Даралық – іс-әрекеттің әр түрлі түрлерінде шығармашылық субьектісі ретінде


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік мекемесі
СРС
Тақырыбы: Даралық - іс-әрекеттің әр түрлі түрлерінде шығармашылық субьектісі ретінде
Орындаған: Сәкенова А. Ж.
Группа: ПХ - 315.
Тексерген: Едігенова А. Ж.
Семей - 2015ж.
Жоспары:
- Даралық психологиясы
- Даралық іс-әрекеті
Даралық психологиясы - адамдардың даралық психологиялық және қылықтық айырмашылықтарын сипаттайтын, түсіндіретін және зерттейтін психология ғылымының саласы. Даралық психологиясы фрейдизмнен тармақталған, А. Адлер талдап-белгілеген психоанализ бағыттарының бірі. Даралық психологиясы тұлғаның құрылымы ерекше "өмір стилі" бес жасқа дейінгі бала кезден негізі қаланады дегенді негізге алады. Осының өзі оның одан кейінгі бүкіл дамуын анықтайды. Өзінің дене мүшелері жете дамымағандығы себепті балада кемсіну сезімі болады, оның оны ескеріп, өзін-өзі көрсету әрекетінде мақсат қалыптасады. Бұл мақсат шынайы болса, тұлға дұрыс қалыптасады, ал жалған болса, неврозды, әлеуметтікке қарсы болып қалыптасады. Ерте жаста туа біткен әлеуметтік сезім мен толыспағандық сезімі арасында қақтығыс пайда болып, өтем және астамдық өтем механизмдерін іске қосады. Осыдан барып жеке билік жүргізуге, басқалардан үстем болуға тырысушыпық, мінез-құлықтың әлеуметтік құндылық нормаларынан ауытқушылық туындайды. Психотерапияның міндеті - невроздық субъектінің өз мақсаттары мен түрткілерінің болмысқа сай емес екенін ұғынуына көмектесу, өзінің толыспағандығының есесін өтеуге тырысуы шығармашылыққа бағытталуына бағдарлау. Даралық психологиясы идеялары көптеген елдерде тұлға психологиясында ғана емес, әлеуметтік психологияда да тарап, топтық терапия әдістерінде пайдаланылды. Даралық психологиясы неофрейдизмді жақтаушыларға ықпал етті. Даралық психологиясының әдістемелік шектеулігі, ең алдымен, психикалық дамудың күн ілгері мәлімдігі туралы тұжырымдаманы қорғайды; бұл даму телеологиялық тұрғыда әу бастан терең негізделген мақсаттарды жүзеге асыратын даму деп ұғынылады. Даралық, жекелік, өзіндік қасиет (бір адамды басқа адамнан айырмашылығын көрсететін қасиеттер жиынтығы) ; Адамның индивидтік қасиеттерінің өзіндік бейнесі бар, басқа адамдардан ерекшелігі. Даралық психологиясы қазіргі кездегі бір тармағы даралық психотерапия - практикалық психология мен психотерапияның аумағы; әр клиентпен психологтің (психотерапевтің) жеке жұмыс жүргізуіне арналған психотерапиялық (психокорреакциялық) әдістердің жүйесі. Келесі тармағы дифференциалдық диагностика әр түрлі іс-әрекеттер мен құбылыстардан туындайтын нәтижелерді болжап, олардың мән-жайын танып білу
Начало формы
Конец формы
Даралық іс-әрекетінің стилі проблемасының зерттелуі ХХ ғасырдың 50-60 жылдарынан бастау алады. Ол әсіресе 80-ші жылдары қоғамның әлеуметтік саяси талаптарына байланысты дами бастады. Кез-келген ғылыми тұжырымдама сияқты іс-әрекеттің дара стиль тұжырымдамасы да өзінің қалыптасу даму сатыларынан өтті. Алдымен тұлғаның өмірлік жол стилі қарастырылды, одан кейін стиль адам тұлғасының сипаты ретінде дамыды. Сонымен бірге когнитивті стилдер зерттеле бастады. Стиль ұғымы ең алғаш 1956 жылы тұлғаның өмір жолының өзіндік дара сипатын түсіндіру мақсатында қолданылды (А. Адлер) . Адам ағзасындағы дара дефектілер, отбасы және одан тыс жерлердегі әлеуметтік қарым-қатынас барысында жіберілетін кемшіліктер, оның қоғамдағы әлеуметтік бағасының төмендеуіне немесе теріс бағалауға әкеп соқтырады. Сондықтан бала жастан бастап адам өз іс-әрекетінің дара стратегиясы мен тактикасын қалыптастыру арқылы өзі-өзін төмен бағалаудан қорғайды, толыққанды тұлға ретінде қалыптасуға әрекет етеді. Сол дара стратегия адамның дара стилін анықтайды. Адамның әлеуметтік толыққандылығын қорғап қалу үшін қолданылатын мақсаттар жүйесін А. Адлер стиль ұғымына сыйғызады. Адам стилі ағзаның ерекшеліктері және әлеуметтік жағдайлар арқылы қаланады. Адамның психологиялық тұрғыда қалай қалыптасқандығын, оның іс-әрекетінің даралығы қалай байқалатындығын зерттеу, талдау жасау арқылы ғалымдар оның түптамыры эго-жағдай және өмір сценарийі моделі ұғымында деген шешімге келген. Сценарий ұғымын 1960-шы жылдардың ортасында психологияға алғаш рет енгізген Э. Берн және оның әріптестері, әсіресе К. Стайнер болды. Э. Берн тағдыр ұғымының түбірінде адамның өмірлік жолы ұғымы жатқандығын айтады. Адам өз тағдырын өзі анықтайды, ол адамның ойлау қабілеті, айнала мен қоршаған орта және қоғамда болып жатқан құбылыстарға деген оның қарым-қатынасы, көзқарасына тікелей байланысты деп есептейді. Әрбір адам бала кезінде-ақ көбіне санадан тыс түрде өзінің болашағы жайлы толғанып, өмір жолының сценарийін өз миында тоқиды, белгілейді. Сценарий - бірте-бірте қалыптасатын, дамитын өмірлік жоспар. Ол жоспар ата-ананың ықпалымен бала кезде қалыптасады. Э. Берн өмірлік сценарий мен өмірлік жол ұғымдарында айырмашылық бар дейді. Ол өмірлік жол деп шын мәнісінде өмірде жүзеге асатын нәрсені айтады. Швейцарлық психолог Л. Зонди өз ғылыми бағытының негізіне «тағдыр» ұғымын алған (1947) . Ғалымның белгілеуі бойынша тағдыр ұғымы адамның өміріне байланысты барлық нәрсені қамтиды. Тағдыр психологиясына келетін болсақ, адам бала кезінде белгілі бір мәжбүрлеуге ұшырайды, алайда жасы ұлғая келе адам өз мүмкіндігіне қарай таңдау мүмкіндігіне ие болып, өз еркіндігін жүзеге асыра алады. Сондықтан тағдыр мәжбүрлі немесе еркін болады деп шешеді. Зонди мәжбүрлі тағдырға: тұқым қуалаушылықты (яғни ата-бабасынан қалған) ; қоршаған ортаны; бала дүниеге келген әлеуметтік ортаны жатқызады. Осыған орай Л. Зонди адам еркіндігінің психологиясын анықтады. Таңдау және шешу қабілеттеріне байланысты адам еркіндікке ұмтылады, ол табиғаттың құлы да емес, қоршаған әлемнің ойыншығы да емес. Сондықтан тағдырды психологтар адам тұлғасының өмір жолы деп қарастырып, оның дамуының екі варианты бар деп есептейді. Ресейлік психологияда іс -әрекеттің дара стилдері В. С. Мерлин мен Е. А. Климовтың еңбектерінде терең зерттелген. Олардың анықтауынша стиль деп іс-әрекеттің элементтерін емес, іс-әрекеттің әдіс-тәсілдер жүйесін айтады. В. С. Мерлин дара стиль мақсатқа жету үшін қолданылатын әрекеттің ерекшелігімен сипатталады. Е. А. Климов анықтауы бойынша іс-әрекеттің дара стилі көпқырлы: бұл әрекеттің практикалық тәсілдері, сондай-ақ психикалық іс-әрекетті ұйымдастыру жолдары және психикалық процестердің ерекшеліктері. Жалпы айтқанда дара стиль деп белгілі бір адаміс-әрекетінің өзіне тән белгілерінің жүйесін айту керек. Педагогикалық іс-әрекеттің даралық стилі деп педагогикалық әсер етудің формалар құралдарын қолдану барысында оның жеке қабілеттерін пайдалануын айтады. Кез-келген дарынды, шығармашылық сипатта қызмет істейтін адам - ол дара тұлға. Педагогтың кәсібін таңдаған әрбір адам сол кезеңде қалыптасқан тұлға, оның ішінде дара тұлға болып табылады. Педагогтың дара тұлғалық сипаты баланы шығармашылық тұрғыда тәрбиелеуге ықпал жасайды.
Педагогтың даралық стилі жайлы сөз болғанда, педагог өзінің дара ерекшеліктерін есепке алу арқылы педагогикалық әсер етудің әдіс-тәсілдерін таңдайтындығы айтылады. Сан алуан оқу-тәрбиелік міндеттерді бірдей міндеттерін таңдағанмен, тәжірибелі маман оны әр түрлі етіп жүзеге асырады. Осы орайда озық педагогикалық тәжірибені қолданудың ерекшелігін айтып кету керек. Озық тәжірибені енгізу барысында оның авторының тұлғалық ерекшеліктеріне мән берген жөн. Біреудің тәжірибесін айна-қатесіз көшірудің болашағы күмәнді, тіпті кейде теріс нәтиже беруі мүмкін. Өйткені педагогтың психологиялық даралығын қайталау, жаңарту мүмкін емес. Бұл тығыршықтан шығудың жолы педагогикалық тәжірибенің маңыздысын таңдап алып, оны өзінің педагогикалық даралығына қарай шығармашылық тұрғыда өзгерту, өңдеу қажет. Р. С. Немовтың анықтауынша педагог стилінің даралығы: темперамент арқылы (жұмыс жасау темпінің даралығы, реакцияның ұзақтығы мен жылдамдығы) ; белгілі педагогикалық жағдаятқа көрсетілетін реакцияның сипатына қарай; оқытудың әдістерін таңдауда; тәрбие құралдарын іріктеуде; педагогикалық қарым-қатынас стилінде; балалардың әрекетіне деген реакциясында; мінез-құлық ерекшелігінде; мадақтау мен жазалаудың белгілі бір түрін іріктеуде; оқушыларға педагогикалық-психологиялық әсер ету құралдарын қолдануда байқалады. Қарым-қатынас барысында студенттердің де оқытушылардың да дара психологиялық ерекшеліктері сол қарым-қатынастың қалыпты орнығуына кедергі жасайды. Бұл қиындықтар педагогтың қарым-қатынасты реттей алмаушылығынан өзінің ашушаңдық, эмоцияның артықтығы, сыншылдық, жақтырмау, сынды теріс қылықтарды көрсетуден туындайды. Кикілжіңді жағдаятта туындаған прблеманы тиімді шешу үшін кикілжіңнің табиғатын, оған араласқан адамдардың дара стилдерін есепке ала отырып, адам өзіне тән стиль түрін анықтап алу керек. Аталмыш стилдердің бес негізгі түрі бар.
Бәсекелестік стиль . Бәсекелестік стилін қолданатын адам өте белсенді, кикілжіңді шешудің өзіндік әдіс-тәсілдерін қолданады. Ол басқа біреумен бірлесіп әрекет жасауға талпынбайды. Олар көбіне: «Мені өзгелердің не ойлайтыны мазаламайды. Мен оларға проблеманы шешудің өзім таңдаған жолы бар екендігін дәлелдеймін» деген ұстанымда болады. Яғни, ол адам өзгенің талабын ысырып тастап, өз мақсатын қанағаттандыруға тырысады, өзгені сол шешімді қабылдауға мәжбүрлейді. Мақсатқа жету үшін ол өз ерік күшін аямайды, егер ерік күш деңгейі жоғары болса, ол өз дегеніне жетеді.
Жалтару стилі. Кикілжіңді жағдайдағы екінші стиль түрін қалайтын адам өз ұстанымын да дәлелдемейді, өзгемен де бірлеспейді, мәселені шешу барысында ол «бұғып қалады», жалтарып кетеді. Адам қарсыласының ұстанымын дұрыс екендігін мойындағанда немесе оның билігінің зор екендігін аңғарғанда осы стилді таңдаған жөн. Яғни, адам өзінің де өзгенің де мүддесін қанағаттандыруға тырыспайды, кез-келген себепті негізге алып, мәселеден жалтарып кетеді, оның шешімін мүмкіндігінше кейінге қалдырады. Егер адамда дәлелдеуге қажетті ақпарат аз болса немесе қарсыласы өте күрделі адам болса бұл стилді қолданудың тиімділігі мол. Бұл стиль дәл сол сәтте жағдайды шиеленістірмей, оны кейінге қалдырып, жауапкершілікті өзгеге арттыруға мүмкіндік береді.
Жалтару стилін қолданатын әдеттегі жағдаяттар: қалыптасқан жағдай өте шиеленісіп кеткендіктен оны сәл жұмсарту қажеттілігін байқағанда; мәселенің қалай шешілетіні өте маңызды емес болғандықтан, оған көп күш жұмсаудың қажеттігі болмағанда; адам шаршап-қажып тұрғанда, кикілжіңге келу сол жағдайды одан әрі қиындатып, шаршататын болғанда; кикілжіңді өз пайдасына шеше алмайтындай болғанда немесе шешуге ниетті болмаған жағдайда; ақпаратты толықтыру үшін уақытты қажет еткенде немесе өзгенің көмегін алу үшін уақытты создыру керек болғанда; кикілжіңді жағдаят өте күрделі, оның оң шешілуі көп қиындықтарға соқтыратынын білгенде; мәселені шешу үшін билік деңгейі қарсыласынан әлдеқайда төмен болғанда; мәселені дәл сол сәтте шешу қауіпті, себебі оның қыры-сыры ашылған сайын жағдаят күрделене түсетіндігін байқағанда. Кейбір психологтар бұл стилді жауапкершіліктен қашу деп айыптайды, дегенмен кейбір кикілжіңді жағдаяттарда тек осы стилді қолдану арқылы оның оң шешіміне қол жеткізуге болады.
Ыңғайлану стилі . Бұл стилді таңдаған адам өзгемен бірлесіп әрекет еткенмен, өз көзқарасын дәлелдеуге тырыспайды. Көбіне проблеманың шешімі ол адам үшін маңызды емес болғанда немесе оппоненттің билігі жоғары болып, ол адам нәтижеге жете алмайтындай жағдайда таңдалады. Егер мәселе сол адам үшін маңызды болып, өз мүддесінің қанағаттанбағандығын байқаса, бұл стилді таңдауға болмайды. Сонымен қатар оппонент оның қарсыласының мүддесіне көз жұмғандығын елемесе, оны бағаламаса бұл стилден аулақ болған жөн. Аталмыш стратегияны адам кикілжіңді сәл жұмсарту үшін қолданып, кейін уақыт өте келе өз ұстанымын қорғау үшін ол мәселеге қайта оралуына болады. Ыңғайлану стилі көбіне төмендегі жағдаяттарда қолданылады: болған нәрсе адамды қатты толғандырмайды; адам өзгемен достық қарым-қатынасты сақтап қалғысы келеді; адам өз мүддесін қорғаудан өзгемен өзара қарым-қатынасты қалыптастыруды маңыздырақ санайды; проблеманың шешілуі өзінен қарағанда өзгеге маңыздырақ деп есептейді; «ақиқат мен жағында» деп есептейді; жеңіске жету мүмкіндігі немесе билік оппоненттен төмен болғанда; өз мүддесінен өзгенің мүддесін жақтау кикілжіңге қатысушы адам үшін пайдалы сабақ болады деп есептейді. Өз көзқарасынан ауытқу, басқаның мүддесіне қарай ыңғайлану арқылы адам кикілжіңді жағдайды жұмсартып, үйлесімділік орнатуға ықпал жасайды.
Ынтымақтастық стиль. Даралық стилдердің төртінші түрі ынтымақтастық стилі деп аталады. Бұл стилді таңдаған адам өз мүддесін қорғай отырып, кикілжіңді жағдайда белсенді әрекет етеді, ол әрекет өзгемен ынтымақтастық жасау арқылы жүзеге асады. Адам алдымен екі жақтың да барлық қажеттілігін, мүддесін ортаға салады, сосын оның шешу жолдарын іздестіреді. Бұл стратегия екі жақтың да мәселені шешудегі мүдделерін қанағатандырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz