Тілді жоғары мектепте оқытудың ғылыми негізі



1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны
2. Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері
3. Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
4. Қазақ тілі және пәнаралық байланыс
Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны
Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Ол өз алдына дербес ғылым. Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психология және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері. Бұл проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді.
Зерттеудің теориялық әдістері. Ең алдымен назар зерттелетін құбылыстардың, процестердің заңдылықтарын жинақтауға, анықтауға, қалыптастыруға бағытталады. Соңғы жылдары оқыту әдістемесінде жүйелі құрылымдық әдіс қолдана бастады. Оның мәнісі - зерттеу өзара байланысты элементтерден құрылған біртұтас жүйелерінде қаралады, элементтер арасындағы өзара байланыстылық пен қарым-қатынасқа басты назар аударылады. Осыған сәйкес оқыту әдістемесінде мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты анықтау қажеттілігі туады (яғни оқыту мен білім алу), оқытудың мақсаттарымен, мазмұнымен, әдістері, құралдарымен, оқушылардың білімді қабылдауы, дамуы және тәрбиелену арасындағы байланыстарды анықтау қажет болады Оқытудағы жүйелі-құрылымдық әдіс сабақтың мақсатын анықтауды, осы мақсаттарға байланысты оқытудың мазмұнын, әдістері мен құралдарын сұрыптап ала білуді, сабақтың тиімділігін бағалауды көздейді. Жүйелілік әдіс мұғалімнің бағдарлама бойынша бірнеше сабақты жоспарлап, дайындалуына мүмкіндік береді, әр сабақтың өзіндік ерекшеліктері мен мақсаттары, мазмұны, оқыту әдістері жағынан, оқушылардың танымдық әрекетінің сипаты жағынан өзара байланыстылығы сақталады.
Қазақ тілі оқыту мақсаттары үш топқа біріктіріледі.
1. Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру; оқушының ана тілінен жақсы білім алуына мүмкіндік туғызу; тілдің қатынас құралы екендігіне көздерін жеткізу; түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар¬дың ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, онымен қаруландыру; оқушылар¬дың тіл мәдениетін қалыптастыру; өздігінен сөйлей, жаза білуге жол ашу.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

МӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ: Тілді жоғары мектепте оқытудың ғылыми негізі

ОРЫНДАҒАН: Жайсаңбаева А.Н.
6М011700 Қазақ тілі мен әдебиеті

ТЕКСЕРГЕН: Мұқанова Қ.Қ.
п.ғ.к

СЕМЕЙ - 2015

Жоспар:

1. Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны
2. Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері
3. Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
4. Қазақ тілі және пәнаралық байланыс

Қазақ тілін оқыту әдістемесі және оның зерттеу нысаны
Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Ол өз алдына дербес ғылым. Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психология және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері. Бұл проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді.
Зерттеудің теориялық әдістері. Ең алдымен назар зерттелетін құбылыстардың, процестердің заңдылықтарын жинақтауға, анықтауға, қалыптастыруға бағытталады. Соңғы жылдары оқыту әдістемесінде жүйелі құрылымдық әдіс қолдана бастады. Оның мәнісі - зерттеу өзара байланысты элементтерден құрылған біртұтас жүйелерінде қаралады, элементтер арасындағы өзара байланыстылық пен қарым-қатынасқа басты назар аударылады. Осыған сәйкес оқыту әдістемесінде мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты анықтау қажеттілігі туады (яғни оқыту мен білім алу), оқытудың мақсаттарымен, мазмұнымен, әдістері, құралдарымен, оқушылардың білімді қабылдауы, дамуы және тәрбиелену арасындағы  байланыстарды  анықтау қажет  болады Оқытудағы жүйелі-құрылымдық әдіс сабақтың мақсатын анықтауды, осы мақсаттарға байланысты оқытудың мазмұнын, әдістері мен құралдарын сұрыптап ала білуді, сабақтың тиімділігін бағалауды көздейді. Жүйелілік әдіс мұғалімнің бағдарлама бойынша бірнеше сабақты жоспарлап, дайындалуына мүмкіндік береді, әр сабақтың өзіндік ерекшеліктері мен мақсаттары,  мазмұны, оқыту әдістері жағынан, оқушылардың танымдық әрекетінің сипаты жағынан өзара байланыстылығы сақталады.
Қазақ тілі оқыту мақсаттары үш топқа біріктіріледі.
1. Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру; оқушының ана тілінен жақсы білім алуына мүмкіндік туғызу; тілдің қатынас құралы екендігіне көздерін жеткізу; түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар¬дың ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, онымен қаруландыру; оқушылар¬дың тіл мәдениетін қалыптастыру; өздігінен сөйлей, жаза білуге  жол ашу.
2. Тәрбиелік мақсаттар: оқушылардың тілдік құбылысқа көзқа-расын қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру; тілдің жан-жақты дамуына жасалып отырған жағдай қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру актісімен дәлелденіп, оқушылардың сенімін арттыру, көздерін жеткізу; оқушылардың салт-дәстүр сезімдерін қалыптастыру, қазақ тілі сабақтарында еңбек тәрбиесін уағыздап, еңбек ардагерлері жайындағы мағлұматтар арқылы еңбекке баулу.
3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту: ана тіліне деген қызығушылықты арттыру; оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу; оқушылардың тілдік проблеманы өздері шеше алатындай дәрежеде үйрету; тіл фактілеріне, құбылыстарына жан-жақты, жинақты түрде қарау қабілетін, өз бетімен тіл фактілерін талдау іскерлігін қалыптастыру.
Қазақ тілі пәнінің міндеттері: 1) Толық сауатты адамдар даярлау; 2) оқушылардың творчестволық күштерін, танымдық қабілетін, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Қазақ тілі мен басқа пәндер арасында, әсіресе, әдебиет, орыс және шетел тілі пәндерінің арасында, сондай-ақ тарих, география т.б. пәндері арасында тығыз байланыс болады. Бұл байланыс көбінесе тіл ұстарту мақсатында жұмсалады. Өйткені бағдарламада тіл ұстарту жұмысы тіл мен әдебиет пәндеріне ортақ. Бұл ортақтық мектепте бүкіл оқу мерзімі уақытында тіл ұстарту жұмысының жүйесін жасауға, оқушылардың сөздік қорын байытуға, олардың сөйлеуіндегі қателерді түзетуге мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәнерлеп оқу кезінде оқушылар жіберген қателерді үнемі түзетіп отыруға (дауыс ырғағын дұрыс қоя білу т. б.) жол ашылады.
Орыс және шетел тілімен байланыстылығы, алдымен, грамматиканы оқытудан байқалады: ана тілі мен орыс және шетел тілдерінде кездесетін ортақ грамматикалық ерекшеліктерді, ережелерді байқауға мүмкіндік туады. Ана тілі грамматикасы орыс және шет ел тілдерінің сәйкес, ұқсас грамматикалық заңдарын игеруге септігін тигізеді. Екі тілдің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты салыстырып ұғуға мүмкіндік береді. Орыс және шетел тілдерін оқу тіліміздегі басқа тілден енген сөздердің түп-төркінін білуге жәрдемдеседі.
Педагогикалық тұрғыдан ойлауды қалыптастыру үшін жоғары мектептегі оқыту процесінің дамуы мен мәнін, құрылымын, қисынын (логикасын) түсіну маңызды. Ол үшін оқыту процесінің негізгі құрылымдық бөліктерін бөліп алу қажет. Оқыту процесі - бұл мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттестігінің барысында окушыларға білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесінің құрылымдьң компоненттері мыналар: Мақсат. Педагог Оқушы, білім алушы. Оқыту әдістері. Оқытуды ұйымдастыру түрі. Алған білімді өмірде қолдана білу, нәтижесін көру. Педагогикалық диагностика. Негізгі қайшылықтар - оқыту процесінің қозғаушы күші. Оқыту - екі жақты процесс - оқыту және оқу. Оқыту - қоғамдық қарым-қатынастың субьектісі ретінде адамды дайындау қажеттілігінен туындаган әлеуметтік негізделген процесс. Бұдан шығатын қорытынды - оқытудың әлеуметтік қызметі әлеуметтік талаптарға сәйкес тұлғаны қалыптастыру. Тұлғаны калыптастырудың негізі, қайнар көзі - әлемдік мәдениет, адамзаттьщ ғасырлар бойы жинақтаған рухани және материалдық байлығы. Дидактикада И.Я.Лернердің тұжырымдамасы кеңінен қолдау тапқан: Білім Іс-әрекеттің әдістері. Шығармашылық тәжірибе Зерттелініп отырған обьектіге, сонымен бірге өз-езіне және басқа адамдарға деген эмоционалдық-құндылық қарым-қатынас, қоғамдық, ғылыми және кәсіби іс-әрекеттің себеп-салдары мен қажеттіліктері. Оқыту процесі - білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, тұлғаның дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс -әрекет барысы. Оқыту процесі - тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі. Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарып отырады. Оқыту - таным процесі. Оқыту - даму негізі. Оқыту - жоспарлы процесс. Оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл - ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, оқыту процесі - бұл білім алушы тұлғаны дамыту үшін мақсат көздеген, педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған, әлеуметтік жағынан қамтылған процесс. Оқыту процесін екі негізгі репродуктивті (шығаратын) және продуктивті (шығармашылық) вариантта жүргізген жағдайда білім мен іскерлік әдістерін меңгеруге болады. (В.И.Загвязинский). Кез-келген танымдық міндеттерді шешу өз табиғатында қарама-қайшылықты болып келеді. Осы қарама-қайшылықты шешу қызығушылық тудырады, белгілі бір іс-әрекетке жетелейді, белсенділік туғызады, міне, осылар оқыту процесінің қозғаушы күші болып табылады. Лекцияның негізгі дидактикалық максаты - студенттердің оқу материалын меңгеруіне қажетті бағыттаушы негізді қалыптастыру. Жақсы, дидактикалық мақсаттарға сай ұйымдастырған лекция лектордың аудиториямен шығармашылықтық тұрғыдан жасайтын қарым-қатынасы, оның танымдық эмоционалдық тұрғыдан тиімділігі жоғары болады. Егер студенттің ойлау қабілеті белсенді болса, онда жаңа материал оңай, әрі тез оқытады, соңдықтан, лекцияда тыңдаушылардың белсенділігі мен ойлау қабілетін тудыру қажет. Лекцияға қойылатын талаптар: Лекция мен лекция окудың адамгершіліктік, ізгіліктілік (гуманистік) жағы; Ғылымилығы мен ақпараттылығы; (қазіргі кездегі ғылыми деңгейі) Дәлдігі мен дәлелділігі; Түсіндірудің эмоционалдық жағы; Тыңдаушылардың ойлау қабілетін белсендіру; Қойылған сұрақтарға жауап берудегі құрылымы мен қисығының нақты болуы; Басты ой-пікір мен ережелерді бөліп алу; Тірек ұтымдарды бөліп алу, түсіндіру; Қорытындылау; Тілінің түсінікті және анық болуы; Басты, жаңа ұғымдар мен терминдерді түсіндіре білу; Мүмкіндігінше дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерді (аудио, видео, интерактивті мультимедиалық кұралдар т.с.с. ) пайдалану; Аталған талаптар лекцияның сапасын бағалау критерийлерінің негізі болып табылады. Лекцияның құрылымы және оның сапалылыгын бағалау Өзінің құрылымы жағынан лекциялар әртүрлі болып келеді. Оның құрылымы оқытылатын материалдардың мазмұны мен сипатына байланысты, бірақ, кез-келген лекцияға қолданылатын жалпы құрылым-дық форма болады. Ең алдымен лекцияның жоспарын хабарлап, яғни жоспармен таныстырып, сол жоспар бойынша жүйелі түрде сұрактардың мазмұнын ашуды қатаң түрде сактау қажет. Емтихан сұрақтарына кіретін негізгі, маңызды мәселелерге ерекше назар аударып, соларды жоспарға міндетті түрде енгізілуі шарт. Алдыңғы өтілген лекцияның мазмұнын еске түсіріп, оның жаңа материалмен байланысын, пәндегі және басқа ғылымдар жүйесіндегі орны мен қажеттілігін айтып өту керек. Тақырыпты ашу барысында индуктивті әдісті қолдануға болады: ғылыми қорытындыларға әкелетін мысалдар, фактілер; сол сияқты нақты мысалдар арқылы жалпы ережелерді түсіндіруде дедукция әдісін де қолдануға болады. Лекцияньщ соңында айтылған мәселелер бойынша қорытынды жасау лекцияньщ құңдылығын арттырады. Жоғары мектептегі дәстүрлі лекциялар ақпараттық болып табылады. *Лекциялар мазмұны, кұрылымы, сипатына қарай әртүрлі болып келеді. Бірақ, жалпы басшылыққа алатын әдістемелік ереже, қагидалар ортақ болады. Лекцияның үш түрі болады: І.Кіріспе. 2. Ағымдағы лекция. 3. Қорытынды, немесе шолу лекциясы. 1. Кіріспе лекция - мұнда пәннің мақсаты, ғылымдар жүйесінде алатын орны, сол мамандыққа қажеттілігі, яғни рөлі, мамандыққа қажет оқылатын басқа да пәндермен байланысы, сол пән ғылымының зерттеу пәні, әдіснамалық негізі, әдістер, мәселелер мен гипотезалар, даму перспективасы, іс-тәжірибесі, яғни практикамен байланысы, теориялық материалдар, даму тарихы, студенттердің болашақ мамандығына байланысы, пәнге байланысты оқулық, оқу-әдістемелік құрал, ғылыми әдебиеттермен таныстыру сияқты мәселелер сөз болады. Бұдан басқа пәнді оқып, меңгерудің, жүйелі түрде әдебиет пен конспектілермен жұмыс жасаудың әдістерімен таныстырған жөн. 2. Ағымдағы лекция - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін талдау оқыту әдістемесі
Орта мектепте оқыту процесінде көптілділікті дамыту мәселелері
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі
−орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі
Бастауыш сыныпқа ағылшын тілін оқытудың ерекшелігі
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Көптілді білім - көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Ағылшын тілін қарқынды оқытудың принциптері
Пәндер