Ет алу үшін ірі қара мал өсіретін фермалар құру


Ет алу үшін ірі қара мал өсіретін фермалар құру
2014жыл
МазмұныКестелер тізімі3
Суреттер тізімі4
Резюме5
Кіріспе7
1. Жобаның тұжырымдамасы8
2. Өнімінің (қызметтің) сипаттамасы9
3. Өндірістер бағдарламасы11
4. Маркетингтік жоспар12
4. 1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы12
4. 2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер16
4. 3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер18
4. 4 Маркетинг стратегиясы20
5. Техникалық жоспарлау21
5. 1 Технологиялық процесс21
5. 2 Ғимараттар мен құрылыстар22
5. 3 Жабдық және инвентарь (техника) 23
5. 4 Коммуникациялық инфрақұрылым23
6. Ұйымдастыру, басқару және құрам24
7. Жобаны іске асыру25
7. 1 Іске асыру жоспары25
7. 2 Жобаны іске асыру шығындары25
8. Пайдалану шығыстары27
9. Жалпы және әкімшілік шығыстар28
10. Қаржыландыру қажеттілігі29
11. Жобаның тиімділігі30
11. 1 Cash-flow проекциясы30
11. 2 Пайда мен залалдардың есептері30
11. 3 Баланс проекциясы30
11. 4 Қаржы индикаторлары30
12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер32
12. 1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні32
12. 2 Қоршаған ортаға әсер32
Қосымшалар34
Кестелер тізімі
1-кесте - Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы
2-кесте - Жоспарлы сату бағдарламасы, мың тг
3-кесте - Өнімге жоспарлы бағалар
4-кесте - ҚР -да 2011 жылдың 1 қаңтарына мал шаруашылығын дамытудың негізгі көрсеткіштері (барлық санаттағы шаруашылықтарда)
5-кесте - 2011 жылғы 8 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан қалаларының нарықтарындағы (соның ішінде Алматыдағы ) ІҚМ мен сиыр етінің бағасы
6-кесте - 2011 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Алматы облысындағы сүт-ет және ет бағытындағы ІҚМ өсіретін асыл тұқымды желі базасы
7-кесте - Мал санының өсуі, меншікті салмағы, генетикалық әлеуетін дамыту
8-кесте - Сиыр қора аумағының есебі
9-кесте - Ферма үшін қажетті жабдықтар тізбесі
10-кесте - Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары
11-кесте - 2012 жылға арналған инвестициялық шығындар
12-кесте - Бір айдағы ауыспалы шығыстар, ҚҚС-сыз
13-кесте - Кәсіпорынның бір айдағы жалпы және әкімшілік шығыстары, мың тг.
14-кесте - Еңбек ақы төлеу шығыстарының есебі, мың тг
15-кесте - Жобаның инвестициялары, мың теңге
16-кесте - 2012 жылға арналған қаржыландыру бағдарламасы, мың теңге
17-кесте - Кредиттеу шарттары
18-кесте - Кредиттік ресурстарды игеру және өтеу, мың тг.
19-кесте - Рентабельділік көрсеткіштері
20-кесте - Баланстық есеп коэффициенті
21-кесте - Жобаның қаржылық көрсеткіштері
22-кесте - Жобаның залалсыздығын талдау, мың тг.
23-кесте - Болжамдау кезеңіндегі салықтық түсімдердің көлемі (7 жыл), мың теңге
24-кесте - Жобаның шеңберінде табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру кестесі
Суреттер тізімі1-сурет - Семей қаласы ірі қара мал басы, жылдың соңына, мың бас
2-сурет - ІҚМ басының жалпы санындағы Семей қаласы үлесі
3-сурет - Семей қаласы сойыс салмағындағы ет өндірісі, мың тонна
4-сурет - Өндірілген еттің жалпы көлеміндегі Семей қаласы үлесі (2010 ж. ), %
5-сурет - Семей қаласы ет ресурстары құрылымы
6-сурет - Семей қаласы союға өткізілген мал мен құстың барлық түрі, тірі массада, мың тонна
7-сурет - Организационная структура
РезюмеЖобаның тұжырымдамасы Семей қаласы ет алу үшін ірі қара мал өсіретін фермалар құруды қарастырады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушының материалдық хал-жағдайын жақсарту үшін табыс түсіру болып табылады. Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы өнімдерді тұтынушы - етті қайта өңдеу кәсіпорындары, облыстың және жақын орналасқан аудандардың тұрғындары болып табылады.
Сиыр қора үшін “СПАЙДЕР-В” жүйесінің жылытылған ғимаратын сатып алу жоспарлануда.
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:
Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлдануда.
Кредиттеудің мынадай шарттары қабылданды:
Кәсіпорын қызметінің жобаның 7 жылына арналған тиімділік көрсеткіштері.
10% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың дисконтталған таза кірісі 12 жылда 14 568 мың теңгені құрады.
Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
- жаңа жұмыс орындарын құру, бұл жұмысшылардың тұрақты пайда табуына мүмкіндік береді;
- ет алу үшін ірі қара мал өсіретін жаңа фермалар ашу;
- экологиялық таза өнім өндіру;
- Семей қаласы бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың түсуі. Әлеуметтік әсерлердің арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады:
- халықтың ет өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандыру.
Етті, әсіресе сиыр етін өндіруді ұлғайту мәселесі - мал шаруашылығы саласындағы барынша өзектілерінің бірі. Қазіргі уақытта Қазақстанда сүтті және құрамдастырылған тұқымды мал өсіру есебінен шешілуде.
Сонымен бірге ет ресурстарын ұлғайтудың маңызды резерві мамандандырылған ет шаруашылығын дамыту болып табылады, оның бірқатар экономикалық және өнімділік ерекшеліктері бар. Мамандандырылған ет тұқымды мал барынша жоғары ет өнімділігімен және сиыр етінің сапасымен, тез өсіп жетілетіндігімен ерекшеленеді. Оларды сойып, одан әлемдік стандартқа сай келетін, жоғары деңгейде тағам ретінде тұтынылатын ет өндіреді, жоғары сапалы тері шикізатын алады.
Бұл шығыны аз сала, капитал салудың, азық-түлік жағдайларының шектелуі, сүт өнімдерін өткізу нарығының қашықтығы сүт бағытындағы мал шаруашылығының дамуын тежейтін жерді пайдалану дамыған өңірлерде ет өнімдерін тиімді өндіруге мүмкіндік береді.
Ет бағытындағы малдың санын қалпына келтіру және одан әрі ұлғайту фермер шаруашылығын дамытуға, оларды нығайтуға, мамандандыруға, нақты табиғи, экономикалық жағдайлар мен нарық жағдаятына байланысты мал басын өнімді шоғырландыруға бағытталған. Міне, осындай шаруашылықтарда жемазық дайындаудан, төл алу мен өсіруден, оны жаю мен азықтандырудан бастап сатуға дейінгі сиыр етін өндірудің белсенді технологиясын тиімді пайдалануға болады.
Ауыл шаруашылығын қалыптастыруды ірілендірген кезде оған жаңа етті сиырларды кеңінен өсіру сияқты сүт және сүт-ет бағытындағы өнімділігі төмен сиырларды етті тұқымды бұқалармен шағылыстыру негізінде де қол жеткізуге болады.
Мал шаруашылығы өнімдерінің 80%-дан астамы үй шаруашылығында өнімділігі төмен малдан алынатынын ескерген жөн. Бұл секторда, атап айтқанда, сүт өндіру көлемі отбасы мен нарықтың қажеттілігінен асып түсетін шаруашылықтарда малдың ет өнімділігін арттыру үшін етті тұқымды бұқаларды өсірген орынды болып табылады.
1. Жобаның тұжырымдамасыЖобаның тұжырымдамасы Семей қаласы ет өндіру үшін ірі қара мал өсіретін фермалар құруды қарастырады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушылардың материалдық әл-ауқатын жақсарту үшін табыс түсіру болып табылады.
Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы өнімдерді тұтынушы - етті қайта өңдеу кәсіпорындары, облыстың және жақын орналасқан аудандардың тұрғындары болып табылады.
Өнімнің басымдылығы мыналарды құрайды:
- жоғары технологиялы және заманауи жабдықтарды пайдалану;
- жоғары сапа;
- төмен баға.
Кәсіпорынның өз жемазық базасы бар - жайылым.
Сиыр тұратын орынның жалпы алаңы 764, 4 шаршы метрді құрайды.
Бұл бизнес-жоспар басшылыққа алынатын соңғы нұсқа емес, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігі ғана болып табылады. Сондықтан да осы жобаны іске асырған кезде жобаның басында жіберілген кемшіліктерді өзгертуге болады. Жоспарланған кәсіпорынның бәсекелестік басымдықтарын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтардың айырықша ерекшеліктерін барынша ашып көрсету қажет.
2. Өнімінің (қызметтің) сипаттамасы
Ет халық тұтынатын барынша толық және кеңінен тараған өнімнің түрі болып табылады. Еттің тағамдық және биологиялық құндылығын оның бай химиялық құрамы, әсіресе белоктық бөлігі құрайды. Ол тез қорытылатындығымен және құндылығымен ерекшеленеді. Кулинарлық түрде жеңіл өңделеді. Адам етті үнемі тұтынады, одан тағамның түр-түрін жасауға болады, бұл тағамның санын барынша түрлендіруге мүмкіндік береді.
Еттің құрамына толыққанды белок, сондай-ақ майлар, дәрумендер, белсенді және минералды заттар кіреді. Ет және ет тағамдары ағзаны белокпен және маймен қамтамасыз ету көздері болып табылады. Әсіресе сіңір тініндегі белоктар толыққанды болып келеді. Химиялық құрамы және сіңімділігі бойынша байланыстыратын, нерв тіндері мен сіңірлердегі белоктардың құндылығы төмен.
Ет - қорытылатын фосфор мен темір көзі болып табылады, оның құрамында калий натрий, цинк, йод, мыс және басқа да минералды заттар, дәрумендер (негізінен В тобындағы) бар. Етте қайнаған кезде сорпаға шығатын белсенді заттар көп, ол ас қорыту бездерінің қызметін жандандырады, тәбетті ашады, астың қорытылуын жақсартады, еттің дәмі мен иісі көбіне осыған байланысты болады.
Еттің химиялық құрамы малдың түріне байланысты болады. Еттің жоғары сапалылығы оның сыртқы түрінен, консистенциясынан, иісінен белгілі болады. Жаңа сойылған немесе салқындатылған етті түрі қызыл түсті, тығыз болып келеді.
Етті емдеуге де қолданады, өйткені ол амин қышқылына, белокқа, минералды заттарға, атап айтқанда темірге бай. Сондықтан да туралған еттен жасалған тағам жиі қолданылады, өйткені ол тез қорытылады.
Малды сою қызметтері
ІҚМ-ды ет комбинаттарында, сою пункттерінде союға ғана рұқсат етіледі. Союға жіберілетін ірі қара малдың әр партиясы үшін ІҚМ басының саны, бағыты көрсетілген, екпелері туралы мәлім еттері бар анықтама қағазы қажет.
Станцияға жіберер алдында ІҚМ-ды ветеринар немесе ветеринарлық-санитариялық қызмет фельдшері тексереді. Ол құжаттарды байқайды, малдың санын анықтайды, денсаулығын тексереді. Бәрін тексерген соң құжатқа белгі соғады. Етті қайта өңдеу зауыттарында ІҚМ-ды қабылдаған кезде барлық ілеспе құжаттамаларды тексереді, малдарды санитарлық жағынан қарайды, осыдан соң малды сою алдындағы базаларға жібереді.
Мамандандырылған ет бағытындағы шаруашылық мал шаруашылығындағы дербес сала ретінде Қазақстанда өткен ғасырдың 30-ы жылдарында құрыла бастады. Жергілікті (аборигенді) малды және калмық малын өсіру және герефордтармен жұтылып шағылыстыру жолымен 1950 жылы қазақтың ақбас тұқымы алынды және сынақтан өтті.
Осы алғашқы отандық мал тұқымы герефордтан алынған тез өсетін еттілігімен, сондай-ақ жергілікті жерге тез бейімделу және аналық қасиеттерімен ерекшеленді. Бұл осы тұқымды республиканың табиғи жайылымы кең барлық өңірлерінде өсіруге мүмкіндік берді.
Нарықтық экономикаға өткенге дейін республикада осы тұқымнан 1 млн. 144 мың бас мал, соның ішінде 440 мың сиыр болды. Қазіргі кезде қазақтың ақбас тұқымды малының саны 650-700 мыңның шамасында. Ресейде қазақтың ақбас тұқымының генефондын пайдалана отырып етті малдың жаңа түрі, ал Монғолияда - селенті тұқымы алынған.
1997 жылы осы тұқымының ішінде комол малының төрт зауыттық түрі сынақтан өтті, олар: республиканың батысында «Шағатай», «Анката», солтүстік-шығысында «Калбатау» және солтүстігінде «Алабота» түрлері.
1992 жылы ет малының тағы бір отандық түрі - Әулиекөл түрі сынақтан өтті, ол күрделі шағылыстырып өсіру жолымен алынды. Бұл үш етті тұқымның негізі - қазақтың ақбас, шароле және абердин-ангусс түрлері болып табылады. Бұл тұқым Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды және Ақмола облыстарында кеңінен тараған.
Аталғандардан басқа, Қазақстанда -Оңтүстік Қазақстанның жартылай шөлді өңірінде шамалы қалмық тұқымды сиырлар бар. Балқаш өңірінде жергілікті селекциялы Санта-гертруда («Жетісу» аймақтық түрі) және облыстың Таулы Алматы ауданында Галловей түрі, Батыс Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарында Герефорд түрлері бар.
Семей қаласы үшін Алатау, Казақтың ақбас, Санта Гертруда, Әулиекөл, Герефорд и Галловей түрлері басымдықты болып табылады. Облыс тың асыл тұқымды шаруашылықтарында отандық селекционерлер елдің оңтүстік-шығыс аймағы үшін Санта Гертруда тұқымының «Жетісу» етті малының аймақтық түрін жасады.
Сүт және сүт-ет бағытындағы ірі қара малды жасанды ұрықтандыруды жақсарту бойынша белгілі жұмыс жүргізілуде. Өткен жылы барлық аналық мал басының 67, 6 пайызы жасанды ұрықтандырумен қамтылды.
3. Өндірістер бағдарламасы
1-кестеде өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы берілген.
Сату бағдарламасы жасалған келісімшарттар жолымен, маркетингтік зерттеулер, сондай-ақ жарнамалық акциялар арқылы жүзеге асырылатын болады.
Бағаны қалыптастыру кезінде тұтынушылардың ерекшеліктері ескерілді, атап айтқанда:
- халықтың орташа табысының деңгейі.
Бағаны қалыптастыру нарықтық бағаларға негізделген.
Сиыр етінің бағасы нарық бағалары ескеріле отырып жасалды ("Қазагромаркетинг" АҚ сайты .
Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ, өйткені инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі кәсіпорын қызметтері бағасының ұлғаюына әсер ететін болады.
4. Маркетингтік жоспар 4. 1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасыҚазақстанда ет бағытындағы мал өсіретін 81 асыл тұқымды зауыт пен шаруашылық жұмыс істейді, соның ішінде облыста - 25 асыл тұқымды шаруашылық, оның 3-уі асыл тұқымды зауыт. Мың асыл тұқымды мал, соның ішінде 30 мың сиыр бар, бұл тауар өндіруші шаруашылықтардың контингентті шығаруда пайдалану үшін қажетті бұқаларды алуға деген қажеттілігін толық қанағаттандырады.
Алайда аналық мал басына деген сұраныс әлі қанағаттандырылған жоқ, өйткені көптеген асыл тұқымды шаруашылықтардың қызметі өз табындарындағы сиыр басын ұлғайтуға ғана бағытталған, оларда басы артық аналық сиырлар саны жетіспейді. Осыған байланысты асыл тұқымды базаны одан әрі кеңейту қажет болуда.
Республикада шамамен 6, 2 млн. бас ірі қара мал бар.
2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы республикада мал басы ұлғайды:
- ірі қара мал - 1, 1%, 6 160, 4 мың басқа дейін;
- соның ішінде сиыр - 2, 3%, 2 778, 8 мың басқа дейін;
- құс - 1, 1%, 33 036, 3 мың басқа дейін.
Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі
Семей қаласы агроөнеркәсіп кешенінде мал шаруашылығы жетекші орынды иеленеді. 2009 жылмен салыстырғанда мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 10, 4 % ұлғайды, ал ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлеміндегі меншікті салмағы 53, 5% жетті. .
Аталған көрсеткіштерге қол жеткізуге негізгі фактор жасалған сенімді азық-түлік базасы болып табылады. Нәтижесінде азық-түлік дақылдарының аймағы 214, 8 гектарға жетті, бұл жалпы егіс алаңының 23, 7% құрайды. Есептеуде әрбір шартты мал басына 13 центнер азық-түлік бірлігінен келеді.
Мал шаруашылығын дамытуда оң үрдіс байқалуда. 2010 жылы ірі қара мал саны 1, 4% өсіп, 819, 1 мың басты құрады, с оның ішінде 371, 1 мың бас немесе жалпы мал басының 45, 4% ет бағытындағы болып табылады.
1-сурет - Семей қаласы ірі қара мал басы, жылдың соңына, мың бас
Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі
2-суретте көрсетілгеніндей, Семей қаласы ірі қара мал басы жылдан жылға ұлғаюда.
2-сурет - ІҚМ басының жалпы санындағы Семей қаласы үлесі
Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі
Тұтастай республика бойынша жалпы ірі қара мал басының санында Семей қаласы үлесі 13, 3% құрайды. .
2010 жылы 174, 4 мың тонна ет өндірілді (тірі салмақта), немесе өткен жылға қарағанда 16% көп. .
3-сурет -Семей қаласы сойыс салмағындағы ет өндірісі, мың тонна
Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі
Суретте көрсетілгеніндей, Семей қаласы ет өндіру өсіп отыр. Мысалы, егер 2005 жылы 108, 7 тонна ет өндірілсе, 2010 жылы өндірілген еттің көлемі 60%-ға ұлғайып, мың тоннаны құрады.
4-сурет - Өндірілген еттің жалпы көлеміндегі Семей қаласы үлесі (2010 ж. ), %
Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі
Республика бойынша өндірілген еттің жалпы көлеміндегі Семей қаласы үлесі 2010 жылғы деректер бойынша 18, 6% құрайды.
Егер ет ресурстары құрылымына қарайтын болсақ жалпы көлемдегі сиыр еті 44, 8% (130, 7 мың тонна), құс еті 22, 3% (65, 0 мың тонна), б қой еті 17, 8% (52, 0 мың тонна), шошқа еті 8, 0% (23, 5 мың тонна) және жылқы еті 7, 1% (20, 7 мың тонна) құрайды.
5-сурет - Семей қаласы ет ресурстары құрылымы
Ақпарат көзі: Семей қаласы әкімінің ресми сайты
Семей қаласы барлық мал және құс түрлерін сойып сату өсіп келеді (5-сурет) . Үстіміздегі жылғы қыркүйек айында 2010 жылғы қыркүйек айындағы сияқты 34, 1 тонна ет сатылды.
6-сурет - Семей қаласы союға өткізілген мал мен құстың барлық түрі, тірі массада, мың тонна
Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі
Малға баға қою мынадай негізгі факторларға байланысты болады: циклділік, ет өндіру мен тұтынудың маусымдылығы, ауыру, ауыстырылған өнімді тұтыну, халықтың табысы, электр тасығыштар саны, мемлекеттік реттеу.
Ақпарат көзі: «Қазагромаркетинг» АҚ
Қазақстанның қалалары бойынша ІҚМ мен сиыр етінің ең жоғары бағасы Алматыда екенін кестеден көруге болады.
Осы есептер өндірілген еттің саны облыс пен астана халқының қажеттілігін толық қамтамасыз етіп отырғанын, бұдан басқа 27 мың тоннадан астам ет республиканың басқа өңірлеріне сатылатынын көруге болады.
4. 2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестерЖалпы облыста мал және құс өсірумен 4 590, соның ішінде орта және ірі тауар өндірісімен 177 ауыл шаруашылығы құрылымы айналысады. Олар ет өнімінің 43% өндіреді, ал қалған бөлігі халықтың жеке шаруашылығын үлесінде .
Қазір облыста 59 асыл тұқымды шаруашылық ірі қара мал өсірумен айналысады, соның ішінде 35 шаруашылық ет бағытындағы мал өсіреді.
Кәсіпорынның негізгі бәсекелестері ет өндіретін және құрамдастырылған бағыттағы фермалар болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz