Қазақтың ұлттық ойындары туралы деректерді алғаш жинаған Италия саяхатшысы П.Карпини, итальяндық Марко Поланың, австриялық С.Герберштейнің, итальяндық И.И Новокамскийдің, орыс саяхатшысы П.И Рычковтың, орыс ғалымы П:С Паластың жазбалары жөнінде



1. Ұлттық ойындардың даму тарихы
2. Қазақтың ұлттық ойындары туралы деректер
Ертедегі Қазақстан жеріндегі рулардың қалыптасу кезеңіндегі этнографиясы, ойын-сауықтары, мәдениеті тағы басқалары жайындағы деректер ХІІІ-ХVIII ғасырлардағы Орта Азия мен қазақ жерлерінде болған Еуропа саяхатшыларының еңбектерінде жинақталған.
Әсіресе, Қазақстанның елі мен жері жайында көптеген еңбектер қалдырған Еуропа саяхатшыларының ең алғашқылары Плано Карпини, Вильгельм Рубрук және Марко Поло сияқтылары болды. Бұл саяхатшы-ғалымдардың артында қалдырған баға жетпейтін зерттеулері қазіргі кезеңде көптеген елдердің өткен өмірлерін оқып- білуде жалпы тарих ғылымдарының бірден бір бұлақ көзі болып отыр. XII ғасырдың бірінші жартысында Италия саяхатшысы Плано Карпини Хорезм, Жетісу және Тарбағатай арқылы Монғолияға барып, одан еліне қайтқан сапарында жинаған материалдарынан "Монғолия тарихы" атты еңбегін жазды (1). Бұл еңбекті тіпті қазіргі дәуірдің тарихшылары ғана емес, кезіндегі қазақ халқының тарихын зерттеуші- ғалым Шоқан Уәлиханов та көптеген еңбектеріне осы "Монғолия тарихын" негіз етіп алған. Еңбек ол кезде Д. Языковтың басқаруымен 1925 жылы орыс тілінде екінші рет (бірінші рет 1795 жылы) басылып шыққан. Онда кезіндегі Монғолияның көршісі болған орта жүздің бір руы Тарбағатай наймандарының өмірлері мен әдет-ғұрыптары жайлы, демалыс уақытын өткізгендегі ойын-сауықтары туралы деректерді, жауынгерлік ерліктерінің сипаттарын кездестіреміз. Қазақ халықтың ұлт ойындары жайындағы деректемелерді қағаз бетіне түсіргендердің бірі – Венеция саяхатшысы Марко Поло болды. Ол өзінің Қазақстанға жасаған саяхатында Жетісу бойындағы қазақ ауылының мерекелі тойларында болып, ойын-сауықтарын көріп, көптеген ұлт ойындарына талдау жасап, шығу тарихтарына, қалыптасу дәуірлеріне де болжам айтқан (2). Неміс ғалымы Александр Гумбольдт 1829 жылы орыс өкіметінен арнайы рұқсат алып Каспий теңізінің бойына, Орал мен Алтай және Орынбор, Семей, Өскемен қаларына саяхат жасайды. А.Гумбольдт өзінің болған жеріндегі көшпелі қазақ ауылдарының өмірімен танысып, олардың күнделікті тіршілігі, қонаққа көрсететін сый- құрметі, табиғат құбылысына бейімделуі, әдет-ғұрпы, яғни тарихы мен этнографиясын толығынан зерттей келіп, «Центральная Азия, исследования о цепях гор и по сравнительной климатологии» атты еңбегін жазды. Ол қазақ ауылына келген беттегі қонаққа көрсетілген сый-кұрметін, олардың ойын-сауықтарына, әсіресе қоян-қолтық күрестері мен ат жарыстарын қызықтамайтын және осы халықтың ойын-сауықтары жөнінде жазбаған шетел ғалымдары мен саяхатшылары кемде кем екендігіне баса көңіл аударды.
1.А. Жасанова. «Технологияны оқыту әдістемесі» Алматы, 2005ж 20-38
2.А. Бакирова. «Еңбекке баулу сабақтарында ұлттық сәндік-қолданбалы
3.А. Әділбекова. «Ұлттық бас киімдер» \ Мектептегі технология №
4. Ә. Р. Нұрпейісов «Қазақ халқының ою-өрнегі», Алматы 2002
5. Ә. К. Сахиева «Көркем әдебиет арқылы балаларды еңбекке
6.Балбөбек бағдарламасы. Қазақ балабақшаларына арналған. Алматы 2000 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

МӨЖ №3

Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары туралы деректерді алғаш жинаған Италия саяхатшысы П.Карпини, итальяндық Марко Поланың, австриялық С.Герберштейнің, итальяндық И.И Новокамскийдің, орыс саяхатшысы П.И Рычковтың, орыс ғалымы П:С Паластың жазбалары жөнінде.

Оқытушы: Кулмышева Н.А. п.ғ.к.

Магистрант: Ногайбаева М.
6М010300 Педагогика және психология

Семей 2015

Жоспар :
* Ұлттық ойындардың даму тарихы
* Қазақтың ұлттық ойындары туралы деректер

Ертедегі Қазақстан жеріндегі рулардың қалыптасу кезеңіндегі этнографиясы, ойын-сауықтары, мәдениеті тағы басқалары жайындағы деректер ХІІІ-ХVIII ғасырлардағы Орта Азия мен қазақ жерлерінде болған Еуропа саяхатшыларының еңбектерінде жинақталған.
Әсіресе, Қазақстанның елі мен жері жайында көптеген еңбектер қалдырған Еуропа саяхатшыларының ең алғашқылары Плано Карпини, Вильгельм Рубрук және Марко Поло сияқтылары болды. Бұл саяхатшы-ғалымдардың артында қалдырған баға жетпейтін зерттеулері қазіргі кезеңде көптеген елдердің өткен өмірлерін оқып- білуде жалпы тарих ғылымдарының бірден бір бұлақ көзі болып отыр. XII ғасырдың бірінші жартысында Италия саяхатшысы Плано Карпини Хорезм, Жетісу және Тарбағатай арқылы Монғолияға барып, одан еліне қайтқан сапарында жинаған материалдарынан "Монғолия тарихы" атты еңбегін жазды (1). Бұл еңбекті тіпті қазіргі дәуірдің тарихшылары ғана емес, кезіндегі қазақ халқының тарихын зерттеуші- ғалым Шоқан Уәлиханов та көптеген еңбектеріне осы "Монғолия тарихын" негіз етіп алған. Еңбек ол кезде Д. Языковтың басқаруымен 1925 жылы орыс тілінде екінші рет (бірінші рет 1795 жылы) басылып шыққан. Онда кезіндегі Монғолияның көршісі болған орта жүздің бір руы Тарбағатай наймандарының өмірлері мен әдет-ғұрыптары жайлы, демалыс уақытын өткізгендегі ойын-сауықтары туралы деректерді, жауынгерлік ерліктерінің сипаттарын кездестіреміз. Қазақ халықтың ұлт ойындары жайындағы деректемелерді қағаз бетіне түсіргендердің бірі - Венеция саяхатшысы Марко Поло болды. Ол өзінің Қазақстанға жасаған саяхатында Жетісу бойындағы қазақ ауылының мерекелі тойларында болып, ойын-сауықтарын көріп, көптеген ұлт ойындарына талдау жасап, шығу тарихтарына, қалыптасу дәуірлеріне де болжам айтқан (2). Неміс ғалымы Александр Гумбольдт 1829 жылы орыс өкіметінен арнайы рұқсат алып Каспий теңізінің бойына, Орал мен Алтай және Орынбор, Семей, Өскемен қаларына саяхат жасайды. А.Гумбольдт өзінің болған жеріндегі көшпелі қазақ ауылдарының өмірімен танысып, олардың күнделікті тіршілігі, қонаққа көрсететін сый- құрметі, табиғат құбылысына бейімделуі, әдет-ғұрпы, яғни тарихы мен этнографиясын толығынан зерттей келіп, Центральная Азия, исследования о цепях гор и по сравнительной климатологии атты еңбегін жазды. Ол қазақ ауылына келген беттегі қонаққа көрсетілген сый-кұрметін, олардың ойын-сауықтарына, әсіресе қоян-қолтық күрестері мен ат жарыстарын қызықтамайтын және осы халықтың ойын-сауықтары жөнінде жазбаған шетел ғалымдары мен саяхатшылары кемде кем екендігіне баса көңіл аударды. А. Гумбольдттың бұл пікірі, әрине, тегін айтыла салған сөз емес. Біз қарастырған тіпті сонау Плано Карпини, Марко Полодан бастап, ең ақырғы 1863-1864 жылдары Қазақстанда болған шығыс-зерттеу ғалымы Венгрия академигі Арминий Вамбери (3) мен 1903-1907 жылдары Каспий теңізінің бойында Маңғышылақта қонақтаған неміс этнографы Рихтер Каруцкаға (4) дейінгі шетел саяхатшыларының еңбектерінің барлығына дерлік арқау болған - қазақ халқының қонақты сыйлауы мен ойын-сауықтары. Ұлт ойындары жайында бұлардан басқа да, тіптен Қазақстан жерінде болмаған көптеген шетел ғалымдарының осы бір көшпелі халықтың тарихы мен этнографиясы турасында жазған зерттеулерінде де кездеседі. Мәселен, Австрияның атақты дипломаты С.Герберштейн 1516-1517 және 1526-1527 жылдары Мәскеуде болып, Қазақстанда болған орыстардың ауызша айтуларынан жинаған материалдарынан жазған 1549 жылы латын тілінде жарық көрген Записки о Московских делах атты еңбегінде Қазақстан туралы ойлар бар.
Сондай-ақ Италияның ғалымы Павло Иовия Новокамский 1525 жылы Римде орыстың сол кездегі белгілі елшілерінің бірі Дмитрий Герасимовпен кездесіп, соның айтуымен, Книга о Московском посольстве атты еңбегін сол жылы жазып жарыққа шығарды. П.И. Новомайский бұл еңбегінде қазіргі Қазақстан жеріндегі көшпелі рулардың этнографиясы, жері, орыс халқымен аралас сауда-саттық жұмыстары, сондай-ақ ойын-сауықтары жайында жазған. Бұндай анықтаманы дәлелдейтін мағлұматтар Лейден университетінің архивінде сақталған. А.Гумбольдт қазақ жерінде жүріп, көшпелі халықтың өмірі жайындағы ойға түйгенін Канкрин мен Шеллерге жазған хатында былай деп көрсетеді: Мен қазақ ауылында болған кезімді өмірімнің аса құрметті кезеңі деп есептеймін. Себебі, көшпелі халықтың біздерге көрсеткен қонақсыйы мен ойын-сауықтары естен кететін уақиға емес...
Мұндай өмірімнің аса бір белді кезеңін одан ары Каспий теңізінің бойында өткізбей кете алатын емеспін. Мен өмірімде осындай қысқа уақыт ішіңде мұндай үлкен тарихтан осынша материал жинап көрген емес едім, бірақ бұл кең дүниенің ортасында болғандықтан да солай болуы керек. Француздың атақты жазушысы А.Дюма Из Парижа в Астрахань атты еңбегінде ұлына жазған хатында: Қымбатты ұлым, сенің хатың мені Астраханьда қуып жетті. Менің саяхаттағы өмірімнен мағлұмат алғың келсе, алдымен қолыңа Ресейдің картасын ал, Астрахань қаласын тап. Біздер мұнда келгеннен кейін Каспий теңізінің жағасында аң ауладық, құс салдық. Бұл күндері мен үлкен тойдың, ойын-сауықтың куәсі болдым. Келген қонаққа сый көрсетумен мұндай ойындар өткізуді әзірше мен көрген елде, жүрген жерде кездестірмедім.
Мұндай ойын-сауықтың өтуіне себепші болғандықтан, маған қаракүлден тігілген тон кигізді. Қазақтың этнографиясын зерттеп, оны Еуропа елдеріне таратуға ат салысқан поляк зерттеушілері А.Янушкевич, С.Гросс, Б.Залесскийлер болды. Бұлар Сібірге, Қазақстанға жер аударылады да, осында болған уақыттарында Қазақстанның елімен, жерімен толық танысады. А.Янушкевич Дневник и письма из путешествия по казахстанским степям атты еңбегінде қазақ халқының қыстаудан жайлауға көшіп келіп қонған күнгі өмірлерін Бұл күн олар үшін бақыт күні, қуаныш күні, - дей келіп, сол күнгі ойын-сауықты, әсіресе қыз қуу ойынының көз тартарлық құдіретін сипаттайды (5). Осы ойын-сауық үстіндегі ақындар айтысын: Менің алдымда Демосфен мен Цицеронды естімеген, оқу мен жазудан хабары жоқ екі ақын айтыс үстінде олимпиада да күрескерлердей біріне-бірі шаба түседі. Не деген талант, не деген жыр, менің жаныма сыймай жүрегімнен орын алуда, - деп табиғи дарын қүдіретіне бас иеді. Мұндай дарыны бар көшпелі халық еш уақытта да шетел отары болмайды, түбінде халықтар арасынан құдіретті орын алатынын өздері-ақ айтып отыр. С.Гросс та А.Янушкевич сияқты XIX ғасырдың 60-жылдары төңкеріске қатысып, жастар ұйымын құрғаны үшін Шығыс Сібірге жер аударылады. Ол осы сапарында Семейде сегіз жылдай тұрып Материал для изучения юридических обычаев киргизов атты еңбегін жазады. С.Гросс сол жылдары Семейде кұралған статистикалық комитетті басқарады, басқа да ғылыми қоғамдардың құрылуына көптеген еңбектер сіңіреді, Абаймен достасады. Бір айта кететін жай, поляк халқының алдыңғы қатарлы идеяларды таратушылардың бірі А.Янушкевич осы ғасырдың 40-жылдарында Абайдың әкесі Құнанбаймен кездессе, екіншісі С.Гросс, 80-жылдары Абайдың өзімен кездеседі. Американ жазушысы Джордж Кеннан да осы Семейде болған кезінде С. Гроссты, оның жолдасы А.Блекті және Абайды кездестіріп, қазақ халқының тарихын, этнографиясын, географиясын зерттеуде қандай еңбектер жазып, зерттеулер жүргізгендігін өзінің Сибирь и ссылка атты еңбегінде ашып жазады. Қазақтың күнделікті тұрмысындағы көңіл ашар, демалыс уақыты осы ойын-сауықтары екені жайында Қазақстанда болған ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсон Средняя Азия и Западная Сибирь атты еңбегінде жазған. Халықтың ойын-сауықтары ең алдымен ақындар айтысынан басталады. Бұл ақындар айтысы келесі ойналатын ойындарға қатысушылардың арасындағы тартысты күшейте түсетіндігін байқатады. Қазақтардың ақындар айтысын тындағандай, ертедегі гректер Гомерді үйтіп тыңдамаған болар, - дейді. Сондай-ақ қазақтың ұлт ойындары жайындағы мағлұматтар сол кезіндегі күнделікті шығатын газеттер мен журналдардың беттерінде көптеген берілген. XIX ғасырдың екінші жартысында шығып тұрған Воскресный досуг журналының 72-73-інші сандарында Қырғыздар атты ұзақ мақала басылған. Бұл мақала негізінен қазақ халқының өмірін, тұрмысын, әдет-ғұрпын, ойын-сауықтарын баяндаған. Көшпелі халықтың осындай ойын-сауық, көші-қонын айта келіп, Воскресный досуг журналы: Әрбір мереке той-думанның жаны қыз-келіншектер, олар той үстінде жігіттермен өлең жарысына да түсе алады, - деп көрсеткен. Басқа да көптеген газет, журнал беттерінде кезінде белгісіз авторлардың бастыруымен жарық көрген алуан түрлі ұлт ойындары мен аң аулауға арналған материалдар бар. Орыс саяхатшыларының ішінде П.И. Рычков бірінші болып қазақ халқының өмірін, мәдениеті, әдет-ғұрпы, ойын-сауықтары жайында 1759 жылы История Оренбургская по учреждению Оренбургской губернии атты еңбегін жазды (6). Ұлт ойындары бұдан басқа да көптеген еңбектерінде де кеңінен қарастырылған. XVII ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының өмірі жайында көптеген материалдар жинаған орыс ғалымдарының бірі П.С.Паллас болды (7). Ол 1767 жылы Батыс Сібір мен Орал бойына жасаған орыс экспедициясын басқарып, осы сапарында жиналған материалдан 1773 жылы Путешествие по разным провинциям Российской империи атты еңбектерінің жинағын шығарды. Осы еңбектің Известия о киргизах атты бөлімі түгелдей қазақ халқының этнографиясына арналған. Халықтың ойын-сауықтарының қалай өтетіндігі, демалыс уақыттарын қалай өткізетіндігі, аңшылығы түгелдей қарастырылып, мысалдар келтірілген. Қазақ халқының этнографиялық материалдарын жинауда тек Ресей өкіметінің Қазақстан жеріне арнайы жіберген экспедициялары ғана емес, сонымен қоса көрші отырған екі ел арасында кездесетін кейбір қақтығыстарда қазақтардың қолына түскен орыс тұтқындарының қосқан үлестері бар. Осындай тұтқындардың бірі орыс офицері Ф.С. Ефремов көшпелі халықтың өмірі жайында көптеген материалдар жинаған. Ресейге қайтқан бетінде тұтқында жүріп жинаған материалдарынан еңбек жазып, соның Чем киргизская земля изобильна, каков воздух и жители атты бір тарауы қазақ халқының аңшылығы мен ойын-сауықтарының қалай өтетіндігі, оған өзінің бас кейіпкер болып қатынасқандығы жайлы баяндайды. Орыс тұтқындарының ішінде бұдан басқа да кезінде еңбектері жарық көрмей, қазіргі архив қазынасы болып жатқан С.Матвеев, Я.Гаверловский сияқты қазақ халқының өмірі жайындағы материалдарды жинауда өздерінің тиісті үлестерін қосқан зерттеуші ғалымдар да бар. Қазақ халқының нақтылы этнографиясы жөнінде еңбек жазғандардың бірі орыс армиясының капитаны И. Г. Андреев болды. Оның Описанием средней орды киргиз-кайсаков, с касающимися до сего народа, так же прилегающих к Российской границе по части Калыванской и Тобольской губерний, крепостной, дополнениями атты еңбегі негізгі алты тараудан тұрады. Осының бесінші Обряды деп аталатын тарауының өзі он алты бөлімнен тұрады. Оның үшінші бөлімінде шілдехана тойындағы өткізілетін ойындар мен нәрестені тәрбиелеу мәселесі қаралған да, бесінші бөлімінде үйлену тойының ойын-сауықтары жайында жазылған.
Г.В. Плеханов Письмо без адреса атты еңбегінде: Ойын-еңбек бастамасы болғандықтан баланың уақытымен ғана санасады, - дей келіп, материалистік тұрғыда қоғамның дамуында еңбек бұрын тұрғанымен адам өмірінде ойын бұрын тұратындығын дәлелдеді. Мұндай пікірді қостаушы кезіндегі орыс ғалымы дәрігер-педагог А.А. Покровский: Ойын күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірдің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өміріне деген қабілеті байқалады, - дей келіп, Физическое воспитание детей у разных народов преимущественно России атты еңбегінде Азия халықтарының, оның ішінде қазақ халқының ұлттық ойындарының, дене тәрбиесінің халық тәрбиесіндегі алатын орнын жан-жақты дәлелдеп зерттей келіп, әділ бағасын берген. Көптеген ойындардың шығу кезеңдерін, дамып қалыптасқан дәуірлерін де анықтаған. Халық мұғалімі Байтоғайұлы Малқай: Адамның басынан өтетін өмірінің әр уақытындағы жазғы, күзгі, қысқы істелетін кәсібі сияқты тіршіліктің түрлері бар. Сол сияқты балалардың да өзіне меншікті бала кезінде істелетін істері бар. Ол ісі - жас уақытындағы ойыны, - дейді. XIX ғасырда Қазақстан жерінде болған орыс саяхатшылары мен саяси жер аударылғандардың еңбектерінде қазақ халқының ойын-сауықтары, аңшылығы, ат баптауы, жылқының аса бір жүйрік тұқымдарын өсіруі жайлы материалдар жан-жақты жинақталып зерттелген.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Плано Карлини. Путешествие в восточные страны Плано Карлини и Рубрука. - М.; 1957. - 37 б.
2. Марко Поло. Книга Марко Поло. - М.; 1955; Госиздат географ лит, 15. - Б. 116-117.
3. Вамбери А. Очерки Средней Азии. - М., 1868. - 277 б..
4. Каруц Р. Среди киргизов и туркмен на Мангышлаке. - СПб,, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлттық ойындарын антропологиялық тұрғыдан қарастыру
Мектеп оқушыларының ұлттық ойындарды игеруі және оқу-тәрбие процесіндегі орны
Сөйлеу мәдениеті
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі ұлттық ойындардың маңыздылығы
Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері пәнінің дәрістік материалдары
Қазақ ұлттық ойындарының тәрбиелік мәні
Қазақстан балалар мен оқушы жастарға дене тәрбиесін берудің тұжырымдамасы
Қазақтың ұлттық спорт түрлері тарихы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Ұлт ойындарын балалардың жас ерекшелігіне және қызығушылығына байланысты іріктей білуі
Пәндер