Бухгалтерлік есептің мәні



Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қызметін бейнелейді. Субъектінің меншігі, шаруашылық құралдарының және өндіріс процесіндегі көздерінің қозғалысы бухгалтерлік есептің мәні болып табылады. Жекелеген құрамдас бөліктері бухгалтерлік есептің объектілері деп аталады. Бухгалтерлік есептің объектілеріне мына процестер жатады:
• қамтамасыз ету (дайындау), кәсіпорын алған шикізат, материалдар, отын және басқа материалдық қорлар, сонымен қатар мұндайда жабдықтаушылармен, транспорттық ұйымдармен арада туындаған қарым- қатынастар бухгалтерлік есептің объектілері болып саналады;
• өндірістік, мұнда өнім дайындауда пайдаланылатын өндіріс құралдары, оларға байланысты шығындар бухгалтерлік есеп объектілері болады. Объектілер бухгалтерлік есепте жалақы, амортизация есептеу, еңбек құралдарын есептен шығару мен өнімнің өзіндік құнын анықтау жолдарымен бейнеленуі;
• өткізу, мұнда сатуға арналған өндіріс өнімдері; өткізу жөніндегі шығындар (буып- түю, орау, іріктеу, тасымалдау); субъектінің сатылған тауар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін алған ақшалай түсімі есептелінеді;
Қолда бар құралдарды ұтымды пайдалану, олардың сақталуын бақылауды дұрыс ұйымдастыру жіктеу қажеттілігіне байланысты болады.
Кәсіпорынның шаруашылық құралдары құрамы (түрлері), орналасуы, пайда болу көзі мен көзделген мақсаты бойынша жіктеледі.
Құралдардың түрлері мен орналасуы бойынша жіктесек, субъектінің құралдары айналымнан тыс және айналымдағы болып екіге бөлінеді. Айналымнан тыс қаржылар өзара үш топқа жіктеледі: негізгі құралдар (ғимараттар, үйлер, машиналар мен жабдық, транспорт құралдары, шаруашылық және өндірістік мүлік т.б. ), материалдық емес активтер (лицензиялар, патенттер, бағдарламамен қамтамасыз ету, т.б. ), ұзақ мерзімдік

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Бухгалтерлік есептің мәні.
Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қызметін бейнелейді. Субъектінің меншігі,
шаруашылық құралдарының және өндіріс процесіндегі көздерінің қозғалысы
бухгалтерлік есептің мәні болып табылады. Жекелеген құрамдас бөліктері
бухгалтерлік есептің объектілері деп аталады. Бухгалтерлік есептің
объектілеріне мына процестер жатады:
• қамтамасыз ету (дайындау), кәсіпорын алған шикізат, материалдар, отын
және басқа материалдық қорлар, сонымен қатар мұндайда
жабдықтаушылармен, транспорттық ұйымдармен арада туындаған қарым-
қатынастар бухгалтерлік есептің объектілері болып саналады;
• өндірістік, мұнда өнім дайындауда пайдаланылатын өндіріс құралдары,
оларға байланысты шығындар бухгалтерлік есеп объектілері болады.
Объектілер бухгалтерлік есепте жалақы, амортизация есептеу, еңбек
құралдарын есептен шығару мен өнімнің өзіндік құнын анықтау жолдарымен
бейнеленуі;
• өткізу, мұнда сатуға арналған өндіріс өнімдері; өткізу жөніндегі
шығындар (буып- түю, орау, іріктеу, тасымалдау); субъектінің сатылған
тауар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін алған ақшалай түсімі
есептелінеді;
Қолда бар құралдарды ұтымды пайдалану, олардың сақталуын бақылауды дұрыс
ұйымдастыру жіктеу қажеттілігіне байланысты болады.
Кәсіпорынның шаруашылық құралдары құрамы (түрлері), орналасуы, пайда болу
көзі мен көзделген мақсаты бойынша жіктеледі.
Құралдардың түрлері мен орналасуы бойынша жіктесек, субъектінің құралдары
айналымнан тыс және айналымдағы болып екіге бөлінеді. Айналымнан тыс
қаржылар өзара үш топқа жіктеледі: негізгі құралдар (ғимараттар, үйлер,
машиналар мен жабдық, транспорт құралдары, шаруашылық және өндірістік мүлік
т.б. ), материалдық емес активтер (лицензиялар, патенттер, бағдарламамен
қамтамасыз ету, т.б. ), ұзақ мерзімдік қаржылар. Ал айналымдағы қаржылар-
өндіріс процесінің құралдары (шикізат пен материалдар, отын, жартылай
өнімдер, бітпеген өндіріс, дайын өнім) және айналымдағы процесс құралдары
(кассадағы, есепшоттағы және банктегі, басқа шоттағы қаражат, қысқа
мерзімдік құнды қағаздар) болып екіге бөлінеді.
Негізгі құралдар- өндіріс процестерін жүргізу үшін қажетті жағдайлар
жасайтын (құнына қарамастан) еңбек құралдары олар ұзақ уақыт бойы сыртқы
түрі мен формасын сақтап, өндіріс барысына (бір жылдан астам) қатысады.
Өндіріс барысында олар бірте- бірте тозады, жөндеуді немесе толығымен
ауыстыруды талап етеді. Сондықтан негізгі құралдар құнының бөлігін дайын
өнімнің өзіндік құнына ай сайынғы ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-
бірте төмендету (амортизация) жолымен қосылады.
Материалдық емес активтер- бұлар әкімшілік мақсатпен және басқа
субъектілерге жалға берілуге, өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам)
қолдануға немесе тауарларды өткізуге (жұмыс, қызмет) арналған, заттық мәні
жоқ, ақшалай емес активтер. Бұларға фирманың бағасы,фирмалық марка, патент,
лицензия, авторлық құқық, сондай- ақ рецептура, технологиялық регламент,
ноу- хау құндары жатады. Олар ақшалай теңеумен бағаланады және баланста
көрсетіледі, оның үстіне бұл активтерге де ұсталу, тозу дәрежесіне қарай
құнын бірте- бірте төмендету есептеледі. Олар ел ішіндегі де, халықаралық
рыноктағы да сату- сатып алудың мәні болып табылады.
Салық төлеушінің бухгалтерлік балансында есепке алынатын және жиынтық
жылдық табысты алу үшін қолданылатын негізгі құралдар салық заңнамасында
тұрақты, белгіленген активтер (Салық кодексінің 105- бабы )
белгілегенген.
Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар- субъектінің басқа субъектілердің жарғы
капиталына сол субъектілерге үлестік қатысудан алатын кірістері және
дивиденд немесе процент түрінде қосымша экономикалық пайда алу мақсатымен
қаржы салуы.
Айналымдық қаржылар қаражаттың бір ғана айналымына қатысады және өзінің
құнын өндірілген өнімге бірден және толығымен қосады. Олар айналымдық
өндіріс құралдары мен айналған қаржылардан тұрады. Айналымдық өндірістік
құралдарға өндіріс процесіне тікелей қатысатын жатады.
Дебиторлық борыш субъектінің басқа субъектілерде уақытша тұрған немесе
белгілі бір мерзім өткен соң қайтарылуға жататын құрамдары болып саналады.
Дебиторлық борыш ұзақ мерзімді (1 жылдан астам) және қысқа мерзімдік (1
жылға дейін) болады.
Кәсіпорын құралдарының пайда болу көздерін жіктеу

Кәсіпорынның құралдары
Меншікті қаражат көздері Қарыздық қаражат көздері

Жарғы капитал

Резервтік капитал Бөлінбеген кіріс (жабылмаған шығын) Бюджетпен салықтар
бойынша есеп айрылысулар Қарыздар (қысқа және ұзақ мерзімді)
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айрылысулар Жинақтаушы
зейнетақы қорларымен есеп айрылысулар Жинақтаушы зейнетақы қорларынсыз
есеп айрылысулар Қызметкерлермен еңбекақы және басқа да кредиторлармен
есеп айрылысулар

Осы мәліметтерге көңіл аударсақ, қаражаттың келесі көрсетілген бөліктерге
бөлінетіні байқалады:
Жарғылықты капитал- құрылтайшылардың шаруашылық жүргізуші
субъектілерге оны ұйымдастырған кезде бөлген сомасы және жарғыда
көрсетіледі. Оның мөлшері тұрақты және өзгермей қалады. Жарғы капиталының
көбеюі немесе азаюы тек қана құрылтайшы құжаттарға тиісті өзгерістер
енгізілгеннен кейін құрылтайшылардың шешімі бойынша жүзеге асады.
Резервтік капитал- пайдадан ақша аудару есебінен пайда болатын
меншікті қаражат бөлігі, шаруашылық іс- әрекетке кететін шығынды жабу,
жарғы капиталын толтыру, дивиденттер мен субъектінің басқа шығындарын өтеу
үшін қолданылады.
Бөлінбеген табыс ( жабылмаған шығын)- барлық шығыстар мен салық
төленгеннен кейінгі шығарылатын кірістің қалған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есептің мәні және түрлері
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіру
Бухгалтерлік есептің принциптері және мәні
Бухгалтерлік есептің мақсаттары
Бухгалтерлік есептің стандарттары мен тұжырымдамалық негізі
Бухгалтерлік есептің мәні мен әдісі
Бухгалтерлік есептің маңызы
Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
Бухгалтерлік есеп және оның әдістемелік негіздері
Бухгалтерлiк есептiң формаларының ұғымы және тарихи дамуы
Пәндер