Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттердің дамуы



Қазіргі таңдағы білім берудің барлық сатыларындағы түбірлі өзгерістер оқыту процесіндегі жаңаша көзқарасты, білім берудің жаңа тиімді технологиясының, белсенді оқыту әдістерінің кеңінен енуін туындатып отыр. Еліміздің болашағы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мол, білімді, кәсіби біліктілігі жаңалыққа сай жоғары дәрежеде болуын қажет етіп отырғаны белгілі.
Оқушылардың білім сапасына қазіргі таңда қойылар талаптың өсуі білімді игеру көрсеткіштері құрылымының өзгерісінде көрініс табуда, әрі осы мәселенің дидактиктер мен педагогтар зерттеулерінде көп қарастырылуы да септігін тигізіп отыр. Осы мәселеге орай, білім сапаларының көрсеткіштерін анықтауды мақсат ететін түрліше көзқарас, қатынастарды бөліп көрсетуді жөн көрдік.
Өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін талап етеді. Ғылым және техникадағы алға даму прогресі білім мазмұнын үнемі толықтырып және жаңартып отыруға, ол білімді теориялық және практикалық әрекеттің барлық аймағында пайдалануға итермелейді. Бұл жағдайда тек білімді меңгеруді ғана емес, сонымен қатар, оқу жұмысының тәсілдерін меңгеруді, мәселелік жағдайларда шешім табудың арнайы тәсілін жалпы өмірде пайдалана білуді қамтамасыз ететін оқу іс - әрекетінің қалыптасуы ерекше маңызды.
Соңғы жылдары білім берудің мазмұнын жетілдіру және оның теориялық деңгейін көтеру үшін, ғылыми –техникалық жетістіктерге жету үшін көптеген маңызды жұмыстар жүргізілуде. Оқу іс-әрекеті білімді меңгерудің тиімділігіне әсер етеді. Егер оқушылар меңгеретін оқу материалы мазмұнының шеңберінде білімді меңгерудің арнайы тәсілдерін бойларына игерсе, сонымен бірге, меңгерудің сапалы түрде жаңа, биік деңгейіне бағытталып, дайындалады. Бұл дегеніміз оқушылардың интеллектілік дамуында да алға жылжу болатынын көрсетеді. Оқыту мен даму бір-бірімен тығыз байланысты. Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуы тұлғаның қалыптасуына және дамуына әсер етеді.
Бастауыш мектеп жасындағылардың жетекші іс-әрекеті оқу болып табылады. Бұл балаға нақты талаптар қояды, оны орындау кезінде баланың психикасының сапалы өзгеріске ұшырауы мүмкін. Психологиялық жаңа құрылымдар бастауыш мектеп жасындағылардың оқу іс-әрекетінің қалыптасуына байланысты пайда болады.
Қазақстандық психология ғылымын ілгері жылжытқан профессор С.М. Жақыповтың еңбегіне тоқталмай кетуге ешбір болмайды. Өйткені біздің жұмысымыз толығымен осы ғалымның “Танымдық іс - әрекет психологиясы” атты еңбегіне негізделген. Мұнда кейбір психологиялық мазмұнды нақтылау қажет, біз білім сөзімен нені белгілейміз. Білім бұл сөз арқылы бекітілген түсінік жүйесі. Әр түрлі түсініктің екі жағы бар: объективті – мәні және субъективті – мағынасы болады. Демек, ішкі білімді беру психологиялық тұрғыдан бірлескен екі өзара байланысқан процесс, яғни білім беру және мағына беру деген ойдан оқу процесіндегі білімнің мағынасына терең мән берудің жөні бар екені белгілі болып отыр .
1.Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008
2.Лингарт Й. Процесс и структура человеческого учения. М., 1970.
3.Талызина Н.Ф. Педагогическая психология. М., 1998. Гл. 6.
4.Якунин В.А. Психология деятельности студентов. М., 1994.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттердің дамуы

Орындаған:Тойғанбаева М.А
Тексерген:Адильжанова Қ.С
Топ:ПХ-215

Семей 2015ж
Қазіргі таңдағы білім берудің барлық сатыларындағы түбірлі өзгерістер оқыту процесіндегі жаңаша көзқарасты, білім берудің жаңа тиімді технологиясының, белсенді оқыту әдістерінің кеңінен енуін туындатып отыр. Еліміздің болашағы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мол, білімді, кәсіби біліктілігі жаңалыққа сай жоғары дәрежеде болуын қажет етіп отырғаны белгілі.
Оқушылардың білім сапасына қазіргі таңда қойылар талаптың өсуі білімді игеру көрсеткіштері құрылымының өзгерісінде көрініс табуда, әрі осы мәселенің дидактиктер мен педагогтар зерттеулерінде көп қарастырылуы да септігін тигізіп отыр. Осы мәселеге орай, білім сапаларының көрсеткіштерін анықтауды мақсат ететін түрліше көзқарас, қатынастарды бөліп көрсетуді жөн көрдік.
Өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін талап етеді. Ғылым және техникадағы алға даму прогресі білім мазмұнын үнемі толықтырып және жаңартып отыруға, ол білімді теориялық және практикалық әрекеттің барлық аймағында пайдалануға итермелейді. Бұл жағдайда тек білімді меңгеруді ғана емес, сонымен қатар, оқу жұмысының тәсілдерін меңгеруді, мәселелік жағдайларда шешім табудың арнайы тәсілін жалпы өмірде пайдалана білуді қамтамасыз ететін оқу іс - әрекетінің қалыптасуы ерекше маңызды.
Соңғы жылдары білім берудің мазмұнын жетілдіру және оның теориялық деңгейін көтеру үшін, ғылыми - техникалық жетістіктерге жету үшін көптеген маңызды жұмыстар жүргізілуде. Оқу іс-әрекеті білімді меңгерудің тиімділігіне әсер етеді. Егер оқушылар меңгеретін оқу материалы мазмұнының шеңберінде білімді меңгерудің арнайы тәсілдерін бойларына игерсе, сонымен бірге, меңгерудің сапалы түрде жаңа, биік деңгейіне бағытталып, дайындалады. Бұл дегеніміз оқушылардың интеллектілік дамуында да алға жылжу болатынын көрсетеді. Оқыту мен даму бір-бірімен тығыз байланысты. Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуы тұлғаның қалыптасуына және дамуына әсер етеді.
Бастауыш мектеп жасындағылардың жетекші іс-әрекеті оқу болып табылады. Бұл балаға нақты талаптар қояды, оны орындау кезінде баланың психикасының сапалы өзгеріске ұшырауы мүмкін. Психологиялық жаңа құрылымдар бастауыш мектеп жасындағылардың оқу іс-әрекетінің қалыптасуына байланысты пайда болады.
Қазақстандық психология ғылымын ілгері жылжытқан профессор С.М. Жақыповтың еңбегіне тоқталмай кетуге ешбір болмайды. Өйткені біздің жұмысымыз толығымен осы ғалымның "Танымдық іс - әрекет психологиясы" атты еңбегіне негізделген. Мұнда кейбір психологиялық мазмұнды нақтылау қажет, біз білім сөзімен нені белгілейміз. Білім бұл сөз арқылы бекітілген түсінік жүйесі. Әр түрлі түсініктің екі жағы бар: объективті - мәні және субъективті - мағынасы болады. Демек, ішкі білімді беру психологиялық тұрғыдан бірлескен екі өзара байланысқан процесс, яғни білім беру және мағына беру деген ойдан оқу процесіндегі білімнің мағынасына терең мән берудің жөні бар екені белгілі болып отыр .
Сонымен бастауыш сынып оқушыларының оқу процестерін қалыптастыра отырып танымдық іс-әрекеттерінде дамытуға болады. Танымдық ұғымның, танымдық іс-әрекеттен айырмашылығы оқушының оқу - тәрбие процесіндегі әрекетінің танымдық іс-әрекетпен тығыз байланыстылығында. Оқу - тәрбие процесімен қатар танымдық іс-әрекеттерде жүйелі деңгейде дамып жетіліп отырады.
П.Я. Гальпериннің пікірінше "Біздің қоғамда балаға ұғымдарды қалыптастырудың басты жолы - ол мектептегі оқу процесі мұндай оқытудың жаңа ұғымдардың мазмұны оның мәнді белгілері әуел бастан-ақ тура беріледі. Түсініктердің табиғаты өте күрделі объективті дүниенің субъективті бейнесі ретінде адам басындағы түсініктерді тікелей зерттеу мүмкін емес. Адамның түсініктері сөзбен туындауы мүмкін емес көптеген зерттеулер көрсеткендей бір зат жайлы нақты түсінікті қалыптастыру үшін ол заттың құрылысын жұмыс істеу негізін, себебін білу керек екендігінде. Бала өзінің түсінігін толықтыру үшін оны ылғи өзгертіп нақтылап отыруы қажет. Түсініктердің негізгі қайнар көзі - объективті болмыс. Оқыту мен тәрбие процесінде осы объективті болмысты зерттеу мен қабылдауға бағыттай отырып оқытушы баланың түсініктерін қалыптастырып дамытады.
В.В. Давыдов айтуы бойынша оқу міндетін қою оқушылардың материалды игеру тәсілдерін меңгеріп, оны басқа міндеттерді шешу кезінде қолдана білуден тұрады. Бұл оқу іс-әрекетінің негізгі мақсаты болып табылады.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей түсініктермен ұғымдар өзара тығыз байланысты болғанда ғана олар жан-жақты қалыптастырылады. Айқын түсініктер нақты ұғымдарды қатынастыруға көмектеседі, ал дұрыс және толық ұғымдар жеке күрделі түсініктерді түсінуге негіз болады. Қабылдау процесін қажетті жаққа бағыттай отырып, оның тереңдеуіне себепкер болып балада күрделі түсініктерді қатынастырудың жағдайын жасаймыз.
Қазіргі кезде әр мемлекет өз егемендігін алған әр ұлттың өз тілі негізгі болып, басқа тілдер жанама тіл болып отырған кезде - оқу процесінің негізгі құрылымы да өзгерістерге ұшырайды. Мұғалімнің қызметі оқушылардың танымдық іс-әрекетінің қалыптасуын, олардың бір - біріне әсерін, өзара әрекет етуін ескеруге мәжбүр етеді. Сонымен оқушылар танымдық оқу іс-әрекеті деңгейінің интеграциялануына байланысты білім шеберлігі арта түсіп, өз ұлтының тілімен, мәдениетімен, әдебиетімен, болмыс тіршілігімен таныса түседі. Соның нәтижесінде әр сыныпта олардың өзіне, өзгеге деген қызығушылығы артып танымы кеңейеді.
Ал Ю.К. Бабанский көрсеткен "Оқу мен оқыту бірлігі - оқыту процесінің заңдылығы болып табылады" - деген тұжырымы дидактикалық сананың белсенділік, өз бетіншелік принциптерінен туындайды. Мұндағы айтылып отырған "оқу" мен "оқыту" ұғымдары оқытушы мен оқушының қызметі тұрғысынан түсіндіріледі.
Л.С. Выготскийдің идеясын дамыта отырып, Д.Б. Эльконин әрбір психологиялық жасқа мынандай негізгі сындарды қарастырды:
· Әлеуметтік даму жағдайы. Бұл баланың қоғамға араласуымен қатынастық жүйесі.
· Осы кезеңдегі баланың жетекші іс-әрекеті негізгі болады. Мұнда тек қана іс-әрекеттің түрін қарастырмаймыз, оның құрылымына да назар аударамыз (мектеп жасында жетекші іс-әрекет оқыту).
· Негізгі жаңа білімдердің дамуы. Мұнда әлеуметтік жағдайдың жаңа жетістіктерін көрсету маңызды.
· Дағдарыс - бұл бір кезеңнен екінші кезеңге өтудегі қиындықтармен байланысты. Мұнда осы кезеңдегі дағдарыстың психологиялық мәнін ашып, ішкі даму жағдайын түсіну қажет.
Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың дидактикалық оқыту процесіндегі концепциялар классификациясы көбіне ұқсас келеді. Оқыту теориясы мен игеру белгісі бойынша Ю.К. Бабанский берілген заңдылықтардан оқытушының жетекшілік ролінен оқытуда алатын оқушылардың саналылығы, өз бетімен жұмыс істей алатындығы әрі белсенділік қасиеттері байқалады. Оның пікірінше оқу процесінде арнайы жүйелілік психологиялық зерттеуді қажет ететін оқыту процесінің дидактикалық психологиялық ескертпесіне енгізіледі - деді.
Психологиялық жүйе ретінде оқыту процесінің тиімділігін айқындайтын фактор оқушылардың танымдық процестерінің қалыптасуы мен дамуына оқу процесін өз бетінше меңгеруге бейімділігін байқаймыз. Жүйелі тәсілдің мазмұны мен болмысын біржақты анықтау қиын. Жан - жақтылық мақсатпен оқыту процесін игеруде жүйелік тәсілдің принциптерін пайдаланамыз, әрі оқыту процесінің жүйелі психологиялық талдауын жүргіземіз.
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық іс-әрекетінің маңызды мәселелерін қалыптастыру және дамуын оқыту процесінің тиімділігін анықтайтын факторларды жоққа шығару мүмкін емес. "Қазіргі кездегі білім берудің қайнар көздерінің талдауы көрсеткендей, жүйелік амалдың мағынасы мен мазмұнын анықтау өте қиын. Егер жүйелілік амалдың түпнұсқасын бөлуге тырысса оның жеке мазмұнын шындықты интегралды өлшеу деп санайды"- деп қарастырады В.П. Кузмин. Пәнді тұтас, жүйе, кешен ретінде зерттеу танытуды ашудың орталық міндеті ретінде, оны жүйе жасайды және оның интегралды қасиеттері мен заңдылықтарын құрайды.
Е.Б. Шиянова өзінің ғылыми зерттеуінде "Әр түрлі психологиялық дидактикалық принциптер білімді ұйымдастырудың негізі болып табылады. Оның ішіндегі маңыздысы оқу материалдарын меңгеру бойынша, белсенді іс-әрекет ретінде ұйымдастыру принципі болады. Оны ұйымдастыру жағдайы: материалдың сипаттамасы мен құрылымына, жаттығулардың типіне, оқушылардың меңгеруге дайындығына тағы басқада оқытудың әр түрлі даму тиімділіктеріне байланысты"-деп тоқталады.
С.М. Жақыповтың "Оқыту процесінің психологиялық құрылымы" атты монографиясында көрсетілген принциптердің негізінде оқыту жүйесінің психологиялық мазмұнын ашу оқыту процестерінің жүйелілік, психологиялық талдауы жүргізілгенін түсіндіреді. Бірінші принцип объектіні бүтін және тұтас жүйе ретінде зерттеуді қарастыру негізгі принципі болып табылады.
В.П. Беспалько бөліп көрсеткен меңгеру деңгейлері психологтар, әрі дидактиктер тарапынан да сынға көп ұшырады. Әдебиеттердегі орын алған сын келесіні түсіндіреді: бұл деңгейлер сыртқы әрекет түрлері бойынша бөлінген, олар ішкі (психикалық) әрекет түрлеріне қатыссыз; және де бұл деңгейлер жеке психологиялық сипаттамаларға да емес, тіпті жеке психикалық әрекет түрлеріне де жатпайды, өте күрделі және біршама белгісіз комплекске қатысты болады; ұсынылған деңгейлер кезектестігі арнаулы негіздемені қажет етеді; сынақ-есептерін таңдау үшін критерийлердің жоқтығы тән, яғни меңгеру деңгейлерін анықтауға арналған сынақтар оқу материалының сипаттамасы оқушылардың әрекет деңгейіне қатысты негізделмеген. Қазіргі қалыптасқан білімнің сапалы сипаттамасы проблемасы жөніндегі дидактика және әдіснама саласының тағы бір ерекшелігін айта кету қажет. Зерттеушілердің барынша осындай күрделі обьект "білімді" толық түрде сипаттамаларын іздестіруге ұмтылуы білімді игергендік көрсеткіштер құрамының артуына, олардың шектен тыс жіктелуіне әрі бөлшектенуіне әкеліп соғады. Осыншама ауқымды көрсеткіштерді жіктеу зерттеу мақсаттарында мүмкін табысты болар, бірақ оларға деген практикалық бағдарлануды қиындатады. Педагогикалық әдебиеттерде мектептегі бақылаудың бөлшектік жүйесі оқу үрдісінің тексеруге тәуелді болуына әкеліп соғатындығын жиі кездестіруге болады. Осыған орай, жетекші дидактар мен педагогтар арқылы білім сапасының көрсеткіштерін біріктіруді іздеу мәселесін және соған сәйкес тексеру тәсілдерін де өзекті етіп отыр (М.Н. Скаткин, В.В. Краевский, В.С. Цетлин т.б.).
Ресей психологтары, яғни оқыту проблемасымен шұғылданатындар білімнің екі жағын, екі түрін ерекше бөледі:
Біріншіден, білім деп дәлелдер сомасын, оқылатын сала заңдарының санын, яғни ғылымның нақты материалын есептеді. Білімге қойылар талаптар ғылыми мәліметтер бірлігі ретінде дидактикалық қарым-қатынас шеңберіндегі көрсеткіштерде - бұл білімнің толықтығы, тереңдігі, жүйелілігі бейнеленеді.
Білімнің екінші жағы ойлаумен тікелей байланысты және білімге сүйенетін ойлау әрекетінің тәсілдерінде бейнеленеді.
Соңғы жағдайда білім ғылым материалы ретінде осы білімнің меңгерілуі әрі қолданылуының ойлау әрекеттік терминдерінде қорытындыланады.
"Білімнің психологиялық сипаттамасының бөлініп шығуы білімнің өзінің мазмұны және құрылымы сияқты теориялық ұғымдарда ғана емес, әрі оның психологиялық заңдылықтарын иеленуіне де сүйенеді".
Л.В. Занков "Түрлі дидактикалық жүйе бойынша жұмыс істейтін бастауыш сынып мұғалімдерінің психологиялық ерекшіліктері" мақаласында қалыптасқан оқыту жүйесі кіші бастауыш кезеңін оқушының жеке тұлғасының дамуындағы мейлінше жемісті, табысты кезең деп қарайды.
Баға, жүйесінде қолданылған күнде де бір белгі немесе, оқыту нәтижесін сырттай безендіру құралы ретінде болады. Мұғалім өз жұмысының табыстылығын үлгерімнің жалаң көрсеткіштері бойынша емес, оқушылардың дамуындағы алға жылжушылыққа қарап бағалап, қорытады.
Ал, оқыту үрдісі тиімділігінің критерийі біріккен-диалогты танымдық әрекеттің нәтижелілігі болады, ол қол жеткен аралық мақсаттар санының жалпы санға қатынасы арқылы анықталады.
Сонымен, біріккен - диалогты танымдық әрекет кез-келген оқыту үрдісінің мақсаты, әрі ең жоғарғы тиімділікке жету шарты болады. Оқыту үрдісінің тиімділігін анықтайтын факторларды, оларды талдаудың үш деңгейі арқылы (методеңгей, макродеңгей, микродеңгей) бөлді.
Сондықтан да, оқытудың белсенді әдістері деп аталатындар (іскерлік ойындары, әлеуметтік-психологиялық тренингтер т.б.) өте тиімді деп есептеледі де, олардың ұйымдастырылуының психологиялық негізі болып біріккен-диалогты танымдық әрекет алға шығады.
Ғалым пікірінше, оқып-білім алушының дайындаған білімдер қоры сабақта психологиялық жағынан, оқып-білім алушылардың танымдық әрекетінің пәні, заты болады, басқаша айтқанда оның шын мәніндегі мотиві деп есептеледі.
Осылайша, кез-келген сабақта білім-берушіден білім алушыға беріледі деген принцип жүзеге асып қана қоймай, ең алдымен танымдық әрекет ұйымдасады.
Бастапқы кезеңде танымдық әрекеттің формасы монологты болып, оқып-білім алушылардың таным процесіне енулеріне орай диалогты формаға айналып, мазмұны жөнінен танымдық болады. Білім қоры білім берушіден оқып-білім алушыға ауысады және оқып-білім алушы иеленген білім қоры оқытудың нәтижесі сапасында алға шығады.
Білім дегеніміз - баршаға аян, сөздер шарасы арқылы бекіген ұғымдар, түсініктер жүйесі болады. Кез-келген ұғымның екі жағы: обьективті - маңызды және субьективті мәні, болады.
Білімнің жалпылама көрсеткіші жекелеген нақты-практикалық міндеттерді шешуде қолданылатын қалыптасқан әрекет тәсілдері арқылы сипатталады. Ерекшеленген принциптің даму мүмкіндігі, оның қайта құрылуы жаңа міндеттер тобына қолдануға болады және білімнің жүйелік мазмұн көрсеткішін құрайды.Соңғы екі көрсеткіштер сипаттамасына тоқталық, бірақ дидактикадағы бөлінуіне орай.Дидактикада білімнің жүйелілігі деп, белгілі тәртіпте оқушылардың білімін анықтау мүмкіндігін айтады.
Ойлаудың себептік проблемаларының бірі психологияның толық тексерілмеген қиын және жеткіліксіз бөлігіне жатады.
Л.С. Выготский былай деп жазады: "ой сананың өзі басқа ойдан пайда болмайды, ол біздің дәлелдік сана саласынан пайда болады, ол біздің елігу мен қажеттілікті, біздің қызығушылық пен оятушылықты, біздің жан ұшыру мен эмоциямызды қамтып алады". Ойдың түбінде жан ұшыру және еркіндік біржақты болып тұр.
Американдық психолог Дж. Брунер "Танымдық психология" атты еңбегінде балалық шақтағы түсініктердің дамуын зерттеген. Іс-әрекеттің жетекші түрі және оның психикалық процестер қалыптасуындағы рөлі туралы маңызды болжам мен зерттеулер кезінде өмір жолындағы әр түрлі кезеңдегі бала тұлғасы екінші жоспарда қалады. Бұл белгілі бір іс-әрекеттің жетекші түрі екінші түріне ауысуының өңделмегенінен көрінеді. Ойын процесінде бала қаншама түбегейлі зерттелсе, ойын психологиясына теориялық талдау жасау қаншалықты қызғылықты болса, психологтардың баланы ойын іс-әрекетінен, оқу іс-әрекетіне өтуге дайындаулары соншалықты енжар болды. Егер баланың жеке психикалық процестері мен сапалары зерттелсе де, олардың өмір белсенділік формалары мен бейнесіне өтетін үлкендермен өзара әрекет мәніне ие болатын тұлға ретінде отыр.
Л.С.Выготскийдің көзқарасы бойынша бала дамуы (сонымен бірге оның тұлғасы) мәдени дамуға әкелінеді. Сондықтан бұл мәдени теорияда үлкендер рөлі баланың білімді меңгеруіндегі жол көрсетуші ретінде алынып отыр.
А.Н. Леонтьев еңбегінде баланың психологиялық даму кезеңдері сапалы бейнеленіп, олардың ауысу сәттері зерттелген. Сондай-ақ, дамудың әр кезеңдерінде, біріншіден қоғамдық қатынастар жүйесінде баланың алатын орны, екіншіден әр кезең баланың нақты өмірге сол кезеңдегі көзқарасын бейнелейді.
Қорыта келгенде оқу процесінде білім алу негізіндегі баланың іс -әрекетін былай түсіндіреміз, бала мәселені шешу үшін алдымен сыртқы материалдың бейнесін елестетеді, әрекеттерді (затты ұстап көру, оның түсін, көлемін ажырату, шамамен өлшеу т.б.) пайдаланады. Сөйтіп баланың іс-әрекетінде болсын, бір нәрсеге өз бетімен бейімделуін үнемі талап ету дамудың ең тиімді тәсілі болмақ.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Давыдов В.В. Содержание и структура учебной деятельности. - В кн.: Формирование учебной деятельности школьников.- М., 1982.- С. 10-21.
2.Бабанский Ю.К. Оптимизация учебно-воспитательного процесса. - М.: Просвещение, 1982. - 193 с.
3.Выготский Л.С. Мышление и речь: Соч.: в 6 - ти. - М.: Педагогика, 1982, - Т. 2 . - С. 5-361.
4. Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения: Соч.: В 2-х т. - М.: Педагогика, 1983. - 392 с.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Оқу іс-әрекеті психологиясы

Орындаған:Тойғанбаева М.А
Тексерген:Адильжанова Қ.С
Топ:ПХ-215

Семей 2015ж

Іс-әрекеттің жалпы теориясы тұрғысынан психологтар оқу іс-әрекеті, танымдылық іс-әрекеті ұғымдарын ажыратып қарастырады. Педагог ғалым Г.Щукинаның пікірінше Оқу іс-әрекеті ұғымының оқу ұғымына қарағанда ауқымы кеңірек, себебі ол оқушының да , оқытушының іс-әрекеттерін біріктіріп қарастырады . Шын мәнінде оқу іс-әрекет оның әлеуметтік мән-мағынасы жатыр, себебі оқу іс-әрекетінсіз, яғни ешқандай әрекетсіз қоғам дами алмайды деп түсінеміз.
Оқу іс - әрекеті бұл үлкендер мен балалардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттердің дамуы жайлы
Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс
Студенттердің оқу процесін бағалаудың психологиялық ерекшеліктері
Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалауды психологиялық ерекшеліктері
Білім беру процесінің субъекттері
Оқытудың психологиялық мәні
Оқушылар ұжымын нығайту жолдары мен қалыптастыру процесі
Педагогикалық психология бойынша сабақтар
Педагогтың кәсіби-әдістемелік дайындығын дамыту мәселелері
Оқытудың әдіснамалық негіздері
Пәндер