WWW қызметі және Intranet-тің программалау құралдары мен тілдері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Орындаған: Сәлімжанов Е. Е.

Жетекші: Мухаметов Е. М.

Тобы:АУ-209

WWW қызметі және Intranet-тің программалау құралдары мен тілдері

Автоматтандыру және электротехника кафедрасы

5В070200 - Автоматтандыру және басқару

СЕМЕЙ, 2015 ж.

Жоспар:

  • WWW (World Wide Web)
  • Гиперсілтеме және гипермәтіндер.
  • HTML тілі.
  • Электрондық пошта.
  • Іздеу серверлері.

Қосымша: Intranet-тің программалау құралдары мен тілдері

WWW (World Wide Web - дүниежүзілік өрмек) - Интернеттегі гипермәтіндік ақпарат іздеу жүйесі, оны Web деп те атай береді. Мәліметтер блоктары (Web-парақтар) мекемелердің немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі WWW-сервер немесе Web - сервер деп аталатын жеке компьютерлерде сақталады. Web - құжаттарға енгізілген гипермәтіндік сілтемелер арқылы тұтынушы адам олардың бірінен біріне ауыса береді.

WWW мен оның программалық жабдықтары - желінің ең қуатты, әрі болашағы бар құралдары. WWW негізінде гипермәтіндік мәліметтерді тасымалдау хаттамасы - HTTP (Hyper Text Transfer Protocol) арқылы жұмыс істейді, ал оның ішкі ақпараттары құжаттарды белгілеудің гипермәтіндік HTML (Hyper Text Markup Language) тілі көмегімен құрастырылады.

HTML тілінде жазылған гипермәтіндік құжаттар браузер терезесінде ықшам түрде көрсетілгенімен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсету тіліне жатпайды. Ол гипермәтіндердің атқаратын қызметін анықтап, оларды тұтынушыға бейнелеп жеткізетін тіл болып есептеледі. Web-құжаттар тұтынушы мониторының мүмкіндіктеріне қарап, браузермен әртүрлі бейнеленуі мүмкін.

Гиперсілтеме және гипермәтіндер. Гипермәтін - қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне гиперсілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз - келесі көрсетілетін құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу. Гипермәтінді бейнелеу үшін броузер (browsers) деп аталатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Гипермәтін экранда белгіленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек (ENTER пернесін бассақ), онда сонымен байланысты (ол сілтеп тұрған) басқа құжатты оқимыз. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарды немесе Web жүйесіндегі басқа тораптарда орналасып, бейнежазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.

Сонымен, гипермәтіндерді осылай байланыстыра отырып белгілейтін мүмкіндікті беретін HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңдылықтары мен ережелері бар.

HTML (HyperText Markup Language) - гипермәтінді белгілеу тілі мәтіндерді Web-құжат (HTML-құжат) түрінде бейнелеуге арналған тэгтер жиынын анықтайды. HTML тэгтері құжатты туралауға, пішімдеуге және безендіруге мүмкіндік береді. Интернетке арналған мұндай гипермәтінді Web-құжаттар баспаға шығаруға емес, тек монитор экраныныда көруге арналған. Сондай-ақ, HTML тілі Web-құжатқа гипермәтін мен қозғалмайтын объекттерді бейнелеу мүмкіндігін береді.

Қазіргі таңда тек қана HTML тілін пайдаланып, Интернетке арналған Web-құжат құрастыру жеткіліксіз. HTML тілінің мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған қосымша технологиялар дамуда. Мұндай технологияларға төмендегілер жатады:

  • құжатты «логикалық» пішімдеуге арналған CSS - каскадты стильдер кестесі;
  • JavaScript немесе VBScript тілдерінде жазылған скрипттер;
  • Java тілінде жазылған апплеттер;
  • Perl, C++ тілдерінде жазылған CGI-скрипттер;
  • GIF және Flash-анимациялар;
  • AVI, MPEG форматындағы видеоклиптер;
  • WAV, MP3, MIDI форматындағы аудиоклиптер.

Электрондық пошта жұмысы кәдімгі тұрмыстағы поштаға ұқсас болғандықтан, оның жұмыс істеу принциптерін меңгеру тұтынуылар үшін аса көп қиындықтар туғыза қоймайды. Оның негізгі айырмашылығы - физикалық заттар емес, ақпараттық мәліметтер, бейнелер жөнелтіледі.

Электрондық пошта географиялық адрестеуді қолданбайды. Электрондық поштаның адресі төмендегідей түрде болады:

Тұтынушы__аты @домен__аты.

Мысалы: ibm@mail. ru, ibm@narod. ru

Іздеу серверлері. Жиі қолданылатын іздеу серверлерінің тізімі:

http://www. yahoo. com http://www. rambler. ru

http://www. hotbot. com http://www. yandex. ru

Әдебиеттер

  1. Комягин В. Б., Печников В. Н. Создание Web-страниц и Web-сайтов. Учебное пособие. -М. : Триумф, 2003. -496 с. :ил.
  2. Снелл Нед. Интернет. Пер. с англ. -М. : «Вильямс», 2006. -384с.
  3. Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б., Дүзбаева Р. М., Мамырбек Ғ. Б. Интернетке кіріспе: Бүкілдүниежүзілік өрмек: Әдістемелік құрал. -Алматы: ЖТИ, 2004. -28 б.
  4. Ибрагимов У. М., Изтаев Ж. Д. Web-программалау: HTML & CSS технологиясы. 050602 -«Информатика» мамандығы күндізгі және сыртқы бөлім студенттеріне арналған әдістемелік нұсқау. -Шымкент: ОҚМУ, 2009. -58 б.

ҚОСЫМША

Intranet-тің программалау құралдары және тілдері

Intranet-қосымшаларды өңдеу үшін программалау құралдары мен тілдердің кең спектрі қолданылады:

- Web-құрылымын құруға арналған HTML гипермәтінінің тілі;

- Үшөлшемді сценаларды басқаруға арналған VRML виртуальды шынайылық тілі;

- Java тілі және мобильді қосымшалардың программалау құралдары;

- Интерактивті беттерді өңдеуге арналған сценарий тілдері.

HTML гипермәтінінің тілі

HTML өңдеушілері екі міндетті шешті:

  1. гипермәтіндік мәліметтер базасының дизайнерлеріне құжаттарды құрудың қарапайым құралын беру;
  2. бұл құралды қуатты ету.

Бірінші міндет құжатты сипаттайтын тег моделін таңдау есебімен шешілді. Мұндай модель баспаға шығаруға арналған құжаттарды дайындау жүйелерінде кең түрде қолданылады. HTML-ді құру кезінде - Standard Generalised Markup Language деп аталатын баспа құжаттарының тілдік стандарты болған болатын, бұл тіл - HTML негізі ретінде алынды. www-да интерпретатор функциялары гипермәтіндік мәліметтер базасының сервері мен клиенті арасында бөлініп тұрады.

VRML виртуальды шынайылық тілі

HTML құрылғаннан кейін виртуальды шынайылыққа жақын тіл пайда болды. Осылайша Virtual Realty Markup Language (VRML) термині пайда болды, мұндағы Markup сөзі кейіннен Modelling сөзіне ауыстырылады. VRML-дің бірінші түрі 1994жылы SGI Open Inventor ASCII File Format (IFF) форматының негізінде пайда болды. Желілік мүмкіндіктермен кеңейтілген IFF ішкі жиындары VRML базалық формасы негізіне салынған болатын.

Java программалау тілі

Java - бұл арнайы таратылған ортаға арналып құрылған қосымшаларды өңдеудің қазіргі кездегі тілі. Java - программистердің ұзақ оқуын қажет етпейтін қарапайым объектілі-бағытталған тілі болып табылады. Java программалаудың таныс тілі, мұндағы Java синтаксисі С++ тіліне өте ұқсас болып келеді.

Java-ға енгізілген қауіпсіздік құралдары - файлдық жүйеге вирустардың енуіне жол бермейді және қажетті қорғауды қамтамасыз етеді. Java-ның маңызды қасиеттері - бұл платформадан тәуелсіздігі, көп ағымдылығы және программаларды динамикалық түрде жинауы.

Java технологиясы келесі негізгі бөліктерден тұрады: Java объектілі-бағытталған тіліндегі программалау және мобильді Java байт кодтарын өңдеу, сонымен қатар JavaScript программалауы да кіреді.

Java ортасындағы программалау жүйесі компьютерлік платформаға арналған программаларды компилирлеуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда Java-программалардың басты ерекшелігі - қауіпсіздік және таратылған жүйелерді қамтамасыз ететін Java топтарын қолдану болып табылады.

Мобильді Java байт-кодтар концепциясы арнайы www-да қолданылуы үшін өңделді. HTML гипермәтіндік тіліндегі апплеттерді қолдану үшін апплеттердің атын анықтайтын APPLET тегы енгізілген болатын. HTML құжаттардың өңделуі браузермен орындалады, яғни ең бірінші құжат сұралады, оның мазмұны талданады, кейін егер APPLET тегтері болса, апплеттер жұктеледі. Бұл сызбадан браузердің бір уақытта байт-кодтардың интерпретаторы ретінде де қолданылатыны анықталады.

Қазіргі кезде Java-ға программалардың визуальды өңдеу жұйелерінің бірнеше түрлері енген болатын:

- Sun фирмасының JavaWorkShop программасы;

- Symantec фирмасының Symantec Café for Windows95/ Windows NT программасы;

- Borland фирмасының Latte программасы;

- Microsoft фирмасының Visial J++ программасы;

JavaScript тілі

JavaScript тілі Netscape компаниясымен HTML беттерді қарау тілі ретінде өңделді. JavaScript тілі - объектілі-бағытталған тіл болып табылады. JavaScript тілі Netscape Navigator: терезе, форма, форма өрістері, Navigator-дың жұмыс аймағының элементтері сияқты объектілерге негізделген. Бұл маңызды программаларды жазуға мүмкіндік береді. JavaScript тілінің көмегімен локальды анықтамалық жұйесі және графикасы бар көп терезелі интерфейсті ұйымдастыруға мүмкіндік береді. JavaScript тілінде бірнеше функционалдық мұмкіндіктерді: жаңа терезенің ашылуы, калькуляторды программалауға және мәтінді жүзеге асыруға болады.

Intranet-ке байланысты басты хаттамалар мен интерфейстер:

- клиент пен Web-сервер арасындағы гипермәтінді беруге арналған

HTTP хаттамасы;

- Web-сервердегі қосымшалармен байланысты CGI шлюзді интерфейс;

- тиімді қосымшаларды құруға арналған Web-серверлердің қолданбалы интерфейстері;

- мобильді Java-қосымшалардың мәліметтер базасына кіруіне арналған JDBC интерфейсі.

Осы аталған хаттамалар мен интерфейстерден басқа Intranet-те почталық протоколдар, FTP файлдарды беру хаттамасы, NNTP жаңалықтар хаттамасы, SMTP және POP хаттамалары қолданылады.

HTTP хаттамасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Intranet –қосымшалары
Web программалау тілі
Web - қосымшаларды жасаудың аспаптық құралдары
Web- программалау тілдері
Астана қаласы әкімшілігінің жастар саясаты бөлімінің айналысатын қызметтерін жеңілдететін автоматтандырылған жүйесі
Дельфи ортасында тізімдермен жұмыс істейтін компоненттер
Қарапайым Internet - қосымшаларың жасау
Электронды оқулықтарды құрастыру жолдары
MS Access программасының программалық құралдарын қолдана отырып тауарлардың қоймалық есебін автоматтандыру есебін шешу
Қазақ тілінен ағылышын тіліне машиналық аудару жүйесін жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz