Экономикалық теория қалыптасу кезеңі
Жоспар
1. 2013 . 2014 . 2015 ҚР макраэканомикасына негізгі сипаттама көрсеткіші
2. ҚР эканомикалық өсу себептері факторлары
3. инфляция әлеуметтік салдары және инфляцияға қарсы саясат
4. ҚР инвестиция салалары

2007 жылдың қорытындылары бойынша мемлекеттік бюджеттің кірістері 2006
жылмен салыстырғанда 23,5% ұлғайып, 2887,8 млрд. теңгеге немесе ЖІӨ-ге 22,7% жетті
(2006 жылы – ЖІӨ-ге 22,9%). Кірістердің түсу жоспарының орындалуы 100,3% болды.
2007-2008 жылы әлеуметтік-экономикалық салалардағы бағдарламаларды қаржыландыруға байланысты мемлекет шығындары артты.
2007 жылы мемлекеттік бюджет 215,3 млрд. теңге (ЖІӨ-ге 1,7%) мөлшеріндегі дефицитпен орындалды, ал 2006 жылы ол 81,6 млрд. теңге мөлшеріндегі профицитпен орындалған болатын.
2000 жыл – 2007 жыл аралығындағы кезең – қаржылық тұрақтылық және экономиканың жаппай даму кезеңі. 2000 жылдан бастап әлемдік қаржы нарықтарының тұрақтануы, әлемдік тауар нарықтарындағы қолайлы баға конъюнктурасы, әлемдік экономиканың жандануы Қазақстандағы макроэкономикалық ахуалға оң ықпал етті. 2007 жылы Қазақстанның экономикалық дамуын екі кезеңге бөлуге болады. Жылдың бірінші жартысында өткен жылдары байқалған оң үрдістер (өнеркәсіптің, жылжымайтын мүлік нарығының, құрылыстың, сауданың, банк қызметі нарығының жоғары даму қарқыны) сақталды. Бірінші жарты жылда экономикаға кредиттер 47% жуық, резиденттердің банк жүйесіне депозиттері 24% ұлғайды. 2007 жылғы тамызда АҚШ ипотекалық заемдар нарығындағы 2007 жылдың басында туындаған дағдарыс әлемдік қаржы нарықтарындағы ахуалға айтарлықтай ықпал ете отырып, жергілікті сипаттан ауқымды сипатқа ұласты.2007 жылы қазақстандық экономикаға сондай-ақ әлемдік азық-түлік нарықтарындағы сілкініс теріс ықпал етуімен жағдай күрделене түсті. Мәселен, дәнді дақылдарды негізгі өндіруші елдерде өнімнің төмен болуының, өсімдік шикізаты (биоэтанол) түріндегі отынның балама түрлерін әлемдік өндірудің өсуі нәтижесінде астықтың, күнбағыс майының әлемдік бағасы өсті. Осының барлығы елдегі инфляциялық қысымның өсуіне себепші болды.
2008 жыл – қ.ж.д. аралығындағы кезең – мемлекттің антиинфляциялық саясат ұстану және экономикалық жаңғыру кезеңі. Қазақстан Республикасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СОӨЖ
Тақырыбы: Эканомикалық теория қолыптасу кезеңі.
Орындаған: Турарбекова О. Б.
ПХ 415 топ
Тексерген: Габдуллина Л.Б.
Семей қаласы, 2015 жыл
Жоспар
1. 2013 – 2014 – 2015 ҚР макраэканомикасына негізгі сипаттама көрсеткіші
2. ҚР эканомикалық өсу себептері факторлары
3. инфляция әлеуметтік салдары және инфляцияға қарсы саясат
4. ҚР инвестиция салалары
2007 жылдың қорытындылары бойынша мемлекеттік бюджеттің кірістері 2006
жылмен салыстырғанда 23,5% ұлғайып, 2887,8 млрд. теңгеге немесе ЖІӨ-ге
22,7% жетті
(2006 жылы – ЖІӨ-ге 22,9%). Кірістердің түсу жоспарының орындалуы 100,3%
болды.
2007-2008 жылы әлеуметтік-экономикалық салалардағы бағдарламаларды
қаржыландыруға байланысты мемлекет шығындары артты.
2007 жылы мемлекеттік бюджет 215,3 млрд. теңге (ЖІӨ-ге 1,7%) мөлшеріндегі
дефицитпен орындалды, ал 2006 жылы ол 81,6 млрд. теңге мөлшеріндегі
профицитпен орындалған болатын.
2000 жыл – 2007 жыл аралығындағы кезең – қаржылық тұрақтылық және
экономиканың жаппай даму кезеңі. 2000 жылдан бастап әлемдік қаржы
нарықтарының тұрақтануы, әлемдік тауар нарықтарындағы қолайлы баға
конъюнктурасы, әлемдік экономиканың жандануы Қазақстандағы
макроэкономикалық ахуалға оң ықпал етті. 2007 жылы Қазақстанның
экономикалық дамуын екі кезеңге бөлуге болады. Жылдың бірінші жартысында
өткен жылдары байқалған оң үрдістер (өнеркәсіптің, жылжымайтын мүлік
нарығының, құрылыстың, сауданың, банк қызметі нарығының жоғары даму
қарқыны) сақталды. Бірінші жарты жылда экономикаға кредиттер 47% жуық,
резиденттердің банк жүйесіне депозиттері 24% ұлғайды. 2007 жылғы тамызда
АҚШ ипотекалық заемдар нарығындағы 2007 жылдың басында туындаған дағдарыс
әлемдік қаржы нарықтарындағы ахуалға айтарлықтай ықпал ете отырып,
жергілікті сипаттан ауқымды сипатқа ұласты.2007 жылы қазақстандық
экономикаға сондай-ақ әлемдік азық-түлік нарықтарындағы сілкініс теріс
ықпал етуімен жағдай күрделене түсті. Мәселен, дәнді дақылдарды негізгі
өндіруші елдерде өнімнің төмен болуының, өсімдік шикізаты (биоэтанол)
түріндегі отынның балама түрлерін әлемдік өндірудің өсуі нәтижесінде
астықтың, күнбағыс майының әлемдік бағасы өсті. Осының барлығы елдегі
инфляциялық қысымның өсуіне себепші болды.
2008 жыл – қ.ж.д. аралығындағы кезең – мемлекттің антиинфляциялық саясат
ұстану және экономикалық жаңғыру кезеңі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
инфляция деңгейін ұстап тұру мақсатында іске асырған шараларының тиімділігі
нәтижесінде 2008 жылы инфляция деңгейі 2007 жылмен салыстырғанда едәуір
төмендеді. 2007 жылы жылдық инфляция деңгейі 18,8%-ды құраса, 2008 жылы бұл
көрсеткіш мақсатты деңгейде орналасты. 2009 жылы Қазақстанда инфляция
қарқынының тұрақты төмендеуі байқалды. 2009 жылдың қорытындылары бойынша
инфляция 6,2% деңгейінде қалыптасты. Инфляцияның бұл деңгейі 2008 жылғы
инфляциямен салыстырғанда 1,5 есе төмен. 2010 жылы инфляция өсуінің негізгі
факторлары экономикадағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-тең болмауымен
байланысты. Бұл ретте халықтың ақша кірістерінің өсуі экономикадағы жиынтық
сұраныстың кеңеюінің басты себептерінің бірі болып табылады, бұл 2010 жылы
іскерлік белсенділіктің жандануымен ғана емес, сол сияқты 2010 жылғы
сəуірде бюджеттен төленетін жалақының, əлеуметтік жəрдемақының жəне
зейнетақының 25%-ға көтерілумен нығайтылды. Тауар нарығындағы əлемдік
бағаның мұнайдың, металдың бағасын қоса алғанда, өсуі өнеркəсіптік өнімді
шығарушы қазақстандық кəсіпорындар бағасының өсуіне ықпал етті. 2011 жылы
инфляцияның қалыптасуы азық-түлік тауарларының едәуір қымбаттауы аясында
болды, азық-түлік тауарларының бағасы 9,1% өсті (2010 жылы – 10,1%), ет
және ет өнімдері айтарлықтай 23,2%, сондай-ақ жарма 43,3% қымбаттады. Халық
табыстарының тұрақты өсуі, атап айтқанда зейнетақылар мен студенттерге
төленетін стипендиялардың 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап 30%, сондай-ақ
бюджет саласының қызметкерлері жалақыларының 2011 жылғы 1 шілдеден бастап
30% өсуі нәтижесінде экономикадағы жиынтық сұраныстың кеңеюі айтарлықтай
рөл атқарды. Ал 2012 жылы инфляция деңгейі 6%-ды құрады.2011 жылмен
салыстарғанда бұл көрсеткіш 1,4% -ға төмен. Бұл негізінен ақылы
қызметтердің 6,8%-ға қымбаттауы салдарынан болып отыр. Жұмыссыздық деңгейі
өткен жылы желтоқсан айында 5,3% құрады. Бұл көрсеткіш 2011 жылға қарағанда
0,1%-ға төмен. Ұлттық Банк төрағасы Григорий Марченконың айтуынша бұл –
көптен бері байқалмаған құбылыс. Оның пайымдауынша, құнсыздану деңгейінің
төмендеуі Үкіметтің қолға алған шараларымен байланысты. Атап айтқанда,
жанар-жағармай бағасының өсуін тежеуге қатысты атқарылған шаралар.
Екіншіден, әлемдік нарықта азық-түлік бағасының тұрақты болуы инфляцияның
төмендеуіне сеп болған.
2. Экономикалық өсудің типтері
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс
факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы
мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.
Интенсивті типі — техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық
өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін
қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
— қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және
заттық капиталдың сапасын жақсарту);
— ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру,
өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық
өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
— жұмыс күшінің санының өсуі;
— капиталдың көлемі өсуі.
Аралас типі — факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның
жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік
бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі
көрсеткіштер:
халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
адамның бос уақытының көбеюі;
әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
адам капиталына инвестицияны өсіру;
адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды
қолдау.
Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және
оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер.
Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей
факторларға бөлінеді.
Экономикалық өсудің факторлары:
Тікелей факторлар:
-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.
— Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.
— Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.
— Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.
— Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.
Жанама факторлар:
— Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік
шығындардың өсуі.
— Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының
төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.
— Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.
Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе.
Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық
өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды.
Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін
сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты
болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз,
қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен
байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан
республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты
– шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі
экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған елдердегі
экономикалық өсудің стандартты деңгейі негізінен орта есеппен жылына 2 4,5
пайызды құрайды. Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат – жұмыспен толық
қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші
қолайлы деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш басқаша: 3,5-8,5 %). Баға
деңгейінің тұрақтылығы мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай
жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды
құрайтын болса. (Іс жүзінде әдетте ол5-10%-ға жетеді).
Қазақстан экономикасының өсу динамикасы. Еліміздің экономикасының
қазіргі кезеңде тұрақты ұзақ мерзімдік өсуді қамтамасыз ету мәселесі
Стратегиялық басымдықтардың маңыздысы болып табылады. Бұл мәселені
қарастыру үшін, ең алдымен ағымдық жағдайды дұрыс бағалау қажет. Қазақстан
90-шы жылдардың басынан экономикалық өсудің дағдарысы мен экономикада
құрылымдық ілгерілеушілікті бастан өткерді. Отандық экономиканың
реформалану үрдісінің өтуіне айтарлықтай ықпал көрсеткен дағдарыстың басқа
түрлері бойынша да мәліметтер келтірілуде. Экономикалық өсудің дағдарысы
деп әлемдік практикада ІЖӨ-нің жалғасқан үш жыл бойында 9 %-ға төмендеуі
алынады.
3. Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның
көрсеткіштері мен әлеуметтік – экономикалық салдарлары елдің және бүкіл
әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл
атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мєселенің өзектілігі
инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның
ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау
қажеттілігімен анықталады. Менің курстық жұмысымның тақырыбын таңдауыма
инфляция проблемасын жеткіліксіз зерделеу аспектісі елеулі әсерін тигізді.
Дүниежүзінде ХХғ. екінші жартысында инфляция болмаған елдер тіпті жоқ. Егер
30-шы жылдары негізгі проблема жұмыссыздық болса, одан кейін негізгі
проблема инфляция болды. Инфляцияның жылдық темпілері әлемдік экономикада
2,9%-дан 50-ші жылдары, 11%-ға дейін 80-ші жылдары өсті. Қазақстандағы
макроэкономикалық құбылыстардың ерекшеліктеріне келсек, бұл стандартты
емес нарықтық құрылым.
Қазіргі замандағы инфляцияға бірқатар айырмашылықтар тән: егер бұрын
инфляция локальді сипатта болса, ал қазір- күнделікті, барлық орамды;егер
бұрын үлкен және кіші кезеңді қамтыса, атап айтқанда кезеңдік сипатта
болса, ал қазір- хроникалық; қазіргі замандағы инфляция ақшалай ғана емес,
сонымен бірге ақшалай емес факторлардың да әсерінде тұрады.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көп уақыт бойы қолданылып келе жатыр.
Инфляция термині АҚШ-та 1861-1865жж. азамат соғысы тұсында, екі жыл
ішінде доллардың 60% - ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде қолданыла
бастады. Инфляция дегеніміз не? Инфляция – бұл бағаның жалпы деңгейінің
өсуі . Ал инфляцияның жалпы анықтамасы – бұл елде айналымдағы қағаз ақша
көлемінің тым көбейіп кетіп, оның ақша тауары (алтын) жөнінде құнсыздануына
ұласуы және соның салдарынан тауар бағасының өсуі. Қазіргі кезде қолданылып
келе жатқан анықтама – бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс жєне
бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар бұзылуы
нәтижесі. Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс қиындады: қағаз
ақшаның алтынға тәуелдігі мүлдем үзілген; ақша айналымының дәстүрлі заңы
бұзылған және инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасыда. Бұның бір
себебі мынада: көп елдер инвестицияны ынталандыру және экономиканы емдеу
құралы ретінде ақша шығару қарқынын көтереді. Сондықтан инфляцияның жоғарғы
қарқыны мемлекеттің қағаз ақшаны шектен көп шығаруымен байланысты, бұл
эмиссия ішкі айналым қажеттілігін де асып кетті. Нәтижесінде ақша
құнсызданады, баға өседі, сондықтан барлық шаруашылық пропорциялар
бұзылады. Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен
туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ақша массасының өсуі ірі
масштабқа жеткенде инфляцияның басты факторлары ақша массасындағы өзгеріс
болып табылады.
Инфляция – бұл күрделі де, көпфакторлы құбылыс; ал қағаз ақша айналымына
негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен
сипатталады. Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел
валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеде.
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ,
ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған:
қажетті ақша көлемі алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында
жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана.
Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін
адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша
шектелуі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады,
айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктеп тыс өседі. Артық ақша сұранымды
арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде бағаларға қатты ықпал жасап, оларды
көтеріп жібереді.
Инфляцияның экономикалық - әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық
саясат.
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға
деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайдың
(конъюнктураның) уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ,
уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады,
қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Инфляция қоғамда ақшадан қашу белсенділігін арттырады, бұл процесс қарқынды
да, ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау
мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға
тікелей айырбастау (бартер) туындап кеңейеді.
Баға деңгейінің қарқынды өсуі фискал (қазына) жүйесіне де теріс әсер етеді,
экономнкада Танзи-Оливер әсері деп аталатын нәтиже қалыптасады. Бұл
әсерді XX ғасырдың 70-жылдары Латын Америкасы экономистері ашып зерттеген
еді. Инфляция салықтан түскен табысты (түсімді) құнсыздандырады. Мысалы,
егер салықтар жылдың үшінші ширегінде (кварталында) есептеліп осы жылдың
төртінші ширегінде төленген болса, онда гиперинфляция жағдайында бюджетке
түскен түсімдер құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты мөлшері азаяды.
Инфляция жағдайында тұрғындардың қолында сақталған ақша қоры құнсызданады,
несие беруші мекемелер мен банктер шығын шегеді.
Экономиканың интеграциялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден
екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем
қатынастарын қиындатады.
Антиинфляциялық саясат. Антиинфляциялық саясаттың мақсаты инфляцияны
басқарушылық етіп, ал оның деңгейін едәуір бірқалыпты етіп жасау. Ол үшін
ақшалай – несиелік, бюджеттік, салықтық әдістері, кірістер саласындағы іс-
шаралар, сондай-ақ тұрақтандырудың әртүрлі бағдарламалары қолданылады.
Инфляциямен күресудің әдістері тура және жанама болуы мүмкін.
1) жанама әдістер: а) оларды орталық банктың басқаруы арқылы ақшаның жалпы
салмағын реттеу; ә) оларды орталық банктердің басқаруы арқылы коммерциялық
банктердің несиелік және есептілік пайыздарын реттеу; б) коммерциялық
банктердің міндетті қорлары, орталық банктердің ашық базарда құнды
қағаздармен операциялары.
2) Тура әдістер: а) мемлекеттің несиелерді және сонымен бірге ақшалай
салмақты тура және тікелей реттеуі; ә) бағаларды мемлекеттік реттеу; б)
жалақыны мемлекеттік (кәсіподақтармен келісу бойынша) реттеу; в) сыртқы
сауданы, капиталды әкелу мен әкету және валюта бағамын мемлекеттік реттеу.
Антиинфляциялық саясаттың бірнеше жіктеулері бар. Мысалы, ортодоксальды
және гетеродоксольды.
1. Ортодоксальды нұсқасы экономикаға мемлекет жағынан аз араласудың
классикалық емес тұжырымдамасына негізделген. Бюджеттің теңгерілу және
айналымда ақшалай салмақтың өсу темпін ұстап тұру проблемаларын шешуде оның
қызмет саласын шектеуді ұсынады.
2. Гетеродоксальды нұсқа экономикалық үрдістердің барысына аса белсенді
мемлекеттік араласуды көздейді, соның ішінде: баға мен жалақының өсімін
уақытша тоқтатып тастау; кәсіпкерлікті және халықтың жинақтарын ынталандыру
жөніндегі шаралар, ең алдымен салықтық ауртпалықтарды төмендету арқылы;
нарықтық инфрақұрылымды дамыту және өмірге маңызды салалар мен өндірістерді
қолдау; сыртқы сауда мен валюталық операцияларды реттеу.
Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін
жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық
қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі
– инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін
жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына Жолдауында өтпелі
кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын
көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын
және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру
керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге
асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану. Әрине Қазақстанның
халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз –
Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін қамтиды. Бірақ ірі
трансұлттық капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс елдері, Мұсылман әлемімен де
экономикалық қтынастар ұлғаяды. Мұны біздің республиканың геосаяси,
геоэкономикалық, географиялық жағдайлары талап етеді.
Қазақстан – 2030 стратегиясында Н. Ә. Назарбаев халықаралық қатынастардың
мынадай маңызды бағыттары мен факторларын атады: —
қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауға сөзсіз елеулі рөл атқаратын
күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік
дәуірде өмір сүріп отырмыз;
— шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары
ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу;
— Ұлттық қауіпсіздікке Ресей, ҚХР, Орта Азия, Таяу және Орта
шығыс елдерінің, АҚШ, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік Азия,
Еуропа, Ислам даму банктерінің, халықаралық институттардың қолдауларын
барынша пайдалану.
Кәсіпорын – түрлі өндірістерден және
шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік)
тұратын күрделі механизм.
Инвестициялар деп — өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруышылығына және
өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай,
сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол
шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың
жиынтығын айтады.
ИНВЕСТИЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Инвестицияның мәні және оның түрлері
Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза
табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын
болсақ, инвестиция көзі – жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың
сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе
кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі
қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу
түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі
түрге бөлінеді.
Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі
бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің өсуіне, дамуына
жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе
мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға
банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.
Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызын өсуі
ерекше. Егерде кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өндіріс қуаттарын
кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын
және рынокта өзінің жайғасынын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет
және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият
әзірлеп жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп
отыруы қажет. Кәсіпорынның инвестициялық екі біріктіруден анықталады:
көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы.
Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорының стратегиясын қисынға келтіруге
мүмкіндік береді.
Қандай да бір кәсіпкер құрылысты салу үшін қаржы керек етеді.
Мұндай жағдайда құрылыс нақты инвестицияның объектісі болып табылады.
Кәсіпкер бұл құрылысты қаржыландыру үшін өзінің акцияларын шығарып,
басқа біреулерге сатуы мүмкін. Сөйтіп бұл мысалда кәсіпкердің құрылысқа
салған салымы нақты инвестиция, ал қатысушының акцияны сатып алуға
жұмсаған шығыны қаржылық инвестиция болып саналады.
Жоғарыда аталған инвестицияның қай түрінің болмасын алдына
қойған мақсаты салым салған саланы, өндірісті дамыту, ондағы өндірілетін
өнімдердің, дайындалатын бұйымдардың сапасын барынша жақсарту, яғни
олардың халықаралық стандартқа сай етіп сыртқы рынокта сата алатын
дәрежеге жеткізу, өндіріске жаңа техникалар мен технологияны қолдану
арқылы табыс табу болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай
категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік – иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан
артық.
Жылжымайтын мүліктерге салынған ивестицияларды иеленуші
субъектілер ұзақ мерзімдік ретінде есептейді.
Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың
инвестицияларының есебі
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сай шаруашылық
тараптарды серіктестігі, егер басқа (негізгі немесе бас) шаруашылық
серіктестігінің, оның жарғылық капиталындағы үлесінің басымдылығына
байланысты немесе олардың өзара келісіміне орай немесе өзгеше жолдармен,
шешімдерді айқындауға мүмкіндігі болса, онда ол еншілес деп
есептелінеді; тәуелді акционерлік қоғам, яғни бірлесіп бақыланатын
заңды тұлғалар деп жасалған келісімдер нәтижесінде инвестицияланған
объектіге қатысты қаржылық және өзге аспект деңгейін анықтау құқығына
ие болған басқа заңды тұлғалардың ықпалына түсіп қалған серіктестерді
айтамыз.
Инвестициялардың есебі 2000 Инвестициялар бөлімшесінің
шоттарында жүргізіледі, оның құрамына мынадай синтетикалық шоттар
кіреді: 2120 Еншілес серіктестерге салынған инвестициялар, 2140
Тәуелді серіктестіктерге салынған инвестициялар, 2130 Бірлесіп –
бақыланатын заңды тұлғаларға салынған инвестициялар, 2180 Басқа
инвестициялар.
2120-2180 шоттар активті және күрделі болып келеді. Талдамалы
(аналитикалық) есеп инвестицияланған кәсіпорындар мен инвестициялар
түрлері бойынша жүргізіледі.
Инвестицияларға есеп жүргізілгенде төмендегідей әдістер
қолданылады:
Үлестік қатысу әдісі — инвестицияларды иеленген мезетте сатып алу
құнымен көрсетіп, кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестерінің таза
активтеріндегі өзгерістерде инвестордың үлесі мойындалуына байланысты
олардың құнының өсуін (кемуі) есепке алу әдісі. Тәуелді шаруашылық
серіктестестігінің таза кірісінде (шығынында) инвестор үлесінің өзгеруі
қаржылық – шаруашылық қызмет туралы есепке табысқа жатқызылады.
Үлестік қатысу әдісін қолданған кезде инвестициялардың
баланстық құны тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің таза табысындағы
инвестордың үлесін сараптағандағы өсуі (кемуі) табысқа жатқызады.
Еншілес ұйымдардың жинақталған таза табысының жалпы сомасынан
тиісті дивидендтер инвестициялардың баланстық құнын кемітеді.
Еншілес ұйымдардың шаруашылық серіктестігінің активтерінің қайта
бағалануына байланысты инвестордың үлесінің өзгеруі, инвестициялардың
баланстық құнын көтереді (кемітеді) және меншікті капиталдың бөлімшесінде
көрсетеді.
Инвестор өзінің еншілес ұйымдардың таза табысында үлестік қатысын
қайта жаңғыртуға, тек таза табыс үлесі, таза шығындар үлесіне тең болғанда
ғана мүмкіндік алады.
Құн әдісі — инвестицияларды иелену мезетінде сатып алу құнымен
көрсетілетін есеп әдісі. Инвестордың қаржылық – шаруашылық қызметінің
нәтижелері туралы есепте, инвестиция табысы деп, тәуелді шаруашылық
серіктестігінің, жинақталған жалпы таза табысының сомасынан тиісті
дивидендтердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады.
Инвестицияланған кәсіпорын өте қатаң, ұзақ мерзімді, шектеулі
жағдайларда жұмыс істеп, инвесторға табыс бере алу қабілеті төмен болса,
инвестицияға иеліктің құны сатып алу құнымен есептеледі. Мұндай шектеулерді
тудыратын төмендегідей себептер: реттеуші органның бақылауында болса,
кәсіпорын дивидендтері бөлу аспектісіне араласуы мүмкін; кәсіпорын өз
қызметін, дивидендтерді (табыстарды) шетелге аударуға шек қойылған немесе
валюта бағасы жедел кеміп кететін елде жүргізілуі мүмкін.
Еншілес ұйымдардың шаруашылық серіктестігіне инвестициялар оларды
болашақта сату мақсатында алғаннан басқа жағдайда үлестік қатысу әдісі
бойынша біріктірілген қаржылық есепте есептеледі; тәуелді шаруашылық
серіктестігі инвесторға қаражат беру қабілетін төмендететін қатаң ұзақ
мерзімді жағдайда жұмыс істейді. Бұл жағдайда олар құн әдісімен есептелуі
тиіс.
Бөлек қаржылық есеп-беруді жүргізуші инвестор, еншілес ұйымдарға
біріктірілген қаржылық есеп – беруді жасаған кезде, тек өзінің инвестициясы
туралы мәліметті ғана беруі керек. Біріктірілген қаржылық есеп-беруді
жасамайтын инвестордың есебі, жеке қаржылық есеп беруден тұрғанымен, ол
мынадай жайларды ескереді: үлестік қатысу әдісімен немесе құн әдісімен
(тәуелді шаруашылық серіктестігі қатал ұзақ мерзімді шектеулер жағдайында
қызмет істесе немесе инвестициялар жақын болашақта сату мақсатында алынса);
сатып алу құнымен немесе қайта бағалау құнымен немесе ұзақ мерзімді
инвестицияларды есепке алудың қабылданған есеп саясатына сай сатып алу мен
ағымдағы құнының ең төменгі бағасы бойынша есептеледі.
Инвестициялық қорлардың түрлері: ашық және жабық инвестициялық қорлар және
олардың ерекшеліктері
Қорды басқару және қызмет етуге келесі ұйымдар қатысады:
компанияны басқарушылар қор мүліктерін басқарады, инвестициялық шешімдер
қабылдайды, инвестицияларға әкімшілік қызмет етеді; бас-қарушылар сату
процесін ұйымдастыру үшін (кері сатып алу) орналастыру бойынша агенттерді
қатыстырады;
қор активтерін сақтаушы (қор типтеріне және елге (мемлекетке) байланысты —
қамқоршы депозитаршы, кастодиан) мүлкіне қатысты қор бойынша
компанияларды басқарушылардың іс-әрекеттерінің заңдылық функцияларын
бақылауды жүзеге асыра отырып, қор мүліктерінің есебін жүргізеді және
сақтайды; қор активтерінің номиналды ұстаушысы болып табылады, қор
мүлкімен басқарушының нұсқау ережесі бойынша мәмілелер жасалады;
тіркеуші — қордың бағалы қағаздар иелерінің реестрін жүргізеді, кейде
тіркеу функцияларын компанияның басқарушысы жүзеге асырады;
аудитор — есептің дұрыс жүргізілуін және өздеріне сәйкес елдегі
(мемлекеттегі) сектордың есеп беруін тексереді, бірақ олардың мақсаты
барлық жерде бірдей.
Қорларды негізгі екі параметр бойынша ажыратады — заңды және операционды
құрылым. Қорлар құрылымы бойынша корпаративті, трасталық және келісім-
шартты болып бөлінеді.
Корпоративті қорлар. Ең кең тараған Қорлардың типі — ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz