Қазақ тілінің лексикалық, фонетикалық жүйесі жайында



Жоспар:

I.Кіріспе
Фонетика және оның зерттеу нысаны мен міндеттері,
II.Негізгі бөлім
А) Фонетика туралы түсінік.Дыбыс,әріп,фонема
Ә) Тіл дыбыстарының түрлері.Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Б) Сөйлеудің фонетикалық бірліктері , Буын. Дауыс ырғағы, екпін
В)Лексикология және оның түрлері мен салалары
III.Қорытынды
Лексикологияның тіл білімінен өзге салаларымен байланысы
Фонетика- гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.
Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс. Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене; 2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш; 3) ауа толқырлық кеңістік. Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына да осындай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене- сөйлеу мүшелері, 2) қозғалысқа келтіретін күш - өкпеден шығатын ауа, 3) кеңістік – тыныс мүшелері, тамақ, ұуыс мүшелері. Тіл дыбыстарының тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы – олардың адамның сөйлеу мүшелері арқылы жасалатындығында.
Сөйлеу мүшелері дегеніміз – тіл дыбыстарын жасауға қатысатын дыбыстау мүшелері. Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу дыбыстарын жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция дейміз. Сөйлеу мүшелері – сөйлеу органы немесе дыбыстау аппараты деп те атала береді. Сөйлеу мүшелерінің тіл дыбыстарын жасау қызметі адам жаратылысында, туа пайда болатын биологиялық қасиет емес, ұзақ мерзімдік жаттығу нәтижесінде, өзін қоршаған ортадан, өмірден үйренетін қосымша қызметі. Адамның сөйлеу органы үш бөліктен тұрады. 1. тыныстау аппараты; 2. көмей (тамақ, желбезек) дауыс шымылдығы деп те аталады; 3. мұрын қуысы мен ауыз қуысы.
Фонема туралы түсінік. Тілдегі сөздер бір-бірімен мағыналары мен дыбысталуы жағынан ажыратылады. Мысалы, қазақ тіліндегі тас пен тес, тоз – тез деген сөздердің әр басқа сөздер екендігін, олардың мағынасы мен дыбыстарының әр басқа болуына қарап ажыратамыз. Мағына мен дыбысталуының әр басқа болуы сөздердің формаларында морфемаларды да ажыратады. Тіл білімінде дыбыстың осы қызметіне орай фонема деген ұғым пайда болды. «Фонема сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын әрі қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық единица». Фонемаларды зерттейтін
Пайдаланылған әдебиеттер:
1)Қалиев Б.А. «Қазақ тілінің фонетикасы»,Алматы,2014-168 бет
2) http://bilimkozy.idhost.kz/
3) К.Аханов Тіл білімінің негіздері Алматы,2002,-664 бет
4)Мырзабеков С. «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі»,–Алматы,1999.-200 бет
5) http://bankreferatov.kz/
6) Ғ.Қалиев,Ә.Болғанбаев Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы .Алматы 2006,-264 бет
7)Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы, 1976.112 бет

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мелекеттік университеті

Филология факультеті

Тақырыбы:
Қазақ тілінің лексикалық, фонетикалық жүйесі

Орындаған: Бахытбекова М.Б.
Тексерген: Сәмекбаева Э.М.
Тобы: ФИ-403

Семей,2015
Жоспар:

I.Кіріспе
Фонетика және оның зерттеу нысаны мен міндеттері,
II.Негізгі бөлім
А) Фонетика туралы түсінік.Дыбыс,әріп,фонема
Ә) Тіл дыбыстарының түрлері.Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Б) Сөйлеудің фонетикалық бірліктері , Буын. Дауыс ырғағы, екпін
В)Лексикология және оның түрлері мен салалары
III.Қорытынды
Лексикологияның тіл білімінен өзге салаларымен байланысы

Фонетика- гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы - дыбыс, үн, дауыс. Фонетика - тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.
Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс. Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене; 2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш; 3) ауа толқырлық кеңістік. Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына да осындай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене- сөйлеу мүшелері, 2) қозғалысқа келтіретін күш - өкпеден шығатын ауа, 3) кеңістік - тыныс мүшелері, тамақ, ұуыс мүшелері. Тіл дыбыстарының тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы - олардың адамның сөйлеу мүшелері арқылы жасалатындығында.
Сөйлеу мүшелері дегеніміз - тіл дыбыстарын жасауға қатысатын дыбыстау мүшелері. Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу дыбыстарын жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция дейміз. Сөйлеу мүшелері - сөйлеу органы немесе дыбыстау аппараты деп те атала береді. Сөйлеу мүшелерінің тіл дыбыстарын жасау қызметі адам жаратылысында, туа пайда болатын биологиялық қасиет емес, ұзақ мерзімдік жаттығу нәтижесінде, өзін қоршаған ортадан, өмірден үйренетін қосымша қызметі. Адамның сөйлеу органы үш бөліктен тұрады. 1. тыныстау аппараты; 2. көмей (тамақ, желбезек) дауыс шымылдығы деп те аталады; 3. мұрын қуысы мен ауыз қуысы.
Фонема туралы түсінік. Тілдегі сөздер бір-бірімен мағыналары мен дыбысталуы жағынан ажыратылады. Мысалы, қазақ тіліндегі тас пен тес, тоз - тез деген сөздердің әр басқа сөздер екендігін, олардың мағынасы мен дыбыстарының әр басқа болуына қарап ажыратамыз. Мағына мен дыбысталуының әр басқа болуы сөздердің формаларында морфемаларды да ажыратады. Тіл білімінде дыбыстың осы қызметіне орай фонема деген ұғым пайда болды. Фонема сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын әрі қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық единица. Фонемаларды зерттейтін ілім фонология деп аталады. Тілдердің дыбыс жүйесі әр түрлі болады. Олардағы дыбыстың сапасы да бірдей емес.Кейбір дыбыстардың немесе олардың ерекшеліктерінің бір тіл үшін мәні айрықша боса,екінші бір тіл үшін оның айтарлықтай мәні болмайды.Мысалы:қырғыз,неміс,ойрат тілдерінде дауысты дыбыстың қысқа не созылыңқы айтылуының сөз мағынасын ажыратуға әсері яғни фонетикалық қасиеті болса,орыс,қазақ,татар тілдерінде оның ешбір әсері болмайды.Фонема дегенімізде тіл дыбыстары,бірақ ол тіл дыбысы болғанда сөздің жігін өзгертіп,морфемалардың жігін ажырататын дыбыс.
Дыбыс - сөздің материалы. Тілдегі сөйлеудің ең кіші бөлшегі - сөз болып табылады. Ал дыбысқа келсек, ол мейлі жалаң болсын, мейлі күрделі болсын мағынаға ие бола алмайды. Бірақ дыбыс сөздің мағынасын ажыратуға құрал болады. Әріп - дыбыстардың жазудағы таңбасы. Қазіргі қазақ жазуындағы әрбір әріптің өзінше пішіні формасы бар. Сөз ішінде әрбір әріптің екінші әріптен жігі көрініп тұрады. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе, кейде бір әріп - бірнеше дыбыстардан (ю, я) құралады. Ал кейбір әріптердің (ь,ъ)дыбыстық мәні болмайды. Әріп пен дыбыстың бірнеше түрлі айырмашылығы бар: 1. әріп дыбысты тек шартты түрде таңбалаумен бірге, қағаз бетіне, не жазуға келетін басқа затқа түсіретін белгі болғандықтан, оған дыбыс мүшелерінің қатысы жоқ, сондықтан ол құлаққа естілмейді, тек көзбен көруге келеді. 2. әріп құбылмалы емес. Үнемі бір белгімен таңбаланады, бірақ ол шартты белгі екенін есте ұстау керек.
Тіл дыбыстары сөздер мен морфемаларды ажыратуға қызмет ететін болса, бұл - фонеманың да негізгі қызметінен саналады. Тілімізде сөздердің мағыналары мен формаларын ажырата алатындай дыбыстар тобы - фонемалар бар. Мысалы ат, ет, от, өт секілді сөздерде бірыңғай т дыбысы бар. Дауысты дыбыстардың әсерімен т дыбысы бірде жуан, бірде жіңішке, бірде еріндік, бірде езулікболып біршама ауытқушылықпен, ерекшеліктермен айтылады да, қызметіне қарай бір ғана фонема деп танылады. Бір дыбыстың айтылуындағы мұндай ауытқушылық аллофон делінеді. Демек сөз - дыбыс емес, фонемадан құралады.
Тіл дыбыстарының түрлері. Тілдің барлығында да тіл дыбыстарды екі топқа бөледі.Дауыстылар мен дауыссыздар.Негізгі ортақ белгісі олардың буын құрау қызметі. Дыбыстарды дауыстылар мен дауыссыздар деп топтастырғанда олардың акустикалық жақтары мен физиалогиалық жақтары да еске алынады.Акустикалық тұрғыдан қарағанда дауыстылар мен дауыссыздарды бір-бірінен ажырату музыкальді үн (тон)және салдырға негізделеді.Дауыстыларда үн басым болады.Дауыссыздарда салдыр басым .Осыған орай ұяң немесе санор дыбыстарды дауыстылардың немесе дауыссыздардың қатарына тікелей теліп қою өте қиын.Физиологиалық тұрғыдан алып қарағанда дауыстыларды айту үстінде шыққан ауа бірінші, кедергіге ұшырамай еркін шығады; екінші, дыбысталу мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; үшінші, ауа баяу шығады (а,о,у). Ал, дауыссыздарды айтқанда фонациялық ауа бірінші, кедіргіге ұшырап, тосқауылмен айтылады; екінші, тосқауылдан өту кезінде дыбысталу мүшелеріне күш түселеді; үшінші, ауаның шығу қарқыны күштірек болады. Сонымен дауыссыз дыбыстар 2 топқа бөлінеді. Үнді және үнсіз (салдыр) дыбыстар. Салдыр дыбыстар ұяң және қатаң деген 2 топқа бөлінеді. Дауыссыз дыбыстардың жүйесі консонантизм деп аталады.
Дауысты дыбыстар жүйесі вокализм терминімен аталады. Дауысты дыбыстарға тән артикуляцияға тән ерекшелік оларда музыкальды үннің болуы.Дыбыстардың классификациялық 2 түрі бар. Оның 1-физиологиялық классификация; 2-акустикалық классификация. Физиологиялық классификация акустикалық классификацияға қарағанда әлдеқайда қолайлы. Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысымы мен қалпына қарап, атап айтқанда 1- тілдің қалпына; 2- еріннің қалпына; 3- жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.
1. Тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып, бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар жасалады (а,о,ұ,ы т.б.), ал тілдің таңдайдың алдыңғы жағына жақындап айтылуынан жіңішке дауыстылар жасалады (ә,е,й,і,ү т.б.).
2. Еріннің қатысуына қарай еріндік және езулік болып бөлінеді. (о,ө,ұ,ү,у -- еріндік),(езулік- а,ә,ы,і)
3. Жақтың ашылу қалпына қарай дауыстылар ашық және қысаң болып бөлінеді.
Қысаң (ұ,ү,ы,і),ашық (а,ә,о,ө,е)
Тілде келте, қысқа, созылыңқы дауыстылар да болады.
Дауысты дыбыстар кестесеі

Еріннің қатысына қарай
Иектің (жақтың) қатысына қарай
Тілдің қатысына қарай
Еріндік дауыстылар
Езулік дауыстылар
Ашық дауыстылар
Қысаң дауыстылар
Жуан дауыстылар
Жіңішке дауыстылар
О, Ө, У, Ұ, Ү
А, Ә, Ы, І, (Э)
А, Ә, О, Ө, Е
Ы, І, (И), У, Ұ, Ү
А, О, (У), Ұ, (И)
Ә, Ө, Ү, І, Е, (И), (У)
Бұл кестедегі и, у дыбыстары сөз немесе буын ыңғайына қарап бірде жуан, бірде жіңішке болып айтылады. Тіліміздегі жалаң дауысты фонема э болғанымен, қазақ сөздерінде е жазылатындықтан, кестеде бұл фонема е (э) түрінде көрсетілді.
Дауыссыз дыбыстар (Консонантизм)
Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық ерекшелігі: а) дауыссыздарды айтқанда өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге ұшырайды. ә) дауыссыздарды айтқанда үн бәсең, солғын болады. б) дауыссыз фонемалар буын құрай алмайды. в) дауыссыз фонемаларды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді яғни пассив қатысады.
Дауыссыз дыбыстар дегеніміз -- өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстар. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,л,м,н,п,р,с,т,(у) , һ,ф,х,ц,ч,ш,қ,ң.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып, одан салдыр пайда болады. Сондықтан да дауыссыз дыбыстарда үнге салыдр араласады.
Дауыссыз дыбыстар кестесі
Қатаң дауыссыздар
Ұяң дауыссыздар
Үнді дауыссыздар
П,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч
Б,в,г,ғ,д,з,ж,һ
Р,л,,й,у,м,н,ң
Айтылу ерекшелігіне байланысты
Шұғыл Ызың
п,б,т,д,қ,к,г,ч,ц; в,ф,г,ғ,з,ш,щ,ж,х,һ

Дыбысталу жағынан алып қарағанда сөйлеу жік-жігімен айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде жігі ажырап, кіші топтарға бөлшектенеді. Олар сөйлеудің фонетикалық бірліктері (единицалары) ретінде қаралады. Олар мыналар: фраза, такт, буын дыбыс. Фраза ең ірі фонемалық единица. Бірінші фонема екі фразадан пауза (кідіріс) арқылы ажыратылады. Кідіріс жасалғанда дем ішке тартылады да, екінші фразаны айтқанда сыртқа шығады. Мысалы: қонағы сүймеген үй иесі баласын ұрады. Бұл фразалардың басын біріктірген нәрсе - интонация. Интонацияны құрайтындар: 1) Мелодика - дауыс ырғағының көтеріліп барып бәсеңдеуі немесе керісінше; әрбір тілдің өзіне тән мелодикалық кестесі болады. Паузамен бірге мелодика да сөйлеуді мүшелеу тәсілі немесе құралы ретінде қызмет атқарады. Сөйлемнің бөлшектері айтылуда дауыстың көтеріліптөмендеуі немесе төмендеп барып қайта көтерілуі арқылы ажыратылады. Хабарлы сөйлемде паузаның алдындағы сөз көтеріңкі дауыспен айтылады да, онан кейінгі бөлшектің құрамындағы сөздерде дауыс біртіндеп бәсеңдей береді.
Сөз айтылғанда тұтас, бірден айтылмайды. Сөздердің айтылуында ауа толқыны үзіліп-үзіліп шығады. Бір сөздің ішінде ауа толқынына негізделген бірнеше бөлшек бола береді. Сөздегі бір дауыстының немесе дауысты мен дауыссыздың бөлшектеніп айтылуын буын дейміз, өйткені ауа сөздің құрамындағы дауыстыларды айтқанда еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан фонациялық
Ауамен тікелей байланысты болады. Сондықтан сөздің буынға бөлінуі дауысты дыбысқа байланысты. Сөзде қанша дауысты дбыс болса, сонша буын болады, өйткені тек дауысты дыбыс қана буын жасай алады. Дауыссыз дыбыс буын жасай алмайды, ол дауысты дыбыспен бірге буын құрамына кіреді. Мысалы: қа-ла, ө-нер, жас-тық, та-ма-ша,т.б
Буынға тән негізгі белгілер: 1. буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болу керек және оның саны бір буында біреуден артық болмауы тиіс. 2. буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе морфологиялық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады. Мысалы: ат-ты-лар-ға деген төрт буынды сөздің бірінші буыны - ат (түбір), екінші буыны - ты - сын есім тудыратын жұрнақ, үшінші буыны - лар- көптік жалғау, төртінші буын - ға - септік жалғау. 3. қазақ тіліндегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, немесе жіңішке буынды болып келеді. Қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лексика - семантикалық, фонетикалық - орфограммалық және грамматикалық варианттардың ерекшеліктерін саралап көрсету, нормадан ауытқу немесе сай келу заңдылықтарын талдау және варианттарды кодификациялаудың теориялық негіздерін іздестіру
Кәсіби сөздердің әдеби тілге қатысы жайында
Түркі тілдерінің салыстырмалы гарамматикасы
Қытай тіліндегі сөз жасам жүйесі
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында фонетиканы оқытудың әдіс-тәсілдерін анықтау
Қазақ тілінің лексикалық, фонетикалық жүйесі туралы
Қытай қазақтары тілдік ерекшеліктері
ТҮПКІТЕК ДАУЫСТЫЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ КӨРІНІСТЕРІ
Кұрамы жағынан әртүрлі халықтардың қонысы болып, аралас-құралас отырып, тығыз қарым-қатынаста болған өңірі тұрғындары тілін зерттеу
Қазақ ертегілеріндегі қайталамалардың мәтінтүзімдік әлеуеті
Пәндер