Педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері



Жоспары:
1. Тәрбиенің мақсаты мен тұлғаны дамытудың қозғаушы күштері жайлы ілім деген не?
2. Жоғарғы оқу орнына арналған философия, психология, педагогика оқу құралдарындағы "Тәрбие" туралы ұғымды түсіндірудің кестесін құрастырыңыз.
3. Педагогика категорияларының өзара байланысын көрсететін үлгісін.
Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, Педагогика өз атауын гректің «пайдагогос» (пайда-бала, гогос-жетектеймін) сөзінен алған. Педагогикалық ғылым оқыту мен тәрбиелеудің фактілерін жинақтайды, құбылыстар арасында себеп-салдарлы байланыстарды орнатады. Ол тек сипаттап қана қоймай, оқыту мен тәрбиелеу барысында адам дамуындағы өзгерістерді түсіндіреді, олардың неліктен пайда болатынына және қандай өзгерістер екендігіне сипаттама береді. Тұлғаны дамытуда педегогикалық процесті болжау және басқару үшін ғылыми білім қажет. Ол баланы жетектеуші деген мағынаны берген еді. Ежелгі Грецияда бұл сөз өзінің тікелей мағынасында қолданылған болатын. Ең алғаш педагогтар деп қожайындардың баласын мектепке апарып-әкелетін құлдарды атаған. Кейін педагогтар деп балаларды үйрету, тәрбиелеу және оқытумен айналысатын адамдарды атады.Педагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Успенский В.Б., Чернявская А.Г. Психолого-педагогикаға кіріспе. Пресс. 2003.
2. Радугина А.А. Психология и педагогика. Центр. 1999.
3. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев Педагогика, А,2000
4. Бейсенбаева А.А.. Мектептегі теория және практика гуманизациясы. Алматы: Ғылым, 1998

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Физика-математика факультеті

Информатика мамандығы

Тақырыбы: Педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері.

Орындаған: Арнабек Н.А.

Тексерген: Тұрғанбаева Б.Ш.

Тобы: Т-441

Семей 2015 жыл

Жоспары:
1. Тәрбиенің мақсаты мен тұлғаны дамытудың қозғаушы күштері жайлы ілім
деген не?

2. Жоғарғы оқу орнына арналған философия, психология, педагогика оқу
құралдарындағы "Тәрбие" туралы ұғымды түсіндірудің кестесін құрастырыңыз.

3. Педагогика категорияларының өзара байланысын көрсететін үлгісін.

Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының
ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты
білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше
аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында
қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ,
Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор.
Педагогика деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған
дейді.  Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол
балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ
айтатын болсақ, Педагогика өз атауын гректің пайдагогос (пайда-бала,
гогос-жетектеймін) сөзінен алған. Педагогикалық ғылым оқыту мен
тәрбиелеудің фактілерін жинақтайды, құбылыстар арасында себеп-салдарлы
байланыстарды орнатады. Ол тек сипаттап қана қоймай, оқыту мен тәрбиелеу
барысында адам дамуындағы өзгерістерді түсіндіреді, олардың неліктен пайда
болатынына және қандай өзгерістер екендігіне сипаттама береді. Тұлғаны
дамытуда педегогикалық процесті болжау және басқару үшін ғылыми білім
қажет. Ол баланы жетектеуші деген мағынаны берген еді. Ежелгі Грецияда бұл
сөз өзінің тікелей мағынасында қолданылған болатын. Ең алғаш педагогтар деп
қожайындардың баласын мектепке апарып-әкелетін құлдарды атаған. Кейін
педагогтар деп балаларды үйрету, тәрбиелеу және оқытумен айналысатын
адамдарды атады.Педагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ
тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп
отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде
тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала
тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми
таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен
рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал
тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық
тарихи тәжірибені үйрету процесі.

1. Тәрбие көрмеген адам ойсыз, парықсыз, жалқау әрі шексіз
сараңға айналады. Халықтың шынайы білім алуы оның болмысындағы адам деген
ұғымды анықтауға, адамдардың бойында жоғары адами сезім мен күш-қуатты
молайтуға бағытталған

– кемел адам практикалық қабілеттер мен дағдыларды меңгереді. Бұл
қасиеттер рухани адамгершілік тәрбиенің бірден-бір арқауы ретінде қызмет
етеді;

– идеал адам, бұл барлық адамзатқа ортақ ізгі қасиеттерге ие
адамгершілікті тұлға;

– тәрбиенің мақсаты – барлық адамдармен бауырластық сезіміне баулу және
өнегелі орта құру болып табылады;

– тәрбие ұғымын айқындайтын жалпы қағида – табиғатпен келісімде болу.
Барша адамзат болмысы табиғатынан дербес әрекет пен өзін-өзі жетілдіруге
ұмтылыстан тұрады. Егер жаратылыс адам бойында осындай қасиеттердің дамуына
ықпал етуге тиіс болса, онда ол бір жағынан, ата-ана сүйіспеншілігі
көмегіне, екінші жағынан, адамзат баласы ғасырлар бойы жинақтаған өнерді
танып-біліп пайдалануына сүйенеді. Тәрбие табиғатқа көмекке келуге тиіс. Ол
табиғаттың өз ұмтылыстары мен қозғалыс бағытымен келісім жасайды.

Педагогиканы негіздеу ісіне нормативтік ғылым ретінде этика ғана емес,
сонымен бірге, логика мен эстетика қатысуға тиіс. Ол тәрбиенің мақсатын
анықтау еш шүбәсіз логикаға, этика мен эстетикаға тәуелді болуға тиіс деп
білді. П.Наторп қоғам мен мемлекет өскелең ұрпақты тәрбиелеу идеологиясын
көп жағынан анықтайды:

- тәрбиенің осы теориясы қауымдағы өмірдің негізгі алғышарты ретінде
қабылдануы тиіс;

- тәрбие міндеттерін орындаудың негізгі шарты қауымда тәрбиелеу, яғни
адам санасы немесе ерік жігерінің қарым-қатынасы арқылы тәрбиелеу болып
табылады. Адам басқаларды көріп, ынтасын оятады. Басқалардың энергиясы оның
ерік-жігерін жаниды;

- қауымдастық баланың дүниені танып-білуіне, негізінен, тілі арқылы
қатысады. Өйткені тіл – тұтастай қоғам игілігі, ал онымен бірге балаға
заттарды түсінудің ерекше рухы мен сипаты беріледі.

- тәрбие мағынасын, ең алдымен, ерік-жігерді тәрбиелеу деп түсінген
дұрыс. Ол сананың белсенділігі немесе іскер бағыты формасында психикалық
өмірдің жалпы шарты, орталығы болып табылады. Бұл сананың даму қажеттігі
мен басқа да жақтарын жоққа шығармайды. Сананың қалған басқа қызметтерінің
барлығы дұрыс бағытталған ерік-жігерді қажет етеді. Педагогика қоғамның
мәдениетімен тығыз байланысты. Ол адамның өмір сүру ортасының мәдениетін
қалыптастыруға тікелей әсер етеді. Тек қана қоғамда өзі сияқтылармен қарым-
қатынас жасау қажеттігінен мәдениеттің басты қаруы – адам тілі, ең алдымен,
ым-ишара тілі, сосын дыбыстық тіл пайда болды. Адам халықтың тілін меңгере
отырып, онымен бірге логикалық ойлауды да меңгереді. Ана тілінде бұған
дейінгі өткен барлық ұрпақтың тілдік тәжірибе қоры жинақталған. Дәстүрді
сақтау мүмкіндігі және осы арқылы мәдени байлықты барған сайын байыта түсу
қоғамның басқа мүшелерімен қарым-қатынас жасау қажеттігінен ауызекі тілге
жазбаша тіл қосылғанда одан әрі ұлғая түсті. Ауызекі тіл мен жазбаша тіл
мәдениеттің ең берік негізі болып табылады. Олар әрбір жеке адамның табысын
жалпыға ортақ игілікке айналдырады және үздіксіз байытады, осылайша жеке
құралдардың есебінен мәдени игілік жасайды. Қоғам өміріндегі оны реттеудің
нормасы ретінде дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, құқық пен мораль туындайды. Олар
адам өмірінің барлық жағын реттейді. Көптеген әдет-ғұрыптар діни нанымдар
негізінде пайда болды, өмірге санасыз түрде бейімделу нәтижесінде
қалыптасты және ақыр соңында жазалау қорқынышы әсерімен жұрттың бәрі үшін
міндетті мінез құлық нормасы ретінде қоғамның рұқсатына ие болды.

Тұлғаның дамуына және қалыптасуына әсер ететін факторлар

Мемлекет пен қоғам өскелең ұрпақты тәрбиелеудің мақсаты мен бағытын
ұсынды. Тәрбиенің неғұрлдым маңызды бағыттары ретінде мыналарды атады:

- адамгершілік тәрбиесі тәрбиешінің басты міндеті болып саналды және
саналуда;

- азаматтық тәрбие әділетті (идеалдық) мемлекеттің мүшесін тәрбиелеу және
осы мемлекеттің азаматын тәрбиелеуді қарастырады. Мұндай тәрбиеде отаны
Америка болып табылатын мектептегі өзін-өзі басқару маңызды рөл атқарады.
Әрбір тәрбиеші қоғамда болып жатқан үдерістердің және өзінің тәрбиенің мәні
мен мақсаттарын және ерекшеліктерін түсіну әсеріне орай тәрбие қызметіне
деген өз тұғырнамасын анықтайды. Тұжырымдамалық тұғырлардың біразы тәрбие
қызметінің теориялық негізіне айналды. Мұндай тұғырлар көп. олар тәрбиенің
мәні мен мақсаты ғана емес, сонымен бірге оған жетудің жолдарын да
анықтайды. Педагогика тарихында неғұрлым танымал тұжырымдамалар қатарында
мыналарды атауға болады:

Бала бойындағы жамандықты жою теориясы орта ғасырда туған. Оның мәні
мынада, яғни адам табиғаты алғаш рет күнәға батқан шақта, монах-тәрбиешілер
тәрбиені бала бойындағы жамандық дәнін жою үшін аяусыз күресу деп түсінді.
Осы мақсатта олар адамның күнәһар табиғатымен күресу үшін тақуалыққа
беріліп, қолдан келгенін аянбады: Балаңды жасынан жазала, сонда
қартайғанда жаның тыныш болады. Балаңды бос ұстама: ұрғаннан өлмейді, ақылы
енеді; оның денесін ауыртқаныңмен жанын өлімнен алып қаласың. Ұлыңды жақсы
көрсең де жиі жазала, кейін жақсылығы мен қуанышына кенелесің

Тәрбие дегеніміз – тәрбиеленушінің жеке басының ішкі рухани байлығының
ғылым, өнер, мораль және дін арқылы баюы болып табылады: Мәдениет адамзатқа
ғана тән ерекше белгі; жан-жануар да дамиды, алайда, адам ғана мәдени дами
алады. Мәдениет мазмұны тәрбие арқылы ғана беріледі. Тәрбие тәрбиеленушіге
табиғатында жоқ нәрсені дарытады.

Тәрбие түсінігі мән-мағыналық жағынан кең ауқымды категория. Қоршаған
орта тәрбиелейді, Отбасының тәрбие жемісі, Мектеп тәрбиесі адам қылды
т.б. деп нақты айтатын болсақ, онда бұл – мақсаты бір сияқты әрекеттердің
теңгерілмейтінін байқаймыз. Қоршаған орта тәрбиесі, Отбасы тәрбиесі
десек, жеке адамның дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік-экономикалық және
тұрмыстық жағдайлардың күнделікті, жоспарсыз, мақсатсыз ықпалын түсінеміз.
Ал, мектеп тәрбиесі десек, бұл ретте арнайы ұйымдастырылған және саналы
іске асырылатын тәрбиелік қызметті білеміз.

К.Д.Ушинский Педагогикадағы тәрбие – алдын-ала ниеттелген және арнайы
ұйымдастырылған педагогикалық процесс деп тұжырымдаған. Тәрбие мәнін
американ психологы және педагогы Эдвард Ли Торндайк өзгеріс деген.
К.Маркс Адамның қоғамдық тұлға ретіндегі дамуы мен қалыптасуы – азаматтық
болмысты игеру жолымен іске асады деген. Бұл тұрғыдан тәрбиені өсіп келе
жатқан ұрпақтың азаматтық болмысты игеруге пайдаланылатын құрал-жабдықтары
деп білуі қажет. Ал, азаматтық болмыс дегеніміз – адамдар ұрпағының еңбегі
және жасампаз ұмтылысынан туындайтын қоғамдық тәжірибе. Бұл тәжірибе
мынандай құрылым бірліктерін қамтиды: адамның табиғат және қоғам жөнінде
жасаған білімдердің жиынтығы; еңбектің әртүрлі саласында қажет іскерліктер,
дағдылар және шығармашылық іс-әрекеттер әдістері; әлеуметтік, рухани қарым-
қатынастар.

Тәрбиенің мәні – адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтендіріп, оның ұжыммен
және қоғаммен практикалық қатынастарының жүйесін құру. Тәрбие – бұл тұлғаны
мақсат-бағдарлы қалыптастыру процесі. Тәрбие – бұл жеке адамның
тәжірибені игеруі үшін бағытталған белсенді іс-әрекетін қолдап қуаттаушы,
әрі ұйымдастырушы, бір мақсатқа бағытталған, бағдарлы, әрі сапалы
педагогикалық процесс.

Тәрбиенің мақсаты – педагогикалық ғылымның өзекті категориясы. Оны
нақтылау, жобалау, дайындау – педагогикалық тұжырымдар жасаудың арқауы.
Мақсат – субъект санасында оның қоршаған ортамен өзара ықпал байланысынан
туындайтын әрекеттің нәтижесі туралы ой-болжамы. Демек, мақсат – нақты
болмыстан алынатындықтан, ол объективті құбылыс. Сонымен бірге мақсат –
субъективтік те категория, себебі ол сана туындысы, ол адам ойында пайда
болып, әр тұлғаның сана-сезімдік ерекшеліктерінің көрінісін береді. Тәрбие
мақсаты қоғамның өркениеттілігіне, оның демократиялық сипатына,
экономикалық мүмкіншілігіне, педагогикалық жүйелер дамуын болжастыратын
және нақты жағдайды үйлестіріп отыратын мекемелеріне байланысты. Мақсат –
өзгермелі, қозғалмалы, ауыспалы болуы педагогикалық процесте айқын
көрінеді. Мысалы, өскен сайын бір мақсаттың ысырылып, орнына екіншісі
қойылуы даму нәтижесі болып табылады. Мақсат – іс-әрекет, белсенді
қызметтің бастау көзі. Мақсат категориясына қарама – қарсы категория –
арман. Арман – елестің немесе қиялдың субъектіге берер біршама қанағаттану
сезімі. Арман адамды шындық болмыстан алшақтатады. Ал, мақсат – бейнені іс-
әрекетке қосып шындыққа айналдырады. Мақсатқа жетудің жолы тұп-тура болмақ
емес, ол үшін көптеген міндеттерді іске асыру қажеттіліктері туындайды.
Міндет – бұл мақсатқа жету жолындағы бір саты орындалуы қажет нәтиженің бір
бөлігі. Осы бөлік өзінің іс-әрекеттік бітімін таппаса, жалпы нәтиже де жоқ.
Әрбір міндет өзінің орындалу сәтінде субъект үшін нақты бір мақсатқа
айналады да, ол мақсат өз кезегінде төменірек деңгейдегі жаңа міндеттерді
туғызады. Мақсатты болжау – мақсат пен міндеттердің өзара байланысын тану
нәтижесі. Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие
бөліктерін байланыстырып шешуді талап етеді. Мақсаттық бағдар назардан
ғайып болып, педагог бір міндет бағытында жұмыс істесе, онда ол міндет
мақсат мазмұнына ие болып өзіне қажетті басқа міндеттерді құрайды.

Мектептегі тәрбиенің негізгі міндеттері:

1) тұлғаны өнегелі бағытта тәрбиелеу;
2) психологиялық процестің өтуі;
3) тұлғаның психологиялық қасиеттерін зерттеу;
4) даму заңдылықтарын тану;
5) оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру;
6) тәрбиеші мен тәрбиеленушінің, ата-ана мен баланың, оқытушы мен ата-
аналардың арасындағы психологиялық қарым-қатынастарды қалыптастыру.
Білім беру заңында, азаматтық қоғам орнатуда өскелең ұрпақтың оқу және
тәрбие мәселелерінің сұрыпталған қатаң ғылыми негіздегі тың жүйесі
қалыптасқан. Бүгінде оны тәрбие процесінде басшылыққа алу барлық әлеуметтік
мекемелерінің міндетті ортақ ісіне айналып отыр.

Тәрбие процесінің диалектикасы оның ішкі және сыртқы қарама-қарсылығымен
бейнеленеді.

Ішкі қарама-қарсылықтар тұлғаның барлық кезеңдерінде байқалатын, оның жаңа
қажеттілігі мен қанағаттану мүмкіндіктерінде көрінеді. Осы жағдайдан
туындайтын қарама-қарсылық адамның тәжірибесін белсенді толтырып,
кеңейтуіне, жаңа білімдер мен құлық формаларын алуына, нормалар мен
ережелерді игеруіне итермелейді.

Сыртқы қарама-қарсылық та тәрбие процесінің бағыттылығы мен нәтижесінде
байқалады. Мысалы, мектеп пен отбасы арасындағы қарама-қарсылықтар, сөз бен
іс арасындағы , т.б. қарама-қайшылықтар тәрбиедегі көптеген қиыншылықтар
мен кемшіліктерге себепші болады.

Тәрбие процесі күрделі динамикалық жүйе. Бұл жүйенің әр компоненті өз
кезегінде өзіндік компоненттері бар жүйе ретінде қаралады. Қазіргі
теориялық педагогикада тәрбие процесі талаптарымен құрылған мынадай
жүйелерді атауға болады: тәрбие процесінің мақсаты, міндеті, мазмұны,
процестің өту жағдайлары, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым-қатынасы,
тәрбие іс-әрекетінің қолданылатын әдістері мен формалары, процестің даму
кезеңдері, т.б.

Тәрбие процесі – бұл сыртқы мақсат, бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі
тәрбиелеуін кірістіре жүргізілетін тұлғаны қалыптастыру, дамыту процесі
немесе бұл өзара байланыстағы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу жүйесінің
тізбегі.

Мектептегі тәрбие процесі – бұл белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған
тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің, пән мұғалімдерінің, сынып жетекшілерінің,
ұжымның өзара жүйелі, үздіксіз әрекеттесіп бірлескен тәрбиелік іс-
әрекеттері.

Тәрбие процесінің мынандай өзіндік ерекшеліктері бар:

1) Тәрбие процесі – көпфакторлы процесс (субъективті, объективті);

2) Тәрбие процесі – өзінің ұзақтығымен ерекшеленеді (К.Гельвеций: Менің
бар ғұмырым ұзақ тәрбиеден тұрады деген);

3) Тәрбие процесі – үзіліссіз процесс.

4) Тәрбие процесі – кешендік (комплекстік) процесс, тәрбиелік
жұмыстардың мақсаты, мазмұны, формалары, әдістемелерінің т.б. бірлігін
білдіреді.

5) Тәрбие процесі – екі жақты сипатымен ерекшеленеді. Тәрбиешіден
тәрбиеленушіге тікелей байланыс, ал тәрбиеленушіден тәрбиешіге қарай
кері байланыс болады. Тәрбие процесін басқару негізінен кері байланыс
арқылы құрылады.

Тәрбие процесі көпқырлылық, иерархиялық, статистикалық, өзін-өзі басқару
сияқты қасиеттерімен сипатталып, мазмұндық және процессуалдық жақтары
анықталады.

Тәрбие мазмұнын түсінерде қойылатын талаптар мен мақсаттарға сай оқушының
білімі, нанымы, дағдылары, тұлғалық сапасы мен белгілері тұрақты әдеттер
жүйесі деп қабылданған..

Тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы – бұл ақыл-ой, дене, адамгершілік,
еңбек, эстетикалық, экологиялық, экономикалық, құқық т.б. тәрбиелердің
біртұтас педагогикалық процесте тоғысуы.

Қазіргі тәрбие бағыттарының негізіне мына идеялар жатады: тәрбие
мақсаттарының шынайы болуы; үлкендер мен балалардың біріккен іс-әрекеті;
өзін-өзі тану; тәрбиенің тұлғалық бағыты; өз еркіндігі; ұжымдық бағыты.

Мектептің нақты тұрмыс, өмірге қарай бағытталуы тәрбие мазмұны мен
тәсілдерін жаңартудың тірегі.

Бүгінгі күнде тәрбиеленушіге ақпарат жеткізіп, оны ақыл-ой, адамгершілік,
эстетикалық, еңбек т.б. тәрбие әрекетіне қосу басты мәселе.

Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен
тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.

Тәрбиенің жалпы заңдылықтары:

1) баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы;
2) баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи
қарым-қатынасынан тыс тәрбиенің болмауы;
3) тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы;
4) тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы;
5) қоғамның үнемі өркендеп дамуы.

2. Педагогика ғылымында тәрбиенің заңдылықтарын ашып көрсетуді негізгі
міндет ретінде қарастырмайды, керісінше тәрбие заңдылықтары негізінде
қандай принциптерді қарастыру қажеттілігіне көптеп көңіл бөледі. Сол
себептен де кейбір жағдайларда тәрбие принциптері оның заңдылықтары ретінде
қарастырылады.

Тәрбие принциптері – тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті тәрбие
процесінің мазмұнына, әдістеріне, оны ұйымдастыруға қойылатын негізгі
талаптарды анықтайтын бастау ережелері, алғы шарты.

Мектеп өмірінде қолданылатын тәрбие принциптері:

– тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы;

– тәрбиенің қоғамдық бағытта болуы;

– тәрбиенің өмірмен, еңбекпен байланысы;

– ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу;

– тәрбиенің оқушылардың жас және дербес
ерекшеліктеріне сәйкестігі;

– тәрбиеде дұрыстыққа арқа сүйеу;

– тәрбие гуманизациясы (жеке басты қадірлеу);

– тәрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау;

– тәрбиелік ықпалдардың бірлігі.

Тәрбие принциптерін тәрбие процесінде басшылыққа алу, олардың бір-бірімен
өзара байланысын қамтамасыз етуді тәрбиешілерге айырықша міндеттелінеді.

Тәрбие әдістері ( грек. методос – жол) – мектеп тәжірибесінде тәрбиеге
қойылған мақсаттарға қол жеткізуге пайдаланылатын жол, ал тәсілдер –
тәрбие саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекеттеріне әсер ету шаралары.

Тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-
әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған
педагогикалық жұмыс тәсілдері.

Тәрбие тәсілі – тәрбие әдісінің жеке бір бөлігі. Ал нақтылы жағдайда
тәрбие тәсілі – тәрбие әдісінің әрекетін, қажеттілігін, тәрбиелік мәнін
айқындайды. Педагогикалық процесс барысында тәрбие тәсілі тәрбие әдісіне
тәуелді болады.

Тәрбие әдістері мен тәсілдері бір-бірімен тығыз байланысты. Тәрбие
әдістері мен тәсілдерін тану, оларды дұрыс қолдану – бұл педагогикалық
шеберлік деңгейінің маңызды сипаттамасын білдіреді.

Тәрбие процесіндегі тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда ықпал ететін
факторлар жүйесінде өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы ерекше. Қалыптасып келе
жатқан оқушы тұлғасы тәрбие субъектісіне айналады. Ол педагогикалық
талаптарды орынды белсенді қабылдайды және өзінің сапалық қасиеттерін өзі
жетілдіруге тырысады. Өзінің тұлғалық сапаларын өзі жетілдіру және
кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушының іс-әрекеті өзін-өзі тәрбиелеу деп
аталады.

Өзін-өзі тәрбиелеу – бұл адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп
өзінің бойына идеал сенімдерге сәйкес қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық,
дағдысына бағытталған іс-әрекеттер.

Өзін-өзі тәрбиелеу оқушы тұлғасын жан-жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал
етеді. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін басқаруда олардың жас
ерекшеліктерін ескеру қажет. Өзін-өзі тәрбиелеу нышандары тіпті кіші мектеп
жасындағы оқушылар бойынан байқалады. Жасөспірімдік шақтағы бала тәрбиенің
пәрменсіз объектісі болғысы келмейді, өз мінез-құлқын өзі анықтайтындай
әрекет иесі, тәрбиенің субъектісі болуға ұмтылады.

К.Д.Ушинскийдің өзін-өзі тәрбиелеу ережесін келтірейік:

– асқан сабырлылық, ең болмағанда сырт көзге;

– сөзде және қылықтардағы турашылық;

– әрекетті жан-жақты ойластыру;

– батылдылық;

– әуесқойлық құмарлыққа емес, қажеттікке немесе сүйсініске шығындану;

– әр кеште өз қылықтары жөнінде өзіне есеп беру;

– болғанды, бүгінгі, болатынды айтып еш мақтанбау.

Өзін-өзі тәрбиелеуде алдын-ала дайындық негізінде іс-әрекеті, қарым-
қатынасы жөнінде ұжымда өзіндік есеп беру де қолданылады.Тәрбиеде оқушы
тәртібінде, мінез-құлқында ауытқулар кездесіп отырады. Сондықтан, тәрбиелеу
жұмысында қайта тәрбиелеу де орын алады.

Қайта тәрбиелеу – тұлға құрылымын түгел қайта құру, адамның барлық
психологиялық сапаларын қайта жасау. Түзету деген ұғым да бар. Қайта
тәрбиелеу тұлғаның сапасының, мотивтері мен қажеттіліктерінің, сезімдері
мен еркінің, түйсіктерінің, іс-әрекеті мен мінез-құлқының әлеуметтік-
психологиялық және психологиялық-педагогикалық өзгеру процесі болып
табылады.

Қайта тәрбиелеу – бұл қиын балалардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәжірибиелі эксперимент жұмыстары оларды ұйымдастыру және жүргізу
Педагогика ғылымының ерекшелігі
Педагогиканың шығуы және дамуы
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері
Педагогикалық жүйелердің әдіснамасы
Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері
Тәрбие қажеттілігі мен педагогикалық теория дамуының әлеуметтік - экономикалық факторлары
Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны
Педагогикалык зерттеудердің әдіснамасы
Пәндер