Ұлы ұстаз,ғұлама жазушы Мұхтар Әуезовтың этнопедагогикалық еңбектері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Жаратылыстану бағытындағы математика факультеті
СӨЖ №2
Тексерген: Оралбекова Б. С.
Орындаған: Әбікен Д. Б.
Тобы: Т - 441
Семей 2015 жыл
Ұлы ұстаз, ғұлама жазушы Мұхтар Әуезовтың этнопедагогикалық еңбектері.
Мұхтар Әуезов - қазақ халқының ұлттық мәдени мұраларын жоғары бағалап, рухани байлығын ұлылықпен ашып көрсете білген, қазақ халқын бүкіл әлемге танытқан ғұлама жазушы. Ол қазақ этнопедагогикасының бір негізі-ауыз әдебиетін жан-жақты терең зерттеп, халық педагогикасының қпдірін халыққа таныта білді.
Мұқан ең әуелі батырлық жырлар мен ғашықтық жырлардың халықты тәрбиелейтін қасиеттерін ашып, «Қара Қыпшақ Қобыланды» пьесасын сахнаға шығарды. Ешбір елді жауламаған, шексіз жерін жауларынан қорғай білген Қобыланды сияқты батырлардың қаһармандықтарын жасм ұрпақтарға үлгі-өнеге етіп көрсете білген данышпан драматург «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» сияқты ғашықтық жырлардағы қазақтық салт-дәстүрлерінің қайырымды қасиеттерін талғап, таңдап талдап, мөлдір махаббат пен табанды күрескерлікті жастарға үлгі етіп көрсетеді. Қазақ халқының ақындық, өнерпаздық қасиеттерін рухани мұра ретінде ұрпаққа ұлағаттылықпен ұсынады.
Батырлық жырлардың әлемдік әсем нұсқаларын, әсіресе, қырғыз халқының «Манас» эпосын қазақ эпосымен салыстыра зерттеген ғалым, эпостық ұлы шығармалардың қазақ ауыз әдебиетінде мол екенін дәлелдеп, қазақ этнопедагогикасының кереге-қабырғасы кең екенін кейінгі зерттеушілерге айқындап берді.
Халықтың арман-тілегіне сай эпостық жырда «сол заманда, сол жастар ырыс тауып, дегеніне жетіп, бақ мерейлі болыпты деген идея жастарды арманға жетелейді», -деп дәлелдейді дана жазушы. «Халық жыры қазақ қызына ғашықтық үшін алысуды үгіттейді», -дейді.
Ұлтжанды ғалым қазақ жырларының тіл көркемділігін, әсерлі сюжет құрылатынын жоғарны бағалап, әрбір жырдың айқын идеясы оның көркемдігімен өріле берілетінін дәлелді.
Халық педагогикасының ауқымды бір саласы-ертегілер. «Өзге туыстас елдерінен қазақтың ерекшелігі - сөз орамына шебер және тамаша шешен», -деген В. В. Радловтың сөзін мысалға келтіре отырып, ұлы ғалым ертегілерді көрінетін «халық санасындағы отаншылдық сезімді, халық ұғымындағы адамгершілік гуманизмді, халықтың қанатты үміті-оптимизмді және өз қуатының жеңгір қасиетіне сенетіндікті көрсететін барлық ерекшеліктерін айрықша бағалау қажет, - деп, ертегілердің жас ұрпақтарды тәрбиелеудегі педагогикалық мәнін ашып берді. «Қиял-ғажайып ертегілердегі сол қиял тудырған образдардың өзі арқылы да халықтың еңбекпенен табиғат күштерін творчестволық түрде жеңбек болған қиялы көрінеді, арманы танылады . . . Бұл жөнінде адам баласының кейінгі дәуірлерде техника жөнінде тапқан, сол техникалық прогрестің бірталайын ертегінің қиял бейнелері, алдын ала болжам етіп, бұлдыр түнде аңғартқандай болады», -дейді (М. Әуезов «Әр жылдар ойлары», А., 1959 ж. ) .
Ұлы ұстаз ертегілердің тәрбиелік мәнін терең ашып, «Адамдағы кемдікті, мінді бадырайтып, ұлғайтып, жиренішті етіп көрсету үшін, хайуанның мінез-құлқын дәл адамның мінез-құлқындай етіп суреттеу әсерлі болады», - деп көрсетеді.
«Қоғамдық салт-сана:үстемдік пен теңсіздікті, зорлық пен қарсылықты, байлық пен кедейлікті, бақ пен сорды, жақсылық пен жамандықты, ақыл мен ақымақты қарсы қою» арқылы ақыл-ойдың кемелденуімен дамып қалыптасатынын ғылыми талдаулар арқылы дәлелдеді.
Қазақ халқының дәстүрлі айтыс өнерінің этнопедагогикада алатын орны өзгеше. Ақын халықтың айтыс дәстүрі жадына сақтағыш әр адамның қасиеті қабілетін паш етумен қатар тыңдаушыларды ыждағаттылыққа тәрбиелейтінін дәлелдеген ғалым әсіресе ақындар айтысының әлеуметтік мәнін терең ашады.
«Біржан-Сара» айтысының көркемдігі тіо ұстатарлық шешендік ерекшеліктерінен көрінеді. Айтыста әйел теңдігін, жастардың бас бостандығын Біржан ақын жиын алдында үлкен әлеуметтік талап етіп тартады», -деп айтыстың әлеуметтік, тәрбиелік мәнін жазушы жоғары бағалайды.
«Анық халық тілімен өздерінің тілек-армандарын бір қосқан ақындар қоғам құрылысының өжет қайраткерлері болады», - деп, ғалым ұлы Жамбылдың айтыс өнерін жоғары бағалады. Қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша қайырымдылық пен мейірімділік ана сүтімен жұғысып, әрбәр тұлғаның ұлттық белгісін көрсететінін дәлелдеп, халқының келешегін ойлап, тебіренген жазушы: «Ал қазақ мешел болып қалам демесең, тағліміңді, бесігінді түзе!Оны түзеймін десең, әйелдің халін түзе», - дейді. (М. Әуезов. Елу томдық, 1-т., 48-бет) .
Ұлттық дәстүрдің барлығы халықтық тәрбиеге жатады. Бала тәрбиесіне өз ана тілі ақыл-ойының дұрыс қалыптасуына, дамуына ұлт тіліндегі оқудың мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға байланысты. М. Әуезов халықтық тәрбие көздерінің бірі - қобыз, сыбызғы, домбыра сияқты ұлттық аспапта орындалатын ән-күй өнерін қайта түлету деп біледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz