Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану



Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.
Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану.
Әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі «2014 . 2015 ж».
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.
Табиғатта әр түрлі түрлердің популяциялары бірегей жүйелерге бірігіп ірі бірлестіктер құрады. Оларды ғылым тілінде "бірлестіктер" немесе "биоценоздар" деп атайды. Биоценоз (bios-өмір, kоіnos-жаллы) — табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер жануарлар және микроорганизмдердің жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологі К.Мебиус (1877 ж.). Биоценоз компоненттерінің қолайлы тіршілік ортасы — биотоптардан тұрады. Яғни, биотоп — тірі организмдердің жиынтығы, тіршілік ететін орта. Нәтижесінде биоценозбен биотоп бірлесіп-биогеоценозды құрайды. Алғаш рет бұл терминді ғылымға 1940 жылы В.Н.Сукачев енгізген. Сонымен биогеоценоз дегеніміз – биоценоз + биотоптың (экотоп) диалектикалық бірлестігі. Ол төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады: өндірушілер (жасыл өсімдіктер); талап етушілер (бірінші - өсімдік қоректі жәндіктер; екінші – жануар тектес қоректілер); ыдыратушылар (микроорганизмдер) және өлі табиғат компоненттері.
Биоценозды зерттеуші ғылым саласы — биоценология деп аталады. Табиғаттағы биологиялық бірлестіктер — кез келген популяциялар мен биотоптардан тұратын кішігірім жәндік (жануар) інінен бастап, мұхиттардың биотасын қамтыйтын табиғи бірлестіктер.

Ең үлкен биологиялық жүйе - биосфера немесе экосфера. Ол жер шарының барлық тірі организмдері мен оның тіршілік ететін физикалық ортасын қамтиды.
Ғылымда биоценоз ұғымының баламасы ретінде "Экожүйе" термині жиі қолданылады. Оны 1935 жылы А.Тенсли енгізген.
Биоценоз трофикалық сипаты тұрғысынан уақыт пен кеңістікке байланысты — автотрофты және гетеротрофты организмдерге жіктеледі. Экожүйелер: 1) энергия ағымына, 2) қоректік тізбектер, 3) кеңістік
Пайдаланған әдебиет :
1 ) Экологиялық энциклопедия А.Ж. Ақбасов, Е.Ү. Жамалбеков, Т. Қалыбеков. Алматы 2007 жыл. 206 – 218 бет.
2 ) Экология және тұрақты даму А. Нұрғызарынов, Ж.Шілдебаев Астана 2014 жыл. 44 – 49 бет.
3 ) Демографиялық болжам – келешекке көзқарас М. Б. Тәтімов 2002 жыл 12 – 13 бет.
4 ) Аграрлық қайта құрулардың қиындықтары Ж.К Сүндетов 1992 жыл 12 – 17 бет.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы : Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия.
Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану.
Әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі 2014 - 2015 ж.
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу.

Орындаған : Сейтова Н.
Тобы : ВС -403.
Тексерген : Мурзалимова А.

Семей 2015 жыл
Табиғатта әр түрлі түрлердің популяциялары бірегей жүйелерге бірігіп ірі бірлестіктер құрады. Оларды ғылым тілінде "бірлестіктер" немесе "биоценоздар" деп атайды. Биоценоз (bios-өмір, kоіnos-жаллы) -- табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер жануарлар және микроорганизмдердің жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологі К.Мебиус (1877 ж.). Биоценоз компоненттерінің қолайлы тіршілік ортасы -- биотоптардан тұрады. Яғни, биотоп -- тірі организмдердің жиынтығы, тіршілік ететін орта. Нәтижесінде биоценозбен биотоп бірлесіп-биогеоценозды құрайды. Алғаш рет бұл терминді ғылымға 1940 жылы В.Н.Сукачев енгізген. Сонымен биогеоценоз дегеніміз - биоценоз + биотоптың (экотоп) диалектикалық бірлестігі. Ол төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады: өндірушілер (жасыл өсімдіктер); талап етушілер (бірінші - өсімдік қоректі жәндіктер; екінші - жануар тектес қоректілер); ыдыратушылар (микроорганизмдер) және өлі табиғат компоненттері.
Биоценозды зерттеуші ғылым саласы -- биоценология деп аталады. Табиғаттағы биологиялық бірлестіктер -- кез келген популяциялар мен биотоптардан тұратын кішігірім жәндік (жануар) інінен бастап, мұхиттардың биотасын қамтыйтын табиғи бірлестіктер.

Ең үлкен биологиялық жүйе - биосфера немесе экосфера. Ол жер шарының барлық тірі организмдері мен оның тіршілік ететін физикалық ортасын қамтиды.
Ғылымда биоценоз ұғымының баламасы ретінде "Экожүйе" термині жиі қолданылады. Оны 1935 жылы А.Тенсли енгізген.
Биоценоз трофикалық сипаты тұрғысынан уақыт пен кеңістікке байланысты -- автотрофты және гетеротрофты организмдерге жіктеледі. Экожүйелер: 1) энергия ағымына, 2) қоректік тізбектер, 3) кеңістік пен уақытқа байланысты көптүрлілік құрылым, 4) биогенді элементтер айналымы, 5) эволюция және даму, 6) басқару, 7) компоненттердің қарым-қатынастарын толық қарастырады.
Экожүйе -- экологияның функцияналды бірлік өлшемі. Оның ең басты қызметі - ондағы компоненттердің бір-бірімен қарым-қатынас жағдайында ықпал етуі.

Биоценоздағы қарым-қатынастардың ең бастылары қоректік және кеңістіктегі байланыстар. Қоректік қарым-қатынастарды ғылымда -- биотикалық факторлар деп атайды. Яғни, биотикалық факторлар дегеніміз -- тіршілік барысындағы организмдердің бір-біріне тигізетін әсері немесе ықпалы. Аталған факторлар біртүрлі сипат ала отырып, бір ортада тіршілік ететін организмдер арасында анық немесе байқаусыз түрде білініп отырады. Мәселен, өсімдік -- өсімдік қоректі организм (фитофаг) үшін ең қажетті роль
атқарғанымен, кезегінде фитофагтар да өсімдіктің өнімділігін
азайтып, қолайсыз жағдай туғызады.
Биотикалык қарым-қатынастардың типтері.
Организмдер арасындағы кеңістік қарым-қатынастар да негізгі роль атқарады.
Бәсекелестік. Бәсекелестік дегеніміз -- бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қореқ тұрағы, т.б. ресурстардың жетіспеушілік жағдайындағы қарым-қатынастарының көрінісі. Кезінде Ч.Дарвин түр ішіндегі бәсекелестікті тіршілік үшін күрестің маңызды әрі жоғарғы формасы ретінде бағалаған. Бұл көрініс өсімдіктер мен жануарлар арасында жиі байқалады. Мәселен, кәдімгі шыршалардың өздігінен сиреуі немесе құмырсқалардың қырылу популяциясын реттеуі жатады.
Түраралық бәсекелестік әр түрге жататын түрлер арасында болады. Ол бірде айқын білінсе, бірде пассивті көрінеді. Сондықтан эколог Г.Ф.Гаузенің зерттеулері бойынша екі түрге жататын популяциялар еш уақытта бір жерде өмір сүре алмайды. Оның біреуі активті түр ретінде басымдылық көрсетіп, екіншісін ығыстырады немесе жойып жібереді. Бұл, әрине, қоректік ресурсқа тәуелді болған жағдайда іске асады. Кейбір жағдайда бәсекелестік қоректік фактор арқылы емес басқа да (мінез-құлық, тұрағы үшін, территория, т.б.) факторлардың жетіспейтінінен де болады.
Жыртқыштық. Жыртқыштық түрлер арасында болатын қарым-қатынастардың ең жоғарғы формасы. Ол кейде қорек, территория, т.б. ресурстар үшін бірін-бірі өлтіру, қуу, жеу арқылы көрініс береді.
Жыртқыш табиғи сұрыптаудағы негізгі жетекші фактор. Нәтижесінде, популяциялардың сапалық құрамы прогрессивті түрде дамып отырады. Ал, өз кезегінде жемтік те жыртқышқа тікелей әсер ете отырып, оның прогрессивті дамуына ықпал етеді. Осылайша қарама-қарсылықтың әсері эволюцияның қозғаушы күшіне айналып жыртқыш пен жемтіктің ара салмағын дисбаланс жағдайда реттеп отыратыны анық.
Паразитизм. Паразитизм -- бір түрдің өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тіршілік ету.
Паразиттік құбылыс организмдер арасында тікелей жанасу арқылы бірте-бірте пайда болған. Бұл процестер бактериядан бастап, жоғары сатыдағы организмдер арасында болады. Әсіресе, вирус, бактерия, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, құрттар арасында жиі кездеседі. Сол сияқты өсімдікпен өсімдік, жануарлармен жануар және өсімдікпен жануар арасында да паразиттік құбылыс жақсы дамыған. Паразиттердің көректі пайдалануына, бейімделуіне қарай монопаразиттер, олигополипаразиттер болып жіктеледі. Кейбіреулері сыртқы (эктопаразиттер) және ішкі (эндопаразиттер) паразиттер болып бейімделген. Олардың ішінде пайдалы да немесе өте қауіпті ауру тарататын түрлері де баршылық.
Паразиттердің көптеген түрлері жұқпалы тіптен қатерлі аурулар (сүзек, тырысқақ, безгек, энцефалит, оба, т.б.) таратады. Олардың қатарына Қазақстан территориясында жиі кездесетін маса, сона, құмыты, бұрге, кенелер жатады.
Симбиоз. Екі түрге жататын организмдердің кеңістікте бір-біріне ешбір зиянын тигізбей керісінше селбесіп пайдалы тіршілік етуі. Мәселен, құмырсқа мен өсімдік биті, отшельник шаяны мен актиния арасындағы селбесіп тірішілік ету осы қарым-қатынасқа жатады. Өсімдіктер арасындағы қыналар -- балдыр мен саңырауқұлақ арасындағы селбесіп тіршілік етудің көрінісі болып табылады.
Комменсализм. Немесе арамтамақтық құбылыс. Бұл симбиоздың бір формасы ретінде белгілі. Яғни, бір түрдің қоректік қалдығымен екінші организм қоректене отырып оған ешбір зиян келтірмейді. Ал, кейде екінші организм біріншісін қозғау құралы немесе қорашысы ретінде де пайдаланады. Мәселен, ірі балықтардың желбезегінде ұсақ балықтар еркін тіршілік етуге бейімделген. Егерде комменсалдар бір-біріне зиян келтіре бастаса оның біреуі паразиттік немесе бәсекелестік жолға түседі.
Мутуализм. Әр түрге жататын организмдер бір-біріне қолайлы жағдай туғыза отырып селбесіп тіршілік етуде. Мәселен, отшельник шаяны мен актиния арасындағы қарым-қатынас немесе кұмырсқа мен өсімдік биті арасындағы байланыс осының жарқын мысалы.
Зоохария. Жануарлардың орын ауыстыруы арқылы тұқымдарын кеңістікке тарату құбылысы. Зоохария -- өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бір тобының ұзақ жылдар бойы бірлестікте тіршілік етуінің жемісі нәтижесінде өсмдіктер тұқымында жабысқыш ілгектер, қылшықтар пайда болып олар құстар, сүт қоректілердің, басқа да жәндіктердің денесіне жабысуға бейімделіп осы арқылы алыс кеңістіктерге тарап отырған. Өсімдік тұқымдарының бұл жол мен таралуын-эктозоохария дейді. Ал, кейбір өсімдіктердің тұқымдары жануарлардың нәжістері арқылы таралады. Оларды - эндозоохариялық таралу жолы деп атайды.
Аллеопатия. Бұл организмдердің денесінен өзіне тән химиялық өнімдер шығару аркылы қарым-қатынас жасау жолы. Яғни, өсім-діктерден бөлінген заттар басқа жануарларға теріс немесе жагымды әсерін тигізетін касиетке ие болады. Мәселен, кәдімгі жусан иісі көптеген өсімдіктерге (жүгері, картоп, томат, т.б.) теріс әсеріи тигізсе, ал лобия өсімдігі бидайдьщ өсуін тежейтін көрінеді.
Организмдерге теріс ықпалын тигізу арқылы карым-катынас жасаудың тағы бір түрін - амменсализм деп атайды.
Кейбір организмдер екіншілер үшін шектен тыс агрессивті болып келеді. Мәселен, кейбір қүмырскалар көршілес құмырска илеулерінен жүмыртка мен личинкаларды тартып әкеліп иелік жасайды. Бұл қүбылыс организмдерде болатын инстинктің жоғаргы деңгейдегі көрінісі болса керек.
Биоценоздар құрылымы және экожүйедегі энергия.
Биоценоздың түрлік құрылымы.
Биоценоз ондағы түрлердің санымен және сапасымен сипатталады. Егерде биоценозда бір немесе екі өсімдік түрі оның 90% құраса -- доминантты (басым) өсімдіктерге ие болады. Кейде мұндай өсімдіктерді сол биоценоздың эдификаторы деп те атайды. Мәселен, қарағайлы орманда қарағай - эдификаторы болып саналады.
Биоценоздың кеңістік құрылымы.
Биоценоздарға организмдер алғаш рет қоныстанғаннан бастап көптеген экологиялық факторлаға байланысты орналасады. Организмдер жердің рельефіне қарай горизонтальды немесе вертикальды бағытта орналасуы мүмкін. Ол үшін әрбір жеке түр бір-біріне кедергі келтірмеуі тиіс. Соның фиоценоздағы бір көрінісі -- ярустылық (қатарлық). Ярустылық-биоценоздардың биіктік бойынша жиіктелуі. Ярустылықты өсімдіктер бірлестігінен көруге болады. Мәселен, орманнан.6 ярустылықты кездестіреміз: І. ең ұзын ағаштар (шырша, қарағай, емен, т.б.); II екінші қатарлы ағаштар (шетен, ырғай); III бұталы ағаштар (шие, итмұрын, т.б.); IV жартылай бұталы ағаштар (тобылғы, сасырлар); V шөптесін өсімдіктер (қымыздық, шайқурай); VI қыналар мен мүктер. Тіпті ярустылықты жер асты бөлімдерінде айқындауға болады. Әрбір ярусқа тән оның микроклиматы, түрлік құрамы, бейімделу белгілері жіктелген.
Ярустылық пен горизонтальды биоценоздардың да кеңістік құрылымы ерекшеленеді.
Биоценоздың экологиялық құрылымы. Экологиялық құрылым -- биоценоздағы түрлерді, жиынтығы мен кеңістігі арқылы ситтталады. Биоценоз -- уақыт пен кеңістікке қатысты және антропогендік факторларға байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан биоценоздардың жәй және күрделі типтерін ажыратуға болады.
Экожүйедегі энергия. Жоғарыда келтірілгендей биоценоздағы организмдер арасында тұрақты қоректік байланыстар қалыптасқан. Осы қатынастар белгілі бір организмдердің тобын біріктіріп отырады. Ол қоректік тізбектер бірнеше құрамдас бөліктерден тұруы мүмкін. Ол үш бөлімнен тұрады.
Біріншісі -- продуценттер немесе өндірушілер. Бұнда автотрофты жасыл өсімдіктер органикалық заттар түзіп, алғашқы биологиялық өнімділікті түзеді және күн энергиясын жұмсайды (сіңіреді).
Екінші - консументтер, бұған жануарлар жатады.
Үшінші -- редуценттер немесе қайта қалпына келтірушілер. Оларға микроорганизмдер жатады. Олардың ролі ерекше. Яғни, заттарды ыдыратып, кайта қалпына келтіріп, зат айналымын жалғастырып отырады.
Әрбір қоректік тізбектің қатарында белгілі бір трофикалық деңгей қалыптасады. Ол өзінен өтетін зат және энергия ағымының активтілігімен сипатталады. Мәселен, жасыл өсімдіктер - бірінші трофикалық деңгейді түзсе, фитофагтар -- екінші, ал жануарлар тектес қоректілер -- үшінші, т.б. жалғаса береді.
Барлық қоректік тізбектер бір -- бірімен байланысты және тәуелді болып отырады. Әрбір деңгейден екінші, үшіншіге өткен сайын зат немесе энергия беру жүзеге асады. Осының бәрі биоценоздағы қоректік тізбектің күрделілігін және біртұтас жүйе ретінде әрекет ететіндігін көрсетеді.

Экологиялық пирамида. Биоценоздағы қоректік тізбектегі қорек (азық) дерліктей организмнің өсуіне немесе биомассаның жинақталуына жұмсалмайды. Оның біразы организмнің энергия куатына: тыныс алу, қозғалу, көбею, дене температурасын ұстап тұруға жұмсалады. Сондықтан бір тізбектің биомассасы екіншісіне дейін толық өнделмейді. Егер ондай болған жағдайда табиғатта қор ресурсы таусылған болар еді. Осыған байланысты әрбір келесі қоректік тізбекке өткен сайын азықтың биомассасы азайып отырады. Нәтижесінде, бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткен сайын биомасса, сандық құрамы және энергия қоры азайып отыратыны анықталған. Бұл зандылықты кезінде эколог Ч.Элтон зерттеп өзінің есімімен "Элтон пирамидасы" деп атаған. Экологиялық пирамиданың негізгі 3 типі бар:
Сандық пирамида - организмдердің жеке сандық көрсеткішің
айқындайды.
Биомасса пирамидасы - жалпы кұрғақ салмақты, немесе
"өнімділікті" анықтайды.
Энергия пирамидасы - энергия ағымының қуатын немесе
жылу энергиясын анықтайды.

Биологиялық өнімділік. Биологаялық өнімділік дегеніміз -- биогеоценоз құрамына енетін микроорганизмдер, өсімдіктер және жануарлар дүниесінің өндіретін биомассасы. Бұл процесс табиғатта әр түрлі жылдамдықпен жүреді. Сондықтан оны уақытпен шектей отырып, маусымдық, жыл немесе бірнеше жылдық өніммен өлшейді. Ол кұрлықтағы организмдер үшін 1м2, 10м2, 100м2 деп өлшенсе, ал судағы организмдер үшін 1м3, 10м3, т.б. деп өлшеніп ондағы құрғақ органикалық заттың салмағымен анықталады. Әрбір популяцияның белгілі бір уақыты өнімділігі олардың барлық особьтарының өсу санының жиынтығын көрсетеді.
Автотрофты организмдер - алғашқы өнімді түзсе, ал гетеротрофтылар екінші өнімділікті құрайды. Микроорганизмдер органикалық заттарды ыдыратып қайтадан бұрынғы қалпына келтіреді.
Экожүйе тұрақтылығы және динамикасы. Биоценоздардағы организмдер тобы өздерінің тәулік, жылдық, маусымдық активті-лігі біркелкі емес. Кейбір организмдер түнде активті келсе, кей-біреуі керісінше болып келеді. Сондықтан биоценоз қүрамын-дағы түрлер сан және сапа жаіынан да үнемі ауытқып отырады.
Бұл жағдайлар негізінен жер шарының климаттық белдеулері мен табиғат зоналарына да көп байланысты.
Экологиялық сукцессия. Биоценоздага тәулік, маусымдық ауытқулар бірте-бірте бірлестіктерді толық булдіруші мүмкін. Осылайша биоценоздардың ауысуын-экологиялық сукцессия процесі дейді. Сукцессия процессі жүру үшін белгілі бір шарттарга байланысты немесе тәуелді болып отырады. Ол заңдылықты көрнекті эколог Ю.Одум зерттей келіп, оның 4 аспектісін көрсетеді.
1 ) Сукцессия кезінде өсімдіктер мен жануарлардың түрлік құрамы үздіксіз өзгереді.
2 ) Сукцессия барысында органикалық заттардың биомассасы
ұлғайып отырады.
3 ) Сукцессия барысында организмдердің әртүрлілігі көбейе түседі, оның себебі, биоценоздар жіктеліп, ұсақтанып кетуінің нәтажесінде организмдерге қолайлы экологиялық ортаның тууы болса керек.
4 ) Сукцессия кезінде таза биологиялық өнімділік құрт азая
бастайды.

Табиғи қорлар - табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мұнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған. Сонымен бірге климаттық және минералдық, отын-энергетикалық, т.б. қорлар жөнінен көрнекті орын алады.

Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды мынадай топтарға бөлуге болады:
1. Отын-энергетикалық қорлар. Қазақстанда бұл қор түрлерінен тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, табиғи газ және жанғыш тақтатастар таралған. Тас көмір өндірілетін аудандары - Екібастұз, Майкүбі, Қарағанды, Кендірлік, Таскөмірсай, Алакөл кен орындары. Осылардың ішінде маңыздырағы - Қарағанды және Екібастұз алаптары. Мұнай мен газ қорлары Қазақстанның батысында шоғырланған. Бұлардың Маңғыстау түбегі мен Жемнің төменгі ағысындағы алқаптар игерілген. Барлық кен орындарында мұнайға қосымша табиғи газ өндіріледі. Ембі мұнайының сапасы жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындарда. Соңғы жылдары мұнда жаңа кен орындары барланып, игеріле бастады.
2. Минералдық қорлар. Қазақстан минералдық қорлардың түрлері мен қоры жөнінен теңдесі жоқ аймақ болып табылады: мұнда шын мәнінде Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығы дерлік шоғырланған. Мұнда әйгілі Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Қоржынкөл кен орындары орналасқан. Сондай-ақ темір кені Алтайда , Қарсақпай, Қаражалда (Орталық Қазақстан) кездеседі.
Қазақстан полиметалл кендеріне де бай. Оның негізгі қорлары Кенді Алтайда, Сарыарқада, Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған. Сирек және бағалы металл түрлерінің кен орындары бүкіл аумақта таралып орналасқан. Кен емес қазбалардан фосфориттер мен тұздардың, құрылыс материалдарының кен орындары негізінен Батыс және Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау өңірінде) кездеседі. Фосфориттің қоры және сапасы жөнінен республикамыз дүние жүзіне әйгілі болып отыр.
3. Климаттық қорлар. Қазақстанның географиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты климаттық қорлары мол. Өсіп-өну мерзімінің ұзақтығы, күн сәулесінің мол түсуі Қазақстанда, әсіресе оның оңтүстігінде көптеген жылу сүйгіш өсімдіктерді (жүгері, күріш, мақта және т.б.) өсіруге мүмкіндік береді. Қазақстанда күн қуаты тұрғын үйлерді, жылыжайларды жылытуға жұмсалады. Республика жел қуатына бай.
Желді аудандарда (Шар, Жалғызтөбе, Жетіс қақпасы, Іле аңғары және т.б.) жел қуатын механикалық және электр қуатына айналдыруға болады.
4. Су қорлары. Қазақстанның су қорларына беткі сулардан (өзен, көл, мұздықтар) басқа жер асты суы мен минералды су көздері жатады. Қазақстанның климаты жағдайында өзен жүйесі онша жиі болмағандықтан, халық шаруашылығы үшін жер асты суы қорларын пайдаланудың үлкен маңызы бар. Мал шаруашылығын өркендету үшін шөлейт пен шөл зоналарында артезиан құдықтары пайдаланылады. Үлкен қалаларды, суға тапшы аудандардағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету көбіне жер асты суы есебінен болады. Қазақстан жер қойнауынан құрамында адам ағзасына қажетті тұздары бар минералды су көздері табылған. Мұнда Алмаарасан, Барлықарасан, Қапаларасан, Жаркентарасан, Сарыағаш сияқты санаторий-курорттар осы арқылы емдеу орталықтарына айналған.
5. Топырақ-өсімдік қорлары. Республикадағы топырақ, өсімдік қорлары аумағының ауқымды болуына байланысты әркелкі таралған. Бұл қор түрлерінің ерекшелігі - олардың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы үшін шикізат көзінің қызметін атқаруы, осыған байланысты адамның шаруашылық әрекетінің әсеріне көп ұшыраған.
Қазақстан құнарлы топырақ түрлеріне онша бай емес. Бірқатар аймақтарда топырақтың, ылғалдың, қоректік элементтердің жетіспеуінен немесе сортаңдану әсерінен ауыл шаруашылығында пайдаланылмайды. Сондықтан жарамсыз жерлерді өңдеуден өткізу немесе мелиорациялау арқылы шаруашылыққа пайдалану - алдағы міндет.
Өсімдік қорларын бірнеше топтарға бөлуге болады: орман қорлары, дәрілік өсімдіктер, мал азықтық өсімдіктер. Ормандар негізінен таулы аймақтарда шоғырланған. Қазақстандағы орманды алқап 11 млн га-ды немесе 4%-ды құрайды.
Дәрілік өсімдіктердің республикада 250 түрі бар. Олар фармацевтік өндірісі үшін қымбат шикізат болып есептеледі. Республиканың оңтүстік аймақтарында дүние жүзінде теңдесі жоқ аса құнды дермене өседі.
Адамдардың денсаулығына зиян әкелетін, аллергия тудыратын химиялық жасанды дәрі-дәрмектердің орнына табиғи өсімдіктерден жасалатын дәрілерді пайдаланудың мүмкіндігі зор. 1997-2001 жылдарға ұсынылған мемлекеттік бағдарлама бойынша Қазақстан ғалымдары 20-дан астам фитопрепараттар мен әр түрлі фармакологиялық дәрілер шығармақ. Табиғи емдік қасиеттері мол өсімдіктерден біздің елімізде жасалатын дәрі-дәрмектер экологиялық жағынан таза, ал экономикалық тұрғыдан арзан. Соның қатарында қарағандылық ғалымдар жасаған қатерлі ісікке қарсы арглобин дәрісін атауға болады. Қазір бұл дәрі емханаларда кеңінен пайдаланылуда. Қалақай мен сораң майларынан жасалған қабынуға қарсы аллапинин препаратының, сол сияқты шырғанақ жемісінен алынған майдың емдік қасиеті өте жоғары. Жалбыз, жолжелкен, түйетікен, сарғалдақ, қымыздық, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия жайлы
Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану. Әлемдегі және қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия туралы ақпарат
Әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.)
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия туралы мәлімет
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия туралы
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. 1 табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану. 2 әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.) 3 өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу
Бірлестіктер экологиясы мен экожүйедегі энергия
Пәндер