Қазіргі қазақ комедиясы. Драммадағы тарихи тұлға



Комедия(гр. котосііа - сауық-сайран, әуезді ән) - өмір құбылыстарының, мінез-құлықтың, іс-әрекеттің күлкілі жақтарын көрсету мақсатымен сахнаға лайықталып жазылған драм.шығарма. Жанры түрліше: водевиль, фарс, сатиралық комедия, юморлық комедия, лирикалық комедия, музыкалық комедия, т.б. Комедияның алғашқы белгілері Ежелгі Греқияда шарап тәңірісі Диониске құрмет көрсетуге арналған ойын-сауықтан басталған. Оның сол дәуірдегі көрнекті өкілі - Аристофан (б.з.б. 445 - 385). Өмір құбылыстарын бейнелегенде кейіпкерлер, жағдайлар, оқиғалар өсіріліп, ұлғайтылып суреттел еді де, күлкінің күшімен олқылықтар, кемшілік-тер, қателіктер сыналып, озық идеялар биік мұраттар мадақталады. Характерлер қақтығысы, мінездер шайқасы бірінші катарға шығады. Жағымды, жағымсыз кейіпкерлер тартысының үстінде жеке бастың мақсаты мен құлқынның қайы үшін ұнамсыз кейіпкерлер өзара кикілжіңге барады, күлкіге ұшырайды. Комедияның ерекшелігі тартыспен, сюжетпен, қызықты оқиғамен қатар тіл өрнегіне де қатысты. Дараланған, өзгелерге ұқсамайты нәр кейіпкердің тілі күлкі шақырса, сахналық туындының ажары кете бастайды. Бұл тұрғыда әсірелеу, ұлғайту (гипербола), өсіру (гротеск) сияқты көркемдік құралдары кеңінен пайдаланылады. Комедияда көбінесе жамандық жеңілт, жақсылық үстем болып аяқталады. Жағымсыз кейіпкерлер бармақ шайнап, қателігін мойындады, жеңіліп тізе бүгеді, адал ниет, ақ тілек, әділ іс салтанат құрады. Әлем әдебиетінде комедияның көптеген классик, үлгілері жасалды. Англияда -У.Шекспир,Испанияда-Лопе де Вега, Францияда - Ж.Б. Мольер, П.Бомарше, Италияда- К.Гольдони тамаша комедиялық шығармалар жазды. Орыс әдебиетінде Д.И. Фон-визиннің "Тоғышары" А.С. Гри-боедовтің "Ақылдың азабы", Н.В. Гогольдің "Ревизоры" шебер жазылған туындылар қатарына жатады. Қазақ әдебиетінде алғашқы комедиялық шығарма Б.Майлиннің қаламынан тулы ("Шаншар молда", "Некеқияр", "Талтаңбайдың тәртібі", т б.).М.Әуезов ("Айман-Шолпан"), Ж.Шанин ("Торсықбай", "Айдарбек"), Ә.Тәжібаев ("Той боларда"), ҚМұхамеджанов ("Бөлтірік бөрік астында"), Қ.Байсейітов пен Қ Шаңғытбаев ("Беу, қыздар-ай"), ҚАманжолов ("Досымның үйленуі"), С.Балғабаев "Тойлан қайтқан қазақтар", Т.Нұрмағанбетов ("Қырманбайдың тойы"), т.б. көптеген комедиялар жазды. Бүгінде қазақ комедиясы белгілі жанрлық жүйесі бар арналы салаға айналды. Қазіргі қазақ драматургиясы – қазақтың XX ғасырдағы классикалық әдебиеті дамуының заңды жалғасы. Драматургия – көркем әдеби тек (драма, трагедия, комедия) жанрларының өнернамалық жүйесі. Қазақ сөз өнеріндегі дәстүрлі негізі әдебиет шығармалары мен фольклор мұраларында (би-шешендер сайыстары, ақындар айтыстары, жар-жар, беташар, алтыбақан, т.б.) негізі қаланған ұлттық сөз өнерінің бұл саласы қазақтың рухани мәдениетінің әлем өркениетіндегі көрнекті орнын да танытты. Драматургия шығармалары қаламгерлердің тарихи кезеңдердегі халық тағдырын көркем шындық поэтикасы зандылықтары аясында бейнелеуімен ерекшеленеді. Драматургия туындылары (пьесалар, спектакльдер, либреттолар) арқылы әдеби тек саласы драма жанрларының (драма, трагедия, комедия) теориялық ерекшеліктері саралана айқындалады. Драматургия ұғымының аясында театр сахналарындағы туындылар мен деректі, ғылыми-фантастикалық, көркем фильмдердің де қойылымдық-режиссуралық көркемдік шешім ерекшеліктері айқындалады.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАЕ РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЙ МЕМЛКЕТТЕІК УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

СӨСЖ
Тақырыбы: Қазіргі қазақ комедиясы. Драммадағы тарихи тұлға.

ОРЫНДАҒАН: Нұрсадықова Ж.Ж.
Тобы: Қ-213
ТЕКСЕРГЕН: Құрмамбаева Қ.С.

Семей,2015жыл
Комедия(гр. котосііа - сауық-сайран, әуезді ән) - өмір құбылыстарының, мінез-құлықтың, іс-әрекеттің күлкілі жақтарын көрсету мақсатымен сахнаға лайықталып жазылған драм.шығарма. Жанры түрліше: водевиль, фарс, сатиралық комедия, юморлық комедия, лирикалық комедия, музыкалық комедия, т.б. Комедияның алғашқы белгілері Ежелгі Греқияда шарап тәңірісі Диониске құрмет көрсетуге арналған ойын-сауықтан басталған. Оның сол дәуірдегі көрнекті өкілі - Аристофан (б.з.б. 445 - 385). Өмір құбылыстарын бейнелегенде кейіпкерлер, жағдайлар, оқиғалар өсіріліп, ұлғайтылып суреттел еді де, күлкінің күшімен олқылықтар, кемшілік-тер, қателіктер сыналып, озық идеялар биік мұраттар мадақталады. Характерлер қақтығысы, мінездер шайқасы бірінші катарға шығады. Жағымды, жағымсыз кейіпкерлер тартысының үстінде жеке бастың мақсаты мен құлқынның қайы үшін ұнамсыз кейіпкерлер өзара кикілжіңге барады, күлкіге ұшырайды. Комедияның ерекшелігі тартыспен, сюжетпен, қызықты оқиғамен қатар тіл өрнегіне де қатысты. Дараланған, өзгелерге ұқсамайты нәр кейіпкердің тілі күлкі шақырса, сахналық туындының ажары кете бастайды. Бұл тұрғыда әсірелеу, ұлғайту (гипербола), өсіру (гротеск) сияқты көркемдік құралдары кеңінен пайдаланылады. Комедияда көбінесе жамандық жеңілт, жақсылық үстем болып аяқталады. Жағымсыз кейіпкерлер бармақ шайнап, қателігін мойындады, жеңіліп тізе бүгеді, адал ниет, ақ тілек, әділ іс салтанат құрады. Әлем әдебиетінде комедияның көптеген классик, үлгілері жасалды. Англияда -У.Шекспир,Испанияда-Лопе де Вега, Францияда - Ж.Б. Мольер, П.Бомарше, Италияда- К.Гольдони тамаша комедиялық шығармалар жазды. Орыс әдебиетінде Д.И. Фон-визиннің "Тоғышары" А.С. Гри-боедовтің "Ақылдың азабы", Н.В. Гогольдің "Ревизоры" шебер жазылған туындылар қатарына жатады. Қазақ әдебиетінде алғашқы комедиялық шығарма Б.Майлиннің қаламынан тулы ("Шаншар молда", "Некеқияр", "Талтаңбайдың тәртібі", т б.).М.Әуезов ("Айман-Шолпан"), Ж.Шанин ("Торсықбай", "Айдарбек"), Ә.Тәжібаев ("Той боларда"), ҚМұхамеджанов ("Бөлтірік бөрік астында"), Қ.Байсейітов пен Қ Шаңғытбаев ("Беу, қыздар-ай"), ҚАманжолов ("Досымның үйленуі"), С.Балғабаев "Тойлан қайтқан қазақтар", Т.Нұрмағанбетов ("Қырманбайдың тойы"), т.б. көптеген комедиялар жазды. Бүгінде қазақ комедиясы белгілі жанрлық жүйесі бар арналы салаға айналды. Қазіргі қазақ драматургиясы - қазақтың XX ғасырдағы классикалық әдебиеті дамуының заңды жалғасы. Драматургия - көркем әдеби тек (драма, трагедия, комедия) жанрларының өнернамалық жүйесі. Қазақ сөз өнеріндегі дәстүрлі негізі әдебиет шығармалары мен фольклор мұраларында (би-шешендер сайыстары, ақындар айтыстары, жар-жар, беташар, алтыбақан, т.б.) негізі қаланған ұлттық сөз өнерінің бұл саласы қазақтың рухани мәдениетінің әлем өркениетіндегі көрнекті орнын да танытты. Драматургия шығармалары қаламгерлердің тарихи кезеңдердегі халық тағдырын көркем шындық поэтикасы зандылықтары аясында бейнелеуімен ерекшеленеді. Драматургия туындылары (пьесалар, спектакльдер, либреттолар) арқылы әдеби тек саласы драма жанрларының (драма, трагедия, комедия) теориялық ерекшеліктері саралана айқындалады. Драматургия ұғымының аясында театр сахналарындағы туындылар мен деректі, ғылыми-фантастикалық, көркем фильмдердің де қойылымдық-режиссуралық көркемдік шешім ерекшеліктері айқындалады.
Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарында сатираны дамытуға Асқар Тоқмағамбетов, ал соғыстан кейінгі кезеңде сатираға Төлешов үлкен үлес қосты. 1956 жылы сатиралық "Ара" журналының шыға бастауына орай қазақ сатирасынын дамуы жүйелі сипат алды. 60-жылдары сатириктер легіне Б.Қыдырбекұлы, М.Рашевтер келіп қосылды. Кейін С.Адамбеков қазақ тілінде жазылған тұңғыш сатиралық роман "Атылған қыз туралы анызды" жазды. Сатиралык әңгімелер жанрын дамытуға "Талпақ танау". "Этнографиялык әңгіме". "Тарғыл қауын", "Сілекеевтердің кенжесі" атты шығармалары арқылы Ғ.Мүсірепов те өз үлесін қосты. 70- жылдары О.Әубәкіров, О.Иманәлиев,Ғ.Қабышев, С.Әлжіков, Ү.Уайдин, Е. Домбаев қазақ сатирасын дамытуға өз үлестерін қосса, 80-жылдары олардың қатарына С.Кенжеахметов, К.Әмірбеков, М. Шерім, Ғ. Ахметчин, Қ. Ілясов, т.б. келіп қосылды. Қазақ сатирасы жөнінде Т.Қожакеевтің монографиялары бар. XX ғасырдың 90-жылдары мен XXІ ғасырдың басындағы жиырма жылдық кезең Қазақстанның қоғамдық-әлеуметтік, тұрмыстық қарым-қатынастарында көптеген өзгерістер болуымен ерекшеленді. Бірнеше ғасыр бойы басқа дінді жатжұрттың отарлық құрсауында болған қазақ халқының әлеуметтік жағдайында, адамдардың карым-қатынастар жүйесінде өзгерістер, құбылыстар орын алды. Хакім Абай шығармаларында өткір сыншыл тілмен сыналған халық ортасындағы жағымсыз қасиеттер, дағдылар қазіргі заманның қайраткер қаламгерлері тарапынан да өткір сыналды. Демократия ұғымын бетперде етіп, қалай да биік мансапқа, билік қызметтеріне қол жеткізу үшін маңына жинап алған жандайшаптарымен, жағымпаздарымен сыбайласып, елдің қамын жегенсіп, көпірме, көбік сөздерімен қарапайым халықтың мазасын, уақытын алғаннан басқа түк бітірмей, босқа далақтап жүрген дарынсыз, қабілетсіз, қуыс кеуде сұмпайылардың әртүрлі билік орындарында жүргендері де мәлім. Қазақ драматургиясының жаңа толқын қаламгерлермен толығу кезеңі - XX ғасырдың 60-70 жылдары. Бұл кезеңдегі қазақ драматургиясына қосылған қаламгерлер (Қалтай Мұхамеджанов, Қанабек Байсейітов, Қуандық Шаңғытбаев, Тахауи Ахтанов, Сәкен Жүнісов, Әкім Тарази (Әкім Әшімов), бұлармен ілесе Әбіш Кекілбаев, Оралхан Бөкеев, Қалихан Ысқақов, Баққожа Мұқаев, Оразбек Бодықов, Дулат Исабеков, Асқар Сүлейменов, Софы Сматаев, Төлен Әбдіков, Нұрлан Оразалин, Иранбек Оразбаев, Сұлтанәлі Балғабаев, Жолтай Әлмашұлы, Роза Мұканова, т.б. каламгерлер қазақ драматургиясының көркемдік-эстетикалық қазынасын байыта түсті.
Қазіргі қазақ драматургиясы әлемдік классикалық дәстүрді шығармашылықпен қабылдай отырып, ұлттық топырақтағы осы өнердің өркендеуіне жаңашылдықпен үлес қосып келеді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі салтанат құрған жылдары жазылып, бірқатары театр сахналарында қойылып келе жатқан әртүрлі такырыптардағы пьесалар классикалық драматургия жанрларының уақыт пен кеңістіктегі еміршең, ұлағатын айғақтайды.Қалихан Ысқақовтың Қараша қаздар қайтқанда, Таңғы жаңғырық, Есеней - Ұлпан, Жан қимақ, Сабатаж!, Қылкөпір, Мазар, Ерліктің екі сағаты, Апатай, Жәке-Жәкетай, Сайқының тұқымдары, Қазақтар (Шахимарденмен бірлесіп жазған) барлығы жиырмаға жуық пьесасы бар.Дулат Исабековтің пьесалары да әралуан тақырыптық, жанрлық ерекшеліктерімен әдебиетіміздің драматургия саласының дамуы қорын молайтты. Драматургтің Ректордың қабылдау күндері (1975), Әпке (1982), Ертеңді күту (1979), Мұрагерлер (1982), Алыстан келген ананас (1984), Кішкентай ауыл (1986), Анасын аңсаған қыз, Ескерткіш операциясы, Алтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Драмадағы тарихи тұлға.қазіргі қазақ комедиясы (конспект)
Драмалық шығармадағы тарихи тұлға, қазіргі қазақ комедиясы
Қазақ драматургиясының жанрлары
Драмадағы тарихи тұлға. Қазіргі қазақ комедиясы туралы ақпарат
Драмадағы тарихи тұлға.Қазіргі қазақ комедиясы
Уильям Шекспирдің «Афиналық Тимон» трагедиясын тақырыптық, мәселелік, мазмұны мен образы
Шекспир шығармашылығы
Драмадағы тарихилық. Қазіргі қазақ комедиясы
Комедия. Драмадағы тарихи тұлға
Уильям Шекспир
Пәндер