Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы



Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Фармацевтикалық терминология
Фармация (грек. pharmakeіa — дәрі, дәріні қолдану) — денсаулық сақтау ісінің халыққа дәрімен көмек көрсетуді іске асыратын бір саласы. Фармацияның теориялық негізіне дәрілік заттарды анықтау, іздеу, оларды зерттеу, дайындау, қалыптау және шығару, сұрыптау, стандарттау, сақтау, тарату және фармациялық қызметті ұйымдастыру жатады. Фармация ұғымы ертеден белгілі. Алғашқы кезде емдейтін адам өсімдік, жануар және минералдық заттардан алынатын дәрілерді өзі дайындап, науқасқа өзі тағайындады. Сондықтан да мұндай емдеулер көп жағдайда әр түрлі әдет-ғұрып және ырым-жоралармен жасалды. Біртіндеп дәрілік шикізаттарды жинайтын, олардан әр түрлі дәрілер жасап, дұрыс сақтап, сататын адамдар шыға бастады. Ежелгі Мысырда оларды фармаки (аурудан жазатын, қауіпсіздік сыйлайтын адам) деп атады.
Фармация өсімдік пен жануардан алынатын шикізаттар, оларды алғаш рет өңдеу кезінде алынатын өнімдер туралы ғылым — фармакогнозиядан және дәрінің әсер ету дәрежесінің дәрі формасына, оны әзірлеу технологиясына қаншалықты тәуелді екенін зерттейтін ғылыми бағыт — биофармациядан тұрады. Ал дәрілік заттардың сапасын нормаға келтіріп, стандарттау жиынтығы фармакопея (грек. pharmakon — дәрі және poіeo — жасаймын) деп аталады.Қазақстанда Фармация саласындағы ғылыми-тәжірибелік жұмыстар 1951 жылы басталды, олармен қазір Қазақ ұлттық медицина унивеситетінің фармацевтика факультеті, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының клиник. Фармакология кафедрасы, республиканың жоғары медициналық оқу орындарындағы арнайы кафедралар шұғылданады. 2006 жылы мәлімет бойынша Қазақстан Республикасында 3228 дәріхана, 1144 дәріханалық пунктер, 2358 дәріханалық киоскілер, 626 дәріханалық қоймалар, 115 фармацевтік өндірістер жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта фармация бойынша ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз етудің бір-шама спецификалық қиыншылықтары бар. Мысалы, медициналық реферативтік журналдың «Фармация» бөлімі көлемі жағынан
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. М.Н. Чернявский, Латинский язык и основы медицинской терминологии, Учебная литература для студентов медицинских вузов, Москва, «Шико», 2013г.
2. Орманов Н.Ж., Сырманова Н.Р., Орманова Л.Н., Жалпы рецептура. Жалпы фармакология, Алматы, 2012г.
3. Н.И. Зуева, И.В. Зуева, В.Ф. Семенченко, Латинский язык и фармацевтическая терминология, Учебное пособие, Москва, «ГЭОТАР - Медиа», 2012 г. 4. Панасенко Ю.Ф., Основы латинского языка с медицинской терминологией: учебник для мед.училищ и колледжей, М., ГЭОТАР, - медиа, 2012 г
5. Марцелли А.А., Латинский язык: учебное пособие, - 3 –е издание, перераб.и доп.- Ростов- на -Дону: Феникс, 2011г.
6. Д.А.Харкевич, Фармакология, Учебник, Москва, «ГЭОТАР - Медиа», 2010г.
7. Петрова Г.В., Латинская терминология в медицине: справочноучебное пособие, М., АСТ, 2009г.
8. А.Г. Муляр, Общая рецептура, учебное пособие, Москва, 2009г.
9. Ахметов М., Медициналық терминдер сӛздігі, Алматы, 2009г.
10. Петрученко О. Латинско-русский словарь.- М.: ООО Директмедиа Паблишинг, 2008 г.
11. Краткий русско-латинский и латинско-русский словарь по фармацевтической терминоологии/ сост. Л.В. Широкова.Нижний Новгород,: НГМА, 2008г.
12. Г.В.Петрова, В.И.Ермичева, Латинская терминология в медицине. Справочно-учебное пособие для медиков и фармацевтов. Москва, 2007г. 13. Абжанова Т.А., Учебник по латинскому языку.- Алматы: Ғылым, 2005г. 14. Кацман Н.Л. Латинский язык,. – М.:ВЛАДОС, 2003г
15. Т.Момынов, А.Рақышев, Г.Ақжігітов, Ағылшынша – қазақша медициналық сӛздік, Алматы, ЖШС «Кітап баспасы», 2003ж.
16. М.Н.Чернявский, Латинский язык и основы фармацевтической терминологии – учебник для студентов фармацевтических вузов и факультетов, Москва, Медицина, 2002г.
17. Фармакология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі

Орындаған: Райымбек Әділет
Тобы: ВС-503

Семей қаласы
2015 жыл

Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Фармацевтикалық терминология
Фармация (грек. pharmakeіa -- дәрі, дәріні қолдану) -- денсаулық сақтау ісінің халыққа дәрімен көмек көрсетуді іске асыратын бір саласы. Фармацияның теориялық негізіне дәрілік заттарды анықтау, іздеу, оларды зерттеу, дайындау, қалыптау және шығару, сұрыптау, стандарттау, сақтау, тарату және фармациялық қызметті ұйымдастыру жатады. Фармация ұғымы ертеден белгілі. Алғашқы кезде емдейтін адам өсімдік, жануар және минералдық заттардан алынатын дәрілерді өзі дайындап, науқасқа өзі тағайындады. Сондықтан да мұндай емдеулер көп жағдайда әр түрлі әдет-ғұрып және ырым-жоралармен жасалды. Біртіндеп дәрілік шикізаттарды жинайтын, олардан әр түрлі дәрілер жасап, дұрыс сақтап, сататын адамдар шыға бастады. Ежелгі Мысырда оларды фармаки (аурудан жазатын, қауіпсіздік сыйлайтын адам) деп атады.
Фармация өсімдік пен жануардан алынатын шикізаттар, оларды алғаш рет өңдеу кезінде алынатын өнімдер туралы ғылым -- фармакогнозиядан және дәрінің әсер ету дәрежесінің дәрі формасына, оны әзірлеу технологиясына қаншалықты тәуелді екенін зерттейтін ғылыми бағыт -- биофармациядан тұрады. Ал дәрілік заттардың сапасын нормаға келтіріп, стандарттау жиынтығы фармакопея (грек. pharmakon -- дәрі және poіeo -- жасаймын) деп аталады.Қазақстанда Фармация саласындағы ғылыми-тәжірибелік жұмыстар 1951 жылы басталды, олармен қазір Қазақ ұлттық медицина унивеситетінің фармацевтика факультеті, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының клиник. Фармакология кафедрасы, республиканың жоғары медициналық оқу орындарындағы арнайы кафедралар шұғылданады. 2006 жылы мәлімет бойынша Қазақстан Республикасында 3228 дәріхана, 1144 дәріханалық пунктер, 2358 дәріханалық киоскілер, 626 дәріханалық қоймалар, 115 фармацевтік өндірістер жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта фармация бойынша ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз етудің бір-шама спецификалық қиыншылықтары бар. Мысалы, медициналық реферативтік журналдың Фармация бөлімі көлемі жағынан үлкен емес, ал ғылыми зерттеулерге қажетті дәрілік препарат-тар саласындағы мәліметтер көбіне химиялық, биологиялық және басқа да әдебиеттерде шоғыр-ланған. Сұрау бойынша мәліметтерді орталықтандыру және беру ақпараттық іздеуге уақытты бір-шама қысқартуы мүмкін. Мұнан басқа, препараттардың спецификалық қасиеттері туралы салыс-тырмалы мәліметтердің жиналуы оларды мақсатты бағытта қолдануға,
және де жаңа препарат-тарды жасау принциптерін біріктіруге мүмкіндік жасайды Кейбір басты фармацевтикалық терминдер. Фармацевтикалық терминология - арнайы пәндердің қатарынан тұратын ортақ фармация деген атауға біріккен жиынтығы (греk pharmakeia - дәріні шығару және пайдалану). Фармацевтикалық терминология - ортақ фармация атауына біріккен синтетика, ӛсімдік, минерал, жануар әлемінен алынатын дәрілік құралдардың пайда болуы, шығарылуы, пайдалануын зерттейтін арнайы пәндер терминологиясынан тұратын кешен. Бұл кешенде басты орынды дәрілік құралдар номенклатурасы - пайдалануға рұқсат етілген дәрілік заттар мен препараттардың кең кӛлемдегі жиынтығы алады. Атаулардың құрылымдық типінің және сӛз тудыру әдістерін талдауға әсер ететін принциптерді дұрыс түсіну үшін кейбір басты фармацевтикалық терминдермен танысу керек.
1. Дәрі (medicamentum) - аурудың алдын алу, оны емдеу немесе анықтау үшін қолданылатын табиғи немесе синтетикалық зат немесе заттар қосындысы.
2. Дәрілік зат - бір химиялық қосындыдан немесе химиялық элементтен тұратын дәрі.
3. Дәрілік ӛсімдік шикізаты - медициналық пайдалануға рұқсат етілген ӛсімдік шикізаты.
4. Дәрілік тҥр - дәріге берілетін қолдануға ыңғайлы іс жүзінде қажетті емдік әсер тудыратын күй; консистенциясына қарай қатты, жұмсақ және сұйық дәрілік түрлерді ажыратады.
5. Дәрілік препарат (бал.: медикамент, дәрілік препарат) нақтылы бір дәрілік түр күйінде дайындалған дәрі.
6. Әсер ететін зат - терапевтік, профилактикалық, диагностикалық әсер беретін дәрілердің компоненттері.
7. Біріктірілген дәрілер (бал.: қосынды дәрілер, құрама дәрілер) - бір дәрілік қалыпқа екі немесе одан да көп әсер етуші заттар кіретін дәрілердің үлкен тобы.
Дәрілік заттардың тривиалдық атаулары
Көптеген дәрілік заттар ретінде қолданылатын химиялық қосындылар өзінің қызметінде оларға химиялық номенклатурада берілген атауларын да сақтайды (мырыш оксиды, салицил қышқылы, натрийдің хлориді... ). Бірақ көп жағдайда дәрілік заттар номенклатурасында химиялық қосындылар ғылыми, жүйелік атаулармен емес, тривиалдық атаулармен кӛрсетілген (лат. trivialis, e - кәдімгі). Бұл атаулар химиктерде келісілген ғылыми жіктелудің айрықша принциптерін емес, құрамын немесе құрылысын бейнелейді. Бұл қатынаста тривиалдық атаулар толығымен жүйелік атауларға жол береді. Алайда жүйелік атаулар дәрілік заттардың атаулары ретінде рецептерде, этикеткаларда, дәріханаларда күрделігіне байланысты тиімді емес. Тривиалдық атаулар қысқа, қолайлы, тек кәсіби емес, жай қатынаста да ыңғайлы. Мыс.: анальгин Analginum (тривиалдық атауы)
1-Фенил - 2, 3- диметил-4метиламино-пиразолон-5-N -метансульфонат натрия (химиялық жүйелік (ғылыми) атауы) дибазол Dibazolum
2-Бензилбензимидазола гидрохлорид Әрбір жаңа дәрінің саудалық атауы қазақ және латын тілінде екі транскрипциялық эквивалеттер түрде бекітіледі. Мыс.: рифампицин - Rifampicinum, Dimedrolum - димедрол.
Дәрінің латын эквиваленті - um жалғаумен аяқталатын 2 септеудегі neutrum зат есімі болады (ілік септікте Gen.sing. жалғау - i).
Мыс.: Asparcamum, i n - Aспаркам, tabulettae Asparcami - Aспаркамның таблеткалары, Dibazolum, i n - дибазол, tabulettae Dibazoli - дибазолдың таблеткалары. Дәрі тҥрлері туралы қысқаша мәліметтер Дәрілік түр деп қажетті емдік немесе алдын алу (профилактикалық) әсерін алу үшін дәрілердің қолдануға ыңғайлы түрлерін айтамыз. Дәрілік түрлер коюлануына байланысты қатты, сұйық және жұмсақ болып бӛлінеді.
Дәрілік түрлердің жіктелісі:
А) Қатты дәрілік түрлер: Ұнтақтар pulveres (pulvis, eris m) Таблеткалар tabulettae (tabuletta, ae f) Драже (ӛзгермейді) Гранулалар, түйіршіктер granula (granulum, i n ) Пилюлялар pilulae (pilula, ae f) Карамельдер Caramel Пастилкалар немесе трошелер (Trochisci) Қоспалар, жинақтар species (Species,ei f Species, erum - plur.) Капсулалар (capsula, ae f)
В) Сұйық дәрілік түрлер: Ерітінділер solutiones (solutio, onis f) Суспензиялар suspensiones (suspensio, onis f) Эмульсиялар emulsa (emulsum, i n ) Кілегейлер mucilagines (mucilago, inis f) Тұнбалар infusa (infusum, i n ) Қайнатпалар decocta (decoctum, i n ) Тұндырмалар tincturae (tinctura, ae f) Сығындылар extracta (extractum, i n ) (құрғақ, қою, сұйық болады). Микстуралар mixturae (mixtura, ae f ) (Медициналық) майлар olea (oleum, i n ) Шырындар (ӛсімдіктердің) succi (succus, i m ) Шәрбаттар sirupi (sirupus, i m ) Бальзамдар balsama (balsamum, i n ) Тамшылар guttae (gutta,ae f)
C) Жұмсақ дәрілік түрлер: Жағындылар unguenta (unguentum, i n ) Сықпалар pastae (pasta, ae f) Линименттер linimenta (linimentum, i n ) Суппозиториялар, балауыздар suppositoria (suppositorium , i n) Бұласырлар немесе пластырлар emplastra (emplastrum, i n ) Кремдер (cremores) Дәрілік түрлер туралы қысқаша мәліметтер: Aerosolum, i n аэрозоль дисперсиялық жүйесін кӛрсететін дәрі түрі Granulum, i n гранула қатты дәнек дәрілік түр Gutta, ae f тамшы тамшы түріндегі іштей және сырттай қолдануға арналған Unguentum, i n жағынды іштей қолдануға арналған жұмсақ дәрілік түр Linimentum, i n линимент сұйық жағынды Pasta, ae f сықпа 20-25 % аса ұнтақ түріндегі заттары бар жағынды Emplastrum, i n бұласыр, пластырь сырттай қолдануға арналған дене қызуына жұмсаратын және теріге жабысатын пластикалық масса түріндегі дәрілік түр.
uppositorium, i n суппозиторий, балауыз бӛлмеде қатты және дене қызуына балқитын немесе дене қызуына еритін дәрілік түрі, егер суппозиторий қынапқа еңгізілсе, ол suppositorium vaginale деп аталады. Pulvis, eris m ұнтақ ішкі, сыртқы немесе инъекциялық қолдануға арналған дәрілік түр. Tabuletta, ae f таблетка дәрілік заттарды және дәрілік қосындылар мен кӛмекше заттарды престеу нәтижесінде алынатын мӛлшерлік дәрі түрі. Ішкі, сыртқы және инъекциялық қолдануға арналған. Tabuletta obducta қабықшамен қапталған таблетка әсер ету орны, дәм сезу, сақтау, сыртқы түрдің жақсаруына арналған қабықшалы таблетка. Dragee (фр.) драже дәрілік заттардың қабатталуынан және қосымша заттарды түйіршікке айналдыру жолымен жасалған мӛлшерленген қатты түйіршікті дәрі түрі. Solutio, onis f ерітінді ішкі, сыртқы, инъекциялық қолдануға арналған бір немесе бірнеше заттарды еріту арқылы алатын дәрі түрі. Suspensio, onis f суспензия ішкі, сыртқы немесе инъекцияға арналған дисперсті жүйе болып табылатын сұйық дәрі түрі. Emulsum, i n эмульсия ішкі, сыртқы немесе инъекцияға арналған ӛзара ерімейтін сұйықтықтан құралған дисперсті жүйе болып табылатын сұйық дәрі түрі. Pilula, ae f пилюля дәрілік заттар және қосымша заттардан құралған шар тәрізді (салмағы 0,1-0,5) мӛлшерленген қатты дәрі түрі. Tinctura, ae f тұндырма ішкі немесе сыртқы қолдануға арналған дәрілік ӛсімдік шикізатынан алынған спирттік, спирт-эфирлік, спирт-сулы мӛлдір дәрі түрі. Infusum, i n тұнба ішкі және сырттай қолдануға арналған ӛсімдік шикізатынан алынған сулы дәрі түрі. Decoctum, i n қайнатпа тұнбаның түрі Sirupus, i m (medicinalis) шәрбат (медициналық) ішке қолдануға арналған сұйық дәрі түрі. Species, ei f (Species, erum) жиынтық қоспа қайнатпа және тұнба жасауына арналған майдаланған және бүтін дәрілік шикізаттың бірнеше түрінің қоспасы Capsula, ae f капсула қабықша (бал.: капсула) - жағымсыз дәмі, иісі немесе тітіркендіргіш әсері бар ішуге қолданылатын мӛлшерленген дәрілердің сыртқы қабығы. C. gelatinosa желатинді капсула С. amylacea seu oblata крахмалды капсула ішкі қолдануға арналған желатин, крахмал, басқа полимерді бір қабықшаға жиналған мӛлшерленген дәрі түрі. Membranula ophthalmica ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фармацевтикалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі жайлы
Фармацевтикалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі
Фармацевтика терминдерінің латын тіліндегі дәріптелуі
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы мәлімет
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы
Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі жайлы
Фармацевтикалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі туралы
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі атаулары
Фармацевтикалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы ақпарат
Пәндер