеру;
• Экономиканыреттеуші мемлекет ролінің өзгеруі, инфляция, ұлттық
валютаның тұрақтануы, нарықтық механизмді құру секілді қосалқы
әдістер арқылы экономиканы реттеу;
• Сыртқы экономикалық қатынастарда да көзге көрінер өзгерістер
болды. Жапония шет елдерге ірі көлемдегі инвестиция құйып,
экспортқа деген тәуелділігінен біртіндеп арыла бастады.
3-кезең: Интенсивті үлгіге негізделген экономиканың қарқынды дамуы,
салық реформалары, өзіндік технологиялық жетістіктер.
Жапонияның сыртқы экономикалық қатынастарының дамуына төмендегі
факторлар әсер етті:
1. Ғылыми-техникалық өзгерістерді (жетістіктерді) кеңінен
пайдалану;
2. Өндірістің орталықтануы мен шоғырлануын мемлекеттің реттеуі;
3. Батыс Еуропа мен АҚШ-қа қарағанда капитал көлемінің көбеюі;
4. Жапония менеджментінің сырттан келетін импортқа бейімделуі;
5. Қорғаныс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Классик прозасында – өмір пәлсапасы
Конфуций діні
Қазақстандағы XX ғасырдағы ұлттық идеяның және ұлттық мемлекеттіліктің дамуы
«Шет елдер экономикасы» пәнінің ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қазақ газеті - Алаш партиясының жаршысы
Құрақ көрпе
Құстар классына сипаттама
Патшалық ресейдің Қазақстанның жер шаруашылығын зерттеу мақсатымен құрылған экспедициялардың сипатын анықтау
Халықтың қартаю үдерісі
Орта ғасырлардағы Қытай өркениеті
Пәндер