Adobe pagemaker бағдарлмасының ерекшелігі


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдар факультеті

БАӨЖ

Тақырыбы: Adobe PageMaker бағдарлмасының ерекшелігі

Орындаған: Хибат. А

Топ: Жу-203

Тексерген: Тілеубердиев. Д. Р

Семей. қ 2015ж

PageМaker столдық баспа жүйесі мәтіндік ақпарат орын алатын газеттерді, журналдарды, кітаптарды және басқа баспа өнімдерін беттеу үшін қолданылатын қуатты баспа жүйелерінің бірі.

Бағдарлама PDF және HTML (Web тораптары үшін) пішімдеріндегі құжаттарды сақтауға мүмкіндік береді. Кешенге электрондық кестелерді құру бағдарламасы Adobe Table, АТМ шрифтерімен басқару бағдарламасы Postscript, Acrobat Reader құжаттарын оқу бағдарламасы PDF және т. б. пайдалы қабықшалар қатары қойылған. PageМaker-де түстермен жұмыс істеу тәсілдері ыңғайлы. Графикалық тәсілдердің мүмкіндіктері шектеулі. Құрылатын графикалық блоктар қисықтардың элементтерінен тұруы мүмкін емес. Жақтаулар стильдерін таңдау жеткілікті шектелген. Бағдарлама графикалық тәсілдердің минимальды жиынтығынан ғана тұрады деп айтуға болады.

Бірақ та PageМaker-де қабаттарды құру қасиеттерімен бейнелерді өңдеуге арналған сүзгілердің болуымен, импорт-экспорт сүзгілерінің жиынтығымен, мазмұн мен пәндік көрсеткіштерді құруда қуатты тәсілдерді иемденеді.

PageМaker бағдарламасының қызметі

Adobe PageМaker баспаға дейінгі дайындық саласында еңбегі сіңіп кең танымал қолданылатын компьютерлік беттеу жүйесін құрайды. PageМaker көмегімен іс жүзінде дайын мәтіндік және графикалық материалды, сондай-ақ бағдарламаның өз мүмкіндіктерін пайдаланып кез келген қиындықтағы қалыптарды (макеттерді) құруға болады. World Wide Web және басқа да тораптарда таратуға арналған. Бағдарлама мүмкіндіктерінің кең спектрі суретші-графиктерге және баспашыларға уақытты шығындамай кішкентай жарнама парақтарынан бастап, үлкен плакаттармен аяқталатын жоғары сапалы өнімдерді құруға мүмкіндік береді.

Бір беттік шаблондарды өзгерту арқылы беттер жиынтығының қалыптауын тез өзгертуге болады. Бір құжатта суреттемелі журналдарды шығаруда аса маңызды емес, бірнеше беттік шаблондарды беттерді әр түрлі етіп түрлендіруде қолдануға болады.

PageМaker трекинг және кернинг сияқты мәтіндердің атрибуттарын үлкен дәлдікпен беру мүмкіндігін береді, разрядкамен және қысылған шрифтермен басуға себебін тигізеді.

PageMaker бағдарламасының жемісті инсталляциялануы бағдарламалық қамсыздандыруға келесі минимальды талаптардың орындалуын талап етеді:

  • 486 процессоры (Pentium ұсынылады) ;
  • Windows 95, 98 операциялық жүйелері және т. с. с
  • 16 Мб оперативті жады (32 Мб ұсынылады) ;
  • VGA дисплейі (SVGA немесе VXGA аса жоғары рұқсаттары бар дисплей ұсынылады) ;
  • Бағдарламаның инсталляциялануы үшін қатқыл дискте 24 Мб бос орын (40 Мб ұсынылады) және қосымша виртуальды жады үшін 25 Мб (50 Мб ұсынылады) қажет;
  • компакт-дисктерді оқу құрылғысы;
  • тышқан.

Word және PageMaker бағдарламаларының айрықша функциялары

Қазіргі Word мәтіндік редаторы баспа басылымын беттеу үшін жеткілікті зор мүмкіндіктерді игерген: әр түрлі шрифтерді пайдалану, көпбағаналы беттеу, стильдерді қолдану, колонтитулдар құру, графикамен жұмыс және т. с. с

PageMaker 6. 5 және Word жүйелерінің беттеуге ұсынылған мүмкіндіктерін салыстырайық.

Бұлардың екеуіне де қатысты функциялар:

а) Емлені тексеру;

б) Мәтінді пішімдеу;

в) Көпбағаналы беттеу;

г) Графиканы импорттау;

д) Колонтитулдар қою;

е) Мазмұн құру;

ж) WordArt объектілерін құру;

з) Құралдар есебінде сызғыштарды және сурет салудың кіріктірілген құралдарын пайдалану.

PageMaker-дегі шрифтер

Шрифт деп мәтінді қандай да бір тілде өндіруге қажетті таңбалар жиынтығын атайды. Windows қолданбаларында үш түрлі шрифтер қолданылады: жүйелік, True Tуpe және PostScript.

Жүйелік шрифтер диалогтік терезелерде және менюде қолданылады және іс жүзінде баспа жүйесіне қатысы жоқ. Жүйелік шрифтердің сипаттамасы . fon кеңейтілуі бар файлдар аттарында сақталып және Windows/fonts қапшығында орналасады. Шрифтер тізімінде белгілеуі жоқ.

True Tуpe шрифтері офистік бағдарламаларда кеңінен қолданылады және өздерін лазерлік принтерлерде шығаруға жеткілікті жұмыстарда жақсы ұсынған. True Tуpe шрифтерінің гарнитураларын сипаттау файлдары . tif кеңейтілуі бар және Windows/fonts қапшығында орналасады. Шрифтер тізімінде Т Тбелгілеуі бар.

Баспа істерінде сипаттамалары PostScript тілдерінде құрылатын масштабталған шрифтер пайдаланылады. Бұл беттерді сипаттау тілі. Оның көмегімен мәтіннің мәтіннің параметрі векторлық графиканың басылған немесе бейнеленген бетте растрлық бейнелер сипатталынады. PostScript тілінде арнайы командалар мен математикалық теңдеулер қарастырылған, олардың көмегімен әріп нүктелердің жиыны түрінде немесе, олардың жиектеріне сәйкес келетін қисықтардың жиынтығы түрінде беріледі. Осыған байланысты шрифт кеглін өте үлкен шекте өзгертуге болады (4 тен 650 пунктке дейін) . PostScript шрифтінің бір ыңғайсызы ол екі бөліктен тұрады: экранның шрифті (шын мәнінде растрлық болып саналатын) және принтерлік. Шрифтің бейнесі лазерлік принтерде ғана емес, монитордың экранында болу үшін Windows ортасында Adobe Type Manager (ATM) бағдарламасын пайдалану қажет.

Графикалық бейнелердің пішімдері

PageMaker көптеген графикалық пішімдерді bmp, wmf, tiff және т. с. с., жиынын қолдауға қабілетті, бірақ Tiff және Eps пішімдерін қолданған кезде жақсы сапаны игереді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру бойынша дәрістер курсы
Adobe PageМaker туралы жалпы мағлұматтар
Баспа өнiмдерiн дайындауда қолданылатын программалар
Графиктік редакторлар
WEB беттері және онда қолданбалы программаларды оқытуды ұйымдастыру
Paint растрлық графикалық редакторы
Полиграфиядағы дизайн элективтік курсын оқытудың әдістемелік негіздері
Дербес компьютердің ақпараттық қамтамасыздандыруы
VGA графикасы, үшөлшемді бағдарламау және динамикалық бейнелеу
Macromedia Flash ММХ программасы көмегімен «Маркетинг негіздері» пәнінен электронды оқу-әдістемелік құрал жасақтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz