Организмнің арнйы және арнайы емес қорғаныс реакциялары. Қан топтарына сипаттама


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы : Организмнің арнйы және арнайы емес қорғаныс реакциялары. Қан топтарына сипаттама.
Тексерген: Зейнеттинова Д. Б. Орындаған: Отарғажыева А. А.
Тобы: ВС-403
Семей 2015
Иммунология арнайы ғылым, иммунитеттің түзілуін зерттейтін ғылым. Жеке ғылым ретінде ХХ ғасырдың 2-ші жартысында қалыптасты. Оған дейін иммунология микробиологияның және инфекциялық патологияның бір бөлігі болып келді. Иммунитет - адам ағзасының инфекциялық агенттерді қабылдамауы. Иммунитет 2 бөлінеді: жалпы жергілікті. Қорғаныштық қызметі ретінде микроорганизмдердің түріне байланысты әртүрлі антигендер бөледі. Осыған байланысты: антимикробты және антитоксикалық болып бөлінеді. Иммунитет бөлінеді: туа пайда болған жүре пайда болған Жергілікті иммунитет - патогенді әсерлерге кілегейлі қабат пен терінің жауап беруі. Жергілікті иммунитеттің негізгі механизмі - секреторлы антидене (Ig A) және фагоциттер атқарады. Жалпы иммунитет - ағзадағы ішкі ағзалардың ұйымдасқан қорғаныш қызметі Түрге байланысты иммунитет Түрлік иммунитет дегеніміз - генетикалық бекітілген қабылдамаушылық, жеке бір түрді. Мысалы: адамдар ауыратын аурумен жануарлар мүлдем ауырмайды. Жүре пайда болған иммунитет Жүре пайда болған иммунитет дегеніміз - адамның өмір сүру барысында пайда болады, ол ұрпаққа берілмейді. Табиғи жүре пайда болған иммунитет - бұл инфекциялық аурумен ауырғаннан кейін дамиды. Қоздырғыштың түріне және ағзаның иммундық жүйесіне байланысты. А) өмірлік (қызамық) Б) ұзақ уақыт (бөртпе сүзегі) В) қысқа уақыт (тұмау) Инфекциялық (стерильді емес) иммунитет - жүре пайда болған иммунитеттің ерекше формасы, инфекциялық аурудан жазылған соң да инфекциялық агент ағзада кездеседі. Жасанды жүре пайда болған иммунитет Жасанды жүре пайда болған иммунитет - вакцинация, серопрофилактика (сарысу енгізу) жүргізгеннен кейін дамиды. активті жүре пайда болған иммунитет - өлі немесе әлсіреген микроорганизмдер және олардың антигендерімен иммунизация жасаған соң дамиды. Иммунизациядан соң 1-2 апта өткен соң иммунитет қалыптасады, кейбіреулері жыл, ондаған жылдар немесе өмір бойы сақталады. пассивті жүре пайда болған иммунитет - дайын антидене енгізу, кейде сенсибилизирленген лимфоциттерді енгізеді. Бұл кезде иммундық жүйе пассивті түрде қалыптасады, иммундық жүйе керекті уақытынан кеш дамиды. Дайын антидене жануарлардан иммунизация жолымен алынады. Кейбір уақытта ағзаға дайын антидене енгізгенде кері әсерлері дамиды, сондықтан бұл препараттарды емдік мақсатта қолданады және жоспарлы иммунопрофилактикада қолданбайды. Қазіргі уақытта антитоксиндер кең қолданылады. Антитоксиндер - микроорганизмдердің токсинін ыдыратады. Пассивті жүре пайда болған иммунитет - тез дамиды, препаратты енгізгеннен соң бірнеше сағаттан соң дамып және тез жойылады. Инфекциялық агенттен ағзаның қорғаныш факторлары туа пайда болған (конституциональді) жүре пайда болған (индуцирленген) Туа пайда болған иммунитет механикалық физико-химиялық иммунобиологиялық Механикалық барьер. Адам ағзасын патогенді агенттерден тері және кілегейлі қабат қорғайды. Көптеген қоздырғыштар адам ағзасына тері және кілегейлі қабаттағы мирожарақаттар немесе қан соратын жәндіктер арқылы енеді. Физико-химиялық барьер. Әртүрлі терідегі бездердің бөлінділері. Кілегейлі қабатта ферменттердің секрециясы және антидене (лизоцим, сілекей, сурфактант) . Иммунобиологиялық барьер. Ішкі ағзалардың қорғаныштық қызметі - гуморальді және торшалыболып бөлінеді. Олардың негізгі қызметін комплемент және фагоцитирлеуші торшалар атқарады. Комплемент. Комплемент жүйесі - қан сарысуында кездесетін 26 ақуыз, қабыну процесінде гранулоциттер мен макрофагтар қатысады. Комплемент компоненттерінің негізгі механизмі - фагоцитозды қалыптастыру, микроорганизм клеткасының қабырғасының бүтіндігін бұзу және қабыну медиаторларының жауабын қалыптастыру. Комплемент компонентінің активтелу жолы классикалық жол алтернативтік жол Классикалық жолда комплементтің барлық 9 фрагциясы да қатысады (С1-С9), рет-ретімен. Алтернативтік жолда антидене қатысуынсыз өтеді және қысқа жол. Грам теріс бактерияларға тән. Грам теріс бактериялардың торша қабырғасындағы липополисахаридтің пропердин системасы арқылы тікелей С3 фрагцияға әсер етеді. Фагоцитирлеуші торшалар Фагоциттер тек қана қорғаныш қызметі ғана емес, сонымен қатар дренажды қызмет атқарады (өлген бактерияларды жояды) . Фагоцитирлеуші торшалар - полиморфты-ядролы лейкоциттер және макрофагты-моноцитарлы жүйедегі (моноциттер, тіндік макрофагтар) торшалар атқарады. Полиморфты - ядролық лейкоциттерде ядросы және көптеген ұсақ цитоплазматикалық грануласы болады (сондықтан оларды гранулоциттер деп атайды) . Боялуы бойынша 3 түрі бар: нейтрофильдер, эозинофильдер, базофильдер. Нейтрофильдер - жедел қабынуда пайда болатын негізгі торшалар, ересектерде олардың саны лейкоцитте көптеп кездеседі. Нейтрофильдердің негізгі бөлігі қанда 6-7 сағат циркуляция жасады. Қанда нейтрофильдер саны көбейсе қабыну реакциясы деп түсінеміз. Эозинофильдер - глисті инвазия. Гистаминді бұзады. Макрофаг және моноцит. Макрофагтар қанда 2-4 күн жүреді, негізгі қызметі фиксирленген тіндік қорғаныш. Альвеоларлы және өкпелік макрофагтар (интерстициальді), бауыр макрофагы (фон Купффер торшасы), дәнекер тіні (гистиоциндер), бүйрек (мезангиальді клетка) . Фагоцитоз. Фагоцитоз - микроорганизмдерді жұту және фагоциттерді бөлу процесі. Фагоцитоз төрт сатыдан тұрады: хемотаксис адгезия жұту фагоцитарлық реакцияның аяқталуы Хемотаксис - (грекше chemea - химия, toxis-мөлшерін келтіру) бөгде торшаны танып фагоциттердің соған қарай жылжуы. Адгезия - фагоциттердің бөгде торшаға жабысуы Жұту - бөгде торшаны жұтуы Фагоцитарлы реакцияның аяқталуы - бактерия жойылады немесе бұзылады. Кейбір бактериялар лизосомальді ферменттердің әсеріне тұрақты келеді, сондықтан бактерия өлмейді. Бұл жағдайда аяқталмаған фагоцитоз дамиды. Иммунологиялық ареактивтілік Арнайы иммундық жауап беруі. Антиген Антиген - бөгде зат, ағзаға енгенде иммундық жауап тудырады. Антигеннің ерекшелігі: бөгделілік жоғарғы молекулалық арнайлылық - арнайы антигенге қарсы арнайы жауап пайда болады. иммуногендік - иммунитет қалыптастыру қабілеті антигендік - аз немесе көп антидене тудыру қабілеті Антиген түрлері 1. толық антиген а) антидене тудырады б) дайын антиденемен байланысады 2. Гаптен немесе толық емес антиген - антигендік қасиеті бар, бірақ иммуногенділігі жоқ. Сондықтан оларды толық емес антигендер деп атайды. Адьюванттар - бір мезгілде антиген немесе гаптенмен бірге енгізгенде иммундық жауаптудыруын күшейтеді. Микробтардың антигендері О-соматикалық антиген - барлық микроорганизмдерде кездеседі. К-антиген (капсулалық) Н-антиген (талшықтардың антигені) Антигенді анықтау арқылы нақты диагнозды қоюға болады.
Қан топтарына сипаттама
Қан - ағзаның сұйық байланыс тіні арқылы қалыптасқан ішкі ортасы.
Қанның құрамы
Плазма мен жасушалардан тұрады (лейкоциттер, эритроциттер мен тромбоциттер) . Ол жүрек соғуы әсерімен тамырлар жүйесі бойынша айналады және дененің өзге тіндермен ұйқаспайды. Орташа есеппен, адамның жалпы салмағына шаққанда қанның жалпы үлесі 6, 5-7 % құрайды.
Қан плазмасы - құрамында су және басқа да заттар бар (ақуыздар және өзге де қоспалар) бар қанның сұйық бөлімі. Альбуминдер, глобулиндер және фибриноген плазманың негізгі ақуыздары болып табылады. Плазманың 85 % су құрайды. Органикалық емес заттар шамамен 2-3 %; катиондар (Na+, K+, Mg2+, Ca2+) және аниондар (HCO3-, Cl-, PO43-, SO42-) . Қан құрамындағы органикалық заттар (шамамен 9 %) құрамында азот бар (ақуыздар, аминоқышқылдар, несепнәр, креатинин, аммиак, пуриндік және пиримидингтік нуклеотидтердің алмасу өнімдері) және құрамында азот жоқ (глюкоза, майлы қышқылдар, пируват, лактат, тер, триацилглицеролы, холестерин) болып бөлінеді. Сонымен бірге, қан плазмасында газдар (оттегі, көмір қышқылды газ) және биологиялық белсенді заттар (гармондар, дәрумендер, ферменттер, медиаторлар) бар.
Қан Топтары - бір биологиялық түр дарабастары қанының иммуногенетикалық белгілері. Адамның қан тобы ұрықтың жатырда даму барысында қалыптасып, өмір бойы өзгермейді. Қан белогының құрамында агглютинин деп аталатын ерекше заттар болады. Олар a және b әріптерімен таңбаланады. Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Қан беретін адамды - донор (латынша «donore» - сыйлаушы), қабылдайтын адамды - реципиент (латынша «recepiens» -қабылдаушы) дейді. Қаны I топка жататын адамдардың қанын барлық топқа (I, II, III, IV) аз мөлшерде (200-300 мл) құюға болады. II топқа жататындардың қанын II және IV топқа береді. III топтағылардың қанын III, IV топқа, ал IV топтағылардікін тек IV топқа құюға болады (10-кесте) . Егер қан топтары сәйкес келмесе, эоитроциттер желімденіп қалады да, аяғы сәтсіздікке ұшырайды.
Қанды жеке топтарға бөлгенде эритроциттердің құрамындағы ерекше нәруызды антиденелердің мен плазмы құрамындағы ерекше нәруызды антиденелердің болуы қатаң ескеріледі. Егер "А" антингені мен "а" антиндесі мен "В" антингені мен "в" антинденесі кездесетін болса құйылған қандағы эритроцитердің желімденіп қан ұюы болады. қан тобы ешқашан өзгермейді және тұқым қуалайды.
Эритроциттер (қанның қызыл түйіршіктері) - формалық элементтердің ең көп тараған түрі. Жетілген эритроциттерде ядро жоқ және олардың формасы екі жағынан бүгілген диск тәрізді. Оның тіршілік ұзақтығы 120 күн, бұдан кейін байыр мен көкбаурда бұзылады. Эритроциттерде құрамында темір бар ақуыз бар - гемоглобин. Ол эритроциттердің басты функциясы - газдарды, алдымен оттегі тасымалдауды қамтамасыз етеді. Гемоглобин қанға қызыл түс береді. Өкпеде гемоглобин ақшыл қызыл түсті оксигемоглобинге айналып, оттегіні байланыстырады. Тіндерде оксигемоглобин оттегі шығарып, гемоглобинді қайта қалыптастырады және де қанның түсі қоңырлай бстайды. Гемоглобин тіндерден өкпеге оттегіден басқа карбогемоглобин түріндегі көмір қышқыл газды тасымалдайды.
Тромбоциттер (қан пластиналары) жасушалық мембранамен шектелген сүйек кемігіндегі ірі жасушалар (мегакариоциттер) цитоплазмасының фрагменттері болып табылады. Қан плазмасының ақуыздарымен бірге (мысалы, фибриноген) олар зақымдалған тамырдан ағып жатқан қанның ұюын қамтамасыз етеді, бұл арқылы ол ағзаны қан кетуден сақтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz