Салық салынатын табыс түзету және залалды көшіру


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті Семей қаласы

Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті

«Есеп және аудит» кафедрасы

Cалық есебі пәні

СӨЖ

Тақырыбы: Салық салынатын табыс түзету және залалды көшіру

Орындаған: Нәсіпбек Айғаным. УА-205 тобы.

Тексерген: Сарсенбаева А. А

Семей қаласы

Табыс салығының салық салу объектілері болып:

  1. салық салынатын табыс;
  2. төлем көзінен салық салынатын табыс;
  3. ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпоративтік табыс салығы салынатын объектілер болып табылады.

Корпоративтік табыс салығы келесі формула бойынша есептеледі:

КТС=ССТ*ставка:100

Мұндағы: КТС- корпоративтік табыс салығы;

ССТ- салық салынатын табыс.

Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде анықталады. Салық салынатын табыс=жылдық жиынтық табыс-шегерістер . Жылдық жиынтық табыс -заңды тұлғалардың бір жыл ішінде түрлі көздерден алған табысы.

Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық жылы ішінде салық төлеушінің ҚР-да және одан тыс жерлерден алынуға тиіс (алынған) табыстарынан тұрады. Резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы қазақстандық көздерден алынған табыстарынан тұрады. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері енгізіледі:

1) өткізуден түсетін табыс;

2) құн өсімінен түсетін табыс;

3) туынды қаржы құралдары бойынша табыс;

4) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;

5) күмәнді міндеттемелер бойынша табыс;

6) банктердің және лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құрылған провизияларының (резервтерінің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс;

7) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары құрған сақтандыру резервтерін азайтудан түсетін табыс;

8) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс;

9) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін алған табыс;

10) тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс;

11) табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін табыс;

12) кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөніндегі іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуінен түсетін табыс;

13) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс;

14) егер бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, таңылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа санкция түрлері;

15) бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;

16) өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс;

17) дивидендтер;

18) депозит, борыштық бағалы қағаз, вексель бойынша сыйақылар, ислам жалдау сертификаты;

19) оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі. Бағамдық айырма сомасы халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады;

20) ұтыстар;

21) әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыс;

22) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс;

22-1) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;

23) сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс;

24) жоғарыда көрсетілмеген басқа да табыстар.

20 % 15 % 10 % 5 %

Сурет. Корпоративтік табыс салығын есептеу мен төлеу механизмі

Түзету - төменде белгіленген жағдайларда есепті салық кезеңіндегі табыстың немесе шегерімнің мөлшерін бұрын танылған табыстың немесе шегерімнің сомасы шегінде ұлғайту немесе азайту. Табыстар немесе шегерімдер мынадай жағдайларда түзетіледі:

1) тауарларды толық немесе ішінара қайтарғанда;

2) мәміленің шарттарын өзгерткенде;

3) сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағаны, өтемақыны өзгерткенде;

4) бағадан жеңілдіктер, сатудан жеңілдіктер жасалғанда;

5) шарттың талаптарын негізге ала отырып, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төленуге тиіс сома өзгергенде жүзеге асырылады.

Түзетілген ЖЖТ-тан салық салынатын табысты анықтау үшін шегерістер жасалады. Салықтық шегерістер -заңмен бекітілген шекте салық төлеушінің ЖЖТ-ты алуға байланысты шығындары. Оған өткізілген тауар, қызмет, жұмыс бойынша шығындар және басқа да шығындар жатады, оның ішінде:

  • Тауарлы-материалдық қорлар бойынша;
  • Тіркелген активтер;
  • Еңбекке ақы төлеу;
  • Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша;
  • Сыйақы бойынша;
  • Теріс бағамдық айырма бойынша;
  • әлеуметтік төлемдрге жұмсалған шығыстар бойынша;
  • сақтандыру сыйақылар бойынша;
  • тіркелген активтерді жөндеуге жұмсалған шығыстар бойынша;
  • бюджеттен төленген салықтар бойынша;
  • басқа да шығыстар бойынша шегерімге жатады.

Төлем көзінен салық салынатын табыстарға:

  1. Дивидендтер;
  2. ҚР ҰБ лицензиясы бар банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы жеке тұлғалардың салымдары бойынша оларға төленетін сыйақыларды қоспағанда, депозиттер бойынша сыйақы;
  3. Ұтыстар;
  4. Резидент емес тұлғалардың ҚР-ғы көздерден алған табыстар;
  5. Резидент банктерге, жинақтаушы зейнетақы қорларына, лизинг берушілерге және борыштық бағалы қағаздар бойынша төленетін сыйақыны қоспағанда, заңды тұлғаларға төленетін сыйақылар;
  6. Эмитент борыштық бағалы қағаздар бойынша шығару шарттарына сәйкес төлейтін купон түріндегі сыйақы жатады.

Ұтысты, сыйақыны төлеу кезінде ұсталған салық сомасы осы салықтың төлем көзінен ұсталғанын растайтын құжаттар болған жағдайда, салық төлеушінің салық кезеңі ішінде есептелген корпорациялық табыс салығының есебіне жатқызылады.

Салық ставкалары. Салық төлеушінің салық салынатын табысы 20%-тік ставка бойынша салық салуға жатады. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалардың табыстар мен шығыстар сомасына және ауыстырылатын шығындар сомасына азайтылған салық салынатын табысы ауыл шаруашылығы өнiмiн, бал ара шаруашылығы өнiмiн өндiру жөніндегі, сондай-ақ өзi өндiрген аталған өнiмдi қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметтi жүзеге асырудан алынған жағдайда, мұндай табыс 10%-тік ставка бойынша салық салынуға жатады. Резидент еместердің ҚР-ғы көздерден алынатын табыстарын қоспағанда, төлем көзінен салық салынатын табыстар төлем көзінен 10%-тік ставка бойынша салық салуға жатады. ҚР-да тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс салығының үстіне белгіленген тәртіппен 15%-тік ставка бойынша салық салуға жатады. Салық салынатын табысты түзету. Салық төлеушінің салық салынатын табысынан салық салынатын табыстың үш процент шегінде мынадай шығыстар алып тастауға тиіс:

1) нақты шеккен шығыстардың Салық Кодексінің 97-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтік сала объектілерін пайдаланған кезде алуға жататын (алынған) табыстардан асып түскен сомасын; коммерциялық емес ұйымдарға және қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға өтеусіз негізде берілген мүліктің құнын. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстарды орындаумен, қызметтер көрсетумен байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады; көмекті алатын тұлғаның тарапынан өтініш жасалу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кездегі демеушілік және қайырымдылық көмекті;

2) мүгедектердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстардың 2 еселенген мөлшерін және мүгедектердің жалақысының және басқа да төлемдердің есептелген әлеуметтік салық сомасының 50 процентін;

3) жеке тұлға салық төлеушіде кемінде үш жыл жұмыс істеу міндеттемесі туралы шартты жасасқан жағдайда, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмаған жеке тұлғаны оқытуға арналған шығыстарды;

4) Салық Кодексінің 135-1-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымдарына өтеусiз негiзде берiлген мүлiктiң құнын азайтуға құқығы бар.

Осы тармақшаның мақсатында оқытуға арналған шығыстар:

  • оқытуға ақы төлеуге жұмсалған нақты шығыстарды;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалар шегінде тұруға жұмсалған нақты шығыстарды;
  • оқитын адамға салық төлеуші айқындаған мөлшерде, бірақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалардан аспайтын ақша сомасын төлеуге арналған шығыстарды;
  • оқуға түскен кезде оқу орнына және оқу аяқталғаннан кейін қайту жолына жұмсалған нақты шығыстарды қамтиды.

Салық төлеушілер салық салынатын табысты 3 жылдан артық мерзімге берілген негізгі құралдардың қаржы лизингі бойынша алынған сыйақы сомасына, кейіннен оларды лизинг алушыға бере отырып, азайтады. Салық төлеушінің амортизациялық аударымдарды есептен шығаруға заңға сәйкес жүргізілген, пайдалануға алғаш енгізілген тіркелген активтерді 3 жылдық кезеңге аяқталғанға дейін өткізген жағдайда жасалған қосымша шегерім сомасы салық төлеушінің тіркелген активтерді өткізген салық кезеңіндегі салық салынатын табысын арттыруға қатысты болады. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтынушылар кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші корпоративтік табыс салығын есептеуді Салық Кодексінің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүргізеді. Яғни, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген корпоративтік табыс салығының, әлеуметтік салықтың, жер салығының, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының, мүлік салығының, көлік құралдары салығының бюджетке төленуге жататын сомалары 70 пайызға азайтылуға жатады.

Кәсіпкерлік қызметтен шегетін залал деп:

1) Салық Кодексінің 99-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, шегерімдердің жылдық жиынтық табыстан асып түсуі;

2) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залал танылады.

Бағалы қағаздарды өткізуден шегетін залал:

1) борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша - өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы теріс айырма;

2) борыштық бағалы қағаздар бойынша - өткізу күніндегі дисконт амортизациясы және (немесе) сыйлықақы ескеріле отырып, өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы теріс айырма болып табылады. 2012. 26. 12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

Туынды қаржы құралы бойынша залал шығыстардың Салық Кодексінің 127 және 128-баптарына сәйкес айқындалатын түсімдерден асып түсуі ретінде айқындалады.

Туынды қаржы құралы бойынша залал құқықтардың орындалуы, мерзімінен бұрын немесе өзгеше тоқтатылу күніне, сондай-ақ туынды қаржы құралы бойынша талаптар бұрын жасалған мәміле бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара өтейтін туынды қаржы құралымен мәміле жасау күніне танылады. Своп бойынша, сондай-ақ қолданылу мерзімі оның жасалған күнінен бастап он екі айдан асып кететін, орындалуы қаржы құралының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мөлшері бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлеме көрсеткіштерінің, индекстердің және осындай туынды қаржы құралы белгілеген көрсеткіштің өзгеруіне байланысты болатын төлемдерді жүзеге асыруды көздейтін өзге де туынды қаржы құралы бойынша залал осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген асып түсу пайда болатын әрбір салық кезеңінде танылады

Төлем көзінен ұсталатын табыстарға мыналар:2009. 12. 02. № 133-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр. ред. қара)

1) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға төлейтін ұтыстар; 2009. 30. 12 № 234-IV Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2) осы тармақтың 2-1) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда, резидент еместердiң Салық Кодексінің 192-бабына сәйкес айқындалатын, осындай резидент еместердiң тұрақты мекемесімен байланысты емес Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстары; 2009. 30. 12 № 234-IV Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)

2-1) Салық Кодексінің 192-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетiлген, резидент еместiң филиалына, өкiлдiгiне немесе тұрақты мекемесiне төленетiн табыстар; 2009. 12. 02. № 133-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр. ред. қара)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тікелей салықтар: корпорациялық табыс салығы
12 IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Тікелей салықтар және олардың экономикалық мазмұны
Сақтандырудың экономикалық мәні, құрылымы
Капиталдың құрамы мен сипаттамасы
Қате жазуларды түзету
Корпоративтiк табыс салығының бухгалтерлiк есебi мен салықтық есебiн ұйымдастыру ерекшелiктерi
Пайдаға салынатын салықтар
Салық салудың әділдік қағидаты
Салықтың экономикалық табиғаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz