Тамыр түйнектерді құрылысымен танысу және оның технологиясы туралы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
БАӨЖ
Тақырыбы: Тамыр түйнектерді құрылысымен танысу және оның технологиясы
Орындаған: Абытайова Н. С.
Тексерген: Татенов А. Б.
Топ: ТЖ - 305
Семей қаласы 2015 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе. Қазақстандағы жалпы ауыл шаруашылық өсімдіктері
II. Негізгі бөлім
2. 1 Тамыр түйнектердің құрылысымен танысу
2. 2 Тамыр түйнектердің биологиялық ерекшеліктері
2. 3 Тамыр түйнектерді өсіру технолгиясыIII. Қорытынды бөлім
Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылығының ең басты және маңызды саласы. Негізгі міндеті - өсімдік шаруашылығындағы өнімді шығару үшін мәдени өсімдіктерді өңдеу. Өсімдік шаруашылығынсыз адамзаттың толыққанды өмір сүруі мүмкін емес. Өсімдік өсірудің өзі тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығынсыз мал шаруашылығы да жүзеге аспайды, себебі өсімдіктерсіз малға азық болмайды. Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығы өндірістің көптеген салаларын өсімдік шикізатымен қамтамасыз етеді, мысалы, тағамдық, аралас құрамды, фармацевтикалық, тоқымалық, парфюмерлік және тағы басқалары.
Өсімдік шаруашылығы егін шаруашылығы, жүзім шаруашылығы, орман шаруашылығы, шалғындық, гүл өсіру және жеміс өсіру сияқты кіші салаларды енгізеді.
Ұғымдарды шатастырып алмас үшін, әрбір салаға түсінік беру керек. Терминдерінің түсініктемелері Үлкен Энциклопедиялық Сөздіктің тұжырымдамасы бойынша берілген.
Егіншілік - өсімдік шаруашылығының бір саласы, ол егістіктік бір жылдық жаздық және күздік дақылдарды өндіреді (дәндік, технологиялық-қант қызылшасы, зығыр, мақта және т. б. азықтық, картоп) .
Көкөніс шаруашылығы - көкөніс өсімдіктерін өсірумен айналысатын ауыл шаруашылық саласы, оларға мысалы, бақшалық дақылдар - қарбыз, қауын, асқабақ жатады. Көкөніс шаруашылығы ашық немесе жабық жерлік болуы мүмкін, ол топырағына байланысты болады. Көкөніс шаруашылығының ашық түрінде көктемгі жазғы және күзгі мезгілдерде көкөністік дақылдарды өңдейді, жабық топырақта- маусымнан тыс кездері көкөністерді өсіреді, ол кезде климаттық жағдайлар бойынша егістіктерде көкөніс өнімін және ашық топырақ үшін көшетті екпелерді алу мүмкін болмайды.
... жалғасыКартоп өте маңызды ауылшаруашылық дақыл. Картоп түйнегі, ең алдымен кеңінен әр түрлі тағамдарға пайдаланылады. Бір килограмм түйнек 840 калорияға дейін береді және адамның бір күндік рационында айтарлықтай орын алады. Картоп түйнегінде 22-25 % құрғақ зат, оның ішінде 80-85 % крахмал және 3 %-ға дейін белокты заттар болады. Картоп ақуызы өзінің биологиялық құндылығы жағынан дәнді дақылдар ақуызынан анағұрлым жоғары бағаланады, өйткені оның құрамында және жануарлар организімдерінде синтезделмейтін амин қышқылдары (ванилин, лизин, трифтофан, лейцин т. б. ) көп.
Картоп түйнегі адам организмінің қалыпты қызметіне өте қажетті көптеген бағалы витаминдер (С, В, А, Р, К) мен минералдық тұздардың маңызды көзі. Түйнегінде 20 %-ға дейін крахмал, 2 %-зға дейін ақуыз, әр түрлі витаминдер С (42 мг%), В1 (0, 110 мг %), В2 (0, 051 мг %), В6 (0, 190 мг%), РР (1, 220 мг %), фоли қышқылы каротин (56 мг %), май (0, 15 %) болады. Сонымен қатар пектинді заттар, жасунық, стериндер, органикалық қышқылдар (лимон, қымыздық, алма және тағы басқалар) кездеседі, минералды тұздардан калий (523мг %), фосфор ( 58 мг %), магний (32 мг %) сондай-ақ, микроэлементтер темір, марганец, никель, кобальт, йод, кальций кездеседі. Көрсетілген маңызды заттарының болуына байланысты картопты халық медицинасында зат алмасу, тыныс алу, көз, жүрек, бүйрек ауруларын емдеуде қолданылады. Картоптың жас өскіндерінің микробтарға қарсы әрекеті анықталған. Картоп крахмалы өт қышқылдарының белсенділігін арттырады, ол өз кезегінде ішек бактерияларының жұмысын жақсартады. Шет елдік ғаламдардың картоп түйнегінен алған ингибин препараты қазіргі таңда асқазан жарасын, күйікті емдеуде кеңінен пайдалануда.
Картопты көптеген халық шаруашылық өндірістерінде кеңінен қолданады. Мысалы, 1 т картоптан 112 л спирт, 55 кг көмірқышқылы, 17 кг крахмал, 80 кг глюкоза және де тағы басқа заттар алуға болады.
Картоп, әсіресе сауын малы, шошқа және құстар үшін мал азықтық дақыл ретінде жоғары бағаланады. 100 кг картоп түйнегінде 31 азықтық өлшем және 1, 6 кг қорытылатын (сіңімді) протеин бар. Картоп көптеген ауылшаруашылық дақылдарына жақсы алғы дақыл, тыңайтқыш пен мелиорацияға қайтарымы мол. Жоғары агротехника жағдайында бір орынға қайта отырғызуға, тіпті дара дақыл ретінде өсіруге болады. Сонымен қатар, картоп - бір өлшем жерде жоғары өнім құрайтын потенциалды мүмікіндігі бар өнімді далалық дақылдардың бірі. Қазіргі уақытта Республикамыздағы барлық картоп егістігінің жалпы көлемі 212 мың га құрайды. Қартоптың орташа өнімі соңғы жылдары облыстар бойынша 76-118 ц/га аралығында өзгерді.
Дақылдың таралуы және ботаникалық сипаттамасы
Картоп алқа тұқымдасына жатады және егістіктегі негізгі түрі Sоlanum tuberosum. Табиғи тегі бойынша картоп сабағы жыл сайын өліп отыратын көпжылдық шөптесін өсімдік, бірақ жершарының көптеген елдерінде бір жылдық өсімдік түрінде өсіріледі. Оны вегатативті түрде (түйнек, көзше және бүршіктерімен) және тұқымымен көбейтуге болады. Өндіріс жағдайында картоп негізінен түйнегімен-қысқарған жер асты өркенінің өзгерген түрімен көбейтіледі. Тұқымымен көбейтілгенде картопқа кіндік тамыр мен жалғыз сабақ, ал түйнегімен көбейтілгенде шашақ тамырлар жүйесі мен бұта пайда болады. Қартоп бұтасы бірнеше сабақтардан құралады.
Картопты түйнегімен көбейткенде тамыр жүйесі шашақты болады. Ол жекелеген сабақтардың тамыр жиынтығы деп есептеледі әрі бірінші және столон маңы тамырларынан тұрады. Тұқымымен көбейтілгенде кіндік тамыр жүйесін қалыптастырады.
Түйнектерімен көбейтілгенде биіктігі 180-200 см жететін бірнеше қырлы сабақтардан тұратын бұта түзеді. Бұтадағы сабақ саны түйнектерде өскен көзшелер санына, түйнектің мөлшері мен өсіру тәсілдеріне тәуелді. Картоптың жапырақтары күрделі, үзік-дара қауырсынды - қиықты, бірнеше жұп бүйір бөліктері мен бөлекшелерден тұрады, сабақ бойында бұрандалы орналасқан.
![]()
1 сурет - Картоп өсімдігінің тұқымнан дамуы
Гүлдері қос жынысты, бестік типте, күрделі шиыршық гүл шоғырына жиналған. Әрбір гүл тозаңдарымен бес аталықтан және бағана ұзындығы әртүрлі аналықтан тұрады, түстері жасыл-сарғыштан күрең қызылға дейін. Картоптың барлық сорттарыгүл түзе бермейді. Жемісі - шырынды жидек, көптеген тұқымдардан тұрады. Тұқымдары ұсақ жаншылған, ақ-сұр және сарғыш түсті, 1000 санының массасы 0, 3-0, 5г.
Түйнек - түр өзгерісіне ұшыраған жер асты сабағы болып табылады, пішіні мен түсі әртүрлі. Түйнектің бетінде бұрандалы тәртіппен орналасқан көзшелер (түр өзгерісіне ұшыраған жапырақтар) болады, олар тыныштық күйіндегі 2-3 бүршіктен құралған.
![]()
1- домалақ, 2- сопақ, 3- ұзынша
2 сурет - Картоп түйнектерінің пішіні
Түйнектің столонға бекіген жерін кіндік, ал оған қарама-қарсы жағын төбесі деп атайды. Сортына қарай картоп түйнегі домалақ, сопақ, ұзынша-сопақ болуы мүмкін. Сыртқы түсі бойынша түйнектер ақ, сары, қызыл, қызғылт, қызғылт-күлгін болады, ал жұмсағының түсі-ақ, сарғыш, сары, күлгін.
Түйнектің анатомиялық құрылысы сабаққа ұқсас: оның ұзындық қимасында түтікті сақина шоғын көруге болады, ол түйнек бетіне таяу көзшелерге қарай орналасқан, түйнектің орта бөлігі барынша ылғалды өзекпен толтырылған, ол негізінен крахмал жасушаларынан тұрады; түйнектің сырты эпидермис түзетін перидерма қабатынан тұрады.
Шаруашылық бағыты мен пайдалануына қарай картоп сорттары асханалық, техникалық, мал-азықтық және әмбебап топтарға бөлінеді. Өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығына байланысты ерте пісетін (70-80 тәулік), ортадан ерте (80-90), орташа мерзімде (90-100), ортадан кеш (100-120) және кеш пісетін (120 тәуліктен артық) картоп сорттары ажыратылады.
Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері.
Картоп түйнегінің маңызды биологиялық қасиеті - тыныштық күйі кезеңімен сипатталады, мұның өзі тұкымдық материалды келесі өніміне зиян келтірмей күзгі - қысқа кезеңде сақтауға мүмкіндік береді. Тыныштық күнінің ұзақтығы картоптың сорты мен сақтау жағдайларына байланысты. Қысқы сақтау режімін дұрыс қолданғанда картоп түйнегі 6-7 ай бойы өспей жақсы сақталады.
Мәдени сортты картоп қоңыржай климаттың өсімдігі және тұрақты мол өнім температурасы айтарлықтай жоғары емес орта ендік аудандарында алынады. Тағы бір айта кететін жайт, картоп жоғары иілімді (пластикалы) және өсіру технологиясын дұрыс қолданғанда онда қолайлы емес табиғи жағдайларда жақсы өнім қалыптастыра алады. Тыныштық күйден өткен түйнектер топыраққа отырғызғаннан кейін +3-5С температурада өне бастайды. Бірақ бұл температурада оның өнуі баяу жүреді, тамырлары нашар дамиды, ал түйнектер саңырауқұлақ ауруларымен жедел залалданады. Температура -4-7 - 8° дейін көтерілгенде түйнектердің қалып өнуі байқалады. Әрі карай температура жоғарылағанда түйнектердің өну белсенділігі, әсіресе ылғалды топырақта кенеттен арта бастайды. Түйнектердің белсенді өнуіне ең қолайлы температура 4-16 - 18° деп есептеледі.
Картоптың сабағы мен жапырағының өсуіне қолайлы температура +5-6°. Олардың максимум өсуі орташа ылғалды топырақта +17-22° температурада байқалады. +25°-тан жоғары температура өсімдіктерді әлсіретеді, ассимиляция процесі баяулайды, ал 42°-тан жоғары температура жер бетіндегі өсімдік массасының өсуін тоқтатады. Картоптың сабағы мен жапырағы төмен температураға да өте сезімтал. -1-1, 5° суықтықта және ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығында өсімдік қарайып кетеді және өліп қалады. Картоп түйнектері гүл қауыздары пайда болған кезде түзіле бастайды және бұл кезеңдегі топырақ температурасы +16-18°, немесе +22-25° ауа температурасына сәйкес келеді де ең қолайлы болып табылады. Топырақ температурасы + 6°-тан төмен және + 23°-тан жоғары болғанда түйнектердің өсуі тежеледі, ал + 26~29°-та түйнектің тузілуі мүлде тоқтайды.
Өсімдіктің толық дамуына қажетті биологиялық белсенді температура жиынтығы (+10°-тан жоғары) пісу мерзімі ерте және ортадан ерте пісетін сорт үшін 1400-1600°, орташа мерзімде пісетін сорт үшін 1600-1800° ортадан кештеу және кеш пісетін сорт үшін - 1800-2000°. Бұл көрсеткіш Солтүстік Қазақстанда 1800-2200° аралығында, ал негізінен 1600 °-ден 2600°-қа дейін өзгереді. Сондықтан ортадан кештеу, әсіресе кеш пісетін сорттар қажетті оптимум температураны алып үлгермейді, нәтижесінде ерте және орташа мерзімде пісетін сорттардың өнімінен анағұрлым төмен өнім қалыптастырады.
Картоп топырақ ылғалдылығына талғампаз. Бүршіктердің өнуі мен өркендердің пайда болуына қажетті ылғал аналық түйнек есебінен қанағаттандырылады. Өсімдік көгінің пайда болуы мен сабақ-жапырақтар қалыптасуының алғашқы кезеңінде өсімдіктің ылғалға қажетсінуі шамалы, өйткені жапырақтардың буландыру беті үлкен емес және осы кезеңде олар куаңшылыққа айтарлықтай төзімді. Өсімдік өсе келе ылғалға қажетсінуі арта түседі, барынша қажетсіну жаппай қауыздану-гүлдену кезеңіне сәйкес келеді, бұл кезде олардың, жер бетіндегі массасы жақсы дамыған және тіршілік қызметі жоғары. Бұл кезеңде түйнектер пайда бола бастайды, сондықтан ылғалмен үздіксіз түрде қамтамасыз ету жоғары өнім алудың басты шарттарының бірі бұл кезеңдегі судың жетімсіздігі тургордың төмендеуі мен жапырақтың солып қалуына әкеліп соғады, ал мұның өзі фотосинтезге теріс әсерін тигізеді, өнімнің мөлшері мен сапасы төмендейді. Тамырлардың негізгі массасы тараған алаңда осы топырақтың ылғалдылығын ТДЫ 70-80% дәрежесінде ұстағанда өнімнің қорлануына ең колайлы жағдайлар жасалады.
Өсіп-өну соңында, сабақ пен жапырақтың солып, түйнектің өсуі темендегенде алғашқы кезеңдерге қарағанда картоптың ылғалға қажетсінуі кемиді. Өсіп-өну кезеңінің соңына қарай қалыптасқан жылы әрі құрғақ ауа-райы түйнектердің түзілуін тездетеді, оларда мықты әрі калың қабықтың пайда болуына мүмкіндік жасайды, соның нәтижесінде өнімді жинаған кезде түйнектер аз жарақаттанады да қыста жақсы сақталады. Керісінше, жауын-шашынды ауа райы түйнектердің пісуін кешеуілдетеді, оларда жұқа, әлсіз қабық түзіледі, жинаған кезде олар жеңіл жарақаттанады және нашар сақталады.
Топырақтағы ылғалдың тым артық мөлшері, оның жетімсіздігі сияқты картоп өніміне теріс әсерін тигізеді: түйнектер сылбыр өседі, олардағы крахмал мөлшері азаяды, бактериялық және саңырауқұлақ ауруларымен залалдану артады.
Картоптың транспирация коэффициенті метеорология жағдайларына, сорттың ерекшеліктеріне және өсіру әдістеріне байлынысты картоптың транспирациялық коэффициенті 330-700 өлшем бірлігінде өзгереді. Орта есеппен 1 кг картоп түйнегін алу үшін 150 л су қажет. Алайда бұл көрсеткіш топырақ құнарлығы мен механикалық кұрамына байланысты өзгереді: құнарлы саздақ топырақ 85-100 л, құнарсыз, құмдак топырақта 160-200 л дейін көтеріледі.
Қазақстан жағдайында аудандастырылған картоп сорттарының, көпшілігінде интенсивті өсу мен түйнек түзу шілденің аяғы, тамыздың бас кезінде болады, бұл жазғы ылғалдың мол түсетін кезіне сәйкес келеді де, өнімнің қалыптасуына мүмкіндік жасалады. Алайда, осы кезеңде қолайсыз ауа-райы қалыптасса (куаңшылық, жоғары температура), өсімдіктер қысылып өседі, әрі жекелеген жағдайларда вирусты аурулар да етек алып кетеді. Климаттың мұндай теріс құбылыстары аймақтың оңтүстік бөлігінде, суарылмайтын жерлерде өсірілетін картопқа қатты әсер етеді.
Картоп-жарық сүйгіш өсімдік. Жарық жетімсіз болғанда сабақ созылып кетеді, жапырақтар сарғаяды, бүршіктену мен гүлдену әлсізденеді, өнім қатты төмендейді. Сондықтан алқапқа өсімдікті дұрыс орналастыру арқылы бұтаның жан-жақты жарықталуын қамтамсыз ету қажет, ал бұл фотосинтездің қолайлы жағдайда өтуіне мүмкіндік береді. Оптималды отырғызу жиілігін таңдап алу сортқа, отырғызылатын материалдың көлеміне, ылғалмен қамтамсыз етілуі мен топырақ құнарлығына байланысты. Нақты жағдайда бір гектарда 40-50 мың м 2 жапырақ беті ауданын түзетін картоп жиілігі ең колайлы деп есептеледі. Картоптың көптеген сорттары сабақ-жапырақтарының дамуы мен гүлдеуіне қарай ұзақ күнді өсімдіктер қатарына жатады.
Биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес картоп топырақтың борпылдағына, оның ауа, ылғал өткізгіштігіне жоғары талап кояды, органикалық және минералдық заттарға бай орташа саздақ қышқылдау реакциялы топырақта жақсы өнім береді. Картоптық тамыр жүйесі мен столондарының жақсы дамуына қолайлы ауа режимі тығыздығы 0, 9-1, 1 г/см 3 қара және қоңыр топырақта жасалды [20] .
Қатты тығыздалған, әсіресе сортандау - сазды топырақта өсімдік көгі кешігіп (5-7 күн) шығады, өсімдіктердің өсуі тежеледі, тамыр жүйесі нашар дамиды, топырақтың беткі қабатында шоғырланады да, тез өліп калады. Ауыр сазды топырақтардың тығыздығы 1, 3-1, 4 г/см 3 жеткенде түйнектер киқы-жиқы пішінде түзіледі, азықтық және тұқымдық сапасын жоғалтады әрі нашар сақталады. Мұның бәрін Қазақстан жағдайында көп тараған механикалық құрамы ауыр топырақта және суармалы жерлерде қатты ескерген жөн, себебі олар жаздың екінші жартысына қарай өте тығыздалып қалады.
Картопты қолайлы мерзімде отырғызғанда оның гүлденуі маусымның соңы және шілденің басында, ал ортадан кеш пісетін сорттарында тіпті шілденің аяғында байқалады. Қалыпты өсіп-өну кезеңінде түйнектің пайда болуы әсіресе аймақтың солтүстік бөлігінде, айтарлықтай агрометеорологиялық қолайлы жағдайларда өтеді.
Қазақстан жағдайында көптеген картоп сорттары түйнектерінің ең қарқынды өсуі тамыз айына сәйкес келеді де барлық түйнек өнімінің 60-80 пайыз, ал кейбір жылдары 93-95 пайызға дейін жетеді. Ортадан кештеу пісетін сорттарда тіпті қыркүйек айында да, егер ерте күзгі үсік өсіп-өнуді тоқтатып тастамаса, өнімге айтарлықтай салмақ қосылады [25] .
Қазақстанда асханалық картоптың 40-тан аса сорты аудандастырылған. Олардың кең таралған сорттарына Приекульский ранний, Кокчетавский ранний, Гатчинский, Лорх, Весна, Невский, Полет, Шортандинский жатса, жаңадан аудандастырылғандары - Ақкөл, Ақсор, Ақжар, Жанайсан, Нэрли, Тамаша, Тамыр, Теңіз, Тоқтар, Ұлан, Орбита және Гранола.
Техникалық(зауыттық) картопқа - көбіне кеш пісетін, техникалық өңдеуге пайдалануға крахмалы көп сорттар жатады. Көп қолданылатындары - Лощицкий және Вера сорттары.
Малазықтық картоп сорттары жоғары өнімімен, түйнектеріндегі ақуызы (3-4 %) мен құрғақ заттарының (25 % кем емес) көптігімен ерекшеленеді. Оларға - Вита, Лаймдота, Новинка, Шпекуле сорттары жатады.
Картоптың әмбебап сорттардың өнімі жоғары, дәмі жақсы, түйнегінің еті қараймайды, ақуыз бен крахмалы көп және сақталу қасиеті жақсы. Эмбебап сорттар - көбіне орташа және орташа кеш пісетіндер; тағамдық, техникалық жоне малазықтық мақсаттарға қолданыла береді. Көп таралғандарына - Берлихинген, Лора, Темп, Сотка, Люберецкий, Уфимец, Истринский және тағы басқа да сорттар жатады.
Өсіру технологиясы.
Көптеген топырақ-климат аймақтарында картопты танаптық, ферма маңындағы және көкөніс ауыспалы егістерінде орналастырады. Азық-түліктік және техникалық картоптан жоғары өнім алу үшін оларға ең алдымен құнарлылық деңгейі жоғары, механикалық құрамы жеңіл топырақ бөлінеді. Картоп маңызды дақыл болып, қала маңындағы аудандар егістік алқаптарының 30-40 % және одан да көп жерлеріне орналасуы мүмкін. Арнайы отамалы ауыспалы егістер мүмкіндігінше жер бедері тегіс, эрозияға ұшырамаған, жақсы тыңайтылған және орталыққа өте жақын орналасқан шаруашылықтар мен фермаларда орналасады. Отамалы дақылдары мол ауыспалы егістердің елді мекендерге, мал кешендері мен фермаларға жақындауы, өнімді пайдаланатын жерлерге тасымалдауға және олардағы жергілікті органикалық тыңайтқыштарды (көң, көң садырасы және басқа) да жөнелтуге кететін шығын мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді.
Картоптың танаптык ауыспалы егістердегі жақсы алғы дақылдары тыңайтылған күздік және жаздық астықтар, дәнді-бұршақтармен біржылдық бұршақ шөптер, қант қызылшасы, жүгері. Құмдауыт және жеңіл құмбалшық топырақты ауыспалы егісте картопты көпжылдық шөптер ұлтаны мен оның аудармасына орналастыруға болады. Көкөністі-картопты ауыспалы егісте картопты тамыржемістерден, қырыққабат, қияр, бақшалық дақылдардан кейін өсіре береді. Құрғақ аймақтарда картоптан жоғары өнімді суарылатын, су басатын аңғарлар мен төмен бедерлі жерлерден, көлтабаннан және тау бөктеріндегі жерлерден алуға болады.
Картоп отамалы дақыл болғандықтан, жоғары агротехникада өзінен кейін танапты бос топырақ және арам шөптерден таза күйінде қалдырады, сондықтан жаздық дәнді, дәндібұршақ, жүгері мен майлы дақылдарға ол жақсы алғы дақыл. Оның ерте пісетін сорттары екпе сүрі жерлерге сүрі жер дақылы болып та егіледі. Картоп топырақ аэрациясына жоғары талап қояды. Тамырлар, сталондар (жерасты өркендері), түйнектер жақсы жетілу үшін топырақты терең өңдеу қажет.
Күзде алғы дақылдарды жинағаннан кейін, артынша танапты ластануына байланысты 1-2 рет сыдыртады, 2-3 апта өткен соң сүдігерге жыртады. Қарашіріндісі терең қабатты топырақтарды кәдімгі соқамен 28-30 см жыртады. Жырту қабаты таяз топырақтарды оның барлық тереңдігіне, 20-25 см жеткенше бірте-бірте өңцейді.
Ылғал жеткіліксіз аудандарда қыста қартоқтату жүргізеді. Топырақты көктемгі өңдеу - ерте көктемгі 1-2 ізбен тырмалау мен жеңіл топырақтарды 12-14 см қопсытудан тұрады. Жел эрозиясы қаупі бар далалық аймақтарда көктемгі тырмалаудан (арнаулы тырмалармен) кейін, топырақты сыдыра қопсытқышпен сыдырта жыртады. Бірқатар облыстарда картопты отырғызар алдында жал жасау тиімді. Ол үшін ауа райы мен топырақ жағдайларына байланысты, түптеуіш тұрығы бар қопсытқыштармен картопты отырғызудан бірнеше күн бұрын немесе отырғызатын күні жал жасайды. Құмдауыт топырақтарда жалды, кейде сүдігерді көктемде қайта жыртумен алмастыруда жасайды.
Картоп - топырақтан қоректенуге көп талап қоятын дақылдардың бірі. 1 т түйнек өнімін түзу үшін өсімдік топырақтан орташа 5-6 кг азот, 1, 5-2- фосфор жоне 13-18 кг калий сіңіреді. Сөйтіп картоп негізгі қоректік элементтерден калийді әлдеқайда көп, азотты - орташа, ал фосфорды аз мөлшерде пайдаланады. Картопты отырғызғанда гектарына 10-20 кг түйіртпектелген суперфосфат және 15-20 кг аммиак селитрасын пайдаланады.
Үстеп қоректендіруде 1 гектарға 20-30 кг есебінде азот, фосфор және калий немесе 5-8т көң садырасын қолданады. Картопқа қолданылатын тыңайтқыштар түрлері: азотты -күкірт қышқылды аммоний, аммиак селитрасы және мочевина; фосфорлы-суперфосфат, күлгін топырақтарда-фосфорит ұны; калийлы - калий сульфаты мен калий магнезия.
Отырғызатын материалды дайындауды күзде бастайды. Картопты тұқымға жинауда бүтін, массасы 50-80 г, ауруларға шалдықпағандарын іріктеп алады. Тұқымдық материалды сақтау жақсы ұйымдастырылуы керек. Көктемде картопты қайтадан іріктейді. Түйнектерді отырғызар алдында 25-30 күндей жарықта 12-15°С-та өндіреді немесе 10-14 күндей жылы жерде ұстайды. Түйнектерді отырғызу алдындағы өндіру мен жылы жерде ұстау, өсімдіктердің өніп-жетілуін тездетеді және өнімді арттырады.
Картопты отырғызуды топырақ температурасы 8-10 см тереңдікте 6-8°С жеткенде бастайды. Топырақ типі мен климат жағдайларына байланысты картоп түйнектерін тегіс жерге немесе жалға отырғызады.
Жылу аз, ылғал мол және
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz