Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік философиялық мәні. Мемуарлық шығармалар. Лирикалық проза



Төл әдебиетімізде проза жанры өз деңгейінен аса дамыған. Оған дәлел болатын 90 жылдардан бері қарай жазылған көркем туындыларды атауға болады. Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары ұлттық драматургияда өмірдің өзекті мәселелерін көтерген Ә.Тарази, Д.Исабеков, С.Балғабаев, Б.Мұқай, Т.Ахметжан, Ш.Мұртаза, Қ.Ысқақ, И.Сапарбай, Т.Әбдік т.б қаламгерлер замандастары тап болған өмір құбылыстарын әртүрлі аспектіде қарастырды.
Әлі де қоғамдық дертке айналған келеңсіз жағдайларды шамалары жеткенше қағазға түсіріп жатыр. Аз жылда көп өскен, тез толысып, жедел жетілген қазақ совет әдебиетінің тамаша табыстарын атап жатудың қажеті де болмас. Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин бастаған прозаиктер мен Ілияс Жансүгірів, Сәкен Сейфуллин бастаған ақындарымыздың есімдерін атап шығудың өзі қыруар уақыт алар еді. Және сол ақын, жазушылардың қай-қайсысының да қазақ әдебиетінде елеулі орны болар еді. Егер біз жетіспей жатқан жақтарымызды, шешілмеген түйіндерімізді айтсақ — ол табысымыздың аздығынан емес, қайта соның молдығынан. Кешегі тігіп берген киімің бүгін кішірейіп кететін өскелең бала сияқты, өскелең әдебиет те, өзінің кешегі қалыбына бүгін сыймай жатады. Сондықтан да оның шешілмеген проблемалары, ізденетін бағдарлары көп болмақ.Бүгінгі қазақ әдебиетінің үлкен үміт күттіретін жақсы бір қасиеті — онда тоқмейілдік, қолы жеткенге қанағат жоқ. Әдебиетіміз тынымсыз іздену үстінде. Мұны прозадан да, поэзия мен драматургиядан да көруге әбден болады. Кейінгі ұрпақ алдыңғы буынның қолы жеткен көркемдік табыстарын жедел игере отырып, ескі шиырға соқпай, өзінше соны соқпақ салғысы келеді. Бұл сапарда олар дүние жүзі әдебиетінің соңғы үлгілеріне де үңіледі. Осы күнгі көркем әдебиеттің қолы жеткен бейнелеу тәсілдерін, адамға әсер ету әдістерін молырақ игеруге ұмтылады. Соңғы он шақты жылдағы әдебиетке келген жастардың осындай ізденіс-талпыныстары — әншейін жастық шақтың әуесқойлығы есебінде із-түзсіз кеткен жоқ. Ол және Хемингуэй, Бель, Сэлинджер сияқты батыстың шебер жазушыларына еліктеу дәрежесінде де қалған жоқ. Кейінгі толқынның еңбектері — қазақ әдебиетінің төл туындылары есебінде қабылданды. Олар әдебиетімізге соны бояуларымен, өзіндік дауыстарымен, жаңаша балауса сезімдерімен келді. Бүгінгі прозамызды Әбіш Кекілбаев пен Әкім Таразидың, Сәкен Жүнісов пен Сайын Мұратбековтің, Қалихан Ысқақов пен Жайсаңбек Молдағалиевтің әңгіме, повесть, романдарынсыз көз алдымызға елестету қандай қиын болса, талантты ақындарымыз Сағи Жиенбаев пен Тұманбай Молдағалиев, Мұқағали Мақатаев пен Жұмекен Нәжімеденов, Төлеген Айбергенов пен Қадыр Мырзалиев, Өтежан Нұрғалиевтардың шығармаларынсыз қазіргі қазақ поэзиясы да олқы болып тұрар еді.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Филология факультеті

СӨЖ

Тақырыбы: Лирикалық проза.Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік философиялық мәні. Мемуарлық шығармалар

Орындаған: Мухтарова А.М
Тексерген: Құрмамбаева Қ.С

Семей қ.,2015 жыл
Төл әдебиетімізде проза жанры өз деңгейінен аса дамыған. Оған дәлел болатын 90 жылдардан бері қарай жазылған көркем туындыларды атауға болады. Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары ұлттық драматургияда өмірдің өзекті мәселелерін көтерген Ә.Тарази, Д.Исабеков, С.Балғабаев, Б.Мұқай, Т.Ахметжан, Ш.Мұртаза, Қ.Ысқақ, И.Сапарбай, Т.Әбдік т.б қаламгерлер замандастары тап болған өмір құбылыстарын әртүрлі аспектіде қарастырды.
Әлі де қоғамдық дертке айналған келеңсіз жағдайларды шамалары жеткенше қағазға түсіріп жатыр. Аз жылда көп өскен, тез толысып, жедел жетілген қазақ совет әдебиетінің тамаша табыстарын атап жатудың қажеті де болмас. Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин бастаған прозаиктер мен Ілияс Жансүгірів, Сәкен Сейфуллин бастаған ақындарымыздың есімдерін атап шығудың өзі қыруар уақыт алар еді. Және сол ақын, жазушылардың қай-қайсысының да қазақ әдебиетінде елеулі орны болар еді. Егер біз жетіспей жатқан жақтарымызды, шешілмеген түйіндерімізді айтсақ -- ол табысымыздың аздығынан емес, қайта соның молдығынан. Кешегі тігіп берген киімің бүгін кішірейіп кететін өскелең бала сияқты, өскелең әдебиет те, өзінің кешегі қалыбына бүгін сыймай жатады. Сондықтан да оның шешілмеген проблемалары, ізденетін бағдарлары көп болмақ.Бүгінгі қазақ әдебиетінің үлкен үміт күттіретін жақсы бір қасиеті -- онда тоқмейілдік, қолы жеткенге қанағат жоқ. Әдебиетіміз тынымсыз іздену үстінде. Мұны прозадан да, поэзия мен драматургиядан да көруге әбден болады. Кейінгі ұрпақ алдыңғы буынның қолы жеткен көркемдік табыстарын жедел игере отырып, ескі шиырға соқпай, өзінше соны соқпақ салғысы келеді. Бұл сапарда олар дүние жүзі әдебиетінің соңғы үлгілеріне де үңіледі. Осы күнгі көркем әдебиеттің қолы жеткен бейнелеу тәсілдерін, адамға әсер ету әдістерін молырақ игеруге ұмтылады. Соңғы он шақты жылдағы әдебиетке келген жастардың осындай ізденіс-талпыныстары -- әншейін жастық шақтың әуесқойлығы есебінде із-түзсіз кеткен жоқ. Ол және Хемингуэй, Бель, Сэлинджер сияқты батыстың шебер жазушыларына еліктеу дәрежесінде де қалған жоқ. Кейінгі толқынның еңбектері -- қазақ әдебиетінің төл туындылары есебінде қабылданды. Олар әдебиетімізге соны бояуларымен, өзіндік дауыстарымен, жаңаша балауса сезімдерімен келді. Бүгінгі прозамызды Әбіш Кекілбаев пен Әкім Таразидың, Сәкен Жүнісов пен Сайын Мұратбековтің, Қалихан Ысқақов пен Жайсаңбек Молдағалиевтің әңгіме, повесть, романдарынсыз көз алдымызға елестету қандай қиын болса, талантты ақындарымыз Сағи Жиенбаев пен Тұманбай Молдағалиев, Мұқағали Мақатаев пен Жұмекен Нәжімеденов, Төлеген Айбергенов пен Қадыр Мырзалиев, Өтежан Нұрғалиевтардың шығармаларынсыз қазіргі қазақ поэзиясы да олқы болып тұрар еді.
Лирикалық прозамыздың даму жолында бірыңғай табыстар мен ұтыстар ғана емес, елеулі кемшіліктер де, ұтылыстар да болды. Әрине, сыршылдық -- көркем әдебиет үшін тамаша қасиет. Геройдың жан-жүйесін ашу, барша сезімін тебірентіп, дірілдеген жанды күйінде ыстығын суытпай жеткізу -- әдебиет үшін биік мұрат. Бірақ сырдың да сыры, сезімнің де сезімі бар. Лирикалық проза жасаған жақсы үлгілерге еліктеушілер көбейіп, біраз жағдайда әдебиет тақырыбын, шығармадағы кейіпкерлерді ұсақтатып алдық. Жаман сырын айтам деп шынын айтады демекші, көптеген кейіпкерлер өзінің болмашы тіршілігін, мардымсыз, ұсақ арманын, көңілдегі кірбіңін оқушы алдына жайып салатынды шығарды. Әрине, әдебиет оны да көрсетуге тиіс. Әдебиет үшін шектеулі тақырып, еленбейтін өмір құбылысы болмауға тиіс. Бірақ ол үлкен өмірдің, қызғылықты жақсы характер мен қилы-қилы өмір құбылыстарының көлеңкесінде көрінсе ғана орынды болар еді.Прозамыз сияқты бүгінгі поэзиямызда да лирикалық сыршылдық сарыны үстемдік құрып келеді. Ертеректегі жалаң пафос, даурықпа патетикадан айығып, бүгінгі өлеңдеріміз ойлы, тебіреністі азаматтық әуенге ауысты. Сол сияқты баяндау мен жалаң оқиғасы басым келетін поэма жанрында да сыршылдық, геройдың сан-жүйесін, ішкі сырын, көңіл құбылысын ашатын сезімталдық сарыны күшейді.
Лирикалық проза мен поэзияның өріс алуы қазақ әдебиетінің әріден келе жатқан эпикалық сипатын өзгерте алды ма деген сұрақ туады. Бұған мен қазақ әдебиетінің эпикалық негізгі сипаты өзгере қойған жоқ; ол тек молықты, байыды, сол арқылы жаңа сатыға көтерілді деп жауап берер едім. Шынында да бүгінгі қазақ прозасының шоқтығын көтеріп тұрған әлі де сол эпикалық шығармалар. Олар әдебиетіміздің алып туындысы Мұхтар Әуезовтің Абай жолы эпопеясының заңды жалғасы. Осы эпопеяның ұлы дәстүрі бізде өріс алып, ілгерілеп келеді. Сәбит Мұқановтың Өмір мектебі, Ғабит Мүсреповтің Оянған өлкесі, Ғабиден Мұстафиннің Дауылдан кейіні мен Көз көргені, Хамза Есенжановтың Ақ Жайық романдар циклі, Әбдіжәмил Нұрпеисовтың Қан мен тері, Әнуар Әлімжановтың Махамбеттің жебесі, Ілияс Есенберлин мен Әзілхан Нұршайықов, Әлжаппар Әбішевтің романдары осының айғағы.Бірақ бүгінгі эпикалық прозамыз кешегіден әлдеқайда өзгеше. Ондай проза жазып жүрген авторларымыз оқиғаны бір ырғақты кең арнамен байсалды баяндап, салиқалы, сабырлы суретпен жеткізіп қана қоймайды. Тарихи тақырыпқа жазған шығармалардың өзінде геройларының жүрегінің лүпілін, көңілінің дірілін ыстық арманы мен күйініш-сүйінішін -- қысқасы, оның барша сезімі мен ахуалының ыстығын суытпай жеткізуге тырысады. Эпикалық прозамыз бүгінгі лирикалық прозаның көптеген көркемдік тәсілдерімен қаруланды. Адам сезімін бақайшағына дейін талдап беретін психоанализ, я болмаса, кейіпкерлердің өз ішін өзі ақтарып, өз сезімін сарапқа салатын самоанализ, лирикалық шегіністер, авторлық толғаныстар сияқты бояуларды молынан пайдаланып жүр. Бұл біздің эпикалық прозамыздың бояуын түрлендіріп, бетіне қан жүгіртіп, оны қазіргі оқушымыздың жүрегіне жақындатып әкелді.
Лирикалық сыршылдық сарынмен байыған эпикалық проза -- бүгінгі қазақ әдебиетінің үлкен табысы.

Қазіргі қазақ поэмалары немесе Есенғали Раушановтың поэмалары...
Фольклорлық үлгілердегі қиссалар үрдісін, сондай-ақ, дастан сарынын жа - ңаша қалыпта түрленткен ақын Есен - ғали Раушановтың Ғайша бибі поэмасы құрылымы, көркемдік-эстети - калық құндылығы мен өзек еткен оқи - ғасы тұрғысынан алғанда өз алдына ерек - ше көркем дүние. Қазіргі қазақ поэ - масының даму деңгейі, көркемдік-эсте - тикалық сапасы, поэма жанрының зор поэтикалық мүмкіндігі, тың ізденіс пен жаңашылдық төңірегінде ой өрбітсек, алдымен ойға оралып, назар аудартары - осы Ғайша бибі поэмасы. Мазмұндық, пішін - дік, стильдік тұрғыдан алғанда поэма жанрында көш бастарлықтай салмағы бар бұл туынды ақын Есенғали Раушановтың талантын жаңа қырынан та - ныт - қанын, оны таланты тегеурінді ұлт ақыны ретінде мойындатқанын ай - та кеткен абзал. Ең әуелі бұл поэманың романтикалық туынды екенін айтқан жөн. Романтизмге тән басты белгі ретінде ерекше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лирикалық проза
Лирикалық проза. Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік философиялық мәні. Мемуарлық шығармалар
Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік, философиялық мәні. Лирикалық проза. Мемуарлық шығармалар
Лирикалық проза жайлы ақпарат
Лирикалық проза жайлы
Мемуарлық шығарма (конспект)
Түркі әдебиеті және Шәкәрім: шежіре жазу дәстүрі
Сәкен Сейфуллин поэмаларының көркемдігі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҒҰМЫРНАМА ЖАНРЫ ТУРАЛЫ
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Пәндер