Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты жайында



Жоспар

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
• Экономикалық жүйе
• Экономикалық жүйелерді классификациялау
• Экономикалық жүйедегі меншік қатынастарының орны

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Экономикалық жүйе- экономиканың өзара байланысқан және реттеліп жүйелендірілген элементерін айтамыз. Экономиканың жүйелі мінездемесінен тыс экономикалық байланыстар мен институттар дұрыс жүргізілмей, экономикалық процестердің теориялық зерттеуінің негіздері анықталмай қалар еді. Ал бұл жағдайда мемлекеттің нақты мақсаттарға бағытталған тиімді саясаты болмаған еді.
Кез- келген мемлекеттің саясаты сол экономикалық жүйедегі рөлін анықтайды. Қазіргі кездегі экономикалық жүйедегі мемлекеттің рөлі – өткір мәселесі болып табылады. Ол көп талқыланғанымен, оның көп жақтары ескерілмей қалғаны жөн. Бұл мәселені шешудің жеке институттардың мен мектептердің принциптері әртүрлі және бір-біріне ұқсамайды. Бір жағынан, либералды экономистердің тұжырымы бойынша мемлекеттің экономикадағы рөлі минималды болуы керек деп санаған. Басқа ғылыми мектептердің өкілдері нарықтық экономикадағы мемлекеттің орыны маңызды деп, оны күшейтуді қалаған.
Ұлы ағылшын экономисті Альфред Маршалл (1842-1924) өз еңбектерінде елдің экономикасындағы адамның рөлін ашып, халықтың шаруашылық қызметіндегі экономикалық теорияның маңыздылығын сипаттаған болатын.
Шаруашылық қызмет - бұл адамның экономикалық есептеудің негізінен тұратын әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында рационалды шаруашылық қызметін айтамыз.
Пайдаланған әдебиеттер:

1. Б.С. Өтебаев . Мемлекеттік бюджет. – Алматы: Экономика, 2006
2. Эклунд К. «Эффективная экономика. Шведская модель». — М: Экономика, 1973. 254 бет.
3. Брагинский СВ., Певзнер Я.А. Политическая экономия: дискуссионные проблемы, пути обновления — М. Мысль, 1991, 258 бет.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СОӨЖ

Тақырыбы: Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты

Орындаған:Исабаева А.А

Топ:ВС-403

Тексерген:Қуантқан Биболат

Семей 2015 жыл

Жоспар

( Кіріспе

(( Негізгі бөлім

• Экономикалық жүйе 
• Экономикалық жүйелерді классификациялау
• Экономикалық жүйедегі меншік қатынастарының орны

((( Қорытынды

(V Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Экономикалық жүйе- экономиканың өзара байланысқан және реттеліп
жүйелендірілген элементерін айтамыз. Экономиканың жүйелі мінездемесінен тыс
экономикалық байланыстар мен институттар дұрыс жүргізілмей, экономикалық
процестердің теориялық зерттеуінің негіздері анықталмай қалар еді. Ал бұл
жағдайда мемлекеттің нақты мақсаттарға бағытталған тиімді саясаты болмаған
еді. 
Кез- келген мемлекеттің саясаты сол экономикалық жүйедегі рөлін анықтайды.
Қазіргі кездегі экономикалық жүйедегі мемлекеттің рөлі – өткір мәселесі
болып табылады. Ол көп талқыланғанымен, оның көп жақтары ескерілмей қалғаны
жөн. Бұл мәселені шешудің жеке институттардың мен мектептердің принциптері
әртүрлі және бір-біріне ұқсамайды. Бір жағынан, либералды экономистердің
тұжырымы бойынша мемлекеттің экономикадағы рөлі минималды болуы керек деп
санаған. Басқа ғылыми мектептердің өкілдері нарықтық экономикадағы
мемлекеттің орыны маңызды деп, оны күшейтуді қалаған. 
Ұлы ағылшын экономисті Альфред Маршалл (1842-1924) өз еңбектерінде елдің
экономикасындағы адамның рөлін ашып, халықтың шаруашылық қызметіндегі
экономикалық теорияның маңыздылығын сипаттаған болатын. 
Шаруашылық қызмет - бұл адамның экономикалық есептеудің негізінен тұратын
әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында рационалды шаруашылық
қызметін айтамыз. 

Адамдардың шаруашылық қызметі-бұл экономикалық теорияның өндіріс,
айырбастау, қайта бөлу, тұтыну кезеңінен тұратын әртүрлі шаруашылық
процестердің кешені болып табылады.
Аталған кезеңдері нақты кез-келген экономикалық жүйеге тең. 
Қоғамдық институттардың жүйесіндегі мемлекеттің ерекше орыны мемлекеттің
әлеуметтік-экономикалық жүйесіндегі барлық элементтердің қызметінің
атқарылуын қадағалайтын басқару субъектісі болуымен анықталады. Қоғамның
жалпылай өкілеттігі болып, ол экономиканың агенттердің қызметін реттеп,
бақылау жүргізеді. Бұл жерде бақылаудың негізінен бес маңызды факторын
ашуымыз керек. 
❖ Біріншіден, бақылау мемлекеттің тұрақты қызметі ретінде барлық
атқарушы органдарының жүйесінде болуы керек; 

❖ Екіншіден, жергілікті басқару органдарының бақылауы, күрделі емес
болып бақылаудың барлық түрлерін қамту керек; 

❖ Үшіншіден, бақылау демократияның принциптеріне сәйкес, қоғамның
қатысуымен жүргізілуі қажет; 

❖ Төртіншіден, жергілікті басқару органдарының бақылауы нақты
мемлекеттік экономикалық, әлеуметтік және басқа да маңызды мәселелерді
шешуі керек; 
❖ Бесіншіден, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылаудың
нақты сапасын көтеру болып табылады. 

Сонымен бірге қазіргі нарықтық экономика жағдайында, басты
проблемалардың бірі- елдің нарығын мен экономикасын кеңейту болып
табылады. 
Барлық экономикалық жүйелерде мемлекет экономиканың реттеуін
жүргізеді. Қазақстанда нарықтық экономика болғанымен мемлекеттің рөлі
мен функциялары маңызды орын алады. 
Қазіргі Қазақстанның экономикасына шолу жасайтын болсақ, онда келесіні
көруге болады: 
❖ Өндірістік саласының қуаттылығының әлсіздігі; 
❖ Инфляция;
❖ Жұмыссыздық
❖ Әлемдік қаржылық дағдарыстың әсері.

Негізгі бөлім

Экономикалық жүйе Экономикалық жүйе – экономикалық өнімді өндіру,
бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық
қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің,
заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе
белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы. Экономикалық жүйенің
элементтеріне меншік негізінде қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық
қатынастар шаруашылықты ұйымдастыру мен басқару әдісі. Экономиканы реттеуші
механизм және кәсіпорындар мен басқада шаруашылық субъектісі арасындағы
нақты экономикалық байланыстар жатады.Экономикалық жүйенің барлық қырларын
– экологиялық жағын, аумақтық жағын, әлеуметтік жағын, басқа жақтарын да
кешенді түрде алып қараудың маңызы зор. Нарықтық қатынастарға өтпелі
кезеңде экономикалық жүйені ішкі екі
жүйе: макродеңгей менмикродеңгей тү рінде түсіну кеңінен таралды. Осы
тұрғыдан алғанда макродеңгей республикалық заң шығарушы және атқарушы
органдар және жергілікті билік органдары ретінде түсінілді. Микродеңгей
түрлі салалар ретінде ұғынылды. Микродеңгей сонымен қатар меншік нысандары
тұрғысынан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың жиынтығы ретінде, яғни ірі,
орта және шағын бизнестің жиынтығы ретінде де зерделенуі мүмкін. Кез келген
басқа жүйе сияқты экономикалық жүйе оның құрамдас нышандарының арасындағы
байланыстармен сипатталады. Бұл байланыстар объективті экономикалық
заңдардың әсерімен қалыптасады. Сонымен,экономикалық жүйе – мемлекеттің
экономикалық саясатын жүргізу үшін теориялық тұғырнама ретінде қызмет
ететін экономикалық ғылым зерттеуінің күрделі, көп деңгейлі объектісі.
Экономикалық жүйеге кешенді көзқарасқа сәйкес оның жұмыс істеуі мен дамуына
ықпал ететін бірнеше нышандарды бөліп көрсетуге болады. Оларға мыналар
жатады:мемлекеттік басқару жүйесіндегі бюрократтану және сыбайлас
жемқорлықтың деңгейі;адами капитал (халықтың білім, денсаулық деңгейі,
т.б.);елдің адами капиталының оқшауландырылған бөлігі ретіндегі кәсіпкерлік
әлеует;өндірістің басқа факторларының жай-күйі олардың іске қосылу
дәрежесі;әлемдік экономика, оның жай-күйі, даму келешегі, елдің
экономикалық жүйене ықпал ететін негізгі сипаттамалары;табиғи ортаның жай-
күйі (табиғи әлеует);технологиялық аяның жай-күйі;ішкі саяси және сыртқы
саяси құрылыс;қоғамның ақлақтық-адамгершілік ұстындары. Экономикалық
жүйенің ең басты ерекшеліктерінің біріне оның жүргізіліп жатқан
түрлендірулерге сылбыр бейімделуін және осымен байланысты дамудағы
енжарлықты жатқызуға болады.
Экономикалық ғылым тарихы көрсеткендей экономикалық жүйе топтастырылуы
түрлі белгілер (критерий) негізінде жүргізілуі мүмкін. Бұл көптік негізінде
экономикалық жүйе қасиетінің  объективті  көптүрлілігі жатады. Бұл
байланыста қазіргі қоғамды үйренуге экономикалық әдебиетте құралған екі
тәсілге көңіл бөлу тұрарлық: бұлар формациялық және өркениетті.
Әрбір елдің экономикалық жүйесі бар. Бұл жүйе бір-біріне тәуелді әр түрлі
компоненттерден тұрады.
Экономикалық жүйе — бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді
өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген
жүйесі.
Экономикалық жүйе көп факторлы. Олардың ішінде оның дамуына әсер ететін:
✓ елдегі шаруашылық шешімдерін қабылдау жөніндегі: шаралар жүйесі;
✓ меншік құрылымы;
✓ ақпаратпен және үйлестірумен қамтамасыз ететін механизмдер;
✓ мақсат қою мен адамдарды еңбекке тарту механизмдері.
Бұл факторлар келесі 3 құрылымға топтастырылады:
Шаруашылық құрылымы — бұл шектеулі ресурстарды қолдануға байланысты
материалды-техникалық база элементтерінің өзара әрекеті.
Әкімшілік (ұйымдық) құрылым — лауазымды тұлғалардың шектеулі шаруашылық
ресурстарды іске жаратуға байланысты заңды түрде құжатталған құқықтары мен
міндеттерінің жиыны.
Ақпараттық құрылым алғашқы екі құрылымның қызметі жайлы алынған
мәліметтерді топтастырады және таратады.
Меншік формасына байланысты аталған құрылымдардың жиынтығы әр түрлі сипатқа
ие болады: патриархалдық, ұсақ тауарлы, мемлекеттік және т.б. Бір елде
бірнеше сипатты бір мезгілде қатар орын алуы мүмкін. Бұл жағдай
экономикалық жүйенің өзінің қарама-қарсы және толқынды қозғалысына әкеледі.
Осылайша, егер елде мемлекеттік сипат күшейе бастаса, ұлттандыру процесі
жүруде деп білеміз. Керісінше, жеке шаруашылықтық сипат алғы кезекке шықса,
орталықтандыру орталықсыздандырумен алмастырылады.
Қазіргі заманғы әлем әрқасысы ұзақ тарихи даму процесінің нәтижесінде
қалыптасқан сан алуан экономикалық жүйелердің болуымен сипатталады. Оларды
қандай да бір критерий негізінде топтастырып, жіктеуге болады. Қоғамның
тарихи даму процесін әр экономист өзінше түсінетін болғандықтан, олардың
таңдап алған критерийлері де біркелкі емес. Әр түрлі көзқарастар негізінде
құрылған экономикалық жүйелерді классификациялаудың кейбіреулерін
қарастыралық.
I. Формациялық көзқарас — Маркстік теорияға тән. Маркс үш мүшелік
классификацияны қорытып шығарды.
Алғашқы (архаистік) құрылыс — алғашқы қауымдық және азиаттық өндіріс
әдістерінен тұрады. Бұл топтағы көңіл аударатын азиаттық өндіріс әдісі.
Оның негізі патриархалдық шаруашылық шегінде қала отырып, рыноктың
көмегінсіз, өзін-өзі қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін үй өнеркәсібі мен
жерге ұжымдық меншікке негізделген шығыстық қауым.
Экономикалық оқшауланған қауымдардың күш-куатын табиғатты ірі көлемде игеру
мен қорғаныстың қажеттігі өз қолына әскери және экономикалық билікті
біріктіріп ұстаған деспоттық мемлекеттердің туындауына әкелді, яғни олар
жерге меншікті тартып алып, рента, қосымша өнімді және т.б. иемденді.
Азиаттық өндіріс әдісі көптеген халықтарға болғанмен, ол ұзақ уақыт бойы
тек Азия   елдерінде сақталынып келді (XX ғ. басына дейін). Оның ұзақ
сүруінің себебі — суармалы жер шаруашылығымен айналысатын қауымның
сақталуы.
Азиаттық өндіріс әдісінің мәселесі соңғы екі жүз жыл бойы пікірталасты
тақырып болып қалуда.
Екінші ірі формацияны Маркс екінші реттік, яғни жеке меншікке (құлдық,
басыбайлылық, капитализм) негізделген деп атады.
Үшіншісі — жеке меншікті жоюға негізделген, екі сатылы формация. Маркстің
пікірі бойынша, коммунизм дәуірі оңшыл    гуманизм  дәуіріне дейін өсуі
керек деп тұжырымдайды.
Өндірістік қатынас жүйесі өзімен бірге саяси, құқықтық, идеологиялық,
ұлттық, отбасылық және басқа да қоғамдық қатынастар мен институттарды
көрсететін базис қондырмасы ретінде қатысады.
Өндірісті бірліктегі тәсілі мен қондырмасымен өзара әрекеті қоғамдық-
экономикалық формацияны құрайды. Адамзат дамуының тарихи жүрісі өзімен
бірге қоғамдағы формацияның  жүйелі ауысымын көрсетеді: алғашқы-қауым, құл
иеленушілік, феодалдық, капиталистік  және  коммунистік.
Өндіріс әдісі өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар жүйесінің жиынтығы
ретінде әрекет етеді. Қатынастар сипаты өндіріс құралдарына меншіктің үстем
формасы арқылы анықталады. Әр жүйенің материалдық өндірісінің даму   
деңгейі тұрақсыздығына көңіл бөлінеді. Бұлар ерте ме, кеш пе әйтеуір
өндіріс тиімділігінің деңгейі анағұрлым жоғары болатын келесі жүйеге ауысуы
тиіс.
Формациялық теорияның негізгі жағдайлары:
Табиғи-тарихи үрдіс қоғамдық-тарихи формациялардың   бірізділікті ауысымы
түрінде дамиды;
Материалдық өмірдің рухани өмірді ығыстыруы;
Өндірістік қатынастар қоғамның базисі болып табылады, құрылғы базиске
қарағанда туынды сипатқа ие болады;
Класстар қоғамның негізгі бірлігі және тарих субъектісі болып, ал класстар
арасындағы күрес – класстардың өзара әрекеттесуінің басты формасы болып
табылады.
Формациялық теория негізгі іс жүзіндегі философиялық түсінудің үлкен салымы
болып табылды. Соның көмегімен адамзат тарихы оқиғаның аралас жиынтығы
ретінде емес, оның ішкі даму заңдарымен қисынды жүйесі түрінде алдымызда
жатыр. Сонымен бірге бұл теория кемшіліктер ретінің күшіне  қоғамдық
дамудың жан-жақты теориясы ретінде танысуы мүмкін.
Бұл, өзінің дамуында барлық жақтар мен халықтардың міндетті түрде  бес
арқылы формациядан өтуі туралы бекітуге қатысты, сондай-ақ өндіріс
құралдарының меншік иесі мен меншіктік емес қатынастың арасында
антогонистикалық сипаттамаға шектен тыс акцентіне қатысты.
Формациялық әдіс тарихи дамудың  түсінігін жеңілдікке және бұзылған ұғымға
апарады, оны төменнен жоғарғы саты бойынша қоғамның өтуін бір мәнді  ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапаны басқару жүйесі жайлы
Қаржының мәні
Қаржы саясаты
Құқық қызметінің принциптері
Мемлекеттік басқарудың обьектілері мен субьектілері және негізгі әдістері
Құқық функциялары
Қаржы және қаржы жүйесі
Түркі тілдерінің салыстырмалы гарамматикасы
Инновациялық технология мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамытудың негізі ретінде
Инновациялық технология мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту құралы
Пәндер