Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары туралы ақпарат


Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министірлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
БӨЖ
Тақырыбы :1. Вирустардың жіктелу принциптері.
Олардың номенклатурасы
2. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық
ерекшеліктері және көбею сатылары
Орындаған: Абдильдинова А. Б.
Тексерген: Омарбеков. Е. О
Семей 2015
ЖОСПАР:
1. Вирустардың түрлері
2. ДНҚ - ды вирустар, жіктелуі, қоздыратын аурулары
3. РНҚ - лы бар вирустар, жіктелуі, қоздыратын аурулары
4. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
5. Пайдаланылған әдебиеттер
Қазіргі кезде барлық дерлік вирустардың түрлері белгілі емес. Тек қана аденовирустар тұқымдастығының түрлері белгілі және түрлер вирустардың иммунологиялық қасиетіне негізделген. Ал вирустардың иммунологиялық қасиеттері бейтараптандырушы антиденелер арқылы анықталады, иммунды қан сарысуы ғана анықтайды.
Қазіргі кезде вирус тұқымдастықтарының саны 55-тен артық. Вирустардың көпшілігі әлі бір жүйеге келіп реттелген жоқ. Ол жұмыс әрі қарай өрби бермек. Адамдар мен жануарлар вирустары 19 топшаға бөлінеді. Олардың жетеуі ДНҚ -ды, он екісі РНҚ- ды вирустар.
ДНҚ-ды вирустар. Бұл вирустардың геномы бір жіпшелі, екі жіпшелі, сызықшалы және сақиналы ДНҚ-нан тұрады. Қазіргі кезде адамдар мен жануарлар вирустарының ДНҚ-ы бар 7 тұқымдастығы белгілі. Олар:
- Poxviridae
- Herpesviridae
- Hepadnaviridae
- Iridoviridae
- Adenoviridae
- Papovaviridae
- Parvoviridae
ДНҚ - лы бар вирустардың жіктелуі
Тұқымдастық тармақтары
CHORDOPOXVIRINAE
ENTOMOPOXVIRINAE
BETAHERPESVIRINAE
GAMMAHERPESVIRINAT
Туыстықтар
AVIPOXVIRUS
LEPORIPOXVIRUS
SUIPOXVIRUS
CAPRIPOXVIRUS
PARAPOXVIRUS
MASTADENOVIRUS
AVIADENOVIRUS
Қоздыратын аурулар
Ортопоксвирустар мен:
- Сиырдың шешегі;
- Жылқының шешегі;
- Адамның шешегі;
- Түйенің шешегі және т. б аурулар.
Парапоксвирустар мен:
- Қойдың қара сүйелі;
- Ірі қараның және т. б папулезді стоматиті.
Авипоксвирустар
мен:
- Тауықтың, көгершіннің, күрке тауықтың, канарейка және т. б шешегі.
Лепорипоксвирус
тармен:
- Үй қояндардың миксомасы;
- Үй қояндардың фибромасы;
- Тиіндердің фибромасы.
Суипоксвир-н:
- Қойдың шешегі;
- Ешкінің шешегі;
- Ірі қараның нодулярлы дерматиті.
Альфагерпесвирустар
мен:
- Жылқының ринопневмониясы;
- Ауески ауруы;
- Адамның ветрянка ауруы;
- Ірі қараның инфекциялық ринотрахеиті;
- Ірі қараның қатерлі катаралды безгегі;
- Құстың инфекциялық ларинготрахеиті.
Бетагерпесвирустар
мен:
- адамның, шошқаның, тышқанның, егеуқұйрықтың цитомегалиясы.
Гаммагерпесвирустар
мен:
- марек ауруы;
- Энштейн-Барр вирусы;
- Адамның және т. б мононуклеозы;
Тұқымдастықтың ішіндегі жіктелмеген вирустар.
Мастаденовирустар
мен:
- Ірі қараның, ешкінің, қойдың аденовирустық инфекциясы;
- Шошқаның аденовирустық инфекциясы;
- Жылқының аденовирустық инфекциясы;
- Адамның аденовирустық инфекциясы.
Авиаденовирустармен:
- Құстың аденовирустық инфекциялары.
Тұқымдастық ішіндегі жіктелмеген вирустар.
ДНҚ - лы вирустардың жіктелуі
Папова-
вирустар
Гепадна-
вирустар
Иридо-
Вирустар
Парво-
вирустар
Туыстықтар
POLIYOMAVIRUS
PAPILYOMAVIRUS
RANAVIRUS
DEPENDOVIRUS
DENSOVIRUS
Қоздырылатын аурулар:
Полиома-вирустармен:
- Тышқанның полиомасы;
- Адамның полиомасы;
- Үй қояндарының, маймылдардың, күзендердің полиомасы.
Папилломавирус-
тармен:
- Үй қояндарының Шоуп папилломасы;
- Ірі қараның, ешкінің, жылқының, қойдың, иттің, адамның папилло-
матозы.
Гепардна-
вирустармен:
- Адамның
В гепатиті;
- Тиіннің, пекин үйрегінің орман суыры-
ның гепатиті.
Иридовирус-
тармен:
- Шошқаның африкалық обасы,
- Құрбақаның иридовирус-3
Парвовирустармен:
- Ірі қараның;
- Шошқа;
- Иттің;
- Адамның парво
вирусты инфекция;
- Мысқтың панлейко
пениясы;
- Күзендер
дің энтериті;
- Күзендер
дің Алеут ауруы;
- Қаздың гепатиті.
Депендовирус
тармен:
- Адам, ірі қара, жылқы, қой, иттің аденосаттелиттік инфекц-ры
РНҚ - ды вирустар. Оларға 12 тұқымдастық кіреді. Бұлардың құрамындағы кейбір вирустарда бір жіпті РНҚ, басқаларында екі жіпті РНҚ бар. Соңғысында геномы сызықшалы, үзілмелі немесе сақиналы болып келеді. Бұларда мынандай тұқымдастықтар бар:
- Picornaviridae
- Caliciviridae
- Togaviridae
- Birnaviridae
- Coronaviridae
- Paramyxoviridae
- Rhabdoviridae
- Orthomyxoviridae
- Bunyaviridae
- Arenaviridae
- Retroviridae
- Reoviridae
РНҚ-лы бар вирустардың жіктелуі
Тұқымдастық тармақтары
1. ENTEROVIRUS
2. CARDIOVIRUS
3. RINOVIRUS
4. APHTOVIRUS
1. ALPHAVIRUS
2. RUSBIVIRUS
3. PESTIVIRUS
4. FLAVIVIRUS
Қоздырылатын аурулар:
Энтеровирустармен:
- Ірі қараның энтеровирустық инфекциясы;
- Тешен ауруы;
- Шошқаның везикулярлы ауруы;
- Үйректің вирустық гепатиті
Кардиовирустармен:
- Тышқанның энцефаломиокардиттері және т. б
Риновирустармен:
- Ірі қарада, жылқыда, адамда риновирустық инфекциялары.
Афтовирустармен:
- аусыл
Коронавирустармен:
- Шошқаның везикулярлық экзантемасы;
- Мысықтың калицивирустық инфекциясы және т. б аурулары
Тұқымдастық ішіндегі жіктелмеген вирустар
Альфавирустармен:
- Жылқының венесуелді энцефаломиелиті
- Жылқының шығыс;
- Жылқының батыс американдық энцефаломиелиті
Рубивирустармен:
- Адам қызамығы
Пестивирустармен:
- Шошканың еуропалық обасы
- Ірі қараның вирустық диареясы
Флавивирустармен:
- Сары безгек
- Весселбсборн ауруы
- Қойдың шотландық
- Батыс Нилдың энцефалиті
- Сент-Луис энцефалиті
- Жапон энцефалиті
- Муррей алқабының энцефалиті және т. б
РНҚ - лы вирустардың жіктелуі
Туыстықтар
1. ENTEROVIRUS
2. CARDIOVIRUS
3. RINOVIRUS
4. APHTOVIRUS
Қоздырылатын аурулар:
Бирновирустармен:
- Тауық инфекциялық бурситі;
- Балықтың ұйқы безінің инфекциялық циррозы.
Коронавирустармен:
- Құстың инфекциялық бурситі;
- Шошқаның инфекциялық гастроэнтериті;
- Шошқаның энцефаломиелиті;
- Жаңа туған бұзаулардың коронавирустық энтериті;
- Адамның респираторлық инфекциясы;
- Тышқанның гепатиті.
Тұқымдастықтың ішіндегі жіктелмеген аурулар
Парамиксовирустармен:
- Ірі қараның, қойдың, иттің, кемірушілердің парагрипы;
- Ньюкасл ауруы
Морбилливирустармен:
- Ірі қараның обасы;
- Ұсақ күйістілердің обасы;
- Ет қоректілердің обасы;
- Адамның қызылшасы.
Пневмовирустармен:
- Ірі қараның респираторлы синцитиалды ауруы және т. б аурулар.
Қорытындылай келсек, вирустардың жіктелуі, олардың морфологиясына, нуклеин қышқылының түріне, антигендік және т. б қасиеттеріне сүйенген. ДНҚ -лы бар вирустар 7 тұқымдастыққа бөлінген: покс-, герпес-, гепадна-, адено-, парво-, иридо- және паповавирустарға. РНҚ - лы бар вирустар 12 тұқымдастыққа до-, ортомиксо-, парамиксо-, арена-, бунья-, ретро-, реовирустарға. Біреулері бірден туыстыққа, басқалары тұқымдастыққа, содан кейін түрге, типке бөлінген.
Вирустардың көбеюі. Вирустар жоғары сатыдағы организмдер сияқты жыныстық жолмен де, бактериялар сияқты бөліну жолымен де көбеймейді.
Сондықтанда көбею деген сөздің «репродукция» терминін қолданады.
«Репродукция» латынның re - қайталану, pioducere - өндіру, пайда болу дегенді білдіреді. Вирустарда дисьюнктивтік көбею жолы кездеседі.
Вирус пен торша аралығында болатын процесті мынандай түрде көрсетуге болады:
І фаза.
- Адсорбция - вирустың клеткаға жабысуы; 2
- Вирустың клеткаға енуі;
3) Депротеинизация - вирустың клетка ішіндегі бөлінуі .
ІІ фаза
1) Транскрипция - ДНҚ-ын РНҚ-на көшіру;
2) Трансляция - вирустың белок молекуласынан құралуы;
3) Репликация - геномының көбеюі: ДНҚ немесе РНҚ молекуласының екі есе көбеюі;
4) Вирус компоненттерінің жиналуы;
5) Вирустың клеткадан шығуы.
1. Адсорбция - вирустың клеткаға жабысуы. Адсорбцияның негізінде клетка мен вирустың арасында биофизикалық, биохимиялық процестер пайда болады . Адсорбция - вирустардың көбею сатысындағы төменгі температурада өтетін бірден-бір процесс, ал басқа сатылары жоғары температурада өтеді. Вирустың клеткаға жабысуы оның белоктарының клетка рецепторларына сәйкес келуімен басталады. Вирустар тек қана өздеріне сәйкес клеткаларда ауру туғыза алады.
2. Вирустың клеткаға енуі . Күрделі вирустардың торша енуінің екі жолы:
1 . «Виропексис» арқылы . Бұл виропексистің негізінде өзімізге белгілі пиноцитоз және фагоцитоз болады. Вирустың клеткаға жабысуының арқасында клетка қабырғасы ойылып шұқыр пайда болады. Бұл шұқыр түбінде ерекше рецепторлар бар, ал мембрананың цитоплазма жағынан мол, салмағы үлкен ерекше белок - «клатрин» бар. Шұқырдың жан-жағы жабылып вирус енген жерде клетка цитоплазмасында вакуоль пайда болады. Демек, виропексис дегеніміз, рецептор арқылы болатын эндоцитоздың бір көрінісі десек те болады.
2 . Вирустың клеткаға жабысуы . Торша және вирус қабықшасының өзара бірігуі арқылы да болуы мүмкін. Демек вирус қабықшасы мен клетка мембранасы ериді де вирустың нуклеопротеиді ішінде қалады. Вирион құрамында ерекше белоктар бар. Олар клетка мембранасының компоненттерін ерітіп жібереді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz