Ағынды суларды алдын ала тазарту Араластыру реакторлары



І.КІРІСПЕ
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Ағын суларды тазалау әдістері
2.2. Анаэробты тазалау
2.3. Аэробты тазалау
2.4. Биофильтрлер
2.5. Араластыру реакторлары
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ
IV.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ағынды сулардың ластануы табиғат пен оларды ластайтын шикізаттың қайнар көзіне байланысты. Ағынды сулар өндірістік және тұрмыстық,атмосфералық деп бөлінеді.Су өзін-өзі оған түскен микроорганизмдерден тазарта алады. Бірақ бұл қасиет шексіз емес. Соңғы жылдары экологиялық жүйелерді ластайтын заттардың мөлшері өте көп және олар өздерін қорғай алмайды. Әсіресе ол тазартылмаған немесе өте нашар тазартылған. Су қоймаларының ағын сулармен ластануы экожүйенің функциясына қауіп төндіреді. Әр түрлі мәліметтер бойынша ағын сулардың құрамында 42% минералды және 58% органикалық ластағыштар болады. Белгілі, өзен және басқа су қоймаларында судың өздігінен тазарылуы өтеді. Бірақ бұл процесс өте баяу жүреді. Бұрын өндірістік ластағыштар көп болмаған кезде өзендер өздері тазарылған. Қазіргі кезде су қоймалары ластанумен өздері күресе алмайды.
1. Ферментация и технология ферментов / Д.Уонг, Ч. Коней и др.: Пер. с англ. /Под ред. К.А. Калунянца. М.: Легкая и пищевая промышленность,1983,336с.
2. Гюнтер Л. И., Аграноник Р. Я., Гольдфарб Л. Л. Сбраживание осадков городских сточных вод в метантенках. М., 1986.
3. Евилевич А. 3., Евилевич М. А. Утилизация осадков сточных вод. Л.: Стройиздат, 1988.
4. Ксенофонтов Б. М.„ Рожков И. С. Обезвоживание и утилизация избы-точного активного ила и осадков сточных вод. М., 1987.
5. Сассон А. Биотехнология: свершения и надежды: Пер. с англ. /Под ред. В.Г. Дебабова. –М.: Мир, 1987. 412с.
6. Яковлев Технология микробиологического синтеза. Л.: Химия, 1987.272с.

Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Ағынды суларды алдын ала тазарту Араластыру реакторлары

Орындаған:Жумагазинов А.Е.
Тексерген: Қабденова А.Т.

Семей -2015ж.
ЖОСПАР

І.КІРІСПЕ
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Ағын суларды тазалау әдістері
2.2. Анаэробты тазалау
2.3. Аэробты тазалау
2.4. Биофильтрлер
2.5. Араластыру реакторлары
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ
IV.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Ағынды сулардың ластануы табиғат пен оларды ластайтын шикізаттың қайнар көзіне байланысты. Ағынды сулар өндірістік және тұрмыстық,атмосфералық деп бөлінеді.Су өзін-өзі оған түскен микроорганизмдерден тазарта алады. Бірақ бұл қасиет шексіз емес. Соңғы жылдары экологиялық жүйелерді ластайтын заттардың мөлшері өте көп және олар өздерін қорғай алмайды. Әсіресе ол тазартылмаған немесе өте нашар тазартылған. Су қоймаларының ағын сулармен ластануы экожүйенің функциясына қауіп төндіреді. Әр түрлі мәліметтер бойынша ағын сулардың құрамында 42% минералды және 58% органикалық ластағыштар болады. Белгілі, өзен және басқа су қоймаларында судың өздігінен тазарылуы өтеді. Бірақ бұл процесс өте баяу жүреді. Бұрын өндірістік ластағыштар көп болмаған кезде өзендер өздері тазарылған. Қазіргі кезде су қоймалары ластанумен өздері күресе алмайды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Ағын суларды тазалау әдістері
Ағын суларды тазарту күрделі өндіріс болып табылады. Бұнда басқа өндірісте сияқты шикізат (ағын сулар) және дайын өнім (тазартылған су) болады. . Ағынды суларды тазарту - құрамындағы заттарды, сондай - ақ патогенді микроорганизмдерді жоюға немесе ажыратуға әкелетін әдістер жүйесі. Ағын суларды тазарту үшін механикалық, химиялық, физико-химиялық, биологиялық әдістер қолданылады.
Биологиялық тазалау әдісі микроорганизмдердің ағынды сулардағы түрлі қосылыстарды өздерінің субстраты ретінде пайдалану әрекетіне негізделген. Бұл әдістің құндылығы оның ағын су құрамындағы органикалық және бейорганикалық кең спектрлі заттарды жоюында жатыр. Алайда бұл әдістің ойдағыдай жүруі үшін тазалау қондырғыларының құрылысына көп мөлшерде қаржы бөлу қажет. Тазарту процесі барасында тазалаудың технологиялық режимін қатаң сақтау және микроорганизмдердің ластанудың жоғары концентрациясына өте сезімтал келетінін ескеру қажет. Сондықтан биологиялық тазарту жүргізбестен бұрын, ағын суларды сұйылту қажет.

Ағын суларды биологиялық жолмен тазарту процестерінің 2 әдісі бар:
1) Аэробты - микроорганизмдер заттарды тотықтыру үшін оттегі пайдаланады.
2) Анаэробты - микроорганизмдер бос күйіндегі еріген оттегімен де, сондай - ақ нитратиондарыны электрондарының артық акцепторларымен баййланысқа түсе алады.
Бұл процестерде микроорганизмдер электрон акцепторы ретінде органикалық заттардың көмірсуын пайдаланады. Аэробты және анаэробты процестерге таңдау жасаған кезде, әдетте бірінші түріне ерекше көңіл бөледі. Аэробты жүйелер өте сенімді,тұрақты жұмыс атқаратын, өте көп зерттелген.

2.2.Анаэробты тазалау
Қалдық ағынды суларды анаэробты ыдырату кезінде қалдық сулардың қатты фазасы,яғни ортақ белсенді тұнба мен 1-ші су тұндырғыштан шыққан қалдықтардың өңдеу процесі жүзеге асады. Егер тазаланатын су тұрмыстық қалдық су болса, олардан әр түрлі жағымсыз ұасиетті тұнбалар түзіледі. Бұл тұнбалардың иісі нашар, ұиын кебеді, санитарлық жағдайда қауіпті болады. Бұндай тұнбаларды анаэробты қондырғыларда өңдеу кезінде органикалық заттардың анаэробты ыдырауы жүреді. Нәтижесінде тұнбаның физико-химиялық құрамы өзгереді. Ал ашудан қалған өнімді тыңайтқыш ретінде пайдаланады. Метантенк дегеніміз - әр түрлі конструкциялы жабық камера. процесс жасанды жолмен 30-350 С қыздырумен басталады. Бұл кезде қарқында түрде мезофильді микроорганизмдер дамиды. Температураны 50-550 С жоғарылату ыдыратуды тездетіп, термофильді анаэробты микроорганизмдердің дамуына септігін тигізеді. Метантенктен шығатын газдың 60-65% метан, 16-34% СО2, 3% азот,сутек және күкіртті сутек құрайды. Метанды жанғыш газ ретінде пайдаланады, көп жағдайда 70-90 тазалау жүйесінің өз қызметтеріне пайдаланады. Анаэробты тазаланудан қалған қалдықтар тыңайтқыш ретінде мал және ауыл шаруашылығында пайдаланылады. Метантенктерде 1-ші су тұндырғыш тұнбалары белсенді тұнбаның артық бөлігінің ашуы жүзеге асады. Ал септитенктер мен 2 ярусты тұндырғыштарда қалдық суда өлшенген заттардың тұнбалануы мен тұнбаланған тұнбаның анаэробты ыдырауы қатар жүреді. Тазалау қондырғыларының типіне тәуелсіз органикалық заттардың анаэробты ыдырауы әрқашанда бірдей жүреді, тек қарқындылығы жағынан айырмашылық жасайды. Анаэробты жағдайда тұнбаның ыдырауы 2 кезеңнен тұрады: қышқылды және сілтілі. Қышқылды фазада құрамында көміртегі бар заттар ұшқыш май қышқылдарына, спирт, ацетон, СО2,НО2 ыдырайды. Азоты бар заттар амин қышқылдарына,аммиак, газ тәрізді азотқа дейін ыдырайды. Бұл процестер анаэробты микроорганизмдердің комплексімен жүзеге асады. Олардың ішінде негізгі орынды көміртек ыдыратушылар, сүт қышқылды, пропион қышқылды, май қышқылды,целлюлоза ыдыратушы бактериялар, денитрифенаттаушы, десульфидтеуші микроорганизмдер қатысады. Сілтілі фазада метанның жиналуымен байланысты процестер жүреді. Анаэробты метан түзуші бактериялардың қатысуымен 1 қышқыл фазада түзілген өнімдердің метанды ашу жүзеге асады, нәтижесінде метан мен СО2 түзіледі.
2.3.Аэробты тазалау

Ластанған ағын суларды тазалау 4 кезеңнен тұрады:
:: Өңдеу кезінде қалдық ағынды суларды механикалық ластаушылардан тазалау жүргізіледі. Тазалау әр түрлі торлар, тұндырғыштар, құмұстағыштар арқылы жүргізіледі.
:: Екінші кезеңде аэробты микроорганизмдердің қатыскымен еріген орг зат-ң ыдырауы жүзеге асады. Ыдыраудан кейінгі икроб клетканың бір бөлігі реакторларға қайта құйылады, қалған бөлігі жойылады.
:: Азот және фосфорды ыдыратиу және хим тұнбаландыру жүзеге асады.
:: 1 же 2 кезеңде түзілген тұнбанықайта өңдеу үшін анаэробты ыдырату қолданылады. Бұл жағдайда тұнба көлемі мен патогенді орг-ң мөлшері тмендейді, иісі кетеді, бағалы орг жанармай - метан түзіледі. Практикада 1 деңгейлі немесе көп деңгейлі тазалау жүйесі қолданылады. Қалдық ағынды сулар орташаландыруға түскенде белсенді тұнбамен араластырады. Араластыру ауа арұылы жүреді. Орташаландыру кезеңінде қалдық аминді сулар бірнеше сағат болады.Одан кейін судың биологиялық тазалануы аэротенттерде жүзеге асады. Аэротенк - ашық темір бетонды қондырғы. Оның құрамында орг ластаушылар мен белсенді тұнбасы бар қалдық су болады. Олар аэротенкте ауамен аэрацияланып отырады. Белсенді тұнба суспензиясын оттегімен қарқынды аэрациялау оның орг қоспа-ды сорбциялау қабілетін қалпына келтіреді. Суды биологиялық тазалау тазалау тәртібіне және қалдық су құрамына байланысты пайда болатын биоценоз қызметіне байланысты. Белсенді тұнба өлшемі бірнеше 100мм жететін қара қоңыр түсті мақта. Оның 70 %-ы тірі ағзалар, 30%-ы бейорганикалық қатты заттар.
Окситенктерде балдырлардың кең тараған түрлері флорелла, сенодесмус, эвглена секілді балдырлар қолданылады.

2.4.Биофильтрлер
Биофильтрлер - қалдық ағын суларды биологиялық тазалауға арналған қондырғы, оның бетінде тірі ағзалардан құралған биопленка болады, ол кқптеген ластағыш заттардығ еріген заттарды сүзіп алып қалады. Бипленканың құрамында тірі ағзалар мен қатты заттар болады. Тірі ағзаларға көптеген бактерия туыстары мен қарапайымдылар класы кіреді . Олар: актиномицидтер,азотобактер,бациллиу с бактериум, сарциндер,т.б. Осындай әр түрлі микроорганизмдердің комплексі арқылы органикалық және зиянды заттар тотығып ыдырайды. Қатты зат пен тірі ағза бірігіп зооглей түзеді. Зооглей- ортақ шырышты қабықпен қапталған микроорг-р популяциясының симбиозы. Биопленкасы бар жүйелер судағы органикалық қатты және басқа да заттардан тазарту үшін ойлап табылған құрылғылар. Осы уақытқа дейін тұрмыстық және өндірістік қалдық суларды тазалау үшін таза микроорганизм дақылдарын пайдаланып келсе,соңғы он жылдықта бекінген дақылдарды пайдалануға көшті. Қалдық ағынды суларды тазалауда биопленка жоғарғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіптік қалдықтар және олар тазарту әдістері
Химиялық өндірістерді және қондырғыларды жобалаудың негізгі сатылары
Мұнай химиясында және мұнайды қайта өңдеудегі сутегінің рөлі
Еритін органикалық темір
Битум алу процесі
Мұнай өңдеу зауыттарындағы ақаба суларын өңдеудің кешенді схемалары
Ағынды суларды тазарту
Тұрмыстық, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық ағынды сулар
Тазарту құрылыстарын автоматтандырудың қолданылатын жүйелері
Ағынды суларды алдын ала тазарту
Пәндер