Міндетті әлеуметтік сақтандыру


Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Cемей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Міндетті әлеуметтік сақтандыру

Орындаған: Қайролла Е. Д.

Топ: ФН-305

Тексерген: Курманбаева Г. А.

Семей 2015 жыл

Жоспар:

  1. Кіріспе:Міндетті әлеуметтік сақтандырудың түсінігі;
  2. Негізгі бөлім:Міндетті әлеуметтік сақтандырудың түрлері мен қағидалары; Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының және алушының құқықтары мен мiндеттерiӘлеуметтік сақтандыру қорлары;
  3. Қорытынды.

Әлеуметтік сақтандыру -

  1. әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі нысандарының бірі;
  2. экономикалық тұрғыдан белсенді халықты жұмыстан, еңбек ету қабілетінен және табыстан айырылуға байланысты түрлі тәуекелден зиянды өтеудің ұжымдық ынтымақтастығы негізінде әлеуметтік қорғау нысаны;
  3. азаматтарды қартайғанда, сырқат, жазатайым оқиға салдарынан, бала туу себепті, т. б. мән-жайларға байланысты еңбекке уақытша немесе тұрақты жарамсыз болған жағдайда, сондай-ақ олардың денсаулығын сақтау, қорғау мақсатымен материалдық жағынан қамсыздандыру жүйесі.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру -азаматтарды еңбек ету қабілетін жоғалтуына және жұмысынан айырылуына, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандырының бірі. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметін қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған.

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесi - мемлекет белгiлейтiн және кепiлдiк беретiн, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың арасындағы қатынастарды реттейтiн нормалар мен қағидалардың жиынтығы.

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылар - төлеушi; өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы; алушы; Орталық; Қор; Қазақстан Республикасының Үкiмeтi; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi; өзге де уәкiлеттi органдар.

  1. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың түрлері мен қағидалары

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мынадай түрлерге бөлiнедi:

1) еңбек ету қабiлетiнен айрылған жағдай;

2) асыраушысынан айрылған жағдай;

3) жұмысынан айрылған жағдай;

4) жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдай;

5) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылған жағдай;

6) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдай.

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың негiзгi қағидалары мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарын сақтау мен орындаудың жалпыға бiрдейлiгi;

2) әлеуметтiк төлемдердi қамтамасыз ету үшiн қолданылатын шараларға мемлекеттiң кепiлдiк беруi;

3) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысудың мiндеттiлiгi;

4) осы Заңға сәйкес әлеуметтiк аударымдарды әлеуметтiк төлемдерге пайдалану;

5) әлеуметтiк төлемдердiң осы Заңда көзделген шарттар бойынша мiндеттiлiгi;

6) әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн саралау;

7) мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдардың қызметiндегi жариялылық.

2. 2 Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының және алушының құқықтары мен мiндеттерi

1. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының және алушының:

1) еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда (егер өтініш берген кезде адамның жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленсе), асыраушысынан айырылған жағдайда, жұмысынан айырылған жағдайда Орталықтың құрылымдық бөлімшелеріне немесе ХҚО-ға әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;

2) жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда Орталықтың құрылымдық бөлімшелеріне әлеуметтік төлем тағайындау туралы өтініш беруге;

3) мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуына қарамастан, осы Заңда көзделген тәртiппен Қордан әлеуметтiк төлемдердi алуға;

4) төлеушiден, Орталықтан және Қордан әлеуметтiк аударымдар мен әлеуметтiк төлемдердiң және аудару мен есептелуiнiң толықтығы және уақтылы болуы туралы, сондай-ақ әлеуметтiк төлемдердi тағайындау мен алу тәртiбi туралы ақпаратты сұратуға және тегiн алуға;

5) әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган мен осы тармақта көрсетілген өзге де мемлекеттік органдардың немесе ұйымдардың осы Заңда белгіленген әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын алуға құқықтарын шектеуге байланысты әрекеттеріне шағымдануға құқығы бар.

2. Өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы және алушы:

  1. әлеуметтiк төлемдер тағайындауға қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен табыс етуге;
  2. қате төленген сомаларды қайтарып алуға;
  3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қайта куәландырудан өтуге және қайта куәландырудан өту мерзiмдерiн сақтауға;
  4. әлеуметтік төлемдерді алу кезеңінде әлеуметтік төлемдер бойынша Қор міндеттемелерінің орындалуына әсер ететін барлық өзгерістер туралы, осындай өзгерістер туындаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Орталықтың құрылымдық бөлімшелерін хабардар етуге міндетті.

2. 3 Әлеуметтік сақтандыру қорлары

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категорияларының іс-әрекетінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің, атап айтқанда, оның құрамдастарының бірінің - жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін қаражаттардың негізгі көзімен - еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс істейді.

Әлеуметтік арналым қорларын қалыптастыруды екі қағидаты бар:

1) ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде; жұмыс істейтін ұрпақ жұмыс істемейтіндерді қамтамасыз етеді, ал, өз кезегінде, еңбекке жарамдылықтан айырылуына карай оларды еңбек қызметіне кірген жаңа ұрпақ ауыстырады. Бұл қағидатқа негізделген жүйе Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылды;

2) әлеуметтік қорларға, көбінесе әлеуметтік қорға азаматтардың дербес аударымдарының негiзiнде; бұл қағидаттың ic-әрекеті кезінде төлемақылардың мөлшері нақты тұлғаның бүкіл жұмыс істеген кезіндегі салған сомасына байланысты болады. Бұл қағидаттың ic-әpекетіне негізделген жүйе Қазақстандағы зейнетақы реформасының негізіне қойылған.

Бірінше қағидатқа негізделген және Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылған жүйе мынадай ерекшеліктермен сипатталады:

1) зейнетақымен қамсыздандыруға мемлекеттік монополия;

2) әлеуметтік қамсыздандыру қорларына түсетін міндетті зейнетақы жарналарының топтастырылуы;

3) жүйе ішінде қаражаттарды қайта бөлу.

Мұндай жүйе жоспарлы директивалық экономика, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен толық қамтылуы, мемлекет тарапынан жан-жақты бақылау, зейнеткерлерге жұмыс істейтін ха­лықтың жоғары ара қатынасы жағдайында тиімді болды. Өмip сүрген жүйе азаматтардың түрлі кәсіптік және әлеуметтік санаттарына арналған жеңілдіктердің көптеген түрлерінің болуымен сипатталады.

90-жылдардың басы мен ортасындағы экономиканың дағдарысы әлеуметтік сақтандыру жүйесінің де дағдарысына қозғау салды, бұл жарналарды төлеудің базалық көрсеткіштерінің кұлдырауынан да, сондай-ақ әлеуметтік қор­ларға оларды толық және уақытылы аударып отыруға төлеушілердің мүдделігінің болмауынан да әлеуметтік сақтандыруға төленетін жарналардың жиналымдығының төмен деңгейінде көрінетін еді; бұл зейнеткер мен жәрдемақылар алатындар алдында берешектігі үлкен көлеміне жеткізді; әлеуметтік қорлар қаражаттарының инфляциялық құнсыздануы зейнеткерлердің күнкөріс минимумдағы кажеттіліктерін қамтамасыз етпеді және қорлар қаражаттарының аса шектеулілігі жағдайында әлеуметтік төлемақыларды өңбойы индексациялап отыру кажеттігін тудырды.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақы реформасының негізіне қойылған екінші қағидаттың ic-әрекетіне негізделген жүйе мыналармен сипатталады.

1) зейнетақымен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;

2) зейнетақы қорын қалыптастыруға қатысқан 30 жастан төмен емес азаматтар үшін ең аз белгіленген күнкөріс минимумын сақтау жөніндегі мемлекеттік кепілдіктері;

3) зейнетақы жинақ ақшасын және әлеуметтік қамсыздандырудың басқа нысандарын межелеу;

4) зейнетақы қорланымдарын қалыптастыруға еңбек етуге қабілетті жастағы барлық азаматтардың міндетті қатысуы;

5) еңбек етуге қабілетті азаматтардың қартайғанда өзін зейнетақымен қамсыздандыру үшін жеке жауапкершілігі;

6) инвестициялаудың тиімділігін және зейнетақы жинақ ақшасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

7) жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қорланымдарға азаматтардың мұралану құқығын белгілеу;

8) қосымша epікті зейнетақымен қамсыздандыруға азаматтарға құқық беру;

9) зейнетақы жинақ ақшасын экономикаға инвестициялау, бұл оның

Қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп танылған неме­се кайтыс болды деп жариялаған) асыраушының - өзi үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушысының мына отбасы мүшелеріасыраушысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындалуға және алуға құқылы:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАЛПЫ САҚТАНДЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК –ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
Сақтық қатынастарының ақшалай сипаты
Еліміздегі сақтандыру ісінің құқықтық қамтамасыз етілуін жетілдіру бойынша ұсыныстар
Туроператордың және турагенттің, жеке нотариустардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру
Әлеуметтік сақтандырудың экономикалық мәні
Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесі
САҚТАНДЫРУ ҚҰҚЫҒЫ пәнінің ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ
Әлеуметтік сақтандыру қорлары
Сақтанушы мен сақтандырушы
Сақтандыру сыйақылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz