Фразеологизмдердің семантикалық категориялары. Фразеологизмдердің лексика-семантикалық тақырыптары және грамматикалық ерекшеліктері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Тақырыбы: 1. Фразеологизмдердің зерттелу тарихы; 2. Фразеологизмдердің тілдік бірлік ретінде танылуы; 3. Фразеологизмдердің семантикалық категориялары; 4. Фразеологизмдердің лексика-семантикалық тақырыптары және грамматикалық ерекшеліктері.

Орындаған: Бахытбекова М. Б. ІІ курс

студенті, Фи-403 топ.

Тексерген: Қалиева С. Е., ф. ғ. к., доцент.

Семей, 2015

Фразеология тіл білімінің жеке саласы ретінде 20 ғ. -дың 40 жылдары Кеңес тіл білімінде қалыптаса бастаған. Оның теориялық негіздері 19 ғ. мен 20 ғ. басында орыс ғалымдары А. А. Потебня, А. А. Шахматов, Ф. Ф. Фортунатов т. б. Фразеологияның сол кезде дамуына француз ғалымы Ш. Балли еңбектері елеулі ықпал жасады. 20 ғ-дың 40-50 жылдарында В. В. Виноградов еңбектерінде фразеологияның негізгі ұғымдары, құрылымы, міндеттері анықталады, орыс тілінің фразеологизмдері семантикалық жағынан алғаш рет

топтастырылды. Оның идеясын Н. М. Шанский ары қарай дамытты.

Қазақ тіл білімінде фразеологизмдердің арнайы зерттелуі 20 ғ. 40-жылдары І. Кеңесбаев еңбектерінен басталады. І. Кеңесбаев қазақ тіл білімінде фразеологияның негізін салды. 1977 ж. оның көпжылдық зерттеулерінің нәтижесі ретінде «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» атты көлемді еңбегі жарық көрді, онда 10 мыңнан аса фразеологизм қамтылған.

1988 ж. Х. Қожахметова, Р. Е. Жайсақова 2300-ден артық фразеологизмдерді қамтитын орррысша-қазақша сөздік шығарды. Онда қазақтың ұлттық менталитетін, ерекшелігін білдіретін, көркем әдебиетте, сөйлеу тілінде жиі қолданылатын айқын, мәнерлі фразеологизмдер орыс фразеологизмдерімен салыстырылып берілген.

1989 ж. М. М. Копыленко мен М. Балақаевтың жетекшілігімен дайындалған орысша-қазақша фразеологиялық сөдікте өздеріне тән тұрақтылығы немесе идиомалылығы жағынан тәуелсіз номинативтік бірліктер болып табылатын 4200-ден аса лексемалық тіркестер қамтылған.

Г. Смағұлова фразеологизмдердің мағыналас жеке топтарын арнайы зерттеп, 3 мыңға жуық мағыналас фразеологизмдерді қамтитын сөздік жасаған. Сөздікте мағыналас фразеологизмдердің 14 тобы талданған. [1, 218-219]

І. Кеңесбаевтың авторлығымен шыққан «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» қазақ фразеологиясына ғана емес, қазақ тіл біліміне де қосылған елеулі үлес. І. Кеңесбаев аталған сөздіктегі қазақ тілінің фразеологизмдері туралы жазған мақаласында фразеология туралы: «Тіл-тілдің өзіне тән ұлттық қасиеті оның барлық тарауларынан (ярустарынан) байқалатыны мәлім. Сол қасиет, әрине, тиянақты сөз тіркестерінен де анық көрінеді. Тіл байлығын сөз еткенде сөз байлығы (лексикалық қор) деген топқа осы сөздікте қамтылған алуан түрлі фразеологизмдерді жай, жалпылай жатқыза салуға болмайды. Басқаша айтқанда сөз байлығын тексеретін тіл білімі саласын л е к с и к о л о г и я деп атайтын болсақ, фразеологизм байлығын тексеретін тіл білімі саласын ф р а з е о л о г и я деп атау әбден орынды», - деп жазады.

Қазіргі қазақ тіл білімінің бір саласы ретінде танылып отырған фразеология - құрылымы мен құрамы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын бейнелі тұрақты тіркестердің қазіргі жай-күйін және тарихи қалыптасуын зерттейді. Фразеология жеке лингвистикалық пән ретінде XX ғасырдың 40 жылдары қалыптасты. Фразеологияның теориялық негізін қалаушылар ретінде француз ғалымы Ш. Баллиді, Ресей академигі В. В. Виноградовты атауға болады. Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиев «Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» атты еңбекте: «Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш белгісі бар. Олар: 1) даяр қалпында жұмсалу белгісі, 2) мағына тұтастығы, 3) тіркес тиянақтылығы», - деп жазады.

Г. Смағұлова: «Тұрақты тіркестер қазақ лексикасының ең өнімді бай қабатын құрайды. Осындай ұлан-ғайыр тілдік қордың ішінде кездесетін фразеологиялық факторлар табиғи тіл дамуының ажырамас көрсеткіші болуы керек. …Жалпы фразеологизмдердің пайда болуы, жасалуы туралы сөз қозғалғанда осындай образдылықтың адамның жан-дүниесіне әсері, одан шығатын эмоциялық қорытынды үнемі тұрақты сөз тіркестерінің ерекшеліктерін айқындайтын талаптар екенін ескерсек, онда синоним фразеологизмдердің қатарларының өсуі мен кемуінің себептерін те іздеген жөн», - деп жазады.

Ө. Айтбаев еңбегінде фразеологизмдер және олардың зерттелу жайы, фразеологиялық бірліктердің қызметі және эмоционалдық-экспрессивтік бояуы, фразеологизмдерді аудару мәселелері, бейнелі сөз тіркестерінің көркем шығармалардағы стильдік қызметі және оларды аударудың кейбір амалдары т. б. да мәселелерге назар аударады. Фразеологиялық бірліктердің эмоционалды мән беруі туралы: «Қандай тілде болмасын фразеологиялық единицалар астарлы, образды мағынада қолданылады. Олардың қай-қайсысында да мәнерлеп, бейнелеп айту қызметі күшті. Кейбір жеке сөздердегі тәрізді, тұрақты сөз тіркестерінде де эмоциональдық-экспрессивтік бояу мол. Көбіне осы өзгешелік басым. Яғни фразеологизмдердің көпшілігі айрықша образды, экспрессивті қызмет атқарады. Экспрессивтік-эмоциональдық бояуы бұрыннан бойында бар фразеологиялық единицалар көркем қолданылып, сөйлеушінің адамзат, құбылыс турасындағы өз көзқарасын мәлім етеді. Экспрессивті тұрақты тіркестер сезімге айрықша әсер етеді», - деп жазады. [2]

Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді топтастыруда екі пікір бар:бірі-І. Кеңесбаевтың топтастыруы; екіншісі-В. В. Виноградов пен Н. М. Шанскийдің үлгісі бойынша жасалған топтастыру. І. Кеңесбаев фразеологизмдердің мағыналық тұтастығына қарап, фразеологизмдерді екі топқа бөледі:фразеологиялық түйдек және фразеологиялық тіркес, бұлардың алғашқысын идиома, кейінгісі фраза деп аталады.

І. Кеңесбаевтың фразеологизмдерді топтастыруды 1940 жылдан 1970 жылға дейін қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді бірден-бір топтастыру ретінде пайдаланып келді.

1970 жылдардан бастап В. В. Виноградов пен Н. М. Шанскийдің үлгісі бойынша фразеологизмдердің біртұтас мағынасы мен құрастырушы сыңарлары мағыналарының арақатынасы тұрғысынан қазақ тіліндегі фразеологизмдерді төрт топқа бөлу тәжірибесі қалыптасты.

Олар:фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тіркес, фразеологиялық сөйлемше.

1) Фразеологиялық тұтастық. Бұған құрамындағы сөздер бір-бірінен ажырамастай болып жымдасқан, өздерінің лексикалық мағыналарын жоғалтқан, семантикалық жағынан біртұтас фразеологизмдер жатады. Мысалы:жүрек жұтқан, қой аузынан шөп алмайды, жігері құм болды т. б. Фразеологизмдердің бұл түрі жалпы тіл білімінде идиомалар деп аталады, бұлар І. Кеңесбаевтың топтастыруында фразеологиялық түйдек деп берілген.

Кейбір фразеологиялық тұтастықтардың еркін сөз тіркестерімен омонимдес болып келуі мүмкін. Мысалы, Жұмысқа ат үсті қарауға болмайды дегендегі

ат үсті деген тіркес «жеңіл-желпі» деген мағынада фразеологиялық тұтастық болып саналады

2) Фразеологиялық бірлік . Бұған фразеологизмді құрастырушы сыңарларының біртұтас ауыс мағынаға ұласуынан туған, бірақ ішкі формасының айқындылығын сақтаған фразеологизмдер жатады. Бұлар да фразеологиялық тұтастықтар сияқты семантикалық жағынан ажырамайтын, құрамы тұрақты, идиомар сияқты біртұтас тіл бірліктері болып табылады. Басқаша айтқанда, фразеологиялық бірліктердің негізінде еркін сөз тіркестері жатыр, еркін сөз тіркестерінің ауыс мағынада айтылуынан туған бейнелі мағыналардан фразеологиялық бірліктер жасалған. Мысалы, «көзін жойды»мағынасын білдіретін тамырына балта шапты фразеологизмінің негізінде «ағаштың тамырына балта шапты»деген еркін тіркес мағынасының бейнелі туынды мағынаға ауысуы себеп болған.

Фразеологиялық бірлік пен І. Кеңесбаевтың фразалық тіркес деп топтастыруы бір-біріне сәйкес. Бірақ жіктеу принципінде айырмашылық бар. І. Кеңесбаев фразалық тіркесті анықтауда еркін тіркестердің құрамындағы сөздердің негізгі мағынасынан түгелдей емес, жарым-жартылап айырылатынына сүйенген, ал фразеологиялық бірлікті анықтауда еркін тіркестердің құрамындағы сөздердің тұтас қалпында бейнелі мағынаға ауысатыны негізге алынған.

3) Фразеологиялық тіркес. Бұған құрамындағы ерікті мағынасындағы сөз бен байлаулы мағынасындағы сөздің тіркесуінен жасалып, даяр қалпында қолданылатын фразеологизмдер жатады. Мысалы, қолаң шаш фразеологизмінің құрамындағы шаш сөзі ерікті мағыналы сөз, себебі ол басқа да бірқатар сөзбен тіркесе береді:сүмбіл шаш, сұлу шаш, бурыл шаш, әдемі шаш т. б., ал қолаң сөзі кез келген сөзбен тіркесе бермейтін, осы мағынасында тек шаш сөзімен тіркесетін мағынасы байлаулы сөз. Түлен түртті фразеологизміндегі түртті сөзі де ерікті мағыналы сөз, ол сайтан түртті, қолмен түртті, көзге түртті т. б.

Фразеологиялық тіркестердің тағы бір ерекшелігі, олардың құрамындағы байлаулы мағынадағы сөздерді оларға синоним болатын сөздермен ауыстыруға болады. Мысалы, қоян жүрек-су жүрек, құла түз-жапан түз. т. б.

4) Фразеологиялық сөйлемше. Оған құрамы мен қолданылуы тұрақты, біртұтас бейнелі мағынасы ерікті сөздердің тіркесуінен жасалатын, құрылысы сөйлемге ұқсас фразеологизмдер жатады. Бұлардың фразеологиялық сипаты сөйлеу үстінде қалыптаспай, даяр, орнықты қалпында қолданылатындығына, ал сөйлемше деп аталуы құрылымы жағынан сөйлемге ұқсастығына байланысты. Мысалы:су сепкендей басылды деген фразеологиялық сөйлемше су сепкендей басылды деген фразеологиялық сөйлемше су сепкендей, сепкендей басылды деген екі еркін тіркестен, күле кіріп, күңірене шықты -екі еркін тіркестен, құланның қасынуына, мылтықтың басуы -екі еркін тіркестен құралып, сөйлем түрінде айтылып тұр.

Фразеологиялық сөйлемшелердің кейбіреулері құрмалас сөйлем іспеттес. Мысалы:үн жоқ, түн жоқ; апысы кіріп, күпісі шықты;

Фразеологизмдердің топтастырылуы

Тар мағынада
Кең мағынада
Тар мағынада:

Фразеологиялық тұтастықтар

Фразеологиялық бірліктер

Фразеологиялық тіркестер

Фразеологиялық сөйлемшелер

Кең мағынада:

Қос сөздер

Қосар тіркестер

Коммуникативтік тіркестер

Номинативтік тіркестер

Мақал-мәтелдер

Қанатты сөздер

Жаңылтпаштар

Жұмбақтар

Көркем мәтін үзінділері

Фольклорлық тұрақты сөз үлгілері

Сәлемдесу жоралғылары

Мақал-мәтелдердің фразеологизмдерге қатысы

Мақал дегеніміз-халықтың ғасырлар бойғы дүниетанымы, тәжірибесі жинақталып берілген, мазмұны жағынан ғибрат, өсиет сияқты, ізгі қасиеттерді уағыздайтын, құрылымы жағынан әрі көркем, әрі ырғақты, ықшам нақыл сөз. Мысалы:су басынан бұзылады, балық басынан шіриді;

Мәтел халық даналығынан туған, мағынасы уағыз, өсиетке негізделген, құрылымы көркем, әрі ықшам сөз үлгісі. Мәтелдің мақалдан айырмасы- мәтелде айтылатын ой-пікір мақалдағыдай емес, негізінен жанама түрде астарлау, меңзеу түрінде беріледі.

Фразеологизмдердің көп мағыналылығы.

Көп мағыналылық жеке лексикалық бірліктерге ғана емес, фразеологизмдердің кейбір түрлеріне де тән. Мысалы, бір заттың илеуін жеткізіп, жұмсартуға байланысты туған иі қанды фразеологизмі шындық болмыстағы басқа бір затты, әрекетті әбден пісіріп жетілдіруге байланысты ауыс мағынада айтылып, көп мағыналылық сипат алған.

Мағыналас фразеологизмдер дегеніміз фразеологизмдердің бір-біріне мағына жағынан жуықтауы немесе сәйкес келуі. Мысалы:біреуден, бір нәрседен қашты мағынасындағы:азар да безер болды - ат-тонын ала қашты - бойын аулақ салды; т. б.

Фразеологиялық варианттар дегеніміз-мағына тұтастығын сақтаған фразеологизмдердің лексика-грамматикалық түрлері. Мысалы:тепкі көрді-соққы көрді, бағы ашылды-бағы жанды т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фразеологизмдер
Фразеологизмдердің зерттелу тарихы
Етістікті фразеологизмдердің грамматикалық ерекшеліктері
Көркемдік тәсілдер арқылы жасалған фразеологизмнің лексикалық варианттары
Сын есім компонентті фразеологизмдер
Сөздің варианттылығы тілдің табиғи ерекшелігінен туған лексика грамматикалық құбылыс
Фразеологизмдердің жергілікті тіл ерекшеліктеріне қатысы
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің өзіндік грамматикалық ерекшеліктерін олардың семантикалық құрылымы арқылы зерттеу, мәнмәтіндік өзіндік грамматикалық ерекшеліктерін сипаттау
Тұрақты сөз тіркестері
Фразеологизмдердің зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz