Табиғатты қорғау іс-әрекетінің заң шығарушы және нормативті құқықтық базасы. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ҚР заңы



1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер қойнауын, суларын, ормандарын және өзге табиғи ресурстарын пайдалану және қорғау жөнiндегi қатынастар осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледi.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мүлiктiк қатынастар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледi.
4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ҚР заңы
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) биологиялық ресурстар – экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар генетикалық ресурстары, организмдерi немесе олардың бөлiктерi, таралымдары немесе кез-келген басқа биотикалық құрамдас бөлiктерi;
2) бөрене тілу – ағаш кесетін жабдықта бөренені тақтайларға және (немесе) басқа да ағаш өнімдеріне тілу;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақ – ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер учаскелерi, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгi;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi – өздерiндегi барлық географиялық аймақтардың табиғи кешендерінiң репрезентативтiк өкiлдiгiн қамтамасыз ететiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әртүрлі санаттары мен түрлерiнің жиынтығы;
1.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175 Заңы

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КАФЕДРАСЫ

СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
СӨЖ
Тақырыбы: Табиғатты қорғау іс-әрекетінің заң шығарушы және нормативті құқықтық базасы. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ҚР заңы
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың негізгі категориялары

Орындаған: Жумагалиева Гүлнұр
Топ: Эл - 217
Тексерген: Профессор Cәрсембенова О

Семей 2015
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы
Қазақстан Республикасының заңнамасы
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер қойнауын, суларын, ормандарын және өзге табиғи ресурстарын пайдалану және қорғау жөнiндегi қатынастар осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледi.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мүлiктiк қатынастар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледi.
4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ҚР заңы
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) биологиялық ресурстар - экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар генетикалық ресурстары, организмдерi немесе олардың бөлiктерi, таралымдары немесе кез-келген басқа биотикалық құрамдас бөлiктерi;
2) бөрене тілу - ағаш кесетін жабдықта бөренені тақтайларға және (немесе) басқа да ағаш өнімдеріне тілу;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақ - ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер учаскелерi, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгi;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi - өздерiндегi барлық географиялық аймақтардың табиғи кешендерінiң репрезентативтiк өкiлдiгiн қамтамасыз ететiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әртүрлі санаттары мен түрлерiнің жиынтығы;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету (бұдан әрi - күзету) - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу, өрттiң алдын алу, анықтау және жою үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргiзiлуi мүмкiн iс-шаралар кешенi;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау (бұдан әрi - қорғау) - судың қолайсыз әсерiн жою, өсiмдiктердi зиянкестер мен аурулардан қорғау, жануарлар санын реттеу үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргiзiлуi мүмкiн iс-шаралар кешенi;
7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылау - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі мәніне тексеру және қадағалау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік қадағалау - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және қадағалау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша құқық шектеу, оның ішінде жедел ден қою сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;
9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару, бақылау және қадағалау, күзету және қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың функционалдық аймағы - жер қорғаудың және пайдаланудың белгіленген режимі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ учаскесі;
11) ерекше қорғалатын табиғи аумақты функционалдық аймақтарға бөлу - мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қорғау мен пайдаланудың оңтайлы режимін белгілеу мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақты функционалдық аймақтарға бөлу;
12) жаратылыстану-ғылыми негіздеме - мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-іздестіру) ұйымдары жүргізетін ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың немесе оның шекараларын өзгертудің орындылығын ғылыми бағалау;
13) интродукция - өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерiн олар мекендейтiн орта шегiнен тыс жерлерге әдейi көшіру немесе кездейсоқ көшіру;
14) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры - табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, ағарту, бiлiм беру, туризм және рекреация нысанасы ретiнде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, мемлекеттiк қорғауға алынған қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң жиынтығы;
15) мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi - ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, зоологиялық, ботаникалық және ландшафттық объектiлер мен олардың кешендерi, мемлекеттiк орман қорының ерекше бағалы екпелері, сулы-батпақты алқаптар, негізгі орнитологиялық аумақтар, бірегей табиғи су объектілері немесе олардың учаскелері, өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерi, өсімдіктер дүниесінің бірегей жеке-дара объектілері;
16) рекреациялық жүктеме - есепке алу кезеңінде немесе уақыт бiрлiгiнде демалыс түрiнiң жиынтық уақытын ескере отырып, жер ауданы бiрлiгiне шаққандағы демалушылардың бiр мезгiлдегi саны;
17) Табиғат жылнамасы - мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер ғылыми бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерi мен объектiлерiнiң жай-күйiне бiрыңғай әдiстеме бойынша жүзеге асыратын жүйелi байқаулар мәлiметтерiнiң жиынтығы;
18) табиғи кешендер - ерекше қорғауға жататын биологиялық саналуандық пен жансыз табиғат объектiлерiнiң жиынтығы;
19) табиғи кешендердi орнықты пайдалану - табиғи кешендердiң биологиялық ресурстарын ұзақ мерзiмдi перспективада биологиялық саналуандықтың сарқылуына әкеп соқпайтын жолмен және қарқынмен пайдалану;
20) табиғат қорғау ұйымдары - мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер (бұдан әрі - табиғат қорғау мекемелерi) және мемлекеттiк кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттiк зоологиялық парктер, мемлекеттiк ботаникалық бақтар, мемлекеттiк дендрологиялық парктер;
21) техникалық-экономикалық негіздеме - мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-іздестіру) ұйымдары жүргізетін ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың немесе оның шекараларын өзгертудің орындылығын экономикалық, экологиялық және әлеуметтік бағалау;
22) экологиялық дәлiз - тiрi табиғат объектiлерiнiң табиғи қоныс аударуын (таралуын) қамтамасыз ету және биологиялық саналуандықты сақтау үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерiмен жалғастыратын, қорғалатын жер және су объектiлерi учаскелерiн бiлдiретiн экологиялық желiнiң бiр бөлiгi;
23) экологиялық желi - өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге түрлерiмен экологиялық дәлiздер арқылы байланысқан және өңiрдiң табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтiк-экономикалық ерекшелiктерiн ескере отырып ұйымдастырылған әртүрлi санаттар мен түрлердегi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кешенi.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы
негiзгi принциптер
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негiзгi принциптер:
1) биологиялық саналуандықты, бiрегей және типтiк ландшафтарды сақтау мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн экологиялық желiнiң базалық құрамдас бөлiгi ретiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесiн дамыту;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау;
3) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры мен табиғи экологиялық жүйелердi сақтау;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылымды, мәдениеттi, оқу-ағартуды, бiлiм берудi, туризмдi дамыту мақсаттарында пайдалану;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудың ақылы болуы;
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық;
7) жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мiндеттердi шешуге қатысуы;
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;
9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы
қатынастардың объектiлерi
Табиғи кешендер, оның iшiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi, сондай-ақ осы жерлерде және басқа санаттардағы жерлерде орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектiлерi болып табылады.
5-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы
қатынастардың субъектiлерi
Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өздерiнiң құзыретiне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектiлерi болып табылады.
2-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР САЛАСЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ
Ескерту. 2-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін
қамтамасыз ету жүйесi
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету жүйесiне:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;
2) аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкiлеттi орган;
3) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар;
4) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және заңға тәуелді актiлерiмен айқындалған өздерiнiң құзыретi шегiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкiлдi органдары;
5) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және заңға тәуелді актiлерiмен айқындалған өздерiнiң құзыретi шегiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдары;
6) табиғат қорғау ұйымдары;
7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар кіреді.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы
мемлекеттік басқару
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқаруды:
1) Қазақстан Республикасының Президенті;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
3) аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган;
4) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар;
5) осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасының заңға тәуелді актілерімен айқындалған өз құзыреті шегінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдары жүзеге асырады.
Ескерту. Заң 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), жаңа редакцияда - 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретiне:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
2) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн иелену, пайдалану және иелiк ету құқығы;
3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органды айқындау;
3-1) өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін алып қоюға шешім қабылдау;
4) мыналарды:
республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн;
мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер учаскелерін құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру қағидаларын;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн;
биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретiн халықаралық және мемлекеттiк ұйымдардың, үкiметтiк емес ұйымдар мен қорлардың тiзбесiн;
республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту тәртібін;
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларын;
өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерінің тізбесін бекіту;
5) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге байланысты жағдайларда барлық санаттағы жерлерден жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшін беру және алып қою;
6) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту;
6-1) осы Заңның 23-бабының 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайларда ғана уәкілетті органның ұсынысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру және оның тәртібін бекіту;
6-2) жаратылыстану-ғылыми негiздемеге берiлген мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде, уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттiк қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту;
6-3) өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін алып қою туралы шешім қабылдау;
7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
8) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175 Заңы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың негізгі категорияларыҚазақстан Республикасының жер қоры дегеніміз - мемлекет меншігіндегі, оның аумағын түгел қамтитын жер шарының құрылықтағы бір бөлігін айтамыз.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 1 тарауының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді:
1. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
2. елді мекендердің ( қалалардың, ауылдың елді мекендердің) жері;
3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер;
4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы және тарихи мәдени мақсаттағы жер;
5. орман қорының жері;
6. су қорының жері;
7. босалқы жер.
Жерді осы аталған санаттарға жатқызуды, сондай-ақ жерді оның нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты бір санаттан басқасына ауыстыруды мемлекеттік органдар Жер Кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген, жер учаскелерін алып қою және беру жөніндегі өз құзіреті шегінде жүргізеді.
Қазақстан Республикасындағы жер қатынастарын Жер кодексі және соған сәйкес қабылданған басқа да Қазақстан Республикасының заң актілері реттеп отырады.
Жердің құқықтық қатынастары дегеніміз - жер заңдары ережелерімен реттелетін жерді иемдену, пайдалану және қорғауға, яғни жер заңының ережелеріне сәйкес пайда болатын, жүзеге асырылатын, өзгеретін және жойылатын немесе тоқтатылатын нақты қоғамдық қатынастарды құрайтын адамдардың ерікті қызметінің нәтижесі.
Жердің құқықтық қатынастарының субъектілеріне Қазақстан Республикасының жерге меншік құқығын жүзеге асырып отыратын өкілді және атқарушы органдар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар жатады. Оларға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік заңды ұйымдар мен жеке тұлғалар жатады. Жердің құқықтық қатынастарының объектілеріне жоғарыда көрсетілген жер қорының барлық санаттарындағы жерлер жатады.
Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі басты құралы, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кеңістіктік тұғыры, халықтың негізгі тіршілігі мен әрекеті жер болып саналады. Қазақстан Республикасының аумағы Еуразия материгінің ортасында орналасқан және жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында. Қазақстан Республикасының жер қоры 272,5 млн.га.
Соның ішінде, ерекше қорғалатын аумақтар 0,55%-ды алып жатыр.
1 Ерекше қорғалатын аумақтар ұғымы, түсінігі
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ -- ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.
Ерекше қорғалатын аумақ -- кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мүндай аумақтар тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендерi - ерекше қорғауға жататын биологиялық саналуандық пен жансыз табиғат объектілерінің жиынтығы.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік табиғи - қорық қоры объектілерінің маңыздылығына байланысты республикалық немесе жергілікті маңызы бар санаттарға жатқызылады.
Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимінің түрлеріне байланысты мынандай түрлерге бөлінеді:
мемлекеттік табиғи қорықтар;
мемлекеттік ұлттық табиғи парктер;
мемлекеттік табиғи резерваттар;
мемлекеттік зоологиялық парктер;
мемлекеттік ботаникалық бақтар;
мемлекеттік дендрологиялық парктер;
мемлекеттік табиғи ескерткіштер;
мемлекеттік табиғи қаумалдар;
мемлекеттік қорық аймақтары.
Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу
мақсаттарына және қорғалу режимінің түрлеріне байланысты мынандай түрлерге бөлінеді:
мемлекеттік өңірлік табиғи парктер;
мемлекеттік зоологиялық парктер;
мемлекеттік ботаникалық бақтар;
мемлекеттік дендрологиялық парктер;
мемлекеттік табиғи ескерткіштер;
мемлекеттік табиғи қаумалдар.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен ерекше
қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлері көзделуі мүмкін.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды республикалық маңызы бар санатқа жатқызуды - уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті маңызы бар санатқа жатқызуды - уәкілетті органмен келісе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары жүргізеді.
Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесін төмендетуге әкеп соғатын бір түрден басқа түрге ауыстыру, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан оның ерекше құндылығы мен бірегейлігі сипатының ішінара немесе толық жоғалуына байланысты жүргізіледі.
Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мртебесін төмендетуге немесе арттыруға әкеп соғатын бір түрден басқа түрге ауыстыру туралы шешімді жаратылыстану - ғылыми негіздеме жасалған мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негізінде:
республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
бойынша - уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі;
жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
бойынша - уәкілетті органмен келісе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы қабылдайды.
Қорықтар аймағы
Біз жұмыр жер бетінде өзге де алуан түрлі тіршілік иелерімен қатар мекендеп, өмір сүріп жатырмыз. Әрқайсысы өзінше бағалы саналатын олар адамзат игілігін құрайды. Қазақстанда жабайы табиғаттың аса ғажайып өңірлері - шаруашылық қызметінің кез келген түріне тыйым салынған қорықтар бар. Көрік-келбеті уыз қалпында сақталған мұндай табиғат алапта-ры сиреп, құрып кетуге айналған жан-жануарлар мен өсімдіктердің аса маңызды тіршілік ортасы болып табылады, сондай-ақ медициналық және басқа да ғылыми-зерттеулер үшін генетикалық қор, тірі лаборатория іспеттес. Биологиялық және ландшафтық орасан мол алуан түрлілік пен әсем табиғат көркі үйлесім тапқан бұл жерлер рухани және дене күш-қуатының қайнар көзі ретінде адамға қызмет етеді.
Қазакстан Республикасының Ерекше қорғауға алынған табиғи территориялар туралы заңы бойынша елімізде ерекше қорғалатын 13 табиғи территория анықталған. Қазіргі кезде Қазақстанда 9 қорық пен 5 мемлекеттік ұлттық табиғи парк, 66 қорықша, республикалық маңызы бар 26 табиғат ескерткіштері, 3 зоопарк, 5 ботаникалық бақ, бірнеше дендропарк, халықаралық маңызы зор 2 сулы-батпақты алқап, ерекше мемлекеттік мәні бар, ғылыми құндылығы айрықша 150 су көздері құрылып, жұмыс істеуде.
Қорықтар, қорықшалар, ұлттық парк және табиғат ескерткіштері алқаптары мемлекет территориясының 2,8%-ін алып жатыр. Барлық 9 қорық ғылыми және табиғат қорғау мекемесі мәртебесіне ие және республикада ерекше қорғауға алынған жоғары дәрежелі табиғи территория болып саналады. Олар дәл сол өңірге тән бірегей табиғат кешендерін қаз қалпында сақтау мақсатына қызмет етеді. Бұлардың ішіндегі ең көнесі батыс Тянь-Шань таулы аймағындағы көркем де келісті табиғат мүйісі - Ақсу мен Жабағылы өзендерінің бастауы маңындағы Талас Алатауының батыс сілемін қамтып жатқан Ақсу-Жабағылы қорығы болып табылады. Тянь-Шанның шығыс бөлігінде, Іле Алатауының тау жоталарында - Алматы қорығы, солтүстіктегі далалық өңірде - халықаралық маңызы бар су төңірегі құстарының көптеген түрі ұя салып, сулы-батпақты алқабын мекен еткен Қорғалжын қорығы орналасқан. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы сипаттамасы
Экологиялық құқықтың қоғамдағы ролі
Экологиялық құқықтық тәртіп пен табиғи объектілер мен ресурстарды қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша экологиялық құқық бұзушылықтар
Жер құқығы қатынастарының субъектілері
Экологиялық қылмыстардың түрлеі
Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану құқығы
Құқық негіздері Оқу құралы
Экологиялық кадастр - оқушылардың оқытушымен өзіндік жұмыстарын (дүрмектік) орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Пәндер