Қарлы боран.боранан кейінгі негізгі жұмыс түрлері


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
БӨЖ
Тақырыбы: Қарлы боран. Боранан кейінгі негізгі жұмыс түрлері
Орындаған: Хусаинова С. О
Топ: БЖ-315
Тексерген: Бакирова Л. С.
Семей 2015
Жоспар
1. Кіріспе
2. Қарлы боран. Боранан кейінгі негізгі жұмыс түрлері
3. Қар көшкіні басып қалған адамдарды іздестіру, құтқару және кейінгі негізгі жұмыс түрлері. Залалдан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар
4. Қорытынды
5. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Боран - бұл желдің жылдамдығы жағынан дауылдан жылдамдығы кіші болған жағдай. Борандағы желдің жылдамдығы 15-20 м\с дейін болуы мүмкін. Ал материалдық және адам шығыны жағынан дауылдан әлде қайда төмен. Боран құйынды және бір бағытты болып келеді. Құйынды боран үлкен аумақтарға дейін жайылуы ықтимал. Құйынды боран шаңды және қарлы болып бөлінеді.
Қар көшкіні - бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы.
Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қауіпіне ұшырайды. Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық - ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь-шань, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында болып жатады. Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-60 градуспен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған кезде болады. Көшкін тауда жауын -шашынның жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз-сәуір айында көбірек болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. текше метрге, қозғалысының ең үлкен жылдамдығы 100 метр секундке дейін жетеді. Барлық көшкіндердің 50% жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен шаруашылық объектілеріне тікелей қауіп төндіреді. Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін.
Қарлы боран. Боранан кейінгі негізгі жұмыс түрлері
Қарлы боран сияқты табиғи құбылыстарда адамдар үшін қауіптісі жолдар мен көпір беттерінің, имараттардың, электржеткізгіштер мен байланыс желілерінің, жер үстіндегі құбырлардың бұзылуы, сонымен қатар адамдардың қатты жылдамдықпен ұшып жатқан қираған имараттар, шыны сынықтарынан жарақаттануы болып табылады. Сонымен бірге ғимараттар толық қираған жағдайда адамдардың мерт болуы және жарақат алуы мүмкін. Қарлы және шаңды боран кезінде далалар, жолдар мен елді мекендерді қар басып қалуы, шаңның жиналуы («қара дауыл») және судың лайлануы қауіпті. Дауыл, боран мен құйындардың негізгі сипаты жел жылдамдығының күшеюі, ауа қысымының күрт төмендеуі, нөсер жауын мен дауылдың суды айдауы, қардың қарқынды жаууы мен шаңның қатты соғуы. Секундына 15 метр жылдамдықпен ілескен қар жаууы 12 сағаттан астам ұзақ байқалғанда күртік қарлар және борандар, қауіпті апаттар, олардың пайда болуы қауіпі туралы сөз айтылады. Күртік қарлардың биіктігі 1 метрден астам болуы мүмкін, ал сайлы жерлерде - 2-3 метр. Осындай құбылыс кезінде ғимараттардың жарым-жартылай бүлінуі, байланыс және электр беретін құрылғылардың үзілуі жиілейді.
Егер қатты боран туралы ескертпе алған жағдайда, терезелерді, есіктерді, шатыр люктері мен желдеткіш тесіктерді нықтап жабу керек. Екі тәуліктік су және тамақ қорын, дәрі-дәрмектер қорларын, дербест жарық құралдарын (шам, керосин лампалар, фонарлар), батерейкалы радиоқабылдағыш, жорық плитасын дайындаған дұрыс. Ауа легіне ілінуі мүмкін заттарды балконнан және терезе алды тақтайынан алып тастау керек. Радиоқабылдағыш және теледидарды қосқан жөн, олармен маңызды жаңа мәлімет түсуі мүмкін.
Егер сіз боранда қалсаңыз:
Қар үстінен паналайтын орын дайында;
- ағаштардың арасынан қуыс жер табыңыз;
- паналайтын орныңызды үлкейтіңіз;
- ұйықтамауға тырысыңыз, егер бар болса балауыз жағыңыз.
Автокөлікте келе жатып боранда қалсаңыз:
- машинаның жалюзиін жауып, қозғалтқышын радиатор жағынан жабыңыз;
- автокөлігіңізді қар ұрған жағына қойыңыз;
- қар астында қалмау үшін көлік айналасын қайта- қайта қардан тазалаңыз;
Бораннан кейінгі негізгі жұмыс түрлері:
- зардап шеккендерді іздеу және жаралыларды ғимарат үйінділерін шығару; жанып жатқан және жартылай жанған ғимараттардағы адамдарды құтқару; зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемесіне жеткізу; шыққан өртті сөндіру; өндіріс объектілеріндегі, коммуналдық-энергетикалық желілердегі аварияларды жою.
Қар көшкіні басып қалған адамдарды іздестіру, құтқару және кейінгі негізгі жұмыс түрлері. Залалдан сақтандыру және оны азайту жөніндегі шаралар
Қар көшкіні - тау бөліктерінен қалың қардың опырылып құлауы. Қазақстанда қар көшкіні - Шығыс Тянь-Шань, Алтай, Іле және Жоңғар Алатауы үстінде қардың көп жаууына және геоморфологиялық топырақ-ботаникалық жағдайымен байланысты. Қар көшкіні наурыз, сәуір айларында жиілейді және тауда қар көп жауғаннан пайда болады. 50% -дан жоғары қар көшкіні халыққа және шаруашылық объектілеріне қауіп-қатерін тигізеді. Қар көшкінінің қимылы 1 шаршы метр жерден бірнеше жүз тоннаға дейін жетеді.
Тауда болған кез келген адам қысқы кезеңдегі таудағы қауіптерді, барша жұрт сақтауға тиіс сақтандыру шараларын білуге міндетті. Қазақстанда адамдар көшкіндерге тек, егер олар қыстың суық мезгілінде тауда болса ғана тап болуы мүмкін. Ал шыңдар мен асуларға шығатын альпинистер мен туристер бұған жыл бойы әзір болуға тиіс. Тау әуесқойларымен болатын барлық бақытсыз оқиғалардың 25%-іне жуығы көшкіннің еншісінде. Ол әдетте бағыт пен қозғалыс уақытын дұрыс таңдай алмаудан, көшкін қаупі бар беткейлерден ебедейсіз өтуден, көшкіннің пайда болу табиғаты туралы білмеуден, тәртіп бұзудан болады.
Тауда болған кезде қоршаған ортаға мұқият қарап, кездескен жабайы хайуанаттардың мінезін зерделеген жөн (тау ешкілері қар көшкіннің ықтимал лықсуын алдын-ала сезіп қауіпті аймақтан кетеді), сондай-ақ беткейдегі қардың төзімділігін қолда бар қауіпсіз әдістермен тексеру қажет. 15 градустан тігірек беткейлер қауіпті болып табылады, солай болса да көшкіннің одан да жазығырақ беткейлерде лықсу оқиғалары белгілі. Беткей тік болған сайын көшкіннің лықсу ықтималдығы арта түседі, алайда 50 градустан тігірек беткейлер қауіпті емес, өйткені қар жамылғысы жинақталмайды, әрбір қар жауған сайын шағын бөліктермен сырғып түсіп отырады.
Іле Алатауына қыста барушыларға мынадай ақыл-кеңесті ұсынуға болады:
- қысқы жорық пен өрмелеу үшін желтоқсан-ақпан айлары аса қауіпсіз мерзім болып табылады, бұл уақытта жауын-шашын аз, қар жамылғысының биіктігі аласалау. Жаяу соқпақ пен автожолдар өтетін жазыққа дейін жететін үлкен көлемдегі көшкін лықсуы сирек байқалады;
- 1600-3500м аймағындағы алапатты көшкін белсенділігі наурыз-сәуірде байқалады, ол жылдың салқын мерзіміндегі жауын-шашынның көптігіне байланысты. Қар қалың жауатын жылдың осы мезгілінде жалпы тауға шығуға болмайды;
- 3500 м биіктікте орналасқан аймақтағы ең жоғарғы көшкін белсенділігі жылдың жылы мерзімінде болады (мамыр-шілде) . Жорық пен өрмелеу үшін аса қолайлы уақыт тамыз-қыркүйек. Бұл айларда тіпті 4000 метр биіктіктегі қар жамылғысының өзі елеусіз;
- тау шаңғышыларының жаттығулары мен жарыстары қарашаның аяғына - желтоқсанның басына белгіленеді және сәуірдің ортасына дейін сақталады, бұл үшін 2000-3000 м аймағындағы қар жамылғысы жеткілікті.
Қар көшкіні басып қалған адамды іздеу кезіндегі қажетті іс-әрекет:
1. Көшкіннің қайталану қаупінің жоқтығына көз жеткізу. Бір адамды беткейдің үстіңгі бөлігін қарау үшін қалдыру, көшкіндегі жолдасының жоғалу нүктесінен тез белгілеу.
2. Зардап шегушіні табу немесе іздеу үшін бағдар беруі мүмкін қандай да бір затты табу үмітімен осы нүктеден төмен көшкін конусын мұқият қарау. Көмілген адамның, әдетте, жоғалу нүктесі мен оның жарықтарының аса жеңіл заттары жатқан жердің арасында болатындығын есте ұстау керек.
3. Көшкін бауын немесе сақтандыру арқанын тапқан кезде зардап шегушіні табу қиынға соқпайды. Ең бірінші кезекте қардан оның басын босатып, содан кейін ғана алғашқы дәрігерлік көмек көрсету қажет.
4. Егер зардап шегушіні өз күштеріңізбен табу мүмкіндігі болмаса, құтқару отрядын шақыру қажет. Оған қатысушылар күрделі ауа райы жағдайындағы ұзақ жұмысқа әрдайым дайын болуға тиіс.
5. Егер бақытсыздықтың тікелей куәгері жоқ болса, зардап шегушінің жатқан жерін тау бедерінің нысанына, көшкін түріне, оның сырғу бағытына қарай анықтайды. Тік құлама беткейде бірінші кезекте жайпақ учаскелерде көшкін жылдамдығы баяулайтындықтан қашатты тексереді және онда қар көп қалады.
6. Қозғалыс жылдамдығы 160 км/с асатын құрғақ үлпілдек қар көшкініне тап болған адамды шетке лақтыруы мүмкін. Мұндай жағдайда көшкін конусы алдындағы едәуір кеңістікті қарау қажет.
7. Аймақты анықтағаннан кейін бағдарлауға көшеді. Көшкін бұрғысы серпілмелі металл шеңберінен тұратын бірнеше бұралмалы секциядан тұрады.
8. Құтқарушылар бір-бірімен аралық сақтап беткейге қарсы тұрып, бұрғыны қарға 3 м тереңдікке енгізеді. Содан соң беткейдің үстімен 10 см жоғары көтеріліп оны бағыт бойынша іздеуді қайта жалғастырады. Зардап шегушіні осындай әдіспен жылдам табу ықтималдығы -70%.
9. Екі мәрте сәтсіз бағдарлаудан кетіп әрбір 25 см арқылы мұқият тексеруге кіріседі. Бұл кезде құтқарушылардың аралығы 30 см болуға тиіс. Егер бұрғы қардың қалыңдығынан топыраққа жетпесе, бойлама траншея қазу қажет.
10. Іздеу жұмыстары зардап шегуші табылғанға дейін жүргізіледі. Жатқан жерін анықтаған бойда қазу басталады. Әуелі жылдам қазуға болады, кейін күрекпен денені жарақаттамау үшін сақтық жасағаны дұрыс.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz