Мектеп педагогикалық жүйе және ғылыми басқару нысаны ретінде. педагогикалық менеджмент субъекті қызметінің мақсаты туралы ақпарат



Педагогика ғылым мен тәжірибеде тұтас педагогикалық процесті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шындығында басқару тек техникалық және өндірістік процестерге ғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет.
Жалпы басқару дегенді — шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытын-дысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде білім жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандық білім бөлімдерін атаймыз. Ал орта мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектеп-ішілік басқарудың нысаны болады. Біз мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйе — орта мектепті басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабақ жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т.б.
Мектепішілік басқару дегеніміз біртұтас педагогика-лық процеске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету.
Мектепішілік басқарудың дәстүрлі ұғымдарын жаңа ұғымдар алмастыруда. Мысалы, »ықпал ету» ұғымының орнына »өзара әрекеттесу», »ынтымақтасу», »рефлексивті басқару» ұғымдары қолданылуда.
Сол сияқты мектепті басқару теориясы мектепішілік менеджмент теориясымен толығуда. Менеджмент теория-сы басшы қызметінің өзара құрметке, қарамағындағы қызметкерлерге сенім білдіруді, олардың табысты еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Менеджменттің осы қыры мектепшілік басқару теориясын одан ары байыта түскен.
Педагогикалық жүйені басқарудың жалпы қағидалары
Кез келген әрекет, соның ішінде басқару әрекеті де ұйымдастырушы мен басшылық жасаудың барлық функцияларын іске асыруда басшылыққа алатын бірқатар қағидаларды сақтауға негізделеді. Ол қағидалар мақсат қою және жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау және т. б. топтастырылады. Ал басқару қағидалары басқару заңдылығының бейнелену және нақты іске асуын танытады. Мектепішілік менеджменттің негізгі заңдылығы талдағыштық, мақсатқа сәйкестік, ізгілік, басқарудағы демократиялық және мектеп түрлі басқару қызметіне дейін болуы сияқты компоненттерді қамтиды. Осы заңдылықттардан мектеп директорының, менеджердің оқу жүйесін басқарудағы басшылыққа алатын негізгі қағида-лары туындайды. Сонымен негізгі қағидаларға мыналар жатады: педагогикалық жүйені демократизациялау және ізгілеу; орталықтандыру және орталықсыздандырудың парасатты үйлесімі; жеке билік пен алқалы биліктің бірлігі; педагогикалық жүйені басқару ақпараттарының объективтілігі және толықтылығы.
Пайдаланылған әдебиеттер
Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. -Алматы, Қазақ университеті, 1989.
Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
Айтмамбетова Б., Бозжанова К., т. б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. -Алматы, 1985.
Айтмамбетова, Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. -А., 1991.
Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. -А., өнер. 1972.
Ахметов Ж. Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу жолдары. //Қазақстан мұғалімі, 18 ақпан,1994.
Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру. /Методикалық нұсқау. А., 1990.
Ақназарова Б. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1973.
Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. -А., 1992.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Мектеп педагогикалық жүйе және ғылыми басқару нысаны ретінде. Педагогикалық менеджмент субъекті қызметінің мақсаты.

Орындаған: Қаздан Батыл.

Тексерген: Жумашбекова С.К.

Семей 2015ж.

Педагогика ғылым мен тәжірибеде тұтас педагогикалық процесті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шындығында басқару тек техникалық және өндірістік процестерге ғана емес, сонымен бірге педагогика сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет.
Жалпы басқару дегенді -- шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытын-дысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде білім жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандық білім бөлімдерін атаймыз. Ал орта мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектеп-ішілік басқарудың нысаны болады. Біз мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйе -- орта мектепті басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабақ жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т.б.
Мектепішілік басқару дегеніміз біртұтас педагогика-лық процеске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету.
Мектепішілік басқарудың дәстүрлі ұғымдарын жаңа ұғымдар алмастыруда. Мысалы, ықпал ету ұғымының орнына өзара әрекеттесу, ынтымақтасу, рефлексивті басқару ұғымдары қолданылуда.
Сол сияқты мектепті басқару теориясы мектепішілік менеджмент теориясымен толығуда. Менеджмент теория-сы басшы қызметінің өзара құрметке, қарамағындағы қызметкерлерге сенім білдіруді, олардың табысты еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Менеджменттің осы қыры мектепшілік басқару теориясын одан ары байыта түскен.
Педагогикалық жүйені басқарудың жалпы қағидалары
Кез келген әрекет, соның ішінде басқару әрекеті де ұйымдастырушы мен басшылық жасаудың барлық функцияларын іске асыруда басшылыққа алатын бірқатар қағидаларды сақтауға негізделеді. Ол қағидалар мақсат қою және жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау және т. б. топтастырылады. Ал басқару қағидалары басқару заңдылығының бейнелену және нақты іске асуын танытады. Мектепішілік менеджменттің негізгі заңдылығы талдағыштық, мақсатқа сәйкестік, ізгілік, басқарудағы демократиялық және мектеп түрлі басқару қызметіне дейін болуы сияқты компоненттерді қамтиды. Осы заңдылықттардан мектеп директорының, менеджердің оқу жүйесін басқарудағы басшылыққа алатын негізгі қағида-лары туындайды. Сонымен негізгі қағидаларға мыналар жатады: педагогикалық жүйені демократизациялау және ізгілеу; орталықтандыру және орталықсыздандырудың парасатты үйлесімі; жеке билік пен алқалы биліктің бірлігі; педагогикалық жүйені басқару ақпараттарының объективтілігі және толықтылығы.
Педагогикалық жүйені басқаруды демократияландыру және ізгілендіру
Мектепшілік басқару ең алдымен басшылардың, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналардың бастамашылығы мен өздігінен жұмыс жасай алуын дамытуға бағытталады. Бұл жағдай тек қана шешім қабылдау мен талқылаудың бүкпесіз, ашық жүргізгенде ғана мүмкін. Мектеп басшы-ларын сайлау, педагогикалық кадрларды байқау және контракт негізінде қабылдаудың жүйесі -- мектептегі демократияның бастауы. Сол сияқты мектепті басқарудағы жариялылық ақпараттың ашықтығы және түсініктілігіне негізделелді. Мектептің алдында тұрған міндетті, оның қиындығын жете сезінген әрбір мүғалім оған бей-жай қарамайды. Мектеп әкімшілігінің, мектеп кеңесінің тұрақты түрде есеп беріп отыруы оны талқылауға және шешім қабылдауға мұғалімдер мен оқушыларды қатыс-тыруы мектеп өмірінде демократияның орнығуына негіз қалайды.
Басқарудың жүйелілігі мен тұтастығы
Педагогикалық процесті басқару жүйесінің табиғатын түсіну, басқаруға қолайлы алғышарт жасайды. Мектептегі басқаруды жүйелілік ыңғайының бірінші белгісі -- мектепті жүйе ретінде танып, оның негізгі белгілерінен құралатын осы жүйенің тұтастығын көре білу. Екінші белгі мектептің құрылымы болып табылады. Жүйенің құрылымы қалай болса мектептің байланыстары мен қатынастарының дамуы соған тікелей байланысты болмақ. Жүйенің үшінші компоненті оның өзіндік ерекшеліктері мен сипаттарынан туындайды. Дегенмен олардың өзара әрекеттесуі арқылы жүйенің жаңа сапасы қалыптасады. Компоненттердің тұрақты түрде өзара жақындауға ұмтылуы жүйенің тұтастығын айқындайды. Мектепті басқаруда жүйенің төртінші ерекшелігі -- оның қоршаған ортамен тығыз және өзгеше байланыстылығын естен шығармаған жөн. Мектеп пен қоршаған ортаның әрекеттесуі екі формада көрінеді. Бірінші жағдайда мектеп өз әрекетін сыртқы ортаға бейімдесе, екінші жағдайда мектеп өз мақсаттарына жету үшін ортаны өзіне бағындырады.
Мектепті басқарудағы жүйелілік пен тұстастық мектептің басшысы мен ұжымының басқару қызмет-терінің өзара байланысы мен өзара әрекеттесуін де қарас-тырады. Бұл қағиданы іске асыруда біржақтылыққа жол бермеуге болмайды. Осы қағида арқылы басқару қызметі-нің бірізділігін, қисындылығын, өзара пайдалылығын, оның барлық қызметінің де бірдей маңыздылығын аңғарамыз.
Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың парасатты үйлесуі
Мектеп және педагогика ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық менеджмент
Мектеп педагогикалық жүйе, ғылыми басқару нысаны ретінде
Педагогикалық менеджмент субъекті қызметінің мақсаты
Мектепті басқарудың мақсаты мен міндеттері
Мектеп педагогикалық жүйе және ғылыми басқару нысаны ретінде
Мектеп педагогикалық жүйе және ғылыми басқару нысаны
Педагогикалық жүйе қызметінің тиімділігін арттыруда менеджер тұлғасының рөлі
Педагогикалық менеджмент маңызы
Педагогикалық жүйелерді басқарудың ерекшеліктері
Қазақстандағы білім беру мәселелері
Пәндер