Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.Вакцина дайындау принциптері. Құтырық,аусыл,шмалленберг,блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары



Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Вакцина дайындау принциптері
Құтырық,Аусыл,Шмалленберг,Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Вирустық инфекциялардың спецификалық профилактикасы
Вирустың инфекциялардың спецификалық алдын алуда енжар (пассивті) және белсенді (активті) иммундаудың рөлі:
Жұқпалы аурулардың алдын алудың жалпы қағидаларына сай вирустың инфекциялардың профилактикасы да енжар (пассивті) және белсенді (активті) иммундау тәсілдерінен тұрады.
Вирустық инфекциялардың профилактикасы індеттерге қарсы қолданылатын өте маңызды шараларға жатады. Оның мәнісі – организмде вирустар қоздыратын жұқпалы ауруларға қарсы жасанды иммунитет қалыптастыру, жасанды жолмен қалыптасқан жүре пайда болатын белсенді және енжар қабылдамаушылықты (иммунитетті) табиғи резистентіліктен ажырата білу керек. Организмге әдейі енгізілген препараттардың (антигендер мен антиденелер) қасиетіне байланысты белсенді және енжар иммундау әдістерін ажыратады.
Белсенді иммунитет организмге вакцина ретінде вирустық АГ- ді енгізгенде қалыптасады. Мұндай иммунитет вакцина енгізген кейін бірнеше аптадан соң пайда болады да, бір жылдан бірнеше жылдарға дейін сақталады.
Енжар иммунитет организмге иммунды антиденелер (иммунды глобулиндер) енгізгенде пайда болады . Пассивті иммундау әдісін организмде жұқпалы аурудың дамуын жедел тоқтату қажет болғанда қолданады. Оған организмге ауру жұғу қаупі төнген және активті иммундау уақыты өтіп кеткен жағдайлар жатады. Бұл кезде пайда болатын иммунитет ұзаққа созылмайды (бірнеше аптадан аспайды).
Спецификалық иммундыглобулин препараттары. Қанда спецификалық АД-ің қажетті қорғаушылық деңгейін қамтамасыз ететін гипериммунды (арнайы) гамма-глобулиндерді бұлшық етке енгізу арқылы бірқатар вирустық инфекциялардың профилактикасы жеткілікті тиімділікпен атқарылады. Спецификалық иммундыглобулиндерді вакцинацияланған немесе жақын арада инфекциядан айыққан донорлардың қан сарысуынан бөліп алады. Мұндай препараттарды стандарттау тиісті қоздырғыштың АГ- не қарсы АД- ің титрын анықтауға негізделген. Олардың әсер ету мерзімі қысқа болатындықтан мүмкіндігінше солармен бірге тиісті вакциналар енгізу тиімді болады .
Вакциналар (Vaccines) – бастапқыда инфекция профилактикасына, активті иммунитет қалыптастыруға арналған препараттар. Әр вакцинаның негізгі әсер ететіні иммуноген, яғни иммунды жауап тудыратын аурулар қоздырғыштарының антигендік компоненттерінің химиялық құрылымына үйлесттіболып келетін корпускулалы немесе ерітінді субстанция. Инфекцияның таралуын иммунизация арқылы тоқтату медицина саласында адамзаттың маңызды жетістіктерінің бірі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мырзабекова Ш.Б, Ветеринариялық вирусология Оқулық 2004 -368б.
2. Құлдыбаев М. Шоқанов Н.К. Микробиология пәнінің практикалық сабақтары / Алматы : Бiлiм, 1995. - 120 с
3. ДарканбаевТ.Б. Учебная литература: Микробиология и вирусология/8/Доп

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы:
1)Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.Вакцина дайындау принциптері.
2)Құтырық,Аусыл,Шмалленберг,Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары

Орындаған:Темешов Д.А
Тексерген: Омарбеков Е.О.

Семей 2015 ж.

Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Вакцина дайындау принциптері
Құтырық,Аусыл,Шмалленберг,Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Вирустық инфекциялардың спецификалық профилактикасы
Вирустың инфекциялардың спецификалық алдын алуда енжар (пассивті) және белсенді (активті) иммундаудың рөлі:
Жұқпалы аурулардың алдын алудың жалпы қағидаларына сай вирустың инфекциялардың профилактикасы да енжар (пассивті) және белсенді (активті) иммундау тәсілдерінен тұрады.
Вирустық инфекциялардың профилактикасы індеттерге қарсы қолданылатын өте маңызды шараларға жатады. Оның мәнісі - организмде вирустар қоздыратын жұқпалы ауруларға қарсы жасанды иммунитет қалыптастыру, жасанды жолмен қалыптасқан жүре пайда болатын белсенді және енжар қабылдамаушылықты (иммунитетті) табиғи резистентіліктен ажырата білу керек. Организмге әдейі енгізілген препараттардың (антигендер мен антиденелер) қасиетіне байланысты белсенді және енжар иммундау әдістерін ажыратады.
Белсенді иммунитет организмге вакцина ретінде вирустық АГ- ді енгізгенде қалыптасады. Мұндай иммунитет вакцина енгізген кейін бірнеше аптадан соң пайда болады да, бір жылдан бірнеше жылдарға дейін сақталады.
Енжар иммунитет организмге иммунды антиденелер (иммунды глобулиндер) енгізгенде пайда болады . Пассивті иммундау әдісін организмде жұқпалы аурудың дамуын жедел тоқтату қажет болғанда қолданады. Оған организмге ауру жұғу қаупі төнген және активті иммундау уақыты өтіп кеткен жағдайлар жатады. Бұл кезде пайда болатын иммунитет ұзаққа созылмайды (бірнеше аптадан аспайды).
Спецификалық иммундыглобулин препараттары. Қанда спецификалық АД-ің қажетті қорғаушылық деңгейін қамтамасыз ететін гипериммунды (арнайы) гамма-глобулиндерді бұлшық етке енгізу арқылы бірқатар вирустық инфекциялардың профилактикасы жеткілікті тиімділікпен атқарылады. Спецификалық иммундыглобулиндерді вакцинацияланған немесе жақын арада инфекциядан айыққан донорлардың қан сарысуынан бөліп алады. Мұндай препараттарды стандарттау тиісті қоздырғыштың АГ- не қарсы АД- ің титрын анықтауға негізделген. Олардың әсер ету мерзімі қысқа болатындықтан мүмкіндігінше солармен бірге тиісті вакциналар енгізу тиімді болады .
Вакциналар (Vaccines) - бастапқыда инфекция профилактикасына, активті иммунитет қалыптастыруға арналған препараттар. Әр вакцинаның негізгі әсер ететіні иммуноген, яғни иммунды жауап тудыратын аурулар қоздырғыштарының антигендік компоненттерінің химиялық құрылымына үйлесттіболып келетін корпускулалы немесе ерітінді субстанция. Инфекцияның таралуын иммунизация арқылы тоқтату медицина саласында адамзаттың маңызды жетістіктерінің бірі.

Вакцина дайындау технологиясы мен өндірісіне 10-15 жыл керек, себебі вакциналар көптеген тесттерден өтеді, және келесі тест алдынғы тесті нәтижелі болған жағдайда әрі қарай тестіленуі жалғастырылады; заманауи талаптарына жауап беретін қондырғылар және қаражатты күрделі технологиялық бағыттар қолданылады. ХХ ғасырда адамның орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 30 жылға созылды, ең алдымен жаппай егу жүргізгенінен болды. Белгілі вакциналардың жартысы соңғы 25 жылда пайда болды, яғни жылына бір вакцина дайындалуда, бұрынғы ежелгі кезеңдермен салыстырғанда бес жылда бір вакцина дайындалынатын еді. Айта кету керек, вакцинацияның нәтижелілігі егуге арналған қоздырғыштың антигендер құрылымының ерекшелігін анықтайтын протективті гуморальды жәненемесе клеткалық иммунды жауаптың индукциясымен байланысты. Сонымен қатар вакцинаның нәтижелігі микроорганизмнің туа біткен иммунитет жүйесімен байланысу сипатымен қамтамасыз етіледі.
Вакциналар бірнеше топқа бөлінеді:
+ тірі
+ өлі
+ аралас (комбинацияланған)
+ рекомбинантты (векторлық).
Тірі вакциналарға патогенді қоздырғыштардың аттенуацияланған штамдарынан және қоздырғышқа антигендігі жақын туыстас вирустар штамдарынан дайындалған вакциналар жатады. Инактивацияланған вакциналарды 2 топқа бөлуге болады: корпускулярлық және молекулярлық (пептидтік). Корпускулярлық вакциналар бүтін вирустық бөлшектерден (бүтін вириондылар) немесе бөлініп алынған антигендік кешендерден (субвириондылар) тұрады. Пептидті вакциналарда химиялық немесе биологиялық тәсілдермен синтезделген антигендік кешендер молекулалары болады. Қазіргі кезде үдемелі түрде молекулалы генді- инженерлік вакциналар жасалуда. Олар үшін спецификалық микроорганизмдер антигендерін синтездеу қабілеттілігі бар бактериялардың, вирустардың немесе саңырауқұлақтардың рекомбинантты штамдарын дайындау арқылы алады. Жаңа буынды вакциналарды жасаудың негізгі бағыттары: синтетикалық және жартылай синтетикалық, көп компонентті полиантигенді ассоциациаланған және инъекциясыз қолданылатын мукозальды вакциналар жасап шығару. Синтетикалық және жартылай синтетикалық вакциналар құрамында балласты заттар мен қосылыстар жоқ және тасымалдаушы адъюванттарға сіңірілген антигендерден немесе молекулалы түрдегі антиген детерминанттарынан тұрады. Гендік инженерлік рекомбинантты вакциналар(вирустық полинуклеотидті ДНҚ вакциналары) жасап шығарудың болашағы зор. Қазірдің өзінде құрамында әртүрлі патогендердің антигендерін тасымалдайтын бактериялардың, ашытқы саңырауқұлақтардың, вирустардың 100 - деген рекомбинантты штамдары алынып отыр. Мысалы, шешек вакцина вирусының негізінде В гепатитке, кенелі энцефалитке, құтыру ауруына, АИВ (ВИЧ) инфекцияға және тағы басқа да векторлық вакциналар алынды. В гепатитке қарсы рекомбинантты вакциналары алынды, АИВ инфекцияға қарсы рекомбинантты вакцина клиникалық сынақтан өтіп жатыр. Вакцинаның қорғаушылық әсері -жасушалардың антигенпрезенттеуші белсенділігін арттыратын, жадында сақтаушы жасушалар санын көбейтуші иммундыкомпонентті жасушаларды белсендіретін мүмкіндігін, бірнеше эпитоптарға қарсы Т-хелперлерді Т-цитотоксикалық жасушаларды ынталандыратын, және жадында сақтаушы В-жасушалардың лимфоидты тіндерде ұзақ сақталуын қамтамасыз ететін қабілеттілігіне байланысты. Мұндай вакцина, (әсіресе суббірлік және пептидтік типтегі) вакциналық және жасушалық және мукозальдық иммунитетті айқын стимульдейді. Бұл қорғаныс штам спецификалық болып табылады, және сарысулық антиденелердің түзілуіне байланысты. Интраназальды жолмен енгізілген тірі вакциналар ұзақ мерзімді,тепе-теңдік жауапты ынталандырады: оған СД8, СД4 Т-жасушалық, гуморальдық және жергілікті жауап жатады. Кейбір тірі вакциналар (полиомиелитке қарсы оральды, грипке қарсы интраназальды) әр жүйелі және жергілікті иммунитет дамуын қоздырады. Секрециялық IgА шырышты қабықтың эпителиялық жасушасына вирус енуіне жол бермей, жергілікті тиімді иммунитетті қамтамасыз етеді. Инактивацияланған вакциналарға қарағанда тірі вакциналардың тиімділігі едәуір жоғары. Инактивацияланған вакциналардың иммуногенділігі енгізілетін антигендердің молекулалық мөлшерімен, химиялық құрамы және физикалық жағдайымен байланысты. Молекуласы ірі және күрделі болса иммуногендігі жоғары болады. Иммундық жауапты күшейту үшін адъюванттарды пайдаланады. Адъювант ретінде қоспаларды, микробтық құрылымдарды (ақуыздарды, нуклеин қышқылдарды, монополисохаридтерді), синтетикалық зат тектестерді (жартылай нуклеотидтер, гликопептидтер, полиоксидонийлар), цитокиндерді және пептидтерді қолдануға болады. Дүние жүзінің барлық елдерінде жаппай егу кезінде тек қана алюминий тұздарын, майлы адъюванттар мен полиоксидонийді пайдалануға рұқсат етілген. Алюминий гидроксиді антигенді сіңіріп алып, оны вакцина егілген жерде ұзақ уақыт ұстайды, нәтижесінде вакцинаның спецификалық компоненттерінің презенттеуші жасушалармен өзара жақсы әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Минералды адъюванттар негізінде Th 2 - жауапты күшейтеді. Гриптің (Гриппол) және А гепатитінің (Геп-А-ин-ВАС-ПОЛ) алдын алу үшін қолданылатын вакциналарда адъювант ретінде полиоксидоний пайдаланылады, ол Т-тәуелсіз жауаптың түзілуіне мүмкіндік береді. Вакциналардың сапасы олардың тиімділігі, қауіпсіздігі, зиянсыздығы, экономикалық тактикалық - техникалық параметрлері бойынша іс жүзінде кең қолдану мүмкіндігіне қарай анықталады.
Рекомбинанттық вирустар негізінде вакциналар жасап шығаруда жаңа вакцинарды іздестіру және қолданыстағыларды жетілдіру қазіргі кезеңнің ең перспективті бағыты ретінде қарастырылады.Бұл процестің мәнісі - тексерілген қауіпсіз және тиімді вакциналық вирусты пайдалану және олардың геномына қажетті патогендердің иммуногенді ақуыздарын кодтайтын гендерді тіркеу жолымен модификациялау.
ДНҚ - ды вакциналар. Бұл бағытта вакцина іздестірудің мақсаты ауқымды - ол тек қана жұқпалы аурулардың алдын алу үшін вакциналар жасаумен қатар, созылмалы жұқпалы ауруларды, қатерлі ісіктерді, аутоиммунды ауруларды, аллергияларды емдеу үшін де препараттар шығаруды қамтиды. Минимальды гендік қосылыс жасаумен плазмидалық шеңберлі ДНҚ-н пайдалану бактериялық және вирустық векторлар негізіндегі вакциналарға тән кемшіліктерден арылу жолдарын қарастыру болып табылады. Жаңа идеяның мәнісі- плазмидалық ДНҚ-ң ақпараттық құрылымын қарапайымдылау және оған патогеннің тек қана қажетті генін (немесе бірнеше гендерін) және жасушада осы гендерді экспрессиялау үшін керекті элементтерді енгізу. Ол иммунизациялау процесін асқындыратын қажетсіз ақуыздардан құтылуға мүмкіндік береді. Плазмидалардың конструкциясын осылай унификациялау әртүрлі патогендерге қарсы жеткілікті мөлшерде бірегей технологиялық вакциналар алуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде зерттеушілердің көбісі осы мәселемен айналысуда.
ДНҚ-вакцинациялар бойынша клиникалық мәлеметтер:
● вакцинаны организм жақсы қабылдайды;
● қауіпсіз-иесінің геномына интеграцияланбайды; аутоиммунды емес, иммунды толеранттылық туғызбайды;
● пациенттердің бәрінде (соның ішінде АИВ-инфекция жұқтырғанда) гуморальдық, жасушалық (соның ішінде Т-хелперлік) иммундық жауап қалыптасады.
Мукозальдық вакциналар. Соңғы кезде асқазан-ішек, тыныс алу, несеп-жыныс жолдары немесе кнъюктива арқылы иньекциясыз енгізуге болатын вакциналар шығаруға үлкен көңіл бөлініп отыр.Оларды мукозальдық вакциналар деп атайды. Мукозальды жүйенің ауданы 400м2 - ден көп, және де кейбір параметрлері бойынша лимфоидты жүйенің ерекше айырмашылықтары бар: мукозальды жүйенің лимфоидты тіндерінің массасы тимус,сүйек кемігі, көкбауыр және лимфа түйіндерінің масасынан (бәрін бірге алғандағы) едәуір жоғары; организмнің қартаю процесі барысында мукозальды және лимфоидты тіндердің функкциясы әлсіремейді. Патогендерден қорғайтын мукозальдық факторларға жасушалық тосқауылдар, шырышты қабаттарда орналасқан иммундық жүйенің арнайы жасушалары (CD-4 лимфоциттер, антиген спецификалық CD-8 лимфоциттер), секрециялық А иммунды глобулиндер жатады. Мукозальды вакциналар организмге енгізу жолы бойынша пероральды (оральды, энтеральды), интраназальды, интравагиналды, және перректальды деп бөледі. Мұндай препараттар антигенді керекті мөлшерде тиісті ағзаға жеткізуді қамтамасыз етуі, оны деструктивті процестерден сақтауы, енгізген жерде антиген ұзақ уақыт болуына жағдай жасауы керек. Қазіргі кезде мукозальды вакциналарды егу тәсілі екі бағытта дамып келеді: интраназальды және пероральды иммундау.
Вакцинаны парентеральды жолмен енгізуге қарағанда интраназальды мукозальды тәсілмен иммундаудың артықшылығы бар. Мұрын қуысына енгізу жеңіл және ол жер васкуляризацияланған, көптеген бүрлері (ворсинки) адсорбциялық үрдіс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері жайлы
Вирустық аурулар
Вирустық аурулар жайлы ақпарат
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу туралы мәлімет
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адтюванттар, иммуномодуляторлар. Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Адьюванттар, иммуномодуляторлар
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.Вакцина дайындау принциптері.Адьюванттар,иммуномодуляторлар.2)Құтырық,аусыл,шмалленберг,блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адьюванттар, иммуномодуляторлар. Құтырық, аусыл, шмалленберг, блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу
Вакцина және оның түрлері
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.вакцина дайындау принциптері.Адьюванттар,иммуномодуляторлар. Құтырық,аусыл,шмалленберг,блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Пәндер