ҚР салық жүйесі және оны ТМД елдерімен салыстырмалы талдау


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қалалық Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: ҚР салық жүйесі және оны ТМД елдерімен салыстырмалы талдау

Топ: ГУ-307

Тексерген: Акишева Д. М.

Орындаған: Айбатырова Ж.

Семей - 2015

Жоспар

І. КІРІСПЕ

1. 1. Қазақстандағы салық жүйесі

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. Қазақстан Республикасының салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі

2. 2. ҚР салық жүйесі және оны ТМД елдері

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

ІҮ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетке алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттік салық жүйесін құрайды.

1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылдаған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.

1991жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 14-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сында №440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Салықтардың, олардың төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.

Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша былайша жіктеледі:

  • Салық салу объектілері бойынша;
  • Салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;
  • Пайдалану тәртібі бойынша;
  • Объектінің экономикалық белгісі бойынша.

Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық (жалпымемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады.

Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты болып бөлінеді. Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджеттерде шоғырландырылады және жалпымемлекттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты (арнаулы) салықтардың нысаналы арналымы болады және әеттегідей түрлі арнаулы қорлардың қаржы базасын құруға арналады.

Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар - бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.

Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданады: кадастрлық, салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.

Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын қамтиды.

1) Қазақстан Республикасының салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды қамтиды:

1. Салықтар:

1. Корпорациялық табыс салығы.

2. Жеке табыс салығы.

3. Қосылған құнға салынатын салық.

4. Акциздер.

5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.

6. Әлеуметтік салық.

7. Жер салығы.

8. Көлік құралдарына салынатын салық.

9. Мүлікке салынатын салық.

2. Алымдар:

1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

8. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

9. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.

10. Аукциондардан алынатын алым.

11. Елтаңбалық алым.

12. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.

13. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.

3. Төлемақылар:

1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.

2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.

3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.

4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.

5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.

6. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.

7. Раиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.

8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.

9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.

4. Мемлекеттік баж.

5. Кеден төлемдері:

1. Кеден бажы.

2. Кеден алымдары.

3. Төлемақы.

4. Алымдар.

Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Бюджет жүйесі туралы» Заң мен тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.

Салық жүйесі өзінің құрамына мемлекеттік салық службасының - Қаржы министрлігін, облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы және қалалардағы аудандардың салық комитеттерін қамтиды. Салық службасы органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарнамаларының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.

« Салық » және «Салық салу» ұғымдарын ажырата білген жөн: бірінші жағдайда - бұл экономикалық және қаржы категориясы, екіншісінде - экономикалық-құқықтық механизмді пайдалана отырып салық төлемдерін өндіріп алу (есептеу және алу) процесі.

Салық жүйесін жетілдіру жұмысы елімізде 1992 жылдан бері жүргізіліп келе жатыр. Біздің салық жүйеміздегі халықаралық стандарттарға жақындататын шаралар ол салық жүгін төмендету және салық түрлерін қысқарту. Осының барлығы Қазақстан Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» жарлығында қаланған болатын. Өткен он жылдың ішінде көп нәрсе өзгерді. Осымен бірге салық заңнамасы да жетілдірілініп келеді. «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» жарлықтың қолданысқа енгізілуі мен шын мәнінде өркениетті және тиімді салық жүйесін жасауға маңызды қадам жасалды. Осылайша, елдегі қолданыстағы салықтар мен алымдардың 45 түрі мен мақсатты қорларға аударымдардың 6 түрінің орнына салық және алымдардың 19 түрі қалып Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқы болып прогресшіл салық заңнамасын әзірлеп, енгізді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері көптеген елдермен тығыз қарым-қатынас жасап, ел экономикасын дамыту үшін инвестиция тарту барысында үлкен жетістіктерге жеткені айқын. Экономиканы реформалаудағы маңызды саланың бірі - салық жүйесін реформалау, еліміздің салық жүйесін халықаралық деңгейге көтеру.

Әр түрлі елдердің салық жүйелері әр түрлі экономикалық, саяси және әлеуметтік шарттар негізінде құрылған.

Салықтық қатынастар үйлестігі мемлекеттің, салық төлеушілердің және өзге мемлекеттердің мүдделерін, ұзақ мерзімді және тұрақты теңдігін, қамтамасыз ететін салықтық қатынастар жүйесін құруды білдіреді. Мұндай еларалық үйлестірудің айқын мысалы ретінде 2003 жылдың 23 ақпанында Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру туралы Қазақстан, Белоруссия, Ресей және Украина мемлекеттерінің шешімін қарастыруға болады.

Қазақстан және Ресейде салықтық реформалар 1990 жылдардың ортасында басталды. Осы екі елде бір команда жұмыс жүргізді, Алматыда қазақстандық және ресейлік салық кодексін өңдеушілерге бүкіл әлемдік салық мамандарының тобы кеңес берді. 1994 жылы әлемдік екі топ осы елдер үшін, батыс стандарттарына негізделген үлгілік салық кодексін ұсынды. Бұл құжаттар сол кедегі жетекші салықшылар үшін салық заңдарының идеалы сияқты көрінді, бірақ екі құжат та парламеннтерде талқылаудан өтпеді.

Ресейде салық кодексінің бірінші бөлімі 1998 жылы, ал екінші бөлімі 2002 жылы қабылданды. Осы құжаттардың негізгі нормативтік құжат ретінде қабылдағанға дейін, 1991 жылғы салық жүйесінің негіздері туралы заң, салық қатынастарын реттеген, негізгі нормативтік акт болды.

2002 жылдың желтоқсан айында Белоруссияда Салық кодексінің тек жалпы бөлімі қабылданды. Қазіргі кезде салық салу объектілері, салық төлеу реті, әрбір салық бойынша мөлшерлемелер және жеңілдіктер, сондай-ақ салық жүйесінің деңгейлері арасында салықтық алымдарды тарату Белоруссияда салықтық және бюджеттік заң актілерімен реттеледі.

Украинада да Салық кодексі талқылану сатысында. Салықтық қатынастар жекелеген заңдар, қаулылар және нормативтік актілер жүйесімен реттеледі, ал осының нәтижесінде салыққа байланысты заңда салықтық жеңілдіктердің кең мүмкіндіктерін күрделі және шиелініскен жағдайды көрсетеді.

Сонымен, соңғы уақытқа дейін, қарастырылып отырған елдерде салық заңдылығын өңдеуде үйлестіру, ұқсастыру байқалмайды. Украина және Белоруссияда салық кодексінің болмауы олардың салық жүйелерінің жетілмегендігін білдіреді. Бұл жағдай, бір жағынан салық заңдарын бірыңғайландыруда, бірігу үдерісі шегінде заң жобасын тақылауға мүмкіндіктер беретін, артықшылықтарды құруы мүмкін. Бірақ бұл артықшылық дамудың жалпы векторы болмауы нәтижесінде жойылып кетеді. Қазақстан мен Ресейдің тек салық жүйелерінде емес, сондай- ақ олардың даму бағыттары арасында елеулі айырмашылықтары бар. Жеке параметрлер бойынша осы екі елдің арасындағы алшақтық, олардың әрқайсысын Украинамен немесе Белоруссиямен салыстыра қарағандықтан, әлдеқайда үлкен. Сондықтан, барлық республикалардың қабылдау мүмкін, салықтық реттеудің ортақ ережелерін талқылау, зерттеу негізгі проблема зерттеу проблема болып табылады.

Салықтық кірістердің неғұрлым жақын құрылымы Ресей және Белоруссияда: олардың бюджетке түсетін үштен бір бөлігін әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етіледі. Қосылған құн салығымен қоса олар кірістердің жартысын қалыптастырады. Қазақстанда басқа елдермен салыстырғанда корпорациялық табыс салығы мен қосылған құнға салық басқа елдермен салыстырғанда үлкен рөл атқарады, олар кірістердің 70% қамтамасыз етеді. Украинада түсімдердің елеулі бөлігі баждарға байланысты, олар 40% құрайды, ал қосылған құнсалығымен бірігіп салықтық кірістердің 2/3 бөлігін құрайды. Сонымен барлық төрт елдің салықтық кірістерінің құрылымы жалпы сипатқа қосылған құндық салықтардың елеулі үлесі болып табылады.

Осы елдермен салыстырғанда Қазақстанға салық ауыртпалығының ең төменгі мөлшері, ал Белоруссияда ең жоғары салық ауыртпалығы тән. Егер Қазақстан, Украина және Белоруссияда салық ауыртпалығының мөлшерін шамалы төмендету үрдісі байқалса, Ресейде керісінше, соңғы жылдары ол шамалы жоғарылаған. 2003 жылы Ресейдегі салық ауыртпалығының жалпы деңгейі Белоруссияның салық ауыртпалығы көрсеткішіне жақындады., ал Украина бұл көрсеткіш бойынша, Қазақстаннан алға шығып, аралық орын алды.

Барлық төрт елде де салықтық реформалар жүргізілуде, бірақ олардың жалпы векторлары да сәйкес келмейді. Сонымен қатар, қызмет ететін салықтық жүйені реформалаудағы қадамдардың айырмашылықтары елеулі болуда. Неғұрлым ілгері сипатымен Қазақстан ерекшеленеді. Ресей салық жүйесін, оның үдемелігі тұрғысынан екінші орынға қоюға болады, ал одан кейінгі орынды Украина және Белоруссия алады. Салық жүйесін бірыңғайландыру стандарттарын тандау проблемасы да бар. Егер Белоруссия Ресей тәжірибесі барлығын айқын көрсетсе, Қазақстандағы және Украинадағы реформалар өздерінің даму бағыттары бойынша жүргізілуде.

Қарастырылып отырған елдердегі салық жүйелерінің ортақтықтары басым ба, әлде айырмашылықтар басым ба деген сұраққа жауап беру үшін, біріншіден, салықтардың негізгі тұрпаты бойынша елдердегі салықтар мөлшерлемелерін салыстыру; екіншіден, бюджет кірістеріндегі неғұрлым үлкен үлен алатын, сәйкесінше негізгі салық ауыртпалығын анықтайтын салықтарды бөліп алу; үшіншіден, қарастырылатын елдердің жалпы салықтық ауыртпалығын бағалау қажет.

Корпоративтік табыс салығына шетел тәжірибесіне сүйене отырып салыстыру көрсеттік. Яғни Қазақстан Республикасының салық жүйесі шетел тәжірибесіне сүйене отырып құрылды. Біз осы арқылы салық жүйесінің тиімді жұмыс істеп отырғанын көреміз. Көптеген мемлекеттерде заңды тұлғалардың табысына салынатын салық (корпоративтік салық) компанияның таза пайдасынан үйлесімді салық ставкасымен алынады. Салық салынатын таза пайда жалпы түсім мен өндіріс процесі барысында жұмсалған шығындар арасындағы айырма негізінде анықталады. Ал компанияның пайдасы бөлінетін және бөлінбейтін деген екі бөліктен тұрады. Салық салу барысында бұл бөліктер өз алдына мынадай түрлерге топталады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық экономикалық қатынастардың Қазақстан экономикасындағы рөлі мен маңызы
Сыртқы экономикалық қызметке салық салу туралы
Инвестиция түсінігі және оның түрлері
Халықаралық сауда саясатының мәні мен рөлі
Қазақстанның экспорты мен импорты
Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту
Қазақстанның Оңтүстік Шығыс Азия елдерімен сауда байланысы
Сыртқы экономикалық қызмет
Глобализация және интеграция үрдістеріндегі бүкіл әлемдік экономика және Қазақстан
Кедендік төлемдерді алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz