Гамма-көрсеткіштер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Автоматтандыру және электротехника кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Гамма-көрсеткіштер
Орындаған: Жумабекова Г. К.
Тобы: АУ-301с
Тексерген: Секербаева А. Б.
СЕМЕЙ 2015
1. Гамма-сәуленің жас ерекшелігіне қарай иммундық жүйеге әсерін зерттеу.
Зерттеу материалдары мен әдістері. Эксперименттер аталық жынысты 12, 18 және 24 ай толған егеуқұйрықтарға жасалынды. Әрқайсысы 15 данадан тұратын егеуқұйрықтарға 0, 2 Гр гамма-сәулесі берілді. Сәуле көзі ретінде Co60 радиобелсенді элементі қолданылды. Т- және В-лимфоциттер моноклоналды антиденелер арқылы анықталды. Лейкоциттердің миграциясы тежелу реакциясын (ЛМТР) А. Г. Артемова (1973) [5], қан сары суындағы айналыстағы иммундық кешендер (АИК) M. Digeon (1977) тәсілімен [6], нейтрофилдердің фагоцитарлық белсенділігін бағалау А. Е. Кост, М. И. Стенко (1968) [7], нитрокөк тетразоль тестісі (НКТ) Б. С. Нагоев, М. Г. Шубич (1981) [8] әдістерімен анықталды. Зерттеу нәтижелері статистикалық өңдеуден өтіп, салыстыру t-Стьюдент критерийі ретінде саналды.
Зерттеу мәліметтері және оны талқылау. Тәжірибе нәтижелері көрсеткендей гамма-сәулесін алған 12 ай толған егеуқұйрықтарда қалыпты тобына қарағанда лейкоциттердің саны нақты болмаса да төмендегені анықталды. Осы тәжірибелік топта лимфоциттердің абсолюттік саны 2, 44±0, 23×10 9 /л құраса, қалыпты топта 2, 76±0, 12×10 9 /л болды, бұл көрсеткіш те нақты өзгеріске түспегенін көрсетті (р>0, 05) . Т-лимфоциттердің (CD3+) абсолюттік саны шамамен 23, 28% төмендеген (р<0, 05) . 12 айлық қалыпты жануарларда хелперлік белсенділігі бар Т-лимфоциттердің (CD4+) абсолюттік шамасы 0, 70±0, 04×10 9 /л болса, гамма-сәулесіне ұшыраған жануарларда бұл көрсеткіш 0, 59±0, 03×10 9 /л (р<0, 05) шамаға азайғаны зерттеу барысында анықталды. Ал, супрессорлық белсенділігі бар CD8+ лимфоциттердің шамасына келсек, 12 ай толған қалыпты жануарларда абсолюттік шамасы 0, 49±0, 02×10 9 /л болса, 0, 2 Гр гамма-сәулесіне ұшыраған жануарларда бұл көрсеткіш 0, 41±0, 03×10 9 /л (р<0, 05) деген шамаға нақты түрде кемігені анықталды. Тәжірибелік II топтағы жануарларда CD4+ және CD8+ лимфоциттерінің шамалы өзгеруінің әсерінен, иммундыреттеуіш индексінің (ИРИ) қалыпты тобы маңында өзгеріссіз қалғаны тіркелді (р>0, 05) . Енді 12 ай толған жануарлардың иммунитет жүйесіндегі Т-лимфоциттердің МИФ-өндіруші белсенділігінің көрсеткіші болатын ЛМТР көрсеткішіне келетін болсақ, қалыпты жануарларда 0, 79±0, 04 шамасында болса, II топтағы жануарларда 0, 89±0, 06 мөлшерінде (р>0, 05) болды. Бұл көрсеткіш 0, 2 Гр гамма-сәулесіне ұшыраған II топтағы жануарларда бұл көрсеткіштің 12, 65%-ға артуы лейкоциттердің миграцияны ингибирлейтін фактордың (МИФ) нақты болмаса да төмендей түскенін көрсетті. Гамма-сәулесін алған 12 ай толған егеуқұйрықтарда В-лимфоциттердің саны нақты түрде артқаны анықталды: қалыпты жануарларда CD19+ абсолюттік саны 0, 34±0, 02×10 9 /л құраса, II топта 0, 42±0, 03×10 9 /л болды (р<0, 05) . CD19+ лимфоциттердің артуы көрінісінде қан сары суындағы АИК мөлшерінің 22, 22%-ға (р<0, 05) төмендегені тіркелді. 0, 2 Гр дозадағы гамма-сәуле әсерінен 12 ай толған тәжірибелік жануарларда фагоцитоз белсенділігі нақты өзгеріске түспегені анықталды (р>0, 05) . Радиацияға ұшыраған тәжірибелік жануарларда НКТ көрсеткіші 71, 45%-ға артқан (р<0, 01), бұл көрініс нейтрофилдердің функционалдық белсенділігінің шағын дозалы гамма-сәуленің әсерінен артқандығына дәлел бере отырып, ағзаның бейарнамалы қорғанысының бейімделуінің арта түскенін көрсетті. Алынған мәліметтер шағын дозадағы иондағыш сәулелену иммунитеттің Т-буынында белсенділігінің тежелуін, фагоцитарлық жасушаларда метаболизм үдерісінің шамалы үдеуін және гуморалдық буынның шамалы белсенуін көрсетті.
Тәжірибе нәтижелері көрсеткендей эксперименттік радиация сәулесін алған 18 ай толған егеуқұйрықтарда қалыпты тобына қарағанда лейкоциттердің саны 5, 01±0, 29×10 9 /л дейін төмендеген (қалыпты топта: 6, 12±0, 35×10 9 /л, р<0, 05) . Лимфоциттер де 17, 24%-ға (р<0, 05) төмендеген. CD3+, CD4+, CD8+ лимфоциттеріне келетін болсақ, CD3+ абсолюттік саны 39, 28% нақты төмендегені анықталды (р<0, 001) . Қалыпты топта CD4+ жасушаларының абсолюттік шамасы 0, 67±0, 04×10 9 /л болса, шағын дозалы гамма-сәулесіне ұшыраған 18 ай толған жануарларда бұл көрсеткіш 0, 55±0, 04×10 9 /л (р<0, 05) шамаға кемігені анықталды. CD8+ лимфоциттердің мөлшері нақты болмаса да кемігені тіркелді (р>0, 05) . II топтағы жануарларда ИРИ шамалы төмендеуі бұл серияда гамма-сәулесіне ұшыраған жануарларда иммундық тапшылық үдерісінің шамалы болса да дамығанын көрсетеді. Енді 18 ай толған жануарлардың иммунитет жүйесіндегі Т-лимфоциттердің МИФ-өндіруші белсенділігін анықтайтын ЛМТР көрсеткішіне келетін болсақ, гамма-сәулесіне ұшыраған жануарларда 12, 16±1, 06 (р<0, 05) құрады. Радиацияның ықпалына ұшыраған 18 ай толған жануарларда бұл көрсеткіштің 29, 91%-ға артуы Т-лимфоциттерінің МИФ-өндіруші белсенділігінің және Т-жүйенің қызметтік белсенділігінің тежеле түскенін көрсетті. CD19+ абсолюттік саны нақты түрде болмаса да төмендегені анықталды (р>0, 05) . CD19+ лимфоциттердің мөлшерінің шамалы түрде азаю көрінісінде қан сары суындағы АИК мөлшерінің 31, 27%-ға артқаны тіркелді (р<0, 05) . 0, 2 Гр гамма-сәуле әсерінен 18 ай толған жануарларда фагоцитоз белсенділігі 15, 72%-ға (р<0, 05) төмендеген, ал фагоцитарлық сан 9, 27%-ға (р<0, 05) азайғандығы анықталды. Зерттеу мәліметі бойынша 0, 2 Гр дозалы гамма-сәулесіне ұшыраған тәжірибелік жануарларда НКТ көрсеткіші 5, 40±0, 66-дан 5, 98±0, 37-ге дейін нақты болмаса да артқан (р>0, 05), бұл көрініс нейтрофилдердің қызметтік белсенділігінің артқанына дәлел бере отырып, организмнің бейспецификалы қорғанысы компенсаторлы белсене түскен. Зерттеу жұмысымыздың мәліметтері бойынша гамма-сәуленің әсеріне ұшыраған 18 ай толған жануарларда лейкопениялық және лимфопениялық құбылыс болғаны, CD3+, CD4+ абсолютті шамаларының, Т-лимфоциттердің МИФ-өндіруші белсенділігінің төмендеуі жүріп, қан сары суындағы АИК концентрациясы артқан. Бейарнамалы фагоцитарлық буында жасушалардың қызметтік белсенділігінің төмендеп, фагоцитарлық процестің әлсірей түскені тіркеліп, қан айналымындағы иммундық кешендердің төмендеуіне бірден бір себепкер болған. Жалпы алғанда гамма-сәулесіне ұшыраған 18 айлық жануарларда иммундық жүйедегі өзгерістері 12 айлық жануарлармен салыстырғанда тереңдей түскен. 24 ай толған егеуқұйрықтардың иммундық жүйесіне 0, 2 Гр дозадағы γ-сәуленің әсеріне келетін болсақ, тәжірибе нәтижелері көрсеткендей эксперименттік егеуқұйрықтарда лейкоциттердің саны төмендеген: абсолюттік көрсеткіші 4, 63±0, 26 ×10 9 /л шамада болып, нақты түрде 12, 81%-ға азайған (р<0, 05) . Ал, жалпы лимфоциттердің саны 29, 27%-ға (р<0, 01) күрт төмендеген. Зерттеуіміздің келесі көрсеткіштердің бірі CD3+ абсолюттік саны 38, 18%-ға (р<0, 001) күрт төмендеген. CD4+ абсолюттік шамасы 0, 56±0, 03×10 9 /л болса, гамма-сәулесіне ұшыраған осы жастағы жануарларда бұл көрсеткіш 0, 36±0, 04×10 9 /л (р<0, 01) шамаға нақты түрде күрт кемігені тіркелді. CD8+ лимфоциттердің шамасы: қалыпты топта абсолюттік шамасы 0, 45±0, 02×10 9 /л, гамма-сәулесіне ұшыраған 24 айлық жануарларда 0, 32±0, 02×10 9 /л (р<0, 01) шамада болған. ИРИ қалыпты топта 1, 23±0, 06 көрсеткішін құраса, тәжірибелік топта 1, 11±0, 05 шамада нақты болмаса да төмендеген. Енді 24 ай толған жануарлардың Т-лимфоциттердің МИФ-өндіруші белсенділігіне гамма-сәуленің әсеріне келсек, бұл көрсеткіш индекс ретінде 53, 61%-ға артып, Т-жасушаларының белсенділіктерінің тежелгенін көреміз (р<0, 01) . II топтағы қартайған жануарларда лейкоциттердің миграциясын тежейтін фактордың (МИФ) төмендегенін көрсетеді. Тәжірибе нәтижелері көрсеткендей гамма-сәулесін алған 24 ай толған егеуқұйрықтарда қалыпты тобына қарағанда В-лимфоциттердің саны нақты түрде өзгеріске түспегені анықталды (р>0, 05) . Фагоцитарлық белсенділігінің тежелу көрінісінде қан сары суындағы АИК мөлшерінің 17, 48% артқаны тіркелді (р<0, 05) . 0, 2 Гр дозалы гамма-сәуле әсерінен 24 ай толған жануарларда фагоцитоз белсенділігі нақты болмаса да төмендегені анықталды (р>0, 05), ал, фагоцитарлық саны 2, 06±0, 12-ден 1, 50±0, 15-ге дейін (р<0, 05) азайған. Радиацияға ұшыраған тәжірибелік жануарларда НКТ көрсеткіші айтарлықтай өзгеріске түспегені анықталды (қалыпты топта: 3, 60±0, 21%, тәжірибелік топта: 3, 88±0, 21%, р>0, 05), бұл көрініс иммундық жүйедегі Т- және В-буындарындағы жетіспеушіліктің орнын толтыруға нейтрофилдердің функционалдық белсенділігінің шағын дозалы радиация әсері кезінде артуымен сипатталды. 0, 2 Гр гамма-сәулесіне ұшыраған 24 ай толған жануарларда лейкопения, лимфопения, CD3+, CD4+, CD8+ лимфоциттерінің абсолютті және пайыздық шамалары, лейкоциттердің лимфокин синтездеу процесі төмендеген. Бейарнамалы фагоцитарлық буында жасушалардың қызметтік белсенділігінің нақты болмаса да, фагоцитарлық процестің әлсірей түскені тіркелді. Жалпы алғанда қартайған ағзаларда экстремалды стрестік жағдайлардың әсеріне адаптациялық компенсаторлық реакцияларының қажуы жүргені зерттеу мәліметтері көрсетіп отыр. Сонымен, алынған нәтижелер бойынша төмендегідей қорытындылар туындады: 1. 12 ай толған жануарларға шағын дозадағы иондағыш сәуле әсерінен Т-буын белсенділігінің тежелуі жүріп, гуморалды және мононуклеарлы-фагоцитарлық буынның белсенділік әсері болған. 2. 18 ай толған жануарларға шағын дозадағы иондағыш сәуле әсері лейкопения және лимфопения, CD3+, CD4+ шамаларының, МИФ-өндіруші белсенділігінің төмендеуіне әкеліп, АИК концентрациясын арттырған. 3. 24 ай толған жануарларға 0, 2 Гр гамма-сәуле әсері лейкопения, лимфопения, CD3+, CD4+, CD8+ шамалары төмендеп, лейкоциттердің лимфокин синтездеу процесі, фагоцитарлық процесі тежелген.
Іздеу және барлау жұмыстары - жер койнауында мұнай-газ кендерінің барлығын анықтау, ашу, олардың қорларының санын есептеу және кен орындарының игеру жобаларының жасау мақсатында жүргізіледі. Кешенді іздестіру-барлау жұмыстарына алаңды геологиялық, геофизикалық және геохимиялық тұрғыдан зерттеу жатады, одан әрі кен орындарын түгелдей барлап, кемерлеу үшін ұңғыларды қазу әдістері белгіленеді.
Іздеу жұмыстары бірнеше кезеңнен тұрады
Бірінші кезеңде- жер бедерінің жалпы геологиялық көрініс картасы жасалады. Осымен байланысты табиғи қалыптасқан тау жыныстарының ашылуына дейін жер бедері тазартылады да оның геологиялық бет-бедерлерінің мүсіндері корсетіледі.
Екінші кезеңде-зерттелетін алаңның геологиялық құрылысын, негізгі қабаттардың тұрпаты мен пішінін көрсету мақсатында тереңдігі 20м-ден 300м-ге дейін картировтық және құрылымдық ұңғылар қазылады. Алынған мағлұматтар бойынша шартты белгілерді пайдалана отырып, жер қабаттарының көнелігі мен аумағы көрсетілген геологиялықкарта сызылады. Бұл карта ұңғымалардың тілмесі, геологиялық пішіндерарқылы толықтырылып жазылады. Құрастырылған стратиграфиялық тілмеде жер қойнауының қазылып өтілген тау жыныстарының сипаттамалары колонка арқылы көрсетіледі. Геологиялық пішіндер қабаттың көтеріңкі бағытына қарама-қарсы бағытта масштаб бойынша тік жазықтыққа түсіріледі. Табылған кен орнының пішінін толық дәлелдеу мақсатында геологиялық картаға қосымша материал ретінде, қазылған ұңғымалардың көрсеткіштері бойынша, құрылым картасы жасалады. Құрылым картасында зерттелетін қабаттың бет-бедері (ойлықырлығы) жарма сызықтар арқылы көрсетіледі. Зерттелетін құрылымының А және В сызықтары арқылы оңашаланған қабаттарын теңіз деңгейінен бастап, аралық шама бойынша әрбір 100м қашықтықта орналасқан жазықтық арқылы кесіп өтеді. Горизонталь сызықтардың қабаттың бетімен кездескен жеріндегі нүктелерін масштаб бойынша планға түсіреді. Теңіз деңгейінен төмен орналасқан тереңдігін көрсететін жарма сызықтар цифрларын қосу (+) белгісімен, ал теңіз деңгейінен жоғары орналасқан жармаларды алу (-) белгісімен көрсетеді. Сөйтіп, құрылым картасы шығарылады. Мұнай-газ кендерінің құрылымдарын жете көрсету, ондағы қордың мөлшері, ұңғымаларды қазу керектігін дәлелдеп көрсету мақсатында іздестірудің екінші кезеңіндегі геофизикалық және геохимиялық зерттеулер жасалады. Жоспарланған жұмыстар орындалып болғаннан кейін үшінші кезеңдік - ұңғымаларды тереңдеп қазу басталады. Алғашқы қазылған ұңғыма тілмесінде мұнай-газ белгісі пайда болып, өнім алынған жағдайда кен орындарын нақтылы барлау әдісі жүргізіледі. Құнарлы алаңдарда кемерлеу ұңғымалары қазылып, кен орнының аумағы, қалыңдығы, мұнай-су шекаралықтары анықталады. Одан кейін бағалау, тергеу егжей-тегжейлі тексеру мақсатында т. б. категориялар скважиналар тағайындалып, қазыла бастайды. Кен орнының көлемі мен қоры сияқты қажетті мағлұматтар анықталып біткеннен кейін, барлау жұмыстары аяқталып, енді мұнай мен газды игеру жұмыстары басталады, яғни бұл өндіру ұңғымаларын қазуға ұштасады. Мұндай ұңғымаларды арнайы, рет бойынша кен орындарына орналастырып қазып, олардан өнім алу мақсатында ғылыми-зерттеу институттарында немесе жергілікті ғылыми лабораторияларда игеру проектілері (жобалары) жасалады. Мұнай-газ кен орындарын іздеу-барлау жұмыстарының табысты болуы бастапқы кезеңде неофизикалық және геохимиялық зерттеу әдістерінің ең нәтижелі бағыттарын іріктеп, таңдап алып, оларды іске асырумен тығыз байланысты.
Геофизикалық және геохимиялық барлау әдістері
Геофизикалық барлау әдістерінің бірнеше түрі бар, олардың негізгілері сейсмикалық және электрлік әдіс. Сейсмикалық барлау әдісі. Мұнай барлау тау жыныстарының, қабаттарының жарылған оқ дәрілер арқылы пайда болатын серпінді толқындарды өз бойларынан өткізуі, я болмаса кейін серпуі арқылы алынатын көрсеткіштер арқылы зерттеледі. Жер қойнауындағы қабаттардың қайсыбірінде серпінді толқындар жылдам, ал қайсыбірінде жәй тарайтыны белгілі . Сейсмикалаық барлау жұмысын жүргізу үшін белгілі бір қашықтықта щұңқырлар өазылып, олардың ішіне токтың әсерімен жарылатын дәрі салынады(1-14сурет) . Оқ дәрінің жарылуына байланысты жер қыртыстарына тараған толқындар тау жыныстарының әр қабаттарынан түрліше жылдамдықпен өткенін жер үстіндегі сейсмограф таспаға жазып тұрады. Қатты тау жыныстарынан құралған қабаттардан толқын жылдамырақ өтеді де, ол жұмсақ жыныстардан тұратын қабаттардан толқын баяулау өтеді. Алынған көрсеткіштер арқылы жер қабаттарының тереңдігі өлшеніп, карталары тұрғызылады. Бұл әдіс мұнай және газ кендерін барлау жұмыстарына кеңінен пайдаланылады. Сейсмикалық барлау әдістерін алғашқы рет Г. А. Гамбурцев ойлап шығарған. Электрлік барлау әдісі тау жыныстарының өз бойынан электр тогын өткізуге байланысты жүргізіледі. Мысалы, кейбір тау жыныстары (гранит, әктас, бойына тұзды су сіңген құмтастар) өз бойларынан электр тогын жақсы, ал басқалары (саз, мұнай сіңген құм, құмтастар) нашар өткізетіні белгілі. Осымен байланысты бойынан электр тогын өткізбейтін тау жыныстарының электрлік кедергісінің мағынасы көп болады. Әр түрлі тау жыныстарының электрлік кедергісінің өзгеруі, олардың табиғи орналасу тәртіптерін зерттеп білуге мүмкіндік туады.
Электрлік барлау жумыстарын жүргізгенде әр жерге қысқа темір қазықтар қағып, олар арқылы электр тоғын жібереді. Әрбір қазықтың арасында тау жыныстары арқылы электр тоғының қандай жылдамдықпен жүретінін өлшеп тұратын құралдар орнатылған. Құралдардағы көрсеткіштерден жер қабаттарының пішіндерін немесе құрама қатарларының кескіні түсіріледі. Электрлік зерттеу әдістері қазылып өткен ұнғымалардың тілмелерін тексеругеде кеңінен қолданылып келеді. Ол үшін ұнғыманың ішіне үш электродтан тұратын әдейі қабық жіберіледі де, ал төртінші электродты ұнғыманың бетіне жақын жерге орналастырады (қондырылады) . Одан соң сол электродтар арқылы тоқ жіберіледі. Әдейі аспаптар (приборлар) көрсеткіштері бойынша құбыр бойындағы тау жыныстарының потенциалдық айырмашылықтары және кедергілері таспаға жазылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz