Эволюция ілімі


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Тақырыбы: ЭВОЛЮЦИЯ ІЛІМІ

Орындаған:

Тексерген:

Мазмұны

Эволюция ұғымы, оның бағыттары. 2

Ламарктың эволюциялық теориясы3

Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің пайда болуы4

Эволюциялық қозғаушы күші4

Қорытынды9

ЭВОЛЮЦИЯ. ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТІҢ ДАМУЫ

Эволюция ұғымы, оның бағыттары.

Биологиялық эвалюциянын мынадай бірнеше анықтамалары бар:

  1. Тірі ағзалардың тарихи дамуының қайталанбайтын үдерісі.
  2. Биологиялық жүйелердің біртіндеп азды-көпті бағытта жоғары сатыға көтерілу үдерісі.
  3. Тірі ағзалардың қарапайым формадан күрделірек (жетілген) формаға баяу өзгерген үдерісі.
  4. Тірі зерзаттардың ұзақ мерзімінде жоғары сатыға көтерлу.

Бұдан өзге де анықтамалар тұжырымдауға болады. Егер егжей-тегжейлі ой толғаса, тіршілік дамуының эвалюциялық үдерісі жай ғана алға үдемелі қозғалыстағы көрініс екенін байқаймыз. Оны жылжымылы саты үдемелі және біркелкі жатық қозғалысымен салыстыруға болмайды. Оның әрбір баспалдағы бірінен кейін бірі біркелкі қозғалыспен жоғары, тек жоғары қарай қозғалады. Ақиқатында мүлде анағұрлым күрделі. Эволюция үрдісі күрделі және оның белгілі жоспары болмайды.

Бұрынырақта зілдер мен сұмпайы кесірткелер, үңгір аюлары және қылыш тісті жолбарыстардың тіршілік еткен. Бұл жануарлар бұрын өмір сүрген, бірақ бізге дейін сақталып қалған жоқ. Ал қазір өмір сүретін, бізге үйреншікті болып кеткен көптеген түрлер ғаламшарда жақында ғана пайда болды. Мәселен, теңіз жұлдыздары немесе акулаларға қарағанда кәдімгі иттер, мысықтар немесе торғайлар олардан тарихи жағынан әлдеқайда жас. Демек эволюция тарихи өзгеріс үрдісі ретінде үнемі біркелкі жүрмейтінін түсіну қажет. Біріншіден, ағзалардың сан алуан жүйелік топтарындағы эвалюциялық өзгеріс жылдамдығы айтарлықтай ерекшеленеді. Топтардың бірде қандай да бір уақыт аралығында өзгелерінен тезірек эволюциялық жолмен дамып, сол топтың өзі тарихи даму барысында екінші уақыт аралығында мүлдем бөгеліп қала алады.

Эволюциялық табыс негізінде екі ұғымды: биологиялық алға басу және биологиялық керек ету ұғымдарын бөліп көрсету мақұлданды.

Биологиялық алға басу дегеніміз ( прогресс ) - дарақтар санының жүйеленген сан алуандықтың артуы және аймақтың кеңеюі.

Керек ету дегеніміз - алға басуға кері үрдіс, яғни эволюциялық сәтсіздік.

Биологиялық керек кету ( регресс ) - дарақтар саны мен олардың жүйеленген топтары санының кемуі және аймақтың тарылуы.

Эволюциялық үрдістер заңдылығы өте күрделі және ғалымдар күні бүгінге дейін толық анықтай алған жоқ. Алайда эволюцияның неге жүретіні бізге нақты белгілі. Эволюциялық ілім жасауда Ч. Дарвиннің еңбегі зор. Ол ашқан ең маңызды жаңалыққа дейін көптеген ғалымдардың еңбегі болды.

Ламарктың эволюциялық теориясы

Биологияда XVII ғасырдың өзінде-ақ трансформизм деп аталатын бағыт пайда болды. Трансформистер тірліктің өзгергіштігіне, трансформацияға сенді. Жан батист ламарк (1744 - 1829) ең көрнекті трансформист деп аталады. Ол алғашқы тұтас эволюциялық теория жасады. Оның « Зоология философиясы » еңбегі биологияда эволюциялық түсініктердің басымдылығына бағытталған жолда маңызды қадам болды .

Ламарк ең алғаш барлық жануарларды омыртқалыларға және омыртқасыздарға бөлді. Жәндіктерді он класқа, сондай-ақ қосмекенділер мен жорғалауышыларға жіктеді. Ламаркқа дейін жәндіктер - бунақденелілерге, ал бақалар тритондармен бірге және жыландар тасбақалармен бірге бір класқа жатқызылып жіктелді. Ламарк жүйелеуге жүйке және қантарату жүйелерін негіз еткен. Түрлерді осылай қатарластырып, тірі ағзалардың басқыш баспалдағы тәрізді бірінен-бірінің күрделене, жетіле түсетінін байқады. Біртіндеп көтерілу - гарадация - өрлемесатылау ұғымы осылай пайда болды. Ламарк жаралым деңгейінің біртіндеп жоғарылауын, тірі ағзалардың күрделілене түсуін гарадация деп түсінді. Демек тірі табиғат әлемі өзгереді, жетіледі. Сонда ағзалар өз өзгерістерінің қай жаққа өзгеруі керек екенін қалай біледі? Міне, осы тұста Ламарк дұрыс болжам жасайды. Оның ойынша тірліктің барлығы қорщаған орта талап еткен бағытта өзгереді. Бұл үдерістің шапшаңдығының өте баяу екені ойы да дұрыс. Алайда Ламарк тұжырымдамасында да кемшіліктер бар еді. Оның бірі - табиғи эволюция себебін идеалистік көзқараспен түсіндіруге тырысуы. Оның пікірі бойынша құдай қарапайым формаларды бір-ақ рет жаратып, әрбір тірі ағзаның бойына жетілуге ұмтылуды сіңірген. Сөйтіп кез келген ағза құдайдың жазғанын ықыласпен орындайды және ұрпақтарына береді. Қазір мұндай болжамдар сандырақ болып көрінеді. Алайда Ламарк өмір сүрген кезде оның теориясы, ғылыми қоғамдастық кеңінен мойындамаса да, шыныда төңкеріс жасағанын естен шығаруға болмайды.

Келесі эволюциялық теория Ч. Дарвиндікі. Ол биологияда пайда болған кезде эволюциялық көзқарас үстемдік етуде, яғни келесі ашылған жаңалықтардың барлығы эволюциялық тұрғыдан анықтап тексеріледі.

Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің пайда болуы

Эволюциялық қозғаушы күші

Көбею шексіздігі дегеніміз - бұл тірі ағзалардың дәл осы нақтылы жағдайларда тірі қала алатын ұрпақтарды көбірек өндіретін ортақ қасиеті.

Көбею шексіздігіне бұдан өзге де көп мысалдар келтіруге болады.

Көкнәрдің бір шоқпарбасы 3000 тұқым болады. Егер солардың бәрі өніп, ересек өсімдік болса, онда біз келесі жылы 3000х3000=9 тұқым алар едік. Үшінші жылы тұқым мөлшері 9 х3000=27 000 000 000. Сөйтіп тек бір көкнәр өсімдігі үшін ғана ұрпақтардың тіршілігін жоюын ескермеген жағдайда бесжылдан кейін ғаламшарда өзге өсімдіктердің біреуі де өсе алмайтын жер пұшпағы қалмас еді. Бүкіл аумаққа бар болғаны бір көкнәр ұрпақтарының тірі қалғандары орналасып алар еді. Бір шоқпарбасында жүзден екі жүзге дейін тұқым болатын бақбақтың бұл үдеріске тоғыз жылы кетеді.

Осыған ұқсас мысалды бөлме шыбынына да келтіруге болады. Қолайлы жағдай болған кезде бөлме шыбыны әрбір жиырма күн сайын шамамен 120 жұмыртқа салады. Санақ бойынша жұмыртқа мөлшерінің жартысы аналық болуы қажет. Бұл аналықтардың да жұмыртқа салуға бейімділігі жиырма күннен кейін пайда болады. Жеңіл есеп - қисап жасасақ, бір шыбынның барлық ұрпақтары толық 100 пайыз тірі қалған жағдайда олардың саны 5, 5 айда 335 923 200 000 000 болады. Егер бір шыбынның тұрқы 5 миллиметрге тең десек, бірінен соң бірін тіркестіре орналастырған бунақденелілер 2500 млн шақырым қашықтықта орналасады. Бұл Жерден Күнге дейінгі қашықтықтан сәл асып түседі.

Сандардың мөлшерден көп болу құбылысы дарақтар арасында бәсекелестік туғызады. Тіршілік үшін күресте әлдебіреу міндетті түрде жеңіп шығады, яғни тірі қалады, әлдебіреу жеңіліп, жойылып кетеді. Әдетте «тіршілік үшін күресте күштіректері тірі қалады» деседі. Мұны дұрыс деуге болмайды. Мысалы, ақ аю қосаяқтан едәуір күштірек. Алайда ақ аю шөл далаға тап болса, қосаяқты «жеңіп», тірі қалады дей алмас едік. Сондықтан мынадай тұжырым: «тіршілік үшін күресте қайсысы қоршаған орта жағдайларына жақсырақ беіймделе алса, сол тірі қалады» десе де дұрысырақ болады. Тіршілік үшін күрес табиғи сұрыпталуға жеткізеді. Дарвин сұрыпталуды негізгі эволюциялық фактор, яғни эволюцияның негізіг себебі деп есептеді. Дарвиннің эволюциялық теориясы немесе Дарвинизм «табиғи сұрыпталу теориясы» деп аталады. Сұрыпталудың арқасында ең бейім дарақтар ғана тірі қалмайды, сондай - ақ өте бейімделген түрлер және жануарлар мен өсімдіктердің кластары да тарихи мерзімде сақталып қалады.

Табиғи сұрыпталу - тіршілік үшін күрес нәтижесі. Табиғи сұрыпталу дәл сол орын және уақытпен шектеліп қалмайды. Бұл дәл сол сәттегі екі дарақтар арасындағы нақтылы емес бәсекелестіктің өзара қатынасы. Дарвин былай деп жазды: «сұрыптау секунд сайын және жер - жерде әрекет етеді». Ол ағзалардың әрқайсысына әсер етеді.

Ал енді бактериятүрінде бір рет пайда болған тіршілік іс жүзінде тек тіршілік үшін күреспен табиғи сұрыпталуға ұшырады деп көрейік. Бактериялардың жақсыларынан да жақсырақтары тірі қалар еді. Атап айтқанда бейімделгендерінен гөрі бейімдіректері ұрпақ қалдырары даусыз. Бұл ұрпақтардан дәл сондай ұрпақтар қалар еді. Эволюция осымен аяқталмайды. Тіршілік мәңгілік ең жақсы, аса бейімделген бактериялардың өмір сүруіне арналады.

Тағы бір мысал келтірейік. Сендер өздеріңді табиғи сұрыпталу рөліндеміз деп есептеңдер. Жамбасбұршақ салынған қаптан ең жақсы, ірі және дерттенбеген тұқым таңдап алдыңдар делік. Ол тұқымды егіп, ата- енесінің дәл көшірмесіндей, мұнтаздай ұрпақтар алдыңдар. Сендерде мұнан өзге жамбасбұршақ түрлері жоқ. Сұрыптау барысында ұрпақ қалдырмай, жойылып кеткендердің қай - қайсысы болса да, эволюция үшін мәңгі жоғалғандар қатарына жатады, сондай - ақ бұдан былай көбеюге қатыса алмайды. Сендер сұрыптап алған тұқым ұрпақтары өздерінің ата тектері тәрізді сұрыпталып алынған. Сонымен барлық ұрпақтар шексіз сұрыптала береді. Сөйтіп, сұрыпталу арқасында жақсы жамбасбұршақ шығаруға болады.

Өсімдіктер немесе жануарлар өсірумен кем дегенде бір рет шұғылданушылардың қайсысы болса да шынайы өмірде мұндай жағдайдың іске асуы мүмкін емес. Ұрпақтар ешқашан ата - енелерінің дәлме - дәл көшірмесі бола алмайды. Барлық тірі ағзаларға ортақ қасиет - тұқым қуалаушылық және өзгергіштік.

Тұқым қуалаушылық дегеніміз - бұл ағзалардың өз ата тектеріне ұқсап және кейбір белгілерін өз ұрпақтарына беру қасиеті. Тұқым қуалаушылық құбылысының негізі гендер мен хромосомаларды жынысты көбеюі немесе жыныссыз көбеюі кезінде тән жасушалары арқылы беру болып саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігі
Эволюция ілімінің дарвиннен кейінгі дамуы
ОРГАНИКАЛЫҚ ДҮНИЕ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Чарлз Дарвиннің эволюциялық теориясы
Эволюциялык идеялар
Адаптациялардың классификациясы
Дарвинизм және эволюциялық биологияның қалыптасуы
Эволюциялық идеяның туылуы
Ламарк ілімі
Телеология: ортогенез, номогенез, финализм, преформизм және басқа концепциялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz