Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері. Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы. Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы : Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері. Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері. Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы.
Орындаған: Әмиева Т. А.
Тексерген: Құрмамбаева Қ. С.
Семей 2015ж.
Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері. Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері. Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы.
Қазақ көркем әдебиеті жүріп өткен жол аса мағыналы жол, жемісті жол деуге болады. Өйткені өз тәуелсіздігімен, егемендігімен қайта қауышқан қазақ елі -туған әдебиетінің кешегі тарихына, бүгінгі тағдырына деген көзқарастың астарында жатқан тарихи жауапкершілік пен елдік мұраттың айрықша салмағын саралай білді. Осы арқылы біз ұлттық құндылықтарымыздың бағасын таразылаған, мәңгілікке қызмет ететін ұлттық идеяның өміршеңдігін аңғартқан туындыларды қазақ прозасының аса құнды мұрасы ретінде қабылдауға тиіспіз. Белгілі бір дәуірде өмір сүрген суреткерлер шығармаларында болжалды идея үнемі бірыңғай күйде көрініс таппай, сан-салалы көркемдік шешімдер арқылы бой көрсететіні ақиқат. Сондай-ақ, әдеби шығармада көрініс табатын қоғамдық өмір шындығы мен әрқила адам тағдырын дайын қалыпқа салып бағалау, жадағайлыққа ұрындырары һах. Әрбір әдеби бағыттың, көркемдік әдістің өз шеңбер шегі, шектеулі мүмкіндіктері бар. Әрбір үлкен суреткердің айқындалған бағыты бар, ол сол өзі ұстанған бағыт жолында еңбек етеді. ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиет өмір шындығын, ұлт мүддесін, замананың өркениетті көріністерін алға тарта отырып, өз кезіндегі озық ой-санадан өріс тапты, соны жетекші идеяға айналдырды. Мәселен ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағартушылық идеяның ХХ ғасыр бас кезінде азатшылдық идеяға ұласуы. Әдебиет қашанда болса өз дәуіріндегі қоғамдық өмірмен, оның жаңа өзгерістерге бейім жағдайымен тығыз байланысты болып келеді. Әдебиет қоғамдық даму бағытына орай өзгеріп отыратындықтан сөз болып отырған әдебиет кезеңіндегі тарихи-әлеуметтік жағдайды, оның басты-басты сипаттарын айқындап алмай, өз тұсындағы қоғамдық өмірдің бар құбылысын, айнадай жарқыратып көрсететін әдебиет жайлы сөз қозғау мүмкін емес. Бұл кезеңдегі әдебиетте күні озған әдет-ғұрыптар мен отаршылдық озбырлық әкелген жұғымсыз кесапаттарға қарсы күрес нақты көрініс тапты. Әдебиет ұлттық сананы ояту арқылы ұлт бірлігіне, жер иелігіне, ел тәуелсіздігіне үндеудің жаршысына айналды. Оны көркемдік әдіс-тәсілдер арқылы оқырман санасына сыналай да, ашық та сіңіруге тырысты. Мұны түрлі бағыт өкілдері өз шығармашылықтарының өн бойына өзек етіп, әр қилы көркемдік шешімдер жасай білді. Өткен ғасырдың бас кезінде отаршылдық езгінің қыспағында қалған қазақ халқы ауыр қоғамдық дағдарысқа ұшырады. Міне осы тұста қазақ зиялыларының өзгеше бір тобы отаршылдық құрсауынан ұлтын боатар жол іздеп, жүйеге түскен бағдарламалық іс-әрекетке көшті. Бұл қазақ халқының ғасырдан астам азапты тарихындағы нұрлы сәулеге бет бұрған кезеңі еді. Яғни азаттық кезеңді жақындата түскен саяси күрес жылдары болатын. Осы саяси қозғалыстың басында Ахмет, Әлихан, Міржақыптар тұрса, олардың шығармашылығынан күрес идеясының, азаттық сарынның көрініс таппауы мүмкін бе?!
Поэзияда Ахаң айтқан «Аш көзіңді оянып», Міржақып қоштаған «Оян, қазақ!» осының жемісі. Мағжанның сезімінің қылын шерткен сыршыл өлеңдерінен де ұлы күреске деген ынтықтық сезіліп тұрады. Ол сомдаған Батыр Баян бейнесі - ел қорғаны, ердің ұлт азаттығы жолындағы күрескердің көркем сөзден соғылған құрыш тұлғасы. Прозадағы Міржақыптың Жамалы - өз еркіндігі үшін күресе білген, сол жолда мерт болған, теңдікке ұмтылған қазақ қыздарының типтік бейнесі іспетті, үлкен жанрда тұңғыш сомдалған тұғырлы тұлға.
Көркем әдебиет стилі - проза, поэзия, жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі) . Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше ерекшеліктер бар. Солардың бірі - тіл байлығы. Көркем шығармапарда қолданылмайтын сөздер мен сөз тіркестері фразеологизмдер аз. Кез келген шығарма тек қана авторлық баяндаудан ғана емес, кейіпкер тілінен де турады. Ал кейіпкерлер әр жастағы, әр мамандықтағы, әр дәрежедегі білімді адамдар болып келетіндігі белгілі. Сондықтан да көркем шығармада кәсіби сөздер де, жергілікті тіл ерекшеліктері де, жаргондық сөздер де ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің екінші ерекшілігі - оның көп стильді болып келетіндігі. Мұның мәнісі қай жанрда жазылған шығарма болса да, онда тіл арқылы қарым-қатынас құралдарының барлық түрінің қолданылуында, яғни ауызекі сөйлеу тіліне қоса, публицистикалық, ғылым, ресми стильдердің элементтері осы стильде әр түрлі ыңғайда ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің тағы бір ерекшілігі бұл стильде орындалатын еңбектердің басты міндеті эстетикалық тәрбие беретіндігімен тығыз байланысты болып келеді. Екінші сөзбен айтқанда, көркем шығармада сөздің эстетикалық қуаты, сөздің бейнелілігі алғашқы орынды алады. Сондықтан да троптардың және фигуралардың барлық түрлері басқа стильдерге қарағанда Көркем әдебиет стилінде барынша мол жұмсалады. Көркем әдебиет стилінің функциональдық стильдер жүйесінде апатын орнына қатысты әр қилы пікірлер айтылып жүр. Стилистердің бір тобы (Л. Н. Максимов, Н. М. Шанский, Н. А. Мещерский, К. А. Панфилов т. б. ) көркем әдебиет тілін функциональдық стильдерден тыс, мүлдем бөлек тілдік құралдар жүйесі деп қараса, P. А. Будагов, А. И. Ефимов, И. Р. Гальперин, Э. Г. Ризель, М. Н. Кожина, Б. Н. Головин, A. Н. Васильева, Д. Э. Розенталь, A. Н. Гвоздев сияқты ғалымдар Көркем әдебиет стилін басқа стильдермен "терезесі тең" , себебі көркем әдебиет те тіл қолданудың аясы болып табылады әрі әлеуметтік қызмет атқаруға қатынасады, ал эстетикалық қызметі сол әлеуметтік қызметтің бірі деп санайды. Қазақ әдебиеттану ғылымы, оның ішіндегі іргелі үш саласы әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны ерекше қарқынмен өсіп-өркендеп келеді. Осы үш саланың ішінде әдебиет теориясы мен сынына қарағанда әдебиет тарихының ілгерілеушілігі мол деп қарауға болады. Әдебиет тарихын жасау, түгендеу жаңа дәуірге лайықталып, жаңаша көзқараспен пайымдалып жасалуда.
Әр қаламгерді оның әдеби ортасынан жеке-дара алып қарау, тану біржақты болмақ. Ақын, немесе жазушы өз ортасында өсіп, содан сусындап, шыңдалып қана қоймай, біте қайнасып, сол қауымның өкілі ретінде ғұмыр кешеді. Рухани дүниесі толысқан шақтан бастап айналасына ықпалды болған тұлғалар өз әдеби ортасын қалыптастырады. Демек, белгілі бір әдебиет өкілінің шығармашылық өсуіне ықпал ететін үрдістер және сол тұлғаның кемеліне келгеннен кейін өз айналасына, кейінгі буынға әсері деген мәселелер әдеби орта ұғымын тудырады. Абайдың әдеби ортасы дегенде белгілі бір тұлғаның ақындық жолына өз әсерін тигізген, рухани жетілуіне темірқазық бағдар бола білген ақын-жырауларды, би-шешендерді, кейіннен нағыз ақындық кемеліне жеткен сөз зергерінің әдебиеттегі дәстүрін жалғастырған ақын шәкірттерін, оның мұрасын халыққа насихаттаған өнерпаз буынды айтамыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz