Шошқаның гигиенасы жайында



Шошқа шаруашылықтарының негізгі түрлері
Қабандар гигиенасы
Аналық шошқалардың гигиенасы
Торайлардың гигиенасы
Енесінен бөліп алынған торайлардың гигиенасы
Өндірістік және еттік бағыттағы шошқаларды күтіп.бағу, азықтандыру гигиенасы
Ұсынылған әдебиеттер тізімі.
Шошқа шаруашылықтарының негізгі түрлері. Шошқа шаруашылықтары негізінен үш бағытта жұмыс істейді: аяқталған өндірістік цикл мен, репродукторлы және ет өндіру.
Өндірістік процесстері жоғарғы дәрежеде механикаландырған және автоматизацияланған, өнім алынуы толық аяқталған циклмен жүргізілетін шошқа шаруашылықтарын ірілендірілген шошқа комплекстері деп атайды.
Мұндай комплекстердің негізіне шошқа еттерін үздіксіз (поток) өндіру технологиясы жатады. Ол кездерде малдарды технологиялық циклге байланысты бір орыннан екінші орынға, немесе бір қорадан екінші қораға ауыстырып отырады, яғни ұрықтандыруға жататын аналықтарды, буаз, қысыр шошқаларды, енесінен айырған және жас торайларды кезекті мезгілдерінде бір жерден екінші орынға орналастырып отырады.
Малдарды жұқпалы аурулардан сақтандыру үшін, оларды комплекстерде бөлектенген секцияларда ұстайды да, орын алмастыру кездерінде жасалған жоспар бойынша әр секцияны тазалап, дезинфекциялаудан өткізіп отырады. Шошқа фермаларының типі және размерлері, ұстау жүйелері, және қосымша салынатын объектілері әр шаруашылықтың бағытына, жер ораймен ауа райының ерекшеліктеріне байланыстырып алынады. Бағыты бойынша шошқа шаруашылықтары тұқымдық және өнімдік болып бөлінеді.
Тұқымдық бағыттағы фермалардың міндеті шошқаларды тұқымдық және өнімдік қасиеттерін жақсартып, басқа өнім өндіретін шаруашылықтарды жоғарғы өнімді малдармен қамтамасыз ету болып саналады.
Шошқа шаруашылығында технологиялық процесстерді белгілеу кезінде, малдарды ұстау жүйелердін, азықтандыру және өсіру жолдарын ескереді. Шошқа малдарын комплекстерде ұстау жүйелері үш түрлі: бір, екі және үш фазалы (сатылы) болады. Бір фазалы ұстау кезінде торайларды 21, 26, 36 тәулік жастарында енесінен айырып, сол станокта (орында) өсіріп, семіртіп, соңынан союға жібереді де, ал аналық шошқаларды ұрықтандыру қораларына ауыстырады. Мұндай ұстау тәсілі кезінде жас малдарды бір жерден бір жерге ауыстырып топтаудың нәтижесінен туатын стресс фактордан сақтандырады.
Екі фазалы жүйемен ұстау кезінде торайларды туғаннан бастап
Ұсынылған әдебиеттер тізімі.

1.Гершун В.И., Муслимов Б.М. Ветеринарная гигиена. Учебное пособие.Алматы,Қайнар, 1994.
2.Храбустовский И.Ф., Демчук В.М., Онегов А.П Практикум по зоогигиене. Уч.пособие Москва, Колос, 1984.
3 Мырзабеков Ж.Б. Сагындықов Қ.А. және т.б. Ветгигиена. Лабораториялық-практикалық сабақтардың методикалық нұсқаулары. Алматы, 2005
4.Кузнецов А.Ф., Демчук М.В и др. Гигиена сельскохозяйственных животных. Книга 1,2. Москва: Агропромиздат, 1991.
5.Мырзабеков Ж.Б., Сағындыков Қ.А. және т.б. Жалпы зоогигиена. Оқу құралы. Алматы, 1992.
6. Мырзабеков Ж.Б., Ибрагимов П.Ш. Ветеринариялық гигиена. Алматы, 2005
жолдары. Шетелдегі және ТМД елдеріндегі жылқы өсірудің озат тәжірибесі.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Шошқаның гигиенасы

Орындаған: Көкенаев.М.М
Тексерген: Cадуақасов М. С.

Шошқа шаруашылықтарының негізгі түрлері. Шошқа шаруашылықтары негізінен үш бағытта жұмыс істейді: аяқталған өндірістік цикл мен, репродукторлы және ет өндіру.
Өндірістік процесстері жоғарғы дәрежеде механикаландырған және автоматизацияланған, өнім алынуы толық аяқталған циклмен жүргізілетін шошқа шаруашылықтарын ірілендірілген шошқа комплекстері деп атайды.
Мұндай комплекстердің негізіне шошқа еттерін үздіксіз (поток) өндіру технологиясы жатады. Ол кездерде малдарды технологиялық циклге байланысты бір орыннан екінші орынға, немесе бір қорадан екінші қораға ауыстырып отырады, яғни ұрықтандыруға жататын аналықтарды, буаз, қысыр шошқаларды, енесінен айырған және жас торайларды кезекті мезгілдерінде бір жерден екінші орынға орналастырып отырады.
Малдарды жұқпалы аурулардан сақтандыру үшін, оларды комплекстерде бөлектенген секцияларда ұстайды да, орын алмастыру кездерінде жасалған жоспар бойынша әр секцияны тазалап, дезинфекциялаудан өткізіп отырады. Шошқа фермаларының типі және размерлері, ұстау жүйелері, және қосымша салынатын объектілері әр шаруашылықтың бағытына, жер ораймен ауа райының ерекшеліктеріне байланыстырып алынады. Бағыты бойынша шошқа шаруашылықтары тұқымдық және өнімдік болып бөлінеді.
Тұқымдық бағыттағы фермалардың міндеті шошқаларды тұқымдық және өнімдік қасиеттерін жақсартып, басқа өнім өндіретін шаруашылықтарды жоғарғы өнімді малдармен қамтамасыз ету болып саналады.
Шошқа шаруашылығында технологиялық процесстерді белгілеу кезінде, малдарды ұстау жүйелердін, азықтандыру және өсіру жолдарын ескереді. Шошқа малдарын комплекстерде ұстау жүйелері үш түрлі: бір, екі және үш фазалы (сатылы) болады. Бір фазалы ұстау кезінде торайларды 21, 26, 36 тәулік жастарында енесінен айырып, сол станокта (орында) өсіріп, семіртіп, соңынан союға жібереді де, ал аналық шошқаларды ұрықтандыру қораларына ауыстырады. Мұндай ұстау тәсілі кезінде жас малдарды бір жерден бір жерге ауыстырып топтаудың нәтижесінен туатын стресс фактордан сақтандырады.
Екі фазалы жүйемен ұстау кезінде торайларды туғаннан бастап бордақылаудың соңына дейін бір рет ауыстырады, яғни торайлары 26-36 тәуліктік жастарында енесінен айырады да, сол станокты өзгертпей, үш айлығына дейін сонда өсіріп, кейіннен бордақылау цехіне ауыстырады. Аналық шошқаларды қысыр-буаз шошқалар цехіне ауыстырады. Мұндай технология мен 12-24 мың бас шошқаларға арналған фермалар салынған.
Үш фазалы жүйемен ұстау кезінде торайларды 26-36, 45 тәуліктік жастарында (салмағы 6-18 кг) бөліп алып, ол тұрған цехінен өсіру цехіне ауыстырып 90-120 күндігіне дейін ұстап, кейін бордақылау цехіне жіберіп союға дейін семіртеді.

Шошқа малдарын ұстау тәсілдері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар:

Шаруашылықта барлық шошқа малдары жасына, жынысына, физиологиялық ерекшеліктеріне және бағытына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді.
* Қабан шошқалар: тұқымдық және күйті келген шошқаларды тексеруге арналған аталықтар;
* Аналық шошқалар: - Қысыр ұрықтанбаған (шағылыстан өтпеген) аналықтар;
* Буаз шошқалар үш түрлі боп топталады: ұрықтанғаннан буаздығы анықталғанға дейінгі, буаздығы анықталған, жеңіл буаз, және туарға 7-10 күн қалғандағы-ауыр буаз шошқалар;
* Торайлы аналықтар - торайлары бөлініп алынғанша;
Бордақылауға арналған шошқалар (ересек және жас) шошқа шаруашылықтарында, кәзіргі кезде негізгі шошқаларды ұстаудың екі тәсілі бар: серуенді және серуенсіз. Жер орайы, ауа райы және шаруашылықтың жағдайына байланысты шошқаларды жыл бойы қолда фермада немесе лагерлерде ұстап күтіп-бағады.

Қабандар гигиенасы
Қабандарға арналған қоралар максимальды сыйымдылығы 100 бастан көп емес есебінде салынса, әдетте қолдан ұрықтандыру пункітмен бірге тұрғызылады. Бұл ғимараттарда келесі бөлмелер қарастырылады: станоктар тұрған бөлме, төсеніш пен құрал-жабдықтарға арналған бөлме, қызметкерлерге арналған бөлме.
Қабандарды пайдалану тәртібін оның жасына, қоңдылығына, түріне және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып бекітеді.
Ірі шаруашылықтарда қабандарды интенсивті пайдалану 2,5-3 жылға дейін созылады.
Қолдан ұрықтандыру кезінде қабандарды пайдалану интенсивтілігі артады. Ұрықтандыру үшін пайдаланатын қабандарды жұқпалы аурулары жоқ шаруашылықтардан алады.
Күнделікті активті моцион қабандарды май басудан сақтап, ыстық белсенділікті және шүйе сапасын арттырады.
Жан-жақты азықтандыру шәует сапасын арттырады.
Қабандарға арналған рацион әртүрлі азықтардан құралуы тиіс. Рацин құрамында құрамды жем азықтар 70-80%, шырынды азықтар 10-15% , шөп ұны 3-5%, жануар текті азықтар 6-8% болуы керек. Сұйық азықтар қабандарға берілмейді. Қабанды мегежінге азықтандырған соң 1-2 сағаттан кейін қосады.
Қабандардың ерте жарамсыз болуының негізгі себептеріне моционның жеткіліксіздігі, жануарларды топтап ұстау және оларды еденде ұстау болып табылады.

Аналық шошқалардың гигиенасы
Аналық шошқаларды дұрыс азықтандыру және күтіп-бағу олардың денсаулығы мен өнімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Мегежін шошқалардың денсаулығы жақсы болса ғана олардың болашақ төлдерінің эмбрионалдық және постэмбрионалдық (туғаннан кейінгі) өсіп-жетілуіне тікелей әсерін тигізеді. Жас алғашқы торайлайтын мегежін шошқалардың жасы және салмағы зор рөл атқарады. Жас шошқаларды алғашқы шағылыстан өткізу мерзімі өнімдік фермаларда 10 айлығынан (салмағы 110 кг), тұқымы фермаларда - 11-12 айлығында (тірі салмағы -120-140 кг) бастаған ең қалыпты жас болып есептеледі. Жетілмеген жас мегежіндердің организмдегі жатырдағы төлдің өсуі мен сүт түзілу процесстері қатар жүреді де, аналық жүдеп арыйды, олардың желіндерінде сүт түзілу процесстері нашарлап, көбінесе туған торайлардың өсіп-жетілуі төмен болады.
Буаздық мерзіміне қарап мегежін шошқаларды жекелеп немесе шағын топтармен ұстайды.
Қалыпты жағдайда жыл ішінде әр мегежін шошқаны 2-2,2 рет тудырып орта есеппен 9-10 торайлардан, яғни жиыны 20-22 бастан алады. Буаз шошқалардың құнарлы заттарға сұранысы, олардың денсаулығын қалыпты жағдайда ұстап тұруға, жатыр ішіндегі ұрықтың өсіп-дамуына, олардың мүшелерінің қалыптасуына, желіндегі уыздың түзілуіне т.б. байланысты болады.
Ұрықтанған аналық клеткалар 3-5 тәуліктен соң жатырдың қабырғасына бекіп, ал плаценттің (төл сыртындағы қабаты-шуы) түзілуі буаздықтың 15-20 тәулігінде ғана жүреді де, бұл күндері жатырдағы төлдің қорғанысы нашар болып, шамалы сыртқы ортаның әсерінен (суық су ішу, суық өту, қысылып, соғылысу т.б.) іш тастау кездеседі.
Буаз шошқаларды торайлайтын орындарға кіргізердің алдында қораны мұқият тазалап, жабдықтарды дезинфекциялаудан өткізіп, дайындықтар жүргізеді.
Мегежін шошқаларды торайлардың алдында тексеруден өткізіп, әсіресе желін ауруына көңіл бөледі. Малдың желін ауруының негізгі көрсеткіштері байқалса (қызарған, ісік, қатайған т.б.) рационнан сулы азықтарды шығарып тастап, емдеу жұмыстарын жүргізеді.
Буаз шошқаларды тууына 5-7 күн, ал топтап ұстаған кезде10-15 күн қалғанда аналық шошқалардың қорасына ауыстырып, жекелеме станоктарға орналастырады.
Буаз шошқалардың тууына 4-5 тәулік қалғанда, олардың рационын біртіндеп азайтып, торайлайтын күніне қарсы 50 % қысқартады (жартылай аш рацион). Туғаннан соң аналыққа жылы су береді де, 10-12 сағаттан соң бидай кебегінен және сұлу жармасынан көже жасап (0,5-0,7 кг) тұз және мел қосып (20-30 г) береді. 5-6 сағаттан кейін туған шошқаларды екінші рет азықтандырады да, рационның көлемін біртіндеп көбейтіп 5-7 тәулікте толық рационға көшіреді
Аналық шошқалардың сүттілігіне және ұзақтығына байланысты торайларды қолма қол немесе бірнеше тәулік бойына енесінен айырады. Торайларды енесінен біртіндеп айырғанда (3-5 тәулік бұрын), олардың рационын 50 % дейін азайтады.

Торайлардың гигиенасы
Енесінің бауырындағы торайлардың гигиенасы. Жас туған торайлардың денсаулығы, олардың туғанға дейінгі эмбрионалдық және туғаннан соңғы - постэмбрионалдық өсуіне байланысты болады.
Жаңа туған торайлардың физиологиялық жетілмеуінің басты көрсеткіші, олардың қарын сөлінде пепсиннің және бос тұз қышқылының болмау болып саналады. Мұнымен қоса жаңа туған торайлардың қарын сөлінің бактерицидтік (микробты өлтіргіш) қасиеті болмайды да, олар ішек-қарын ауруларына жиі ұшырайды.
Жас торайларды өсіру кезін негізгі төрт жауапты сатыға бөлуге болады: бірінші-алғашқы 2-3 тәулікте торайлардың туғаннан кейінгі жаңа жағдайға бейімделу кезеңі; екінші - енесінің сүтіндегі темірдің жетіспеушілігінен, торайларда анемия ауруының туу кезеңі; 5-7 тәуліктік жасында; үшінші торайлардың ауруға қарсы тұратын қабілетінің, анасының сүтімен алатын колостралдық иммунитеті азаятатын кезеңі; 14-21 тәуліктік жасында; төртінші - торайларды енесінен айырып, сүттік көректен азыққа ауысу кезеңі - 26-60 тәуліктік жастарындағы мезгілдер.
Жаңа туған торайларды аузын, танауын кілегейден тазартып, денесін сүртіп (дәкемен) кіндігі қанаған болса жібек жіппен байлап, торай қарнынан 3-4 см қашықтықта кесіп, йод ертіндісімен жағып, өңдейді. Одан кейін торайларды үстін кептіру үшін жекелеме инфрақызыл сәулелі шамдардың астына орналастырады. Шамның астындағы ауа температурасы жаңа туған торайлар үшін 30-32ºС жоғары болмауы керек. Туып болғаннан соң аналық мегежінді екінші рет санитарлық тазалаудан (желіні, жыныс жолдары т.б.) өткізіп, дезинфекциялайды. Жас туған торайларды іріктеп, нашар, әлсіз, салмағы төмен, физиологиялық жетілмегендерін жеке бөліп алады. Енесінің бауырында, оның сүт бөлінетін емшігінің санына байланыстырып, торайларды қалдырады. Әрбір жаңа туған торайлардың тірі салмағы, енесінің массасының 1 % құрауы керек.
Жас туған торайларды енесінің уызын ішкізу 2 сағаттан кешіктірілмей, алғашқы күндері тәулігіне 20-24 рет, яғни 50-60 минутта емізіп отыру қажет. Торайларды енесін емізу кезінде, бір ұядағылардың бір мезгілде емуін қадағалау керек (алғашқы күндері).
Аналық шошқалардың туғанда торайларды 10 бас, оданда артық болса, олар салмағы аз (400-800 г), әлсіз болып, енесінің уызын өздігінен сорып еме алмай, өлімге ұшырайды. Сондықтан алғашқы күндері ондай әлсіз торайларға ерекше көңіл бөліп, басқа сүті мол, торайы аз аналыққа теліп, немесе жекелеме күтім көрсетіп, енесінің бауырына салып, тері астына немесе ет аралығына 5-10 мл 30-40 % глюкоза жіберіп асырайды.
Туғаннан кейінгі торайлардың негізгі көрегі болып, енесінің уызы мен сүтті болып саналады. Аналық шошқа 3-4 апта да туғаннан кейін тәулігіне 5-6 л сүт береді.
Жас торайлардың резистенттілігі көбінесе анасының сүттілігіне, тұрған қорасының микроклиматына, станоктар мен басқа жабдықтардың санитарлық тазалығына, қосымша азықтануына, ішетін суының сапасына тағы басқа көптеген факторларға тікелей байланысты болады.
Жас торайлардың өсуін мезгілді тірі салмақтарын өлшеп отырып қадағалайды. Емшектегі торайлар ең жоғарғы зат алмасу процесстері мен энергия мөлшерімен ерекшеленеді.
Шошқаларды ұстау технологиясына байланысты торайларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқаларды ұстаудың жүйелері
Жануарларды серуендету
Шошқаның гигиенасы жайлы ақпарат
Шошқаның гигиенасы жайлы мәлімет
Шырышты субөнімдерді тазалау
Шошқаларды семірту үшін азық қолдану
Шошқа гигиенасы
Зоогигиена (ветеринарлық гигиена, ауылшаруашылық малдарының гигиенасы)
Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы
Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру
Пәндер