Инвестицияның жіктелуі жайлы


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Инвестицияның жіктелуі.Тексерген: Тойкин С. Х
Дайындаған: Бағдатова А. Б
Семей
Жоспар Кіріспе . . . 32015 жыл
1. Инвестициялық құқықтың түсінігі, қағидалары, жүйесі . . . 4
2. Инвестицияның жіктелуі және түрлері . . . 6
3. Қазақстанның ұлттық экономикасындағы нвестициялық қызметінің
негізгі мәселелері . . . 7
Қорытынды . . . 8
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Елбасымыз В. А. Назарбаев "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында ұзақ мерзімді дамуымыздың жеті басымдығын көрсетіп берді . Осы басымдықтардың бірі инвестициялық ахуалды жақсарту болатын. Елдің экономикалық өсуін тұрақты дамыту үшін алдымен инвестициялық белсенділікті арттыру қажеттілігін Президентіміз атап өтті.
Еліміздің экономикасын өрістетіп, халықтың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыру үшін тартымды инвестициялық ахуал қалыптастыру басты міндет болды. Осы орайда Қазақстан Республикасының 2004 жылғы "Инвестициялар туралы" қабылданған заңының қоғамдағы саяси мәні зор. Елдің экономикасын көтеру халықтың тұрмыс деңгейінің жоғары дәрежеде болуын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған бұл заң Қазақстан халқы үшін маңызды тарихи құжаттардың бірі деп айтуға болады. Ұлттық табыстың ұлғаюы экономикалық дамуға өз ықпалын тигізіп қана қоймайды, қоғамның саяси әлеуметтік дамуына үлкен серпіліс береді Сондықтанда инвестициялар тарту қоғам үшін өте қажет.
Соңғы жылдары біздің республикамызда шетел инвестициялары мен (қаржымен) жұмыс істейтін кәсіпорындардың санының көбейе түскені мәлім. Қазіргі кезде респубиикамыздағы инвестициялық тапшылық аса күрделі проблемалардың бірі болып отыр. Осыған орай, өндіріске меншік инвестицияларын уақытша ынталандырудың қажеттілігі туып отыр. Нарықтық экономиканың жаңа кезеңінің мақсаттарына тек шетелдік инвестициялардың белсенді түрде қатысуы мен олар үшін барынша қолайлы жағдай жасалуымен ғана қол жетеді, өйткені қор жинайтын ішкі көздер бізде әзірше жеткіліксіз.
Инвестициялық құқықтың түсінігі, қағидалары, жүйесі.
Инвестициялық құқықтың құқықтық реттелу пәні инвестициялық әрекетті жүзеге асыру кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Инвестициялар - бұл инвестициялық құқықта оларды пайдаланумен байланысты барлық қоғамдық қатынастарды біріктіретін бастама.
Инвестициялық әрекетті жүзеге асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастар түрлі болып келеді - бұл Қазақстан Республикасындағы инвестициялармен және шетелдегі инвестициялармен байланысты болатын қатынастар; займ, несие берумен байланысты қатынастар; еркін экономикалық аумақтардағы инвестициялармен абйланысты қатынастар және т. с. с. Жекеленген топтар мемлекеттік инвеситцияларды жүзеге асыру кезінде пайда болатын және құнды қағаздар нарығында туындайтын қатынастарды құрайды.
Әдетте, құқықтық реттелудің екі негізгі әдістері бар - жалпы және нақты (салалық) . Жалпы әдіс - бұл қоғамдық қатынастарға арнаулы нормативті құралдармен ықпал етудің жиынтығы, салалық - бұл берілген саламен реттелетін құқықтық қатынас субъектілерінің мүмкін және міндетті мінез-құлқының қалыптасуына бағытталған, қоғамдық қатынастарға ететін заңда әдістердің, құралдар мен амалдардың жиынтығы. Салалық әдістерге императивті және депозитивті әдістер жатады.
Инвестициялық құқықтың қағидалары бұл инвестициялық қатынастарды реттеудің анағұрлым маңызды кезңдері. Инвестициялық құқықтың маңызды қағидаларының бірі - инвестициялық құқық субъектілерінің теңдігі. Бұл қағида мынаны білдіреді: инвестициялық әрекетті жүзеге асыруда инвесторлардың құқықтары бірдей болады.
Келесі қағидалардың бірі шарттың еркіндігі. Тағы бір маңызды қағиданың бірі - инвестормен өзінің әрекетін жүзеге асырудың дербестігі, яғни инвестор инвестицияның объектілері мен нәтижесіне ие болуға, оны пайдалануға және боған билік етуге құқықты, сондай-ақ инвестордың ішкі шаруашылық қызметіне мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың араласпауын білдіреді.
Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қағидасы -инвесторларды, кірістіреді, инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша мемлекеттің кепілдігін білдірреді.
Инвестициялар кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
- қаржылық және материалдық ресурстарды жинақтау арқылы өздерінің кәсіпкерлік қызметін кеңейту;
- жаңа кәсіпорындарды сатып алу;
- бизнестің жаңа түрлерін меңгеру нәтижесінде өз қызметін әртараптандыру.
Негізгі жіктеу белгісі ретінде инвестициялау объектілері қарастырылады. Бұл белгісі бойынша инвестициялар нақты (тікелей) және қаржылық (қоржындық) болып бөлінеді.
Инвестициялау обьектілері бойынша
Нақты (тікелей) инвестициялар бұл табыс алу мақсатында тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен тікелей байланысты нақты активтерге салынған ақша қаражаттары.
Қаржылық (қоржындық) инвестициялар бұл табыс алу мақсатында құнды қағаздар нысанындағы қаржылық активтерді сатып алу. Бұл құнды қағаздар қоржынын қалыптастыруға бағытталған ақша салымдары болып табылады.
Инвестицияларды жіктеудің келесі белгісі - инвестициялау мерзімі. Аталған белгі бойынша инвестициялар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.
Инвестициялау мерзімі
Ұзақ мерзімді инвестицилар деп кәсіпорынға бір жылдан артық мерзімдер ішінде қалыпты табыс көзін қамтамасыз ететін жобаларды жүзеге асыруға салынған ақша қаражаттарын айтады.
Қысқа мерзімді инвестициялар - бұл бір жылға дейінгі мерзімге салынған ақша салымдары. Әдетте қаржылық инвестициялар қысқа мерзімді болып келеді.
Инвестицияның жіктелуі және түрлері.
Инвестиция - бұл капиталға ұзақ мерзімді салу нысанында қаржылық ресурстарды қолдану. ҚР «Инвестициялар туралы» Заңда (8. 01. 2003 ж. ) инвестицияның мынандай анықтамасы берілген инвестиция - баолық мүлік түрелрі (жеке қолдануға берілген таурлардан басқа), сондай-ақ инвестормен заңды тұлғаның жарғылық капиталға салынатын лизинг мүліктері, сондай-ақ оларға құқық немесе кәсіпкерлік әрекет үшін пайдаланатын белгіленген активтердің ұлғайтылуы. Инвестициялар әдетте тұтынушылық, экономикалық және құнды қағаздарға инвестициялау деп бөлінеді.
Тұтынушылық инвестициялар - бұл ұзақ мерзімді пайдаланылатын қозғалмайтын мүлікті немесе тауарларды сатып алу. Инвестициялаудың объектісі ретіндегі қозғалмайтын мүлік мынадан тұрады:жеке қозғалмайтын мүлік (бір отбасына арналған коттедждер, кондоминиумдар, пайда әкелетеін қозғалмайтын мүлік) ; жалға берілетін қозғалмайтын мүлік; сату үшін алынған қозғалмайтын мүлік (жер учаскелері және арнаулы белгіленген құрылыстар, яғни жанар-жағармай станциялары, шіркеу ғимараттары және т. с. с. ) . Ұзақ мерзімді пайдаланатын таурларға кіріс әкелетеін мүліктік құндылықтар жатада (мысалы: алтын бұйымдар, өнер туындылары, антиквариат және т. с. с. ) .
Инвестициялар кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
қаржылық және материалдық ресурстарды жинақтау арқылы өздерінің кәсіпкерлік қызметін кеңейту;
бизнестің жаңа түрлерін меңгеру нәтижесінде өз қызметін әртараптандыру.
жаңа кәсіпорындарды сатып алу;
Экономикалық инвестициялар - кіріс алу үшін тауарлар өндірісімен және қызмет көрсетумен байланысты болатын қаражатты нақты активтерге салу.
Пайда табу мақсатында құнды қағаздарға инвестициялау қаржылық инвестиция днп аталады.
Инвестициялардың мақсатына қарай екі түрі бар:
- капиталды құрайтын
- интеллектуалды
Кавпиталды құрайтын инвестициялар - бұл өндірістік және өндірістік емес қаржылық емс активтердің өсуіне бағытталған инвестициялар, яғни кірісті ұлғайтудың қамтамасыз ететін инвестициялар.
Интеллектуалды инвестициялар - маманндарды дайындауға, олардың біліктілігін көтеруге, тәжірибе алмасуға, лицензияға, ноу-хау және т. б. қаражатты салу. Қазіргі кезде интеллектуалды инвестициялардың ең көп таралған түрлері: жоғарғы және орта арнаулы білім алуға мемлекеттік және жеке несиелер болып табылады.
Инвестициялар меншік нысанына қарай екіге бөлінеді:
1) мелекеттік инвестициялар
2) жеке инвестициялар
Мемлекеттік инвестициялар бюджеттік қаражат есебінен немесе мемлекеттік кепіл негізінде алынған несие қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жеке инвестициялар жеке немесе заңды тұлғалардың есебінен жүзеге асырылады.
Сонымен бірге инвестицияның кең таралған түрлері:
1) шетелдік инвестициялар
2) ұлттық инвестициялар
Мұндай бөлінудің негізгі - инвестицияның инвестордың елінде немесе өзге мемлекетте жүзеге асырылуы болып табылады.
Қазақстанның ұлттық экономикасындағы нвестициялық қызметінің
негізгі мәселелері
Қазақстанда өзіндік өндірісті дамыту экономикамыздың шикізат секторынан тәуелділік мәселесін шешуде маңызды орын алады. Осы жағдайларға байланысты отандық кәсіпорындарды техникалық жаңаландыру сауалдары көкейтесті болып отыр. Әр түрлі дереккөздерге сүйенсек, Қазақстанда негізгі құралдардың тозу деңгейі 60%-дан 80%-ға дейін жететін көрінеді. Бұл, әрине, кәсіпорындардың тиімді инвестициялық саясат жүргізуіне қолайлы жағдайлар жасауды талап етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz