Тары технологиясы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Семей қ.

БАӨЖ

Тақырыбы:Тары технологиясы

ОРЫНДАҒАН: Газизова Г. Н.

ТЕКСЕРГЕН:Нұрымхан Г. Н.

Семей 2015 ж

ЖОСПАР:

  1. Тары туралы мағлұмат
  2. Тары тарихы
  3. Тарының биологиялық ерекшелігі
  4. Қорытынды
  5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Тарының биологиялық ерекшелігі

Тары (Panіcum) - астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Оның дүние жүзінде 500-ге тарта түрі, Қазақстанда 1 түрі - кәдімгі не екпе Тары өседі. Тары қазақ даласында 6 ғасырдан бастап егіле бастаған. 19 ғасырдада егістік жердің 75 - 80%-ына тек Тары ғана егілген.

Тары дақылының шығу тарихы өте ерте заманға немесе 5-7 мың жылдыққа барады. Жер шарында тарының 500-ден астам түрі өседі екен. Тарының қай жерде тұңғыш пайда болғанын көп елдің ғалымдары зерттеген. Қорыта келгенде, тарының шығу тегі шығыс елдерінде, соның ішінде Үндістан, Моңғолия мен Алтайда деген қорытындыға келген. Сонымен қатар, тары шығыс елдерінен Еуропаға ертедегі ұлы жорықтар мен қоныстанушылар арқылы тарағаны дәлелденген. Ауыл шаруашылығы мен өндірістегі пайдасы - тарының сабанын жеген сауын сиырдың сүтінің өнімі, құнарлығы артады екен. Сабанының сапасы қыстың көктемдегі көк майсадан кем түспегені дәлелденген. Тары сабанында дәрумендер мол болғандықтан малдар сүйсініп жейді. Тары дәнінен спирт алынса, сабағынан қағаз шығарады. Тарыны жеген тауықтар көп жұмыртқалайды. Жұмыртқаның қабығы қатты болады, ұзақ сақталады. Булап шошқа мен қазға жемге береді. Тарының сабаны, топаны, кебегі де малға құнарлы азық екен. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, тарының емдік қасиеті қазіргі медицинада дәлелденген. Ол күш-қуат берумен қатар, бауырды, бөтекенің жұмысын жақсартып, терлетуге әсер етеді. Қыздырып басқан тары ісік­ті басып, тіс ауырғанды тоқтатады. Ерте заманнан тарының емдік қасиетін білген емшілер бауырға таптырмас ем деп білген.

Қазақ халқының ежелден егіп келе жатқан мәдени дақылдардың ішіндегі олардың алатыны да, тұрмыстық ерекшеліктеріне ыңғайлысы да тары болған. Өзендер мен көлдерді жағалай қоныс теуіп, жаз айларында қысқа мерзімде пісіп үлгеретін тарыны егіп, өздеріне қыстық азық жинап алуды көшіп-қонып мал баққан қазақтар да өте ерте үйренген. Қазақстан жерінде қоныс тепкен тайпалардың ежелгі мекендері мен қола дәуірінде өмір сүрген сақ тайпалары көсемдерінің обаларын, ерте және орта ғасырлық қалалар мен қорғандарды қазу кезінде тары сабанының және дәндерінің табылуы осының айғағы болып табылады. Біздің заманымызға дейінгі антикалық автор, "тарих атасы" Геродот Қосөзен бойында болған Вавилония мемлекетінің жерінде басқа дәнді дақылдармен бірге тарының да егілгенін атап кетеді. Осы Геродоттың айтуынша, сол замандарда Днепр мен Буг өзендерінің бойын мекендеген скифтер де тарыны көп өсірген. Қазба жұмыстары Франция мен Грекия жерінде қола дәуірінде, Австрия, ГДР, Польша, Югославия, ФРГ мемлекеттері территориясында темір дәуірінде немесе бұдан он мың жылдай бұрын-ақ адамдардың тары өсірумен шұғылдана бастағанын көрсетеді.

Тары - биікт. 70 - 100 см, сабан сабақты, шашақ тамырлы, жаздық дәнді дақыл. Жылу сүйгіш, қуаңшылыққа, аңызаққа және ыстыққа төзімді, көбіне өздігінен тозаңданады. Уақытымен суарған жағдайда жоғары өнім береді. Вегетацив кезеңі 60 - 120 күн. Тарының дәні өну үшін 8 - 10 o С жылылық қажет. Суыққа төзімсіз болғандықтан Тарыны басқа масақты дақылдарға қарағанда кеш себеді, кеш себілген күнде де жақсы өнім береді. -2 - 3 o С-та қатты зақымданады, -3 o С-тан төмен темп-рада өледі. Құнарлы қара және қоңыр топырақта жақсы өнім береді. Тары үшін бұршақ тұқымдас дақылдар жақсы алғы дақыл бола алады. Бір жерге қайталап себілсе, өнімін төмендетеді. Сондықтан тек ауыспалы егіс жүйесінде ғана себу керек, бір егілген жерге тек 4 - 5 жылдан кейін ғана егілуі тиіс. Оны бір жерден екі өнім алу үшін аңыздық егіске де отырғызуға болады. Себілетін Тары тұқымы тазаланған, сортталған болуы тиіс, майда, жетілмеген тұқымды себуге болмайды. Тары 5 - 6 см ылғалы бар тереңдікке отырғызылады. Тарының дәндері бір мезгілде пісіп үлгермейді, алдымен оның сыпыртқы тәріздес басының ең ұшында тұрған дәндері, содан кейін төмендегілері пісе бастайды. Төменде орналасқан дәндері пісіп болғанша алғаш піскендері жерге төгіліп қалмауы үшін, алдымен дестеге салып алады. Дестелеу кезінде Тары сабағы 12 - 15 см биіктікте орылады. Тары сабанының азықтық сапасы бидай сабанынан екі есе артық, дала шөбімен бірдей. 1 кг Тары сабанында 0, 41 азықтық өлшем, 23 г сіңімді протеин болады. Тары жармасының құрамында крахмал (81%), белок (12%), май (3, 5%), қант (0, 15%) бар, мұндағы ақуыздың мөлшері күріш, қара құмық жармаларынан едәуір көп. Тарының мал азығы ретінде маңызы зор, құс шаруашылығында жем ретінде пайдаланады. Тарыны өндірумен негізінен Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстары шұғылданады. Елімізде ең көп тараған сорттары - Саратов-3, Саратов-6, Орал-109. Қазақстандағы егіс көлемі 55, 5 мың гектар (2002), орташа түсімі гектарынан 7 - 12 центнер. Тарының гектарынан ең жоғары өнімді (201 ц) 1943 жылы Ақтөбе облысында Ойыл ауданында, “Құрман” ұжымдық шаруашылығында Ш. Берсиевтің звеносы алған (1943) . [1]

ҚОРЫТЫНДЫ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарма дақылдарын ақтау
Күріш жармасы технологиясы
Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарын ажырату белгілері жайлы мәлімет
Тары өсіру технологиясы
Күздік бидай және қара бидай
Тары дақылдарының түрлері және өнімдерін өндіру технологиясы
Жарма технологиясы
Жарма дақылдарын қайта өңдеу технологиясы
Астық түйірі және дәнді дақылдар
Мал азығын өндірудің алға қойған мақсаттары және агрономиялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz