Жоғары психикалық функциялар түсінігі, құрылымы және дамуы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІНІҢ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

МӨЖО№10

Тақырыбы: Жоғары психикалық функциялар түсінігі, құрылымы және дамуы.

Оқытушы: псх. ғ. к. Кулмышева Н. А

Магистрант: Таурбекова И. М

6М010300 педагогика және психология

Семей 2015

Нейропсихология дамуына А. Р. Лурия ерекше үлес қосты. Александр Романович Лурия (1902-1974) дүние жүзіне аты әйгілі, шет елдерде теңдесі жоқ нейропсихологияның жаңа түрін жасаған ғалым. Сондықтан «Лурия психологиясы» ми және психика проблемасын ретімен жасаған. Оның «Высшие корковые функций человека и ушение при локальных поражениях мозга» еңбегі дүние жүзіне белгілі. Бұл еңбек ағылшын, француз, испан және т. б. тілдерге аударылды. Бұл еңбек тек нейроғылымында ғана емес, невропатолог, физиолог, психиатр, педагог, психолог және басқа да сала мамандарына таныс. Сондықтан нейропсихологияның атасы А. Р. Лурия болып табылады. Бұл еңбек жарық көргеніне 40 жыл өтті. Нейропсихология саласында алға қарай даму бар.

Қазіргі кезде нейропсихология түрлі жолдармен дамып келеді. Бірақ, А. Р. Лурия салған жол өзгелерден оқшау, даралау. Лурия нейропсихологиясы А. С. Выгодский мектебінің психологиялық көзқарастарымен тікелей байланысты. Жоғары психикалық функцияны күрделі жүйелі білім беру, қалыптастыру және қызмет көрсету деген заңды басшылыққа алатын мектептің тұжырымнамаларымен сәйкестенеді. Ол өмір бойы біртіндеп қалыптасады, қалыптасуға байланысты психологиялық құрылым өзгеріске түседі. Ол тілді меңгеру және басқа да таңбалық жүйені меңгерумен байланысты болады.

Адамның жас ерекшеліктеріне байланысты жоғары психикалық функция өзінің құрылымы жағынан түрліше болып келеді. Осыған байланысты және оны жүзеге асыруға байланысты да түрліше болады.

А. Р. Лурияның нейропсихологиясы Л. С. Выготскийдің жалпы психологиялық мектебіне жүгінеді.

А. Р. Лурия нейропсихологиясы бағыттары:

- клиникалық, эксперименталды, реабилитационды нейропсихология.

- психофизиологиялық бағыт.

- балалық шақтың нейропсихологиясы.

- қарттық шақтың нейропсихологиясы және норманы үйренуге нейропсихологиялық ықпал.

Әр бағыттың өзіне тән мақсаты мен әдісі бар. Әсіресе климатикалық нейропсихология негізгі бағыт ретінде жүреді.

Нейроғылым бағыттарынан Лурия нейропсихологиясының тағы екінші маңызды айырмашылығы - психикалық процестердің ми механизмі жөнінде жоғары психикалық функцияны психикалық іс-әрекеттің күрделі формасы ретінде қарауы. Бұл дегеніміз - кез келген психикалық функция (мысалы: еркін есте сақтау) психикалық іс-әрекет заңымен жүзеге асатындығында. Бұл дегеніміз өзінің құрамына бірнеше кезеңді ендіреді деген сөз: мотивация (себеп) кезеңі, іс-әрекетте бағдарлау кезеңі, оны іске асыру кезеңі және алынған нәтижені бақылау немесе тексеру кезеңі.

Нейропсихология ғылымында тек балалардың ғана патологиясы нашар зерттелінген. Дегенмен балалар нейропсихологиясына байланысты Лурия, Семернидская еңбектер жазды.

Лурия еңбегінде нақты зерттеулерді қажет ететін методологиялық базарлардың ілгері теориялық тәртібін қарастырды. Ал Семернидская балалар нейропсихологиясының әдістемесін жасады және ол әдістемені дәрігер неврологтарға арнады. Сондай-ақ Семернидскаяның бұл еңбегі осы саланы қызықтыратын маман түрлеріне бағытталды. Бұл еңбек аппракцияның және тағы басқалардың симптомдары айтылады және сол симптомды туғыздырып отырған себептерді көрсетеді. Дегенмен осы себептерді туғыздырып отырған ми механизмін ашып көрсетпейді.

Тілдің бұзылуын нейропсихологияда, нейролингвистикада да қарастырады. Бірақ нейролингвистика нейропсихологияның табиғи бөлігі болып есептелінеді. Дегенмен нейропсихологияның жетістігіне сүйене отырып нейролингвистика, лингвистиа саласындағы теориялық және тәжірибелік білімге сүйеніп өз зерттеу пәнінің негізін жасайды. Тілдік функцияны нейролингвистикалық жағдайда Хед зерттеді. Ол өз еңбегінде афазия және оның формалары яғни тіл патологиясын қарастырды. Тілдің бұзылуын неврологияда үстемдік құрып тұрған Брок, Вернике, Лихтгейн, Марий және т. б. қарастырды. Хедтің жаңашылдығы мидың символикалық тікелей қатысуына байланысты тілдің бұзылуын көрсетуінде еді. Яғни ми қабыршағының үшінші алаңындағы символикалыққа қатысты тіл бұзылуын көрсету мен көрсету мен белгілі. Хед символикалық іс-әрекет ретінде тілдің бұзылуын тілдік құралды пайдаланудағы локальдылық қабілеттің зақымдалуымен байланыстырады. Хедтің зерттеуін жалғастырғандар: Лурия, Яков, Винарская, Визель және т. б. Олар афазиядағы нейролингвистиканың маңыздылығы мен нәтиежелілігін айқындап берді. Қазіргі кезде нейролингвистианың екі түрлі негізгі бағыттары бар. Яков пен Халл тілдің бұзылуын екі түрлі жағдайын көрсетеді.

1) Парадигматикалық тіл операциясының бұзылуымен байланыстырады. Бұл операцияны мидың артқы бөлімі жүзеге асыруға тиіс.

2) Мидың алдыңғы бөлігімен жүзеге асырылатын синтагматикалық іс-әрекеттің бұзылуы. Лурия мұндай тұрғыдан келуді жемісті деп бағалағанымен бірақ, ол кең дәлел алмады. Нейролингвистиалық зерттеулердің екінші бағыты Хед көтерген ми деңгейін қамтыды. Қазіргі кезде осы екі бағытты белсенді түрде зерттеу қарастырылып отыр. Нейролингвистикаға қарасты екі бағыт тілдік фунцияның және оның бұзылуына байланысты жаңа жол ашып берді.

Мұндай психикалық іс-әрекеттің психологиялық құрылымын нейропсихология көзқарасымен қарағанда ми механизмінің орындауын, оның ол іс-әрекетке қатысымын ғана ұйғарып қана қоймайды психикалық іс-әрекеттің мотивациялық бағдарлаушылық тексерушілік аспектілеріне де жауапты болады. Бірде-бір батыс батыс мектебі жоғары техникалық функцияның мұндай күрделі психикалық процестің ми негізін теориялық тұрғыда қарастыруда мұндай долбар (ұғынысты) ендірмейді. Міне, нақ осы түсінік беру жоғарғы психикалық функцияның белгілі-бір формасының бұзылуы, яғни бас мидың бір бөлігінің бұзылуы көптеген фукнцияның бұзылуына алып келеді.

Басқа нейропсихологиялық мектептерден үшінші бір айырмашылығы - ол Лурия нейропсихологиясының бас мидың фукнциясын тұтас қарастыруда емес. Психикалық іс-әрекеттің жекелеген «блогі» ретінде қайта жекелеген аспектілері, параметрлерін яғни мына сияқты - динамикалық реттеушілік және т. б. ара қатынасын белгілеуінде. Міне, осындай параметрлерге бас мидың құрылымдық-функционалдық жұмыс істеу единицасына нейропсихологиялық фактор жатады.

Жоғары дәрежелі жүйке қызметі - жануарлар мен адамның орталық жүйке жүйесінің үлкен ми сыңарлары қыртысының әрекеті. Организмнің органдарының өзара қызметін реттейтін орталық жүйке жүйесіне қарағанда, жоғары дәрежелі жүйке қызметі организмнің сыртқы ортамен күрделі қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. «Жоғары дәрежелі нерв қызметі» терминің ғылымға И. П. Павлов енгізген және ол бұны «психикалық әрекет» деген ұғымға тең деп санаған. Павловтың пікірінше, психикалық әрекеттің барлық түрі, оның ішінде адамның ақыл-ойы мен санасы да жоғары дәрежелі жүйке қызметіның жеке бір түрі. Павловтан бұрын жоғары дәрежелі жүйке қызметі жөнінде И. М. Сеченов «Ми рефлекстері» деген еңбегінде психикалық әрекеттерді материалистік тұрғыдан түсіндірді.

Жоғары дәрежелі жүйке қызметі шартсыз және шартты рефлекстердің әсерінен жануарлар дүниесінің тарихи даму жолында өзгеріп отырған. Омыртқасыздар мен төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлардың мінез-қылығында туа пайда болған жүйке әрекеттері жүре келе пайда болған жүйке әрекеттерінен басым болады. Жануарлар эволюциясы процесінде жүре келе пайда болған жүйке әрекеттері үдеп жоғары дәрежелі жүйке қызметінің басым түріне айналады. Бұлардың көптеген түрі едәуір өзгереді, шартты рефлекстер үздіксіз күрделенеді және жетіледі, олардың құрамы толығады, шартты рефлекторлық әрекеті жетіле түсіп, организмнің тіршілік ортасына беімделу процесінде негізгі реттеуішке айналып, организмнің өзгерген жағдайға дер кезінде, нақты бейімделе алу қабілетін қамтамасыз етуде үлкен биологиялық маңызы бар.

Ми қабығында шартты рефлекстің бекімегендігінен, шартты тітіркендіргіштің күшеюінен немесе үйреншікті емес тітіркендіргіш әсерінен тежелу пайда болуы;

Үлкен ми қыртысында жүйке процестерінің таралуы мен топтануынан оның бөлімдерінде қарым-қатынас пайда болу;

Нерв процестерінің өзара индукциясы пайда болуы.

Сөйтіп жоғары дәрежелі жүйке қызметі организмге әсер еткен әр түрлі тітіркендіргіштер түбегейлі талдап, синтездеп организмнің сыртқы ортаға жете бейімделуін қамтамасыз етеді.

Бұның сыртқы көрінісі жануар бұрын өзі үшін бөтен болып келген тітіркендіргіш әсеріне (шамның жағылуы, қоңырау соғылу және т. б. ) шартсыз тітіркендіргішпен (тамақ беру, электр әсері) бекітпей-ақ тиісті рефлекторлық реакциямен (сілекей бөлу, аяғын қозғалту және т. б. ) жауап береді. Шартты рефлекстердің түзілуі барысындағы тәжірибелер ми қыртысындағы түрлі пункттердің үнемі бір-бірімен өзара әрекеттесуде пайда болатындығын көрсетті. Мұның нәтижесінде ми қыртысы бөлшектеп қарауға болмайтын тұтас функционалдық жүйе екендігі туралы ұғым қалыптасты; жоғары дәрежелі жүйке қызметінің түрін талдай келе, бұларды қалыптастыруда орта әсерінің, тәрбиенің үлкен маңызы бар екені дәлелденді.

Адамда жоғары дәрежелі жүйке қызметінің дамуы тілдің шығуымен тікелей байланысты. Бала туғаннан кейінгі алғашқы шартты рефлекстер бағдарлау-реттеу түрінде байқалады. Сондай-ақ баланың жоғары дәрежелі жүйке қызметінің жетіліунде еліктеу рефлекстерінің де үлкен маңызы бар. Алғашқыда сөз арқылы тікелей тітікендігіштер қабарланады, кейін ол күрделі шарты тітікендіргіштердің түрлі құбылыстардың сигналына айналады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Аверин В. А. Психология личности. - Спб., 1999.
2. Вилюнас В. К. Психологическмие механизмы мотивации человека. -М., 1990.
3. Джакупов С. М. Психологическая структура процесса обучения. - А.,
4. Носс И. Н. Руководство по психодиагностике, 2005.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІНІҢ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

МӨЖО№11

Тақырыбы: Мәдени-тарихи тұжырымдар контексіндегі психикалық дамуды зерттеудің адекватты әдістерінің мәселелері

Оқытушы: псх. ғ. к. Кулмышева Н. А

Магистрант: Таурбекова И. М

6М010300 педагогика және психология

Семей 2015

Л. С. Выготскийдің ғылыми жұмыстары психологияның «құрылыстарды таза сипаттаудан, эмпирикалық және феноменологиялық зерттеуден олардың болмысын ашуға» өтуге бағытталды. Ол психикалық құрылыстарды зерттеудің жаңа экспериментальді генетикалық әдісін енгізді, «әдістің мәселесі болып басы мен негізі табылыды, бала дамуының мәдени тарихының альфа және омегасы болып табылады.

Л. С. Выготский жас мөлшері туралы оқытуды бала дамуының бірлік анализі ретінде ойлап шығарды. Ол өту жағдайда формалар спецификалар және баланың психикалық дамуын қозғайтын күштерге өзге түсінік енгізді, бала дамуының сатылрының және фазаларының эпохасын суреттейді сонымен қатар онтогенез кезінде олар арасындағы өтулерді сипаттайды; баланың психикалық дамуының негізгі заңдарын тап және құрастырды. Выготский бала психологиясы толық және жетілген болу үшін бәрін жасады; ол оқытудың негізгі практикалық мәселелерін шеше алатын және балаға тәрбие беру психикалық дамудың жастық нормативтік диагностика мәселесіне жаңаша қарауды негіздеді.

Выготскийдің теориясының негізгі қазіргі заманғы дамудың биологизаторлық теориялардың дамуын сипаттады. Л. С Выготскийдің айтуынша, « оқытуда бір қадам, дамуда жүз қадам дегенді білдіреді». Мұнда зерттеушілер, сана құрылымында тек қана таным процесстері қарастырып, ал мотивациялы - қажеттіліктер аймағында саналы тұлға зейінінде қалдырды. Осы тұжырымдарда Л. С Выготскийдің идализм концепциясы қарастырылды. Көптеген жылдарға созылған Л. С Выготскийдің болжамы ғажайып (гениальді) интуиция болып қалды.

Л. С. Выготский өз зерттеулерін « психология шыңы» ре тінде анықтады (ес психологиясы) және ол басқа екеуіне қарсы тұратын - «беткі» (жүріс-тұрыс теориясы) және «түбкі» (психоанализ) . Ол «есті жүріс- тұрыс құрылымының мәселесі» деп қарастырды. Бүгінгі таңда адам баласының үш сферасы: сезім, интеллект және жүріс - тұрыс психологиялық концепцияларды - психоанализде интеллект және бихевиоризм теориясында зерттелуде деп айта аламыз.

Терең философиялық анализ негізінде Л. С. Выготский психологияның қайта құрылуын жасады. Л. С. Выготский үшін мынадай сұрақтар маңызда болды: қалайша адам өзінің дамуында «өзінің жануарлық» табиғатының шегінен шығады? Қалайша өзінің қоғамдық процессінде ол мәдени және еңбек ететін жан ретінде дамиды? Л. С. Выготский бойынша адам өзінің тарихи даму процессінде өзінің жүріс тұрысының қозғаушы күштерінен жоғары болады; адамның қоғамдық өмірге ғана оның жаңа қажеттіліктері пайда болады, қалыптасты және жетілді, ал адамның тарихи қасиеттіліктері көптеген өзгерістерге ұшырады .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
Психологияда қалыптасқан ғылыми бағыт-бағдарлар туралы ақпарат
Выготский Л. С
Тұлға теориялары
Баланың тілінің дамуы
Адам әрекеті сан алуан
МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ. Мемлекеттің негізгі теориялары
Тұлға психологиясы. Тұлға ұғымы
Іс-әрекет психологиясын қалыптастыру
Іс -әрекет психологиясын қалыптастыруға қажетті негіз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz