Ғаламдық (глобалдық) биогеохимиялық циклдар туралы



Ғаламдық (глобалдық) биогеохимиялық циклдар. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары.
Өндірістің өсуі және қоршаған ортаға түсетін салмақтың артуы. Табиғи ресурстардың классификациясы.
Адамзат қоғамының табиғи ресурстармен қамтамасыз етілу проблемасы.
Табиғатты ұтымды пайдалану негіздері.
Ғаламдық (глобалдық) биогеохимиялық циклдар. Организмдер тіршілігінің барысында биосфераның әртүрлі құрылымдық бөлімдері арасында жүретін энергия және зат айналымын, яғни, химиялық элементтердің тірі организмдердің қатысуымен қозғалуын және өзгеруін биогеохимиялық айналымдар деп атайды. Химиялық элементтер биосферада биологиялық айналымның әртүрлі жолдарымен: тірі затпен жұтылып энергиямен қамтамасыз етіледіде , тірі затты тастап жиналған энергияны сыртқы ортаға беріп үздіксіз айналымда болады. Осындай үлкенді кішілі тұйық жолды В.И Вернадский «биогеохимиялық айналымдар» деп атады. Бұл айналымды екі типке бөлуге болады:1)Газ тәрізді заттардың атмосферадағы және гидросферадағы айналымы, 2)жер қыртысындағы шөгінділер.
Күкірт айналымы. Бұл цикл суды, топырақты және атмосфераны қамтиды. Күкірттің негізгі қоры топырақта және тұнбаларда. Күкірт айналымының негізгі буына аэробты тотығу және анаэробты тотықсыздану процестері, керісінше сульфаттың сульфидке дейін өзгеруі жатады. Күкірт айналымы антропогендік әсерге тәуелді. органикалық энергия тасымалдаушылар құрамында белгілі бір мөлшерде күкірт болады.
Оттегі айналымы. Оттегі айналымы- фотосинтез процесінен басталады. Оның биологиялақ айналамы 250т/жыл. Ал биосферадағы оның массасы 1014 т. Оттегі жер бетінде ең көп таралған элемент: атмосферадағы мөлшері 23,1%, литосферада 47,2%, гидросферада 86,9%. Ауадағы оттегінің мөлшері ұзақ уақыттыр бойы биологиялық реттеудің арқасында тұрақты деңгейде келе жатыр. Оттегі айналымы мен озон қабатының түзілуіде тығыз байланысты.
Фосфор айналымы. Фосфор нуклеин қышқылдарының, клетка мембраналарының, энергия тасымалдаушы жүйелердің, сүйек ұлпасының, дентиннің құрамына кіреді. Фосфор айналымының ерекшелігі: редуценттердің фосфорды органикалық түрден бейорганикалық түрге тотықтырмай көшіретіндігінде.Фосфор айналымын тұйықталған деп есептеуге болмайды, себебі фосфаттардың басым көпшілігі мұхит шөгінділерінде қалып отырады. Фосфордың айналымы құрлықтада да мұхиттарда да жүреді. Фосфор жылжымалы элемент, сондықтан оның айналымы қоршаған ортаның көптенген факторларынаб бірінші кезекте антропогендік факторларға тәуелді.
Көміртегі айналымы. Көміртегі айналымы- көмірсулардың, майлардың, белоктардың, нуклеин қышқылдарының және тіршілікке қажет басқа органикалық қосылыстардың негізгі «құрылыс материалдарына» жататын көміртегі биологиялық айналымның негізгі
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Әлімбеков. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері
2. «Табиғаттағы тепе-теңдік ғажайыптары»
3. «Орталық Қазақстан» газеті. 22 қараша, 2003 ж.
Қ. Бекішевтің «Жасыл желекті тиімді пайдаланайық» атты мақаласы
4. Тарихи – географиялық энциклопедия.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырып: Ғаламдық (глобалдық) биогеохимиялық циклдар. В.И.Вернадскийдің
негізгі биогеохимиялық заңдары. Өндірістің өсуі және қоршаған ортаға
түсетін салмақтың артуы. Табиғи ресурстардың классификациясы. Адамзат
қоғамының табиғи ресурстармен қамтамасыз етілу проблемасы. Табиғатты ұтымды
пайдалану негіздері.

Тексерген: Жексенаева А.Б.

Группа: ХН-501

Орындаған: Тлеш М.А.

Семей 2015 ж.
Ғаламдық (глобалдық) биогеохимиялық циклдар. Организмдер тіршілігінің
барысында биосфераның әртүрлі құрылымдық бөлімдері арасында жүретін энергия
және зат айналымын, яғни, химиялық элементтердің тірі организмдердің
қатысуымен қозғалуын және өзгеруін биогеохимиялық айналымдар деп атайды.
Химиялық элементтер биосферада биологиялық айналымның әртүрлі жолдарымен:
тірі затпен жұтылып энергиямен қамтамасыз етіледіде , тірі затты тастап
жиналған энергияны сыртқы  ортаға беріп үздіксіз айналымда болады. Осындай
үлкенді кішілі тұйық жолды В.И Вернадский биогеохимиялық айналымдар деп
атады. Бұл айналымды екі типке бөлуге болады:1)Газ тәрізді заттардың
атмосферадағы және гидросферадағы айналымы, 2)жер қыртысындағы шөгінділер.
                  
Күкірт айналымы. Бұл цикл суды, топырақты және атмосфераны қамтиды.
Күкірттің негізгі қоры топырақта және тұнбаларда. Күкірт айналымының
негізгі буына аэробты тотығу және анаэробты тотықсыздану процестері,
керісінше сульфаттың сульфидке дейін өзгеруі жатады. Күкірт айналымы
антропогендік әсерге тәуелді. органикалық энергия тасымалдаушылар құрамында
белгілі бір мөлшерде күкірт болады.                
Оттегі айналымы. Оттегі айналымы- фотосинтез процесінен басталады. Оның
биологиялақ айналамы 250тжыл. Ал биосферадағы оның массасы 1014 т. Оттегі
жер бетінде ең көп таралған элемент: атмосферадағы мөлшері  23,1%,
литосферада 47,2%,  гидросферада 86,9%. Ауадағы оттегінің мөлшері ұзақ
уақыттыр бойы биологиялық реттеудің арқасында тұрақты деңгейде келе жатыр.
Оттегі айналымы мен озон қабатының түзілуіде тығыз байланысты.
                                                                              
   
Фосфор айналымы. Фосфор нуклеин қышқылдарының, клетка мембраналарының,
энергия тасымалдаушы жүйелердің, сүйек ұлпасының, дентиннің құрамына
кіреді. Фосфор айналымының ерекшелігі: редуценттердің фосфорды органикалық
түрден бейорганикалық түрге тотықтырмай көшіретіндігінде.Фосфор айналымын
тұйықталған деп есептеуге болмайды, себебі фосфаттардың басым көпшілігі
мұхит шөгінділерінде қалып отырады. Фосфордың айналымы құрлықтада да
мұхиттарда да жүреді. Фосфор  жылжымалы элемент, сондықтан оның айналымы
қоршаған ортаның көптенген факторларынаб бірінші кезекте антропогендік
факторларға тәуелді.
                                                                       
Көміртегі айналымы. Көміртегі айналымы- көмірсулардың, майлардың,
белоктардың, нуклеин қышқылдарының және тіршілікке қажет басқа органикалық
 қосылыстардың негізгі құрылыс материалдарына жататын көміртегі
биологиялық айналымның негізгі қатысушысы. Осы кезеңде биосферадағы
көміртегінің  жалпы массасы шамамен 4000 Гт, оның 1000 Гт биомасса  үлесіне
жатады.  Көмір қышқыл газының Жер биосферасында жылжуы екі бағытта жүреді
:1) фотосинтез процесі кезінде өсімдіктер көмірқышқыл газын сіңіріп,
өсімдіетер массасын құрайды, ары қарай бұл масса көмір, шымтезек түрінде
литосфераға ауысады.2) Әлемдік мұхитта еріп, көмір қышқыл газы тірі
организмдер немесе химиялық реакциялар көмегімен кальциймен қосылып қуатты
корбонатты жыныстар түзеді. Көміртегі айналымы жасыл өсімдіктермен кейбір
микроорганизмдердегі фотосинтез процесінде атмосфералық көмір қышқыл газын
сіңіруден басталады. Өсімдіктер сіңірген көміртегі бөлігін жануарлар
пайдаланып, көмір қышқыл газын бөледі. Тіршілігін жойған өсімдіктер мен
жануарлар ең соңында топырақта микроорганизмдер арқылы ыдырайды. Осы ыдырау
нәтижесінде ұлпалар құрамындағы қосылыстар көміртегі диоксидіне дейін
тотығып , атмосфераға қайтып оралып отырады. Антропогендік әсердің
нәтижесінде атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері көбейіп келеді. Азот
айналымы. Азот айналымы -атмосфералық ауаның  78%  азот құрайды. Бірақ азот
химиялық жағынан белсенділігі төмен элемент. Азот барлық белоктардың
құрамына кіреді. Сонымен қатар биогенді элементтердің ішінде организмдердің
тіршілік әрекетіне ең қажетті элемент болып саналады. Атмосферадағы бос
 молекулалық түрдегі азоттың ең аз мөлшері ғана биологиялық айналымға
қатысады. Биосферадағы азот айналымын анаэробты бактериялардың  және көк
жасыл балдырлардың бірнеше топтары жүргізіледі.  Бұршақ тұқымдас
өсімдіктердегі түйнек бактерияларында азотты сіңіру процесі оттегінің артық
мөлшерінен арнайы өсімдік гемоглабинімен қорғалған күрделі ферментті
жүйенің көмегімен жүреді. Биологиялық азот сіңіру процесінің тікелей өнімі
болып саналатын амин тобы бүкіл организмдер қатысатын айналымға қатысады.
Қазіргі кезде азоттың едәуір мөлшерін атмосфераға өнеркәсіп орындары
көліктердің ластануы салдарынан түсуде.
                                                                  
Су айналымы.Су айналымы- күн энергиясы  , тартылу күші , тірі
организмдердің тіршілігі және адамның шаруашылық қызметінің әсерімен Жер
бетінде судың үздіксіз жүретін, бір бірімен байланысты процесс. Су айналымы
табиғат жағдайында былай жүреді: жауын шашын атмосферадан жер бетіне түсіп,
топыраққа сіңіріледі  немесе су қоймаларына ағады. Мұхиттардың, өзендердіңб
құрлықтардың бетінен буланған су булары арқылы тасымалданып, жауын шашынмен
бірге немесе шық ретінде жер бетіне қайта түседі. Осылардан басқа су
айналымы процесіне өсімдіктердің ауамен жанасатын барлық сыртқы және ішкі
беттеріндегі судың булануы және Жердің өте терең  қабаттарындағы магмадан
бөлінетін оттегі мен сутегіден түзілген жер асты суы жатады. Атмосфералық
жауын шашыннан соң су айналымының белсенділігі өзен суларында байқалады.
Яғни тек бір жыл ішінде 1000 км3  өзен суларының өзінен 40 есе көп су
алынады. Су айналымының тұрақтылығы соңғы 100 жылда адамның араласуынан
бұзылы бастады. Ормандар алқабының азаюынан судың булунуы төмендеуде.

В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары. Биосфера ретінде
Вернадский жер қыртысының бүкіл геологиялық тарихы бойында тірі организмдер
әсеріне ұшыраған барлық қабаттарды түсіндірді.Биосфера эволюциясының
негізінде ғаламшарда өмірдің пайда болуы мен өркендеуі жатыр. Органикалык
заттардың эволюциясы бірнеше кезеңнен өтті. Олардың 1)биологиялық, зат
айналымы бар алғашқы биосфераның пайда болуы, 2)көп жасушалы организмдердің
пайда болуына байланысты биосфераның биотикалық компоненті құрылымының
күрделене түсуі. 3) адамзат коғамының пайда болуына байланысты. Адамдардың
өз өлшемі бойынша биосфера деңгейіндегі саналы тіршілігі ноосфераға
айналуының септігін тигізеді. Вернадский (1926ж) биосфера біздің
ғаламшардың ғаламат жүйесі деген ілімді ойлап шығарды. Онда ол тірі
заттардың геохимиялык және қуаттық үрдістерінің негізгі жолдарын жазды. Ол
биосфера туралы түсінік тек қана организмге ғана емес, олардың ортасына да
қатысты деп таратты. Мұның өзі биохимия концепциясына биогеохимиялық мән
берді. Бұған дейін геологиялык уақыт масштабында Жердің келбетін өзгертіп
жататын құбылыстардың бәрі таза физикалық, химиялық немесе физико-химиялық
үрдістер (турлердің шайылуы,еруі,тұнуы,т.б) деп қарастырылатын. Вернадский
тірі организмдердің геологиялык ролі туралы ілімді құрды және олардың
тіршілік арекеттері Жердің минералды қабаттарының өзгерістерге ұшырауының
манызды факторы екенин көрсетті. Вернадский заңы бойынша, биосфера –ішінде
қазір тіршілік бар немесе бұрын тіршілік болған және тірі организмнің
әсеріне ұшыраған не әлі де ұшырап жатқан қабат. Бұл қабатқа мына заттар
қосылады: 1.Тірі заттар – біздің ғаламшарды мекендейтін тірі организмдер.
Жансыз заттар – тірі организмдердің қатысуынсыз пайда болатын заттар
(таужыныстар).2.биожансыз заттар-организмдердің тіршілік әрекеттері мен
геологиялык үрдістердің бірлескен әсерінің нәтижесі болатын биожансыз
денелер (топырақ, лай, желге мүжілген жер қыртысы). 3. биогендік заттар –
организмдердің тіршілік үрдістері кезінде құрылатын және қайта өңделетін
жансыз заттар (атмосфера газдары, көмир, мұнай,
ақтастар,т.б) 4.радиоактивті заттар – радиоактивті элементтерінің
атомдары. 5.жайылып тараған атомдар 6.ғарыш заттары – Жердің бетіне
ғарыштан түсетін заттар (метеориттер,ғарыштың шаңы). Биосфераның шектері
өмірдің тіршілік ету алаңына тәуелді.Тірі организмдердің ғаламшардағы жалпы
қауымдастығы Вернадский тірі зат деп атаған және оның негізгі сипаттамасы
ретінде жалпы массасын, химиялық құрамын және қуатын қарастырған.
Өндірістің өсуі және қоршаған ортаға түсетін салмақтың артуы.
Атмосфера – ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе.
Атмосфера үш түрлі жолмен ластанады: өнеркәсіптен, тұрмыстық және ұсақ
тұтынушылар қалдығымен, транспорт есебінен.
Қазіргі кезде атмосфераны өнеркәсіп өндірістері көп ластайды. Ластаушы
көздері – жылуэлектростанциясы, түтінмен бірге ауаға SO2, CO2, металлургия
зауыттары, ауаға NO2, H2S, Cl2, F2, NH3 фосфор қосылыстарын, сынап пен
мышьяк қосылыстарын бөледі. Транспорт тұрмыстық қосылыстарды жаққанда.
Атмосфераны ластаушы екі жолы бар: бірінші атмосфераға тікелей шығатын;
екінші соның қоспалары.
Парниктік немесе жылулық эффект мәселесі.
Парниктік газдардың әсерінен жылулық баланстың өзгеруі нәтижесінде мүмкін
болатын жер шарының температурасын ғаламдық артуын – парниктік эффект деп
атайды. Негізгі парниктік газ CO2, ( метан,NO2, озон, фреондар) болып
табылады.
Жер бетіне негізінен жылулық емес, көрінетін сәулелер ағымы түседі. Бұл
сәулелер парниктік газдар арқылы өзгермей өтеді. Атмосферадағы парниктік
газдардың мөлшерінің екі еселенуі 21 ғасырдың 2-ші жартыснда болуы мүмкін.
Онда планетаның орташа температурасы 1-3 С0 артады. 
Болжамдар бойынша ауа-райының жылынуы әсерінен Мәңгі Мұзды мұхиттарының
еруінен әлемдік мұхит 1,5м (соңғы 100жылда 10-12см) көтерілуі мүмкін. Егер
мұхит 1,5-2 м ге көтерілсе шамамен 5млн км2 құрлық су астында қалады. Егер
1м көтерілсе Бангладеш тәрізді ел су астында қалады. Осыған байланысты ПЭ
“мәселесін” шешу көбінесе табиғи экожүйелік деңгейге қойылып отыр.
Озон мәселесі.
Сіздермен озон қабатының қайда орналасқанын және озон қалай пайда болатынын
өткенбіз (Оттегі+ультракүлгін сәуле күнинфрақызыл).
Соңғы жылдары атмосфераның жоғарғв қабатындағы озон мөлшерінің кемуі
байқалды (3 ) Мысалы: озонның бір процентке кемуі терінің қатерлі ісігінен
ауру деңгейін 5-7 пайызға арттыруы мүмкін.
Озон ең көп мөлшеріАнтарктида жойылған, мұнда соңғы 30 жылда 40-50пайыз
кеміген. Озон концентрациясының кему нәтижесінде түзілген кеңістікті, “озон
тесіктері” деп атайды,жылына 4 пайызға артады. Қазіргі кездегі оның мөлшері
АҚШ-ң көлемінен артық. Сонымен қатар,көшіп жүретін тесікткер де кқбейіп
келеді,оның мөршері 10-100 мың км2. Алғаш рет 20-ғас. 80-шы жылдарында
пайда болған. Ол фреондар (хладондар)-дың әсерінен пайда болатын
(булау,инертті газдар тұрақты 100 жыл өмір сүреді) оның құрамында хлор бар.
Қышқылдық жауын-шашындар мәселесі
Күкірттің (SO2) қос оксидтерімен ластану қышқыл жауындардың пайда болуына
әкеліп соғады. су буының қатысуында күкіртті ангидрид күкірт қышқылының
ерітіндісіне аіналады. СO2 және NO2 сондай,осында SO2 –ң үлесі 70пайыз.
Қышқыл жауын ең алғаш Англияда байқалған (1907-1908ж) (рН2,2-2,9). 
Қышқыл жауындар топыраққа, суға, өсімдіктерге, архитектураға,
ескерткіштерге, ғимараттарға т.б зиянын тигізеді.
Орман ресурстарның мәселелері
Орманның экологиялық жүйе ретіндегі өзіне тән ерекшеліктері бар. Таза
ормандар шамамен 3мкрға, ал бір адамға 0,8га-дан келеді.
Қазіргі кезде адамдар 32 орманды жойған, соның нәтижесінде 75пайыздан 25-
30 пайызға кеміген. Бұл тропиктік ормандар үшін қауіпті болып отыр.
Орманның ауаны тазарту қызметі үлкен. Мысалы 1га орман жылына 6-7т СO2
жұтып,5-6т O2 шығарады.
Ормандарды қалпына келтірудің үш жолы бар: табиғи орманның пайда болуы,
қолмен ормандарды толтыру,ағаштарды отырғызу.

Табиғат дегеніміз мезгіл мен кеңістікте шексіз, тұрақты қозғалыста,
өзгеруде,дамуда болатын бейорганикалық және органикалық дүние.Бұл адамзат
қоғамының өмір сүруіне қажетті әлемдегі бүкіл материалдық-
энергетикалық,информациялық және әртүрлі табиғи құблыстардың жиынтығы. Адам
күрделі табиғат-қоғам жүйесінің бір бқлігіне жатады.Қоғамның
материалдық,мәдени,тағы да басқа мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қазіргі
кезеңде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның құрауыштары мен табиғи
құбылыстары табиғи ресурстар деп аталады.Оларға атмосфералық
ауа,су,топырақ,кен байлықтары,күн радиациясы,ауа райы,өсімдіктер мен
жануарлар әлемі,жер қабатындағы жылу энергиясы,т.б. жатады.
Табиғи ресурстар әртүрлі жолмен жіктеледі: қол жетерлікке (іске асатын
немесе нақтылы және потенциалды),пайда болуына (табиғи,антропогендік),
химиялық табиғатына (органикалық,миниралдық),көздері мен орналасуы
(жер,су,кен,өсімдіктер,орман),қолда ну міндетіне (өнеркәсіптік, ғылми,
эстетикалық,рекреациалық),пайдалану өрісіне (энергетикалық,шикізат,тамақ)
байланысты.Ресурстар сонымен қатар бастапқы (тікелей табиғаттан алынатын)
және қосымша материалдық (әртүрлі өндіріс салаларының утилдеуге жататын
қосалқы өнімдері) болып та бөлінеді.Таусылуына байланысты табиғи
ресурстар сарқылатын және сарқылмайтын болып екіге бөлінеді.
Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Олар
атмосфералық,су,өсімдіктер,жануарла р,топырақ, қазба байлықтар,энергетикалық
және т.б. болып бөлінеді.Ең жиі жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың
сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты. Ресурстардың сарқылуы
бойынша жіктелуінің маңызы – ол адамды қолданылуы анағұрлым приоритетті
ресурстарды пайдалануға бағыттайды.Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар
жатады.Бұл ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері
айтарлықтай болмайды.Адам оларды толық пайдалануға мүмкіндік беретін
жолдарын жасауы қажет.Екіншіден,қалпына келетін ресурстарды пайдаланудың
болашағы бар.Мысалы,өсімдіктер,жануарлар.
             Сарқылатын ресурстар қалпына келетін және қалпына келмейтін
болып бөлінеді.Қалпына келмейтіндерге планетаның қойнауындағы пайдалы
қазбалар – металл (қара,түсті,асыл және сирек кездесетін, радиоктивті
металдар) рудалары,бейметалды қосылыстар(өнеркәсіптің металлургиялық,
химиялық және басқа салаларына арналған шикізаттар)жер асты сулары, құрылыс
материалдары (мрамор,құм,гранит және т.б.), энергиясақтағыш көздері
(мұнай, газ, көмір, жанғыш-сланец,  жертезек) жатады. Бұл ресурстардың
өайтадан орнына келу қабілеті жоқ, себебі олар өткен геологиялық дәірде
бірнеше миллиондаған жылдар бойында түзілген. Мысалы,тас көмір мезозой
дәуірінде болған өсімдіктер фотосинтезінің өнімі. Қазіргі кезеңде кен
байлықтар түзетін процестердің жүруіне бұрынғыдай жағдай жоқ, сондықтан
олардың орнының тез арада толуы мүмкін емес.
             Сарқылатын және қалпына келетін жағынан қарайтын болсақ,жер
және орман ресурстарына ерекше тоқталуға болады.Топырақ – барлық
материалдық игілік негізі,әр адамның жақсы тұрмыс халі осы байлық көзінің
жағдайына байланысты. Топырақтың негізгі қасиеті оның құнарлығы,яғни
өсімдіктер өнімі осы қабілетіне байланысты келеді. Топырақтың түзілуі өте
күрделі және ұзақ үздіксіз жүретін процестердің бірі. Оның алуан түрлі
қосылыстардан басқа ұара шіріктің негізіг мөлшерін жинақтайтын 1
смқалыңдықтағы беткі қабатының түзілуіне 100 жылдай,20 см қабат
қалыңдығының түзілуіне табиғатқа кемінде 5-7 мың жылға дейін уақыт қажет.
Ал осы қабатты жоюға түзілу мерзімімен салыстырғанда көп уақыттың қажеті де
жоқ,бірнеше сағат ішінде (нөсер жаңбырмен шайылуы немесе бір жолғы шаңды
дауылмен ұшырылуы) ең әрі кеткенде бірнеше жылда (20-30 жылда жедел эрозия
нәтижесінде) құнарлығынан айыруға болады. Топырақты өңдеуге дұрыс
технология қолданылмаса,ауыл шаруашылығы экстенсивті түрде
жүргізілсе,ормандар алқабы қысқартылып отырылса,бұл жағадайлар су және жел
эрозия процестерінің күшеюіне әкеп соғады. Бұдан басқа да табиғатты
пайдалану жолдарының нәтижесінде қолданылатын жерлер,соның ішінде өте
бағалы жыртынды жерлер,жойылып кетуі мүмкін. Сонымен, топырақ қалпына
келетін ресурс болғанымен,оны тек қатағ қолдану тәртібін ұстап күту арқылы
ғана қалпына келтіріп немесе бұзбай отыруға болады. Дүние жүзінде өнделетін
топырақ мөлшері 0,28 гаадамға,Реаейде әр адамға шеккенде келетін егістік
жердің көлемі 0,94 га,АҚШ-та -0,63 га,Қытайда-  0,16 га,Германияда -0,15
га, Ұлыбританияда -0,13 га,Жапонияда -0,04 га, Қазаұстанда -2,25 га..Жылдан-
жылға барлық елдерде жарамды жер көлемі азаюда.
            Салыстырмалы түрде қалпына келетін ресурсқа табиғи ресурстардың
маңызды түрлерінің бірі орман ресурстарын да,әсіресе ағашты жатқызуға
болады.
            Сарқылмайтын ресурстарға негізінде біздің планетаға қатысты
сыртқы процестер мен құбылыстарды жатқызуға болады. Ең алдымен бұған
космостық ресурстар,соның ішінде күн сәулеленуінің энергиясы және одан
туындайтындар – жылжымалы ауаның энергиясы,су толқыны,ай мен күннің тарту
күшіне байланысты теңіз суының толысуы мен қайтуының энергиясы,космостық
шаң, климаттық ресурстар – атмосфералық ауа,жауын- шашын,жел,сонымен қатар
жер қойнауындағы жылу.
        Сарқылмайтын ресурстардың жердегі қоры пайдаланған сайын
азаймайды,ал табиғи ортадан алынған сайын қоры сарқылатын,табиғи
процестердің нәтижесінде орны толмайтын ресурстар сарқылатындарға жатады.
            Ресурстардың ішінен судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде
уақытша (сапалық жағынан) сарқылады,бірақ сандық сандық жағына сарқылмайтын
ресурс. Жердегі судың қорының мөлшері өзгермейді, ал оның жеке сфералар
(мұхит,құрлық атмосфера) немесе түрлері (сұйық,қатты,бу тәрізді) арасында
таралуы әртүрлі.
            Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан-жылға өзекті
мәселеге айналып келеді.Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды
пайдаланудың артуына байланысты.
            Б.Скиннердің мәліметтері бойынша халық санының қазіргі өсу
жылдамдығы жылына 1,7% болған жағдайда ресурстарды пайдалану әрбір 41 жыл
сайын екі еселену керек. Бірақ, мысалы,алтын өндіру жылына 4%-ға артып
отырса, оның екі еселену периоды 18 жыл, минералдық ресурстардың қолданылуы
орташа шамамен жылына 7%-ға артып отырса,ал екі еселену периоды 10 жыл
болып отыр. Адамзат қоғамы көмірді 800 жылдан бері өндіріш
келеді,бірақ,оның жартысы соңғы 30 жылда өндірілген.
            Көміртегінің қосылыстарынан тұратын ресурстарды пайдалану
жылдамдығы ерекше назар аударады.Себебі,олар энергия мен көптеген азық-
түлік алудың негізгі көзі болып табылады.Сонымен қатар,оларды пайдалану
ғаламдық мәселелер: парниктік эффект, қышқылдық жаңбырлар және т.б.
туғызатын атмосфераның ластануымен тығыз байланысты.
            Қазіргі кезде табиғатта миллиондаған жылдар барысында жиналған
жанғыш қазба байлықтар бір жылда жағылады. Ғалымдардың жасған болжамдарының
біреуіне сүйенсек,жанғыш отандарды пайдаланудың қазіргі жылдамдығы
сақталса, онда барланған мұнай қоры шамамен 30-40 жылға,газ – 40-50
жылға,көмір - 70-80 жылға жетеді.
            Ең көп пайдаланылатын металдарға қатысты (темір мен алюминий)
Б.Скиннер былай дейді: темір қолданылу мөлшері бойынша қазір бірінші орында
(алюминейден кейін). Оны пайдаланудың қиындықтары, олардың негізгі
массасының мөлшері аз қосылыстарда болуына байланысты. Экологиялық тұрғыдан
темірді қорыту күкіртті ангидрид көміртегінің қостотығымен ластандырылады.
Көмірқышқыл газымен ластану негізінен технологиялық процесте кокстың
пайдаланылуымен байланысты.
Адамзат қоғамының табиғи ресурстармен қамтамасыз етілу проблемасы.
Табиғатты ұтымды пайдалану негіздері.    
                 Табиғи қорларды тиімді пайдалануда ғылым-техника
саласындағы озық технологияны, инженерлік тиімді тәсілдерді пайдаланады.
Өнеркәсіп салалары мен шаруашылыққа шикізат өнімдерін жоспарлы түрде,
белгілі мақсат үшін мемлекеттік дәрежеде шешу жолдары.
4.Шикізат өндіру қарқынынан алынатын өнім қарқынының өсуі.
5.Жаратылыс дүниелері мен техника үндестігі. Табиғат-техникалық жүйелер
немесе геотехникалық жүйелер құруы.
6.Өндірісті шоғырландыру.
7.Өндірісті экологиялық қауіпсіздендіру-қалдықсыз экологияны пайдалану
жатады.
Табиғи қорлар – табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын
қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы туралы
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы. Ғаламдық (глобалдық) биогеохимиялық циклдар. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары
Табиғатты ұтымды пайдалану негіздері
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы. Ғаламдық (глобалдық) биогеохимиялық циклдар. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары.Табиғи ресурстардың классификациясы
Ғаламдық биогеохимиялық циклдар. Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары
Биосфера туралы
Ғаламдық (глобалдық) биогеохимиялық циклдар
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы. Ғаламдық биогеохимиялық циклдар. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары
Адамның қоршаған ортаға биогеохимиялық адаптациясы. Биосфераның биогеохимиялық ұйымдастырылуы және популяцияның физиологиялық гетерогендігі
Биогеохимияның негізгі концепциялары
Пәндер