Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері.Кәсіби ауру себептері.Өндіріс орындарын желдету әдістері.Желдетуді есептеу тәсілдері


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері. Кәсіби ауру себептері. Өндіріс орындарын желдету әдістері. Желдетуді есептеу тәсілдері.

.

Тобы: Аг-413

Орындаған: Нұршайықов Берік

Тексерген: Бейсебаев Ш. Т.

Семей 2015 жыл

Жоспар:

Кіріспе

  1. 1. Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері.
  2. Кәсіби аурулар себебтері.
  3. Өндіріс орындарын желдету әдістері.
  4. Желдетуді есептеу тәсілдері

Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Өндірісте еңбеккерге қауіпті және зиянды факторлардың бірнешеуі қатар әсер етуі мүмкін. Олардың көбі еңбеккердің мамандығына, яғни кәсіби жұмысына байланысты. Сондықтан оларды кәсіби қауіптер және кәсіби зияндылықтардейді.

Негізгі бөлім

Өнеркәсіпте кездесетін еңбек қауіпін ү ш к е бөлеміз :

Техникалық - тез жүретін, үлкен алқымды машиналарды және жаңа техни-каны пайдаланған кезде жиі кездеседі, себебі олардың құрылысы мен пайда-лану тәртібін толық игермегендіктен .

Технологиялық - технологиялық процестардің өзгеруіне байланысты .

Жергілікті - еңбекті ұйымдастырудан және техникалық жабдықтануына байланысты .

Еңбек процесінде туған қауіпті, зиянды жағдайлардан - адам еңбек ету қабілетінен айрылып қалуы, тіпті өмірімен қоштасуы мүмкін. Мұндай жағдайлар өндірістік жазатайым оқиға деп аталады. Өндірістік жазатайым оқиға - өзінің еңбек(қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмасын орындау кезінде қызметкердің жарақат алуы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіби ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтыратын өндірістік фактордың әсері.

Жарақат алу - адам организмінің жұмысының бұзылуы немесе зақымдануы.

Жарақаттың 4 түрі болады:

1. Механикалық, 2. Ыстық-суықтан болған, 3. Химиялық, 4. Электр жарақат

Жарақаттың зардабы материалды және моральді деп бөлінеді.

Өндірістік жазатайым оқиғалардың жіктелуі:

  1. 1. Қандай жерде болғанына байланысты
  2. Қанша адам зардап шеккеніне
  3. Ауырлығына байланысты

Кәсіби аурулардың себептері.

Кәсіби ауру дегеніміз- өндірістегі зиянды факторлардың аз мөлшерде бірақ ұзақ уақыт бойы әсер етуінен еңбеккердің денсаулығының нашарлап, жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін аурулар.

Кәсіби зияндылықтар еңбеккердің денсаулығына келтіретін әсеріне байланысты 4 топқа бөлінеді:

  1. Өндірісте пайланылатын жабдықтар мен материалдардың ерекшеліктеріне байланысты
  2. Өндірістегі еңбек кестесіне, ережесіне, еңбек ету ерекшеліктеріне байланысты. (
  3. Жұмыс бөлмелерінде метеорологиялық жағдайлары мен санитарлық- гигиеналық жағдайларына байланысты
  4. Өндірістік саланың ерекшеліктеріне байланысты
  1. Өндірістік жарақат-тану(зардап шегу) - дегеніміз белгілі бір топтардағы немесе мекеме, саладағы белгілі бір уақыт аралы-ғындағы жазатайым оқиғалардың жиынтығы.

Өндірістік жарақат-танудың себептері .

Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері төрт тәсілмен іске асырылады:

Монографиялық (моно- жеке) әдіс жұмыс орнында орын алған жазатайым оқиғаларды жан жақты зерттеумен байланысты. Топографиялық сараптау әдісі жазатайым оқиғаның жиі орын алатын жерлерін анықтауға мүмкіндік береді. Статистикалық (салыстырмалы) сараптау әдісі мекемелердің, шаруашылық-тардың жазатайым оқиға жөнінде берген есеп, ақпараттарын аудан, облыс, республика, министерство көлемінде сараптауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс-тің негізгі көрсеткіштері - жарақаттанудың жиілік және ауырлық коэффициенттері - кәсіпорындағы, аудан, облыстағы жазатайым оқиғалардың сандық және сапалық көрсеткіштері болып саналады.

Экономикалық әдіспен - өндірісте болған жазатайым оқиғалардың шығынын есептеуден бастап, еңбекті қорғауға жұмсалған қаржылардың тиімділгін есептеп шығару арқылы жүргізіледі.

Ш б =Σ Ш ж + Σ Ш к. а ; мұндағы

Ш б - барлық шығын;

Σ Ш ж - есеп мерзіміндегі жарақаттан келген барлық шығын;

Σ Ш к. а - есеп мерзіміндегі кәсіби аурулардан келген барлық шығын

Желдеткіш

Желдеткіш (латынша: ventіlatіo - желдету) - өндіріс орындарын желдетуде, тасымалдауда, т. б. ауаны немесе басқа газдарды қозғалысқа түсіріп орнын ауыстыру үшін олардың артық қысымын (әдетте, 0, 15 Мпа-ға дейін) тудыратын қондырғы. Олар үймереттерді және шахталарды желдетуге, қазан және пеш агрегаттарына ауа жіберуге не олардан түтін мен зиянды газдарды сорып тысқа шығаруға, материалдарды кептіруге, машина бөлшектері мен механизмдерін салқындатуға, сусымалы және талшықты материалдарды пневматикалық жолмен тасымалдауға, бірқатар технологиялық процестерді атқаруға, машина радиаторлары мен конденсаторын салқындатуға, т. б. қолданылады.

Өндірістік желдеткіш - бөлмелерді желдету кезінде немесе аэроқоспаларды құбырлар арқылы тасымалдау үшін ауаны немесе басқа газды шамадан тыс қысымдайтын құрылғы.

Өнеркәсіптік желдеткіштердің стол үстіне қойылатын және аспалы желдеткіш түрлері кеңінен тараған. өшатын аппараттарда желдеткіштер тарту күшін тудыратын құрал ретінде (көтергіш желдеткіштер, турбореактивтік екі контурлы қозғалтқыш желдеткіштері, желдеткіш- фенестрон) пайдаланылады. Желдеткіштер қуаттылығына қарай Вольттың үлестерінен (тұрмыстық желдеткіштер) мыңдаған кВт-қа (өнеркәсіптік желдеткіштер) дейінгі желдеткіштер, ал құрылымына байланысты - центрден тепкіш желдеткіш және осьтік желдеткіш болып ажыратылады. Желдеткіштер, негізінен, қозғалтқышпен белдікті беріліс арқылы немесе тікелей серіппелі муфта көмегімен әрекетке келтіріледі. Кішігірім желдеткіштердің қалақшалы дөңгелегі тікелей қозғалтқыштың білігіне бекітіледі, ал ірі желдеткіштер сору жылдамдығын реттегіш және діріл бәсеңдеткіш құрылғылармен жабдықталады.

, . .

Өнеркәсіптік желдеткіштердің міндеттері мен тәжірибелік, ғылыми негіздері.

Желдету (татынша: ventіlatіo - желдету) - үй бөлмелерінде, өндіріс орындарында, т. б. реттеулі ауа алмастыруға, адам денсаулығына қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ технологиялық процестердің талаптарына сай құрал-жабдықтар мен құрылыстық құрылымдарды, материалдарды, азық-түлікті, т. б. сақтауға арналған шаралар жүйесі.

Желдету ағындата желдету, сора желдету, ағындата-сора желдету, жалпылай алмастыра желдету және жергілікті желдету болып бөлінеді. Ағындата желдету ішке тек таза ауа беруді қамтамасыз етеді. Ал ауаны тысқа шығару іштегі қысымның артуына байланысты саңылаулардан, есіктің ашылып-жабылуы кезінде іске асады. Сора желдету желдетілетін бөлмедегі ауаны әкету үшін қолданылады. Бұл жағдайда бөлмедегі ауа қысымы кемиді де, есіктен және саңылаудан таза ауа кіреді. Ағындата-сора желдетуде таза ауаның енуі мен лас ауаның әкетілуі бір мезгілде қатар жүреді. Бұл әдіс ауа алмасуы үнемі қарқынды жүрген кезде ғана тиімді.

Жалпылай алмастыра желдету бөлмеде бөлінетін шектен тыс зиянды заттардың, жылу мен будың таза ауамен залалсыз шекке дейін араласуына негізделген. Ал жергілікті желдетуде зиянды заттар (газ, бу, т. б. ) олардың пайда болатын жерлерінен сору құралдары арқылы тысқа шығарылады. Бұл әдіс шектеулі кеңістікте ғана қолайлы ауа ортасын тудыра алады. Желдету үйдің және сыртқы температураларының айырмашылығы мен желдің әсерінен (мысалы, үймерет аэрациясы) болатын табиғи желдету және механикалы әсер ету арқылы (ауа желдеткіштер арқылы қозғалысқа түсіріледі) атқарылатын механикалық желдету болып ажыратылады.

Ауа алмастыруды қамтамасыз ететін техникалық құрал-жабдықтар жиынтығы да желдету деп аталады. Сырттан сорылып алынатын ауаны шаң-тозаңнан тазарту үшін желдету жүйелеріне ауа сүзгілер орнатылады, ал тысқа шығарылатын ауа шаң тұтқыштар - абсорбер және адсорберлер арқылы тазартылады.

Табиғи жолмен желдету - ашық терезелер немесе люктар арқылы ауаның еркін алмасуымен қамтамасыз етілетін желдету.

Картерді жабық түрде желдету - қозғауыш цилиндрларына ауа сүзгісі арқылы картерлік газдарды сорып алуды қамтамасыз ететін желдету.

Картерді ашық түрде желдету - атмосферадағы эжекциялық түтік арқылы қартерлік газдарды сорып алуды қамтамасыз ететін желдеткіш

Жанармай багін (сауытын) желдету - жанармайдың ең жеңіл фракцияларының булануын азайту және сиретілудің пайда болуын болдырмау мақсатымен автомобильдің бензин құятын багінің (сауытының) ішкі куысын атмосферамен қосатын желдету жүйесі.

Өндірістік мекеменің ауа алмасуының есеп қағидасы. Зиянды заттардан жұмысшыларды қорғау үшін, егер өндірістік бөлмелердің ауасына зиянды заттардың түсуін толығымен жоюға болмайтын жағдайда, өндірістік бөлмеде ұйымдастырылған және тұрақты ауаалмасуды, жайлы метеорологиялық жағдайларды, сондай-ақ ауа ортасын құрамының жайлығын құруды қамтамасыз ететін - желдетуді пайдаланады. Ауаның ауысуын шақыратын күштен байланысты табиғи және жасанды (механикалық) желдету болады.

Табиғи желдетуде ауа алмасуы бөлмедегі ауа температурасынан және сырттағы жылудың режімінен, әрі желдің әсерінен іске асырылады. Ол ұйымдастырылмаған (инфильтрация) және ұйымдастырылған (аэрация) болып бөлінеді. Инфильтрация бөлмедегі саңылаулар немесе ғимараттың құралымдық тығызсыздығы арқылы кіретін, сондай-ақ желдің әсерінен ауаның алмасуын білдіреді. Аэрация терезе, форточкалар, желдеткіш арналар, дефлекторлар арқылы іске асырылады, табиғи желдету қарапайым және пайдалануда үнемді болады, бірақ оның кемшілігі - келетін ауа бөлменің температурасын, ылғалдылығын және сондағы қосымша шаңдардың құрамын өзгертпейді.

Желдеткіш жүйелерінің негізгі теориялары

Желдеткіш (латынша: ventilation - желдету) - өндіріс орындарын желдетуге, аэроқоспаларды құбырмен тасымалдауға, т. б. ауаны немесе басқа газдарды қозғалысқа түсіріп орнын ауыстыру үшін олардың артық қысымын тудыратын қондырғы.

Аэрация - құрамындағы органикалық заттарды жылдам тотықтыру үшін әртүрлі орталардың ауамен жасанды қанығуы;

Ауамен себезгілеу - үй-жайға салқын ауаның, газдың, будың, шаңның түсуінің алдын алуға арналған жергілікті желдеткіш;

Зиянды заттар - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы санитариялық талаптарға сәйкес ауадағы рұқсат етілген шекті шоғырланудан асатын, адамның организміне теріс әсер ететін заттар;

Зиянды өндірістік фактор - қызметкерге әсері ауруға немесе еңбек қабілетін төмендетуге және (немесе) ұрпағының денсаулығына теріс әсер етуге алып келуі мүмкін өндірістік фактор;

Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар - технологиялық жабдықты пайдаланатын және адамдардың еңбегі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірістері орналастырылған өндірістік объектілер;

Объектінің қауіптілік сыныбы - қуатына, пайдалану жағдайына, қоршаған ортаға бөлінетін ластайтын заттардың сипатына және мөлшеріне, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына қолайсыз әсер ететін шуға, дірілге, иондамайтын сәулеленуге байланысты белгіленетін, кейіннен мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып, қызметтің осы түрін жүзеге асыратын жобалау ұйымы анықтайтын объектінің санаты;

Өндірістік объект - адамның денсаулығы мен өмір сүру ортасына әсер ету көздері болып табылатын үдерістерді, жабдықтарды және технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын өнім шығарумен, жұмысты орындаумен және қызмет көрсетумен байланысты шаруашылық қызметінің объектісі;

Рециркуляция - температураны және қоспалардағы компоненттердің шоғырлануын реттеу мақсатында технологиялық үдеріске газдар, сұйық және қатты заттар ағымының көп мәрте, толық немесе ішінара қайтуы;

Экрандалған үй-жайлар - радиоаппаратураны пайдалану, монтаждау, жөндеу және сынау кезінде, әртүрлі жоғары вольтты қондырғылар мен генераторлар тудыратын электромагниттік өрістерді (бұдан әрі - ЭМӨ) орналастыру кезінде қызмет көрсететін персоналды электромагниттік өрістің әсерінен қорғау, қабылдаушы құрылғылар мен арнайы өлшеу, есептеу және басқа да аппаратураны сыртқы ЭМӨ әсерлерінен қорғау мақсатында жабдықталған үй-жайлар

Желдету қондырғыларын есептеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік жарақаттану туралы
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері жайлы
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері
Өндірістік жарақаттану
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері туралы
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері.Кәсіби аурулар себебтері. Өндіріс орындарын желдету әдістері. Желдетуді есептеу тәсілдері
Өндірістік жарақаттану жайлы
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері туралы ақпарат
Өндірістік жарақаттарды сараптау әдістері
Kәсіпорындағы еңбек қорғауды басқару жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz